- •Табиғи өрттер мен жалпы аурулар.
- •Өрт кезінде қауіпсіз ұстау ережелері:
- •Өрт сөндіру құралдары және оны пайдалану тәртібі
- •Адамдардың эпидемиялық аурулары
- •Эпизоотия мен эпифитотия
- •Электр қондырғыларының өрт қауіптілігі
- •Жарылыс қауіпті және өрт қауіпті зоналар
- •Өрт сөндірудің біріншілікті құралдары
- •Глоссарий
Дәріс №10
Табиғи өрттер мен жалпы аурулар.
Дәрістің мақсаты: «Өрт »анықтамасы. Олардың сипаттамасы, түрлері, дамуы және таралуы.
Дәрістің жоспары:
Табиғи өрттердің түрлері;
Адамдардың эпидемиялық аурулары;
Хайуанаттардың аса қауіпті инфекциялық аурулары;
Ауылшаруашылық өсімдіктердің ауруларының түрлері.
Тірек сөздер: Табиғи өрт, эпидемиялық аурулар, эпизоотия, эпифитотия, өрт сөндіру құралдары, генератор СОТ, өрт, жанбайтын, қиын жанатын, жанатын.
Табиғи өрттер
Қазақстан Республикасында табиғи өрттредің негізі түрлері ландшафты өрттер – орман, орманды дала және дала (егіс) өрттері болып табылады.
Ормандағы төменде болған өртті топырақпен көмеді, оттың шоғын бұтамен өрт ошағына қарай сыпырады, маңайын күйдіреді.
Ормандағы өрттердің 80% пайызы халықтың еңбек немесе дамылыс орындарында өрт қауіпсіздігі шараларын бұзуынан, сондай-ақ орманда ақаулы техниканы пайдалану нәтижесінде пайда болады.
Орманның жоғарғы жағындағы жағындағы өртті сөндіру қиын, оның кедергі жасау, күйдіру және суды пайдалану арқылы сөндіреді.Бұл жағдайда кедергінің ені ағаш биіктігінен кем болмауға тиіс, ал жоғарыдағы өрт аумағының алдындағы күйдірілетін кедергінің (жердің) ені кемінде 150-200 м өрт қанаттарының алдында кемінде 50 м болуға тиіс.
Өрт адамдарға психологиялық тұрғыдан үлкен әсер етеді. Тіпті кішігірім өрттің өзінде адамдардың үрейленуі айтарлықтай құрбандықтарға алып келеді. Өзін-өзі ұстап үйренген адам қиын сәтте өз өмірін құтқарып қана қоймай басқа адамдарды, материалдық құндылықтарды да құтқара алады.
Егер сіз орман өртін сөндіру жөніндегі топқа кірсеңіз панахана орны мен оған апаратын жолдарды жақсы білуіңіз керек. Қорғайтын киім пайдалануға тиіс (адамдағы мүмкіндігінше арнайы киім, газқағар, қасқа, түтіннен қорғайтын маска), әр топта елді-мекенді жақсы білетін жақсы білетін жол серік болуға тиіс. Егер түтіндену аймағындағы көру шегі 10 метрден аспаса, оған кіруге болмайды.
Өрт қаулаған ғимаратта өзіңізді және басқа адамдарды құтқару кезінде ауаның жоғары температурасы, түтіндену, жанатын әртүрлі өнімдердің қауіпті концентрациясының болуы, құрылыс құрылғыларының ықтимал құлауы өте қауіпті болғандықтан жылдам қимылдау қажет.
Жанған ғимарат арқылы басқа ылғал мата (киім) жауап, түтіннен жоғарылай немесе тізерлей қозғалу керек.
Көп қабатты ғимараттарда , егер подъезден шығуға мүмкіндік болмаса балконды, авариялық люк пен балкондағы баспалдақты, көрші подъезд арқылы құтқаруға арналған төбенің люгін пайдаланыңыз. Егер былай етуге мүмкіндік болмаса, балконға шығып келген құтқарушыларға белгі беріңіз.
Құтқару жұмысына қатысатын адам, алғашқы медициналық көмекті білуге тиіс.
Есіңізде болсын, от тілсіз жау.
Ең басты өрттің пайда болуын ескерту.
Өрттер
Өрт — бұл адамдардың, хайуанаттардың қаза болуына және материалдық құндылықтарды жойылуына алып келетін, бақылаусыз жану процесі.
Өрт барлық жерде: өнеркәсіп орындарында, ауылшаруашылық нысандарында, оқу орындарында, мектепке дейінгі балалар мекемелерінде және тұрғын үйлерде, сондай-ақ көліктің барлык түрімен жүк тасымалдау кезінде болады.
Республикада әрбір сағат сайын екі өрт болады. миллиардтаған тегеңгенің құндылықтары, тұрғын үйлер әп-сәтте түтін мен күлге айналады. 1999 жылы 9 шілдеде Алматы әуе жайында болған өрт 381,6 млн.теңгеге материалдық залал алып келді. 2000 жылы республикада 15 мың өндірістік және тұрмыстық өрт болды. Бұдан 1087 адам зардап шекті, оны 568-і қаза болды. Материалдық залал 2521,6 млн. теңгені құрады.
Өрттің шығуына отты бейғам пайдалану, өрт қауіпсіздігі ережесін бұзу себеп болып табылады. От сөндірілмей тасталған сіріңкеден немесе темекі калдығынан, сөндірілмеген алаудан, атылғаннан кейін құрғақ шөпке түскен ыстық патроннан, орманда ақаулы техниканы пайдаланудан жәнс басқа себептерден тұнатады. Өрттің біразі адамныц күнәсынан, найзағайдың соққысы әсерінен құрғақ ағаштың жануынан, басқа себептерден (күн түсетін жерге лақтырылған шыны сынығы күн сәулесін өзіне тартып, қатты қызады) болады.
Өртті жайылтпай және тоқтату әдістері көптеген факторларға байланысты: өрт түрі, ошақ көлемі, метеорологиялық жағдай, жердің сипаты, өртсөндіру күшімен құралдарының деңгейі.
Бүкіл құрылыс материалдары үш топқа бөлінеді:
Жанбайтын — бұл өрттің немесе жоғары температураның ықпалымен жалынданбайтын, үгілмейтін және иістембейтін материалдар.
Қиын жанатын — бұл оттын немесе жоғары температураның ықпалымен қиын тұтанатын, жарылатын немесе үгілетін және от көзі болған жағдайда жануын жалғастыратын, ол жоқ жағдайда жануын немесе иістенуін тоқтататын материалдар.
Жанатын — бұл оттың немесе жоғары температураның ықпалымен жалынданатын немесе иістенетін, от көзін жойғаннан кейін жануын жалғастыратын немесе иістенетін материалдар.
