- •Жинақтау және эвакуация
- •Көшіру органдары, олардың құрылымдары мен міндеттері
- •Көшіру шараларын жоспарлау
- •Көшіру шараларын жүргізу
- •Жеке қорғаныс құралдары
- •Тыныс алу органдарын қорғау құраладары
- •Сүзгілік газқағарлардың жұмыс істеу принциптері
- •Газқағардың алдыңғы бөлігін қиыстыру тәртібі
- •Оқшауланған газқағарлар
- •Өнеркәсіптік газқағарлар
- •Теріні қорғау құралдары
- •Теріні қорғаудың қарапайым құралдары
- •Жеке қорғаныстың медициналық құралдары
- •Глоссарий .
Жеке қорғаныстың медициналық құралдары
Жеке қорғаныстың медициналық құралдары – медициналық препараттар, материалдар және арнайы құралдар зақымдау құралдарының әсерін және сақтандыру кезіндегі күрделіліктерді төмнедету және зақымданудан ескерту мақсатында қолданылады.
Жеке қорғаныстың медициналық құралдарына радиациядан қорғайтын, залалсыздандаратын және бактериядан қорғайтын препараттар, УЗ (ҚӘУЗ) рецетурасынан бастап таңғыш құралдары жатады.
Табельдік медициналық жеке зһқорғаныс құралдарына мыналар жатады:
АИ-2 дәрі-дәпрмек қобдишасы; радиациялық қауіпті аумақта халыққа арналған әмбебеп тұрмыстық дәрі-дәрмек қобдишасы – ИПП-8, ИПП-10; жеке химиялық әсерден қорғайтын пакеттер, ППМ медициналық – таңу пакеті.
Әмбебап тұрмыстық дәрі-дәрмек қобдишасы мына құралдармен жабдықталған: радиациядан қорғау құралдары, жалпы терапевтік препараттар (аспирпин, седальгин, аммиак, бнсалол, валдидол, нитроглицерин, папазол, диазолин, феназепам), антисептикалық және таңғыш құралдар (бриллианттық жасыл, калий перманганат, деринат, левоменаль немесе мафенидин ацетат, мақта, бактерицидті жабысқыш, бинт).
Глоссарий .
Көшіру – адамның өмірін сақтау мақсатында төтенше жағдай кезінде халықты және материальдық құндылықтарды қазіргі заманғы құралдарды қолдану арқылы аудандардан шығару.
Қоныстандыру – соғыс уақытында өндірістік қызмет істеп жүрген қызметкерлер мен жұмысшыларды қауіпсіз аймаққа орналастыру.
Газсыздандыру – бұл мықты уландыратын заттарды жою және олардыбеттік қабаттардан жок қылдыру.
Дезинфекция – бұл қоршаған ортада түрлі ауру алып келетін ауруларды жою.
Ауа алмасу-адамның денсаулығына жұмыс орнындағы бөлмелерде қауіпсіз және жағымды ауамен қамтамасыз ету мақсатында желдету, реттелген ауа алмасу.
Адсорбция – газдарды және буларды қатты денеден сорып алу.
Хемосорбция – химиялық активті заттармен алмасу арқылы СДЯВ, ОВ жұту, олар өңдеу барысында активті көмірге салынады.
Катализ – катализатор деп аталатын заттың көмегімен химиялық реакциялардың өзгеру жылдамдығын айтамыз.
Қауіпсіз арақашықтық- жұмысшының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, жұмысшы мен қауіп төндірітін объект көзінің арасындағы ең аз мүмкін арақашықтық.
Бақылау сұрақтары
Көшіру мен қоныстандырудың қандай принциптері, тәсілдері болады?
Көшіру мен қоныстандырудың ортақ принциптерін атаңыз?
Эвакоқабылдау комиссиялары(ЭҚП) не үшін құралады?
ЭҚП-ның негізгі міндеттерін атаңыз?
Көшіру қабылдау пунктері не үшін арналған?
Көшіру қабылдау пунктерінің негізгі міндеттері?
Жоспарлы эвакуация іс – шараларды кім ұйымдастырады?
Жоспарлы эвакуацияның негізгі бастапқы деректерін атаңыз?
Эвакуациялатындар қандай бөлімдерге бөлінеді?
