Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәріс №8.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
51.33 Кб
Скачать

Көшіру шараларын жоспарлау

Көшіру шараларын жоспарлау тігінен жүргізіледі: республика-облыс-қала, аудан-кәсіпорын.

Халықты бытыраңқы орналастыру мен көшіруді жоспарлауды жергілікгі атқару органдарының, азаматтық қорганыстың, азаматтық қорганыс қызметтерінің, барлық деңгейдегі көшіру және көшіру қабылдау комиссиялары жүргізеді.

Аудандар мен қалаларда, меншіктің барлық түріндегі ауыл шаруашылық кәсіпорындарында бытыраңқы орналастырылатын және көшірілетін халықты қабылдау, орналастыру мен жабдықтау жөніндегі шаралар жоспарланады. Аудандарды көшіру-кабылдау комиссиялыры аталған органдар мен қызметтерінің қатысуымен келушілерді қабылдау орналастыру және тіршілік көзімен қамсыздандыру жоспарын әзірлейді. Бір қатар мәселелерде жоспарлау әскери басқару органдарымен ықпалдастықта жүргізіледі. Бұл күшпен қаражат бөлу, көлік коммуникациясын, сондай-ақ адамдарды орналастыру мен қажетті тірлігін қамсыздандыру үшін әскери қалашықтар мен әскерлер қалдырған мүлікті пайдалану.

Көшіру жоспарлары АҚ жоспарының дербес бөлігінде қарастырады және экономиканы бейбіт жағдайдан соғыс жағдайына көшіру, ҚР Қарулы Күштерін орналастыру жоспарымсн келісіледі.

ТЖ жөніндегі жогары тұрған органдар төмендегілерге өздерінің көшіру жоспарының көшірмесін жолдайды.

Мыналар жоспарлау үшін негізгі бастапқы мәліметтер болып табылады:

  • қалалар мен қауіпсіз аймақта тұратын, жұмылдыру қағазы бар және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне шақыруға жататын халықтың саны;

  • қалаларда өз қызметін жалғастыратын объектілердін тізбесі, онда жұмыс істейтін ауысымдарды, жұмысшыларды, қызметшілерді және олар отбасы мүшелерін корсету;

  • қауіпсіз аймақта оз қызметін ауыстыратын объектілер тізбесі, онда жұмысшылар, қызметшілер және олар отбасы мүшелерін керсету;

студенттер, оқушылар, балалар санын, сондай-ақ оқытушылар кұрамы мен қызмет көрсетуші қызметшілер саны көрсетілген жоғары және орта арнаулы оқу орындарының, кәсіптік-техникалық училищелердің, жалпы білім беретін мектептердің, мектеп-интернаттардың, бала бақшалардың және ведомстволық балалар мекемелерінің саны;

  • ықтимал апатты су басу, қатты қирау аймағы, ондағы халықтың саны;

  • бытыраңқы орналастырылатын және көшірілетін халықты орналастыруға тиым салынған аудандар мен пункттер;

  • бытыраңқы орналастырылатын және көшірілетін халықты орналастыру жөніндегі аудандар мен қалалардың мүмкіндіктері;

  • халықты орналастыратын аудандарда қорғаныс құрылыстарының (паналар, радиацияға қарсы бассауғалар, тау- кен орны, жерқабаттар мен жеркепелер), сондай-ақ сумен қамтамасыз ету көздерінің болуы;

  • көшіру тасымалдауға тартылатын көліктің мүмкіндігі;

  • жол торабы, оның жай-күні меп босату қабілеті;

  • халықты жаяу тәртіппен көшіру үшін маршруттардың болуы және іс жүзінде пайдалану мүмкіндігі;

  • бытыраңқы орналастыру мен көшіру туралы халыққа хабарлауға, сондай-ақ көшіру шараларды басқаруға арналған байланыс құралдары мен жүйелер;

  • халықты бытыраңқы орналастыру мен көшіруді жүргізуге әсер ететін жергілікті жағдайлар мен маусымдық климаттық ерекшіліктер.

Көшірілетін азаматтардың кезегін анықтау және оларды орналастырудың нақты жоспарын анықтау үшін көшірілетіндер үш топқа бөлінеді:

Бірінші топ:

  • соғыс кезінде қалада өз жұмысын тоқтатпайтын, сондай- ақ онын тіршілікке қабілетін қамтамасыз ететін ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшіпері, олардың отбасы мүшелері;

Екінші топ:

  • соғыс кезінде оз қызметін қауіпсіз аймаққа көшіруші ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілері, олардың отбасы мүшелері;

  • министрлікгер мен агенттіктердің орталық аппараттарының қызметкерлері;

  • соғыс уақытында өз қызметін тоқтататын ұйымдардың жұмысшылары мен қызметшілері, олардың отбасы мүшелері.

Үшінші топ:

  • жоғарғы оқу орындарының студенттері, орта арнаулы оқу орындарының, кәсіптік техникалык училищелердің оқушылары, профессорлар мен оқытушылар және қызмет көрсетуші қызметшілер;

  • мектеп-интернаттардың оқушылары, балалар үйлері мен арнаулы балалар мекемелерінде тәрбиеленушілер, оқытушылар, тәрбиешілер мен қызмет көрсетуші құрам;

  • мүгедекгер мен қарттар үйіндегі зейнеткерлер, кызмет көрсетуші персонал;

  • жалғыз басты зейнетксрлср, жұмыссыздар коммерциялық құрылымдардың жеке кәсіпорындардың жоне озге мемлекеттік емес мекемелер мен фирмалардъгң қызметкерлсрі

Бірінші топтағы жұмыслгылар мен қызметшілерді жұмысқа алып-қайту үшін олардын мекен жайы қауіпсіз аймақтағы жақын аудандарға белгіленеді. Екінші топтағы көшірілетіндер жұмыстарын құрылған базасында ұйымдастыратын объектілерге немесе қауіпсіз аймақтағы ұқсас кәсіпорындарға оте жақын орналастырады. Олардын орналастыру нүктесін бірінші топ қызметкерлеріп орналастыру аудандарынан әрірек жер тандалады. Жұмыс істемейгін халық қала аудандарынан қашығырақ жергс әкетіледі.

Облыстың азаматтық қорғаныс жоспарының орналастыру мен көшірілуге қатысты бөлімінде мыналар көрсетіледі:

  • орналастырылатын және көшірілетін жұмысшылар мен қызметшілер және отбасы мүшелерінің саны;

  • орналастыру мен көшіру мерзімдері (басталуы жоне аяқталуы);

  • көлікпен әкететін және жаяу шығырылатын жұмысшылар мен қызметшілер және отбасы мүшелерінің саны:

  • көшіру шаралары үшін ұйымдарға берілетін көлік құралдары;

  • жаяу шығатын жұмысшылар мен қызметшілер және отбасы мүшелерінің жүру бағыты, баратын нүктесі, демалатын орындар, аралық көшіру нүктелер;

  • ұйымдастыруды жүргізу бекітілген жинататын көшіру нүктелер олардың нөмірі мен орналасқан жері, көшіру шараларды өрістету уақыты;

  • жұмысшылар мен қызметшілер жоне отбасы мүшелерінің ЖКП-ке келу уақыты;

  • жұмысшылар мен қызметшілер және отбасы мүшелерін отырғызу мен тасымалдау үшін жауапты эшеллондар, автомобиль колонналарының бастықтары жөне өзге де лауазымды тұлғалар;

  • жаяу колонналар бастықтары;

  • адамдарды көлікке отырғызуды ұйымдастыру үшін бөлінген нүктелер, аралық кошіру пунктері мсн халықты қауіпсіз аймаққа апару нүктелері;

  • жұмысшылар мен қызметшілер және отбасы мүшслерін қауіпсіз аймаққа алып баруды ұйымдастыру;

  • халықты түсіру отырғызу нүктесінен орналасатын жсрге және сол үшін бөлінген көлікке алып бару тәртібі;

  • жұмысшылар мен қызметшілер және отбасы мүшелерін қоныстандыру есептемесі: әрбір бөлімге, цехқа, учаскеге бөлінген көшемен үй әр үйдің тұрғын алаңы, тұратындар саны және қанша адамнан орналастыратындығы;

  • қауіпсіз аймаққа орналастырылатын және көшірілетін халықты қамтамасыз ету жоніндегі бассауғалауларды дайындау тәртібі мен мерзімдері, жекеше қоргану құралдарымен қамтамасыз ету және басқа шаралар;

  • басқару мен байланысты ұйымдастыру, цех, болім, ондіріс учаскелсрі немесе тораптар бастықтарын, сондай-ақ жұмысшылар мен қызметшілер және отбасы мүшелерін көшіру мен қоныстандырудың басталу мерзімі туралы құлақтандыру.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]