- •Металлургиялық және машина жасау кәсіпорындарындағы техникалық қауіпсіздік.
- •Өндірістің санитарияның және қауіпсіздіктің техникалық құралдарының жіктелуі
- •Қауіпсіздіктің техникалық құралдары.
- •Қоршау құрылғылары.
- •Шектеу құрылғылары.
- •Қорғау құрылғылары.
- •Сақтандыру құрылғылары.
- •Блоктау құрылғылары.
- •Сигнал беру құрылғылары.
- •Глоссарий
- •Бақылау сұрақтары
Глоссарий
Зақым – кенеттен сыртқы әсерлерден болатын адам денесі мен мүшелерінің анатомиялық және физиологиялық бүтіндігінің бұзылуы.
Жану жылдамдығы – бет бірлігінің уақыт бірлігінде жанған заттар саны.
Жарылыс қауіпті қондырғылар – ауадан жанғыш заттарды жинай алатын қондырғылар.
Жану – көп мөлшерде жылу бөлінумен сипатталатын химиялық тотығу реакциясы.
Өртке қарсы сақтық режим – адамдардың әрекеттерінің ережелері, өндірісті ұйымдастыру реті, ғимараттар мен аймақтарды ұстау реті.
Өртке қарсы қалқан – басқа ғимараттарға таралмау мақсатында қабырға, т.б. түрінде жасалған қалқандар.
Өрт қауіпсіздік шаралары – өрт қауіпсізідігі талаптарына сай әрекеттерді жүзеге асыру.
Электрқауіпсіздігі дегеніміз – электр тогының зақымдарынан адамды қорғаудың ұйымдық және техникалық шаралар жүйесі.
Электрозақым – адамға электр тогы мен электр доғасының әсерінің нәтижесі.
Жерге тоқтың түйісуі – түйісу нүктесінде жермен өтетін тоқ.
Табиғи жерге қондыру – жерге қондыру қондырғысына тәуелсіз мақсатта тұруға арналған металдық заттар.
Жасанды жерге қондыру - жерге қондыру мақсатына арналған жерге тікелей қондырылған металл өткізгіштер жатады.
Өндірістік санитария – жұмысшыға қауіпті өндірістік факторлардың әсерін тежейтін ұжымдық, санитарлы-гигиеналық іс-шаралар, техникалық іс-әрекеттер жүйесі.
Еңбек талаптарын бағалау – жұмыс орнын аттестациялау барысында өндірістік ортаның санитарлы-гигиеналық факторларын еңбек үрдісінің қысымы мен ауыртпалығын бағалау.
Еңбек талаптары – өндірістік әсерге жеке тұлғаның дамуына өмір деңгейіне адамның жұмыс істеу қабілетіне және денсаулығына әсер ететін психо-физиологиялық, санитарлы-гигиеналық, әлеуметтік-психологиялық факторлардың қызметтік іс-әрекеттерінің жиынтығы.
Конструктивті-сандық және мөлшерлік нормалар – қондырғылар мен құрылғыларға, олардың қоршауларына, қорғаныс құрылыстарына арналған; бұл нормалар қондырғылар қолданысының қауіпсіздігін, төзімділігін, тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Габаритті-жобалық нормативтер – транспорттық жолдар, өту жолдарының, жұмыс орындарының, ғимараттар аралықтарының габариттері, т.б.
Параметрлік шектеулер – жылдамдыққа, қысымға, электрлік қуатқа қауіпсіз қолданыс мақсатында қойылады.
Жұмыс орны – бір немесе топ жұмысшыларынң басқару немесе өндірістік жұмыстарды орындау үшін еңбек не басқа нормалар негізде арнайы немесе көмекші құралдармен жабдықталған еңбек іскерлігінің кеңістігі.
Жұмыс нұсқама – жұмыс орнында практикалық оқыту.
Бақылау сұрақтары
Өндіріс орындарында өрттің туу себебі?
Өрт сөндіру құрылғылары қандай?
Өртке қарсы қандай іс – шаралар өткізілуі тиіс?
Электр тоғымен зақымданудың негізгі себептері неде?
Зақымданудан қорғану құралдары?
Қорғану құралдарының қандай түрлері бар?
Металлургиялық пештерде зақымдану ненің әсерінен болады?
Металлургиялық жарылыстар ненің әсерінен болады?
Өндірістің санитарияның және қауіпсіздіктің техникалық құралдарының қалай жіктеледі?
Олардың маңызы мен қолданылуы?
Қауіпсіздіктің техникалық құралдарына қойылатын талаптар?
Сақтандыру құрылғыларының маңызы
