Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәріс №3.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
375.3 Кб
Скачать

Сақтандыру құрылғылары.

Әр түрлі технологияның процестерде берілген параметрлер (жылдамдық , қысым, температура және т.б.) шектен тыс асып кеткенде және (қондырғы) процесс параметрлерін нормаландырып жұмыс істегенде қауіпті өндірістің факторлардың пайда болуынан алдын – алатын құрылғылар сақтандыру құрылғылары деп аталады.

Сақтандыру құрылғылары газдың, будың немесе суықтың артық мөлшерінің қауіпсіз шығуын қамтамасыз етіп сосердтағы қысымды қауіпсіз, деңгейге шейін азайтады, материалдардың лақтырылуының алдын – алады; жабдықтарға шамадан тыс салмақ түскенде оларды тоқтатады.

Блоктау құрылғылары.

Блоктау құрылғылары технологиялық процестердің және жабдықтар жұмысының қауіпсіздіктің параметрлері экстремальды ауытқығанда немесе бұзылғанда қауіпті өндірістің факторлардың пайда болуының алдын алады. Блоктау құрылғылары қауіпті өндірістің пайда болуыының бодырмау процесті немесе жабдықтың жұмыс істеуін тоқтатады, я болмаса процестің немесе жабдықтың жұмыс істеуінің параметрлері ауытқуы белгіленген шектен асып кеткенде оларды нормаландырады, конструкциясы бойынша блоктау құрылғылары механикалы, электрмеханикалы, фотоэлектрлі және электрлі болып бөлінеді.

Механикалы блоактау құрылғылары қарапайым және күрделі кинетикалық схемасына ие. Оларға қауіпті аймаққа кірісті жабатын немесе қауіпті өндірістің фактордың пайда болуымен байланысты механизмнің қосылуын болдырмайтын рычагты немесе эксцентрлі блоктау құрылғылары жатады.

Электромеханикалы блоктау құрылғылары теплотехникалық, электртехникалық, газодинамикалық, гидравликалық механизмдерде қолданылады.

Электр блоктау құрылғылары жоғары кернеулі электрқондырғыларда, улы және төксінді заттарды өндейтін химиялық өндірістерде, күштеп (принудительный) суыту жүйесіне ие қондырғылармен агрегаттарды жиі қолданады.

Фотоэлектрлі блоктау құрылғылары адам қауіпті аймақ шекарасынан өткен жағдайда технологиялық процесті немесе жабдықтың жұмыс істеуін тоқтату үшін қолданылады.

Сигнал беру құрылғылары.

Сигнал беру құрылғылары деп қызметкерлерге жабдықтардың іске қосылуы және тоқтатылуы туралы, технологиялық процестердің және өндірістің жабдықтар жұмысының бұзылуы немесе параметрлерінің экстремальды ауытқулары туралы, жұмыс орында улы және жарылғыш газдардың концентрациясы жоғары екендігі туралы ескертетін құрылғыларды атайды. Өндірісте иә дыбыстың, иә жарықтың сигнализацияны немесе екеуін де қатар қолданады. Металлургиялық цехтарда сигнал беру құрылғыларының келесі түрлерін қолданады: оперативті, ескерту және ақпаратты.

Жүк көтергіш механизмдерді пайдалану қауіпсіздігі

Қазіргі заманғы металлургиялық пештерге көп мөлшерде материалдар, жартылай дайын және дайын өнімдерді орналастырады. Цехтағы агрегаттардың үзіліссіз жұмысын қамтамасыз ету үшін жүк көтергіш механизмдердің көптеген түрі қондырылған – электрокөпірлі крандар, транспортерлар, конвейерлер,рольгандар,таратушы арбашалар және т.б. Жүк көтергіш механизмдерде апаттық жағдай болған жағдайда, әсіресе кран шаруашылығында, күрделі зардаптар шегуі мүмкін. Сондықтан жүк көтергіш механизмдерді пайдалану кезінде қауіпсіздік ережесінің сақталуын қадағалау, және олардың жарамдылығын үнемі тексеру инженерлік- техникалық қызметкердің міндеті болып табылады.

Электрокөпірлі крандардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар

Крандық шаруашылықтағы апаттық жағдайлар электрокөпірлі крандардың жарамсыздығымен, кран астындағы тіреулер және рельстік жолдармен байланысты.

Ең ауыр апаттардың бірі кран астындағы тіреулердің және темір жолдардың кесірінен дөңгелектері шығуы әсерінен кранның көпірінің бұзылуы болып табылады. Кранасты жолдардың кранасты тіреулерге жалғануы кранның жұмысы кезіндегі жанына немесе ұзына бойына жылжып кету мүмкіндігін болдырмауы керек, өйткені жолдар арасындағы жапсырма саңылаулар, жолдардың үлкеюі және тарылуы, темір жолдардың әртүрлі деңгейде орналасуы апаттық жағдайлар туғызуы мүмкін. Кранды пайдалану кезінде темір жолдар және жүретін дөңгелектер қарқынды түрде тозады, әсіресе елулі түрде жылу, газ және шаң бөлетін цехтарда жұмыс жасағанда.

Кранның номиналдық шегінен тыс болатын топтамалық жүктемелер жарықшалардың, рельстердегі, дөңгелектерде және ребордтардағы шұңқырлардың пайда болуына әкеп соқтырады(сур.1).

Сурет 1

Жүйелі түрде кранасты жолдарды және кранның жүретін бөлігін бақылап тұру, тозған және зақымдалған рельстер мен дөңгелектерді өз уақытында ауыстыру кранның қауіпсіз жұмыс жасауын қамтамасыз етеді. Дөңгелектің астына бөгде заттар түсіп кетпеуі үшін олардың алдына арнайы қалқандар орналастырады, олардың рельспен арақашықтығы 10мм-ден аспайды. Жоғары талаптар кранның көпірлерін пайдалану кезінде қойылады. Кран артық жүк көтерген жағдайда жұлқыну және ұрып қозғалған кезде оның конструктивті элементтерінің соңындағы тіреулерде кернеу пайда болады,олар кранның тұтастығының бұзылуына әкеп соқтырады.

Электрокөпірлі крандардың апатсыз жұмыс жасауының бір белгісі жүкті түсіру жылдамдығын реттеп тұратын және оны қозғалыссыз күйде ұстап тұру үшін қызмет істейтін тежегіш жүйені реттеу болып табылады. Балқытылған металды таситын көтерме крандардың механизмінде екі тежегіш болады. Тежегіштің тозған калыптары мен таспаларын өз кезегінде жаңасымен ауыстырып отыру қажет.

Электр тогынан қорғау.

Электр тоғымен зақымдану себептері.

Электр тоғымен зақымдану себептері мыналар: электр тоғының доға арқылы әсер етуі; ашық тоқ өткізетін бөліктерге және сымдарға жанасу; изоляциясы бүлінген тоқ өткізетін бөліктерге жанасу; изоляция кедергісі төмен заттар арқылы тоқ өткізетін бөліктерге жанасу; кернеу астында кездейсоқ тұрған жабдықтардың металл бөліктеріне жанасу.

Электр тогының ағзаға әсері.

Электр тогының ағзаға әсері әр-түрлі электр зақымдарын (электр құю, терінің металдануы, электр белгісі, электроофтальмия) және электр соққыны тудыруы мүмкін. Электр құюды электр доғасы (доғалы күйік) немесе ток өткізетін бөлікке жанасу (ток күйігі) тудыруы мүмкін. Металдану токтың механикалық және химиялық әсерінен болуы мүмкін, мұнда бу тәрізді немесе балқыған металл бөлшектері теріге енеді де, зақымдалған тері бөлігі қатайып, түсі өзгереді. Электр белгісі 50-115оС температурада және жақсы жанасқанда кедергісі үлкен кіші бет арқылы үлкен тоқ өткен кездегі жылулық әсерінен пада болады. Электроофтальмия- электр доғасынан туындайтын ультракүлгін сәулелердің қуатты ағымының әсерінен пада болатын көздің қабынуы. Электр соққысы – адам денесі арқылы электр тізбегі түзілгеннен пайда болғандағы ағзаның зақымдануы.

Электр зақымданудың ауырлық дәрежесі бір қатар факторларға байланысты: дене кедергісі, тоқтың шамасына, түріне, жиілігіне, ағзаның күйіне және сыртқы ортаның жағдайларына.

Қауіпсіздік ережелері.

Цех ішіндегі электр желілерін қорғау қабықшалары механикалық беріктілік және химиялық әсерлерге тұрақтылық шарттарын қанағаттандыратын изоляцияланған сымдар мен кабельдерден орындайды.

Электр тізбегін магистралды желілерден түсіру үшін изоляцияланған сымдарды металл түтіктер арқылы өткізеді. Цех ішінде кабельдерді ғимараттың қабырғалары , төбелері және металл конструкциялары бойынша өткізуге болады. Бұл кезде кабельдерді жақшалармен , қамыттармен және арнайы бекітулермен бекітіледі. Кабель каналдарын 40-60 см тереңдікпен қазады.

Өндірістік кәсіпорындар аумағында ауа электр желілерін қорғалмаған немесе изолятордағы қорғалған сымдардан, 1000В-қа шейінгі кернеу үшін 6 м және 1000 В-тан жоғары кернеу үшін 7 м биіктікте жасалынады. 1000 В-тан жоғары кернеулер үшін тек қана көп сымды алюминий сымдарын (S=35мм2) немесе басқа материалдарды (мысалы, болат-алюминийлі ; S=16 мм2) қолданады.

Желінің электр қондырғыларында қауіпсіз қызмет ету мақсатымен изоляцияны электр беріктілікке тексеріп отыру қажет.

Электр тогымен зақымданудан қорғау.

Электр жабдықтардың изоляциясы бұзылған кезде кернеу қалыпты жағдайда кернеу астында болмайтын металл металл бөліктерінде (корпус, кожух, станина, т.б.) пайда болуы мүмкін. Бұл жағдайда электр тогымен зақымдану қаупі пйда болады.

Практикада электр тогымен зақымданудан қорғанудың келесі шараларын қолданады: 1) тоқ жүретін бөліктерге жанасудан қорғау;

2) кернеу астында кездейсоқ тұрған жабдықтарға жанасудан қорғау;

3) аса күшті токтардан (қысқа тұйықталу) қорғау.

Бірінші жағдайда тоқ жүргізетін бөліктерді изоляциялауды және қоршауды, оларды жеткілікті биіктікте орналастыруды және төмен кернеуді пайдалануды қарастырады. Екінші жағдайда кең тараған, конструктивті қарапайым және өте эффективті әдісті-қорғағыш жерлеуді пайдаланады. Жерлеу қондырғылары кернеу астына кездейсоқ түскен металл бөліктеріндегі жерге қатысты кернеуді қауіпсіз мөлшерге шейін кемітеді. Үшінші жағдайда электр жабдықтардың корпустарын және басқа да конструктивті металл бөліктерін бірнеше рет жерленген нольдік сымға қосылуын қорғағыш нольдеу деп аталады. Қорғағыш нольдеудің мақсаты корпусқа пробойды фазалық және нольдік сымдар арасындағы қысқа тұйықталуға айналдыру . Қорғаныш жерлерді қондырғанда жасанды және табиғи жерлегіштер қолданады. Бірінші жағдайда болат трубалары , жолақтары, бұрыштары қолданылады. Табиғи жерлегіштер ретінде су құбырлары қолданылды.

1.5. Индивидуалды қорғау құралдары.

Электр жабдықтарда қызмет еткенде негізгі және қосымша қорғау құралдары қолданылады. Негізгілерге изоляциясы қондырғының жұмысшы кернеуіне шыдайтын және қолданаған кернеу астындағы бөліктерге тікелей жанасуға болатын қорғау құралдары жатады. Қосымшаларға негізгі құралдардың әсерін күшейтетін және жанасу және қадамды кернеулерде қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қорғау құралдары жатады.

Тарату құрылғыларында қызмет ету үшін әрқашан қорғау құралдардың жинағы болуы тиіс. Оған изоляциялаушы штанга, изоляциялаушы қысқыш, диэлектрикті боты (немесе калош), диэлектрикті қолғап, изоляциялаушы төсеніш, резеңке кілемше, қорғағыш көзілдірік, т.б. болуы тиіс.

Металлургиялық өндірістегі жарылыстар.

Жарылыс дегеніміз- жарылыс өнімдері мен қоршаған ортасының қыздырылуына, қозғалысына және қысылуына, қысымның интенсивті өсуіне және қопарылуларға (разрушение) әкелетін энергияның тез бөлінілуімен жүретін заттың физикалық немесе химиялық күйінің күрт өзгеруі. Өндірістік жағдайдағы жарылыстар адам өніміне, жабдықтар мен құрылыс конструкцияларының қирауына, өндірістік тоқтауына және үлкен материалды шығынға әкеледі.

3.1. Металлургиядағы жарылыстардың себептері.

Метталлургиялық цехтарда жарылыстардың болу қаупі әрдайым болады және тек сенімді алдын-алу шараларының арқасында ғана жарылыстар мұнда - сирек оқиға болып табылады. Жарылыстар қысыммен жұмыс істейтін жабдықтарды қалыпты эксплуатациясының бұзылуынан;технологиялық процестер жүргізгенде түзілген газ, бу, шаң - ауа қоспаларының тұтануынан; судың балқыған металл мен шлакпен жанасуынан пайда болады.

3.2.Газдар мен булардың жарылуы.

Газдар мен булардың жарылғыштығы келесі параметрлермен анықталады: жарқ ету (вспышка) температурасы, минималды жағу энергиясы, ауада тұтану облысы, жарылғыш қоспа категориясы, жарылу қаупі бар минималды оттегі мөлшері.

Газодисперсті жүйелердің жарылыстары да аса қауіпті болып табылады.Газ тазалау жүйесінде, желдету қондырғыларында және де өндірістік ғимараттарда тұнған шаңдардың қатты жарылыстары болғаны белгілі. Газодисперсті жүйелер өзінің қасиеттері бойынша газ жүйелеріне ұқсас.Жарылыстардың алдын-алу үшін келесі шараларды іске асыру қажет: 1) жарылу қаупі бар қоспалар түзілуінің алдын-алу;

2) жарылу қаупі бар қоспалар түзілген жағдайда, оларға энергия көздерінің әсер ету мүмкіндігін болдырмау;

3)жарылыс болған жағдайда оның таралмауын қарастыру қажет.

3.3. Металл мен шлак сумен жанасқандағы жарылыстар.

Балқыған металл мен шлак сумен жанасқанда жарылыстар орын алады, бұл судың физико-химиялық қасиеттерімен түсіндіріледі. Су балқыған металл мен шлакқа тигенде ол лезде буланып, көлем (1600 есе) мен қысым күрт өседі. Мұндай түрлену жарылыс тәрізді сипатқа ие.

Металл мен шлак сумен жанасқанда болатын жарылыстың энергиясы бу жұмысының энергиясынан артық болады. Өндірістік жағдайда балқыған металл мен шлак сумен жанасқанда булану, судың диссоция процестері және белгілі бір жағдайда оттегімен жарылғыш қоспа түзетін сутегінің бөлінуімен жүретін судың темірмен әрекеттесуі жүреді:

Fe + H2 O = FeO+H2.

H2 – О қоспасының тұтануы жарылысқа әкеледі, оның энергиясы әр түрлі факторларға байланысты кең интервалда өзгереді.Бұл кезде жарылыс тек сұйық фазалардың - балқыған металл , шлак және су әрекеттескенде ғана болады. Судың солидус температураларына жақын температурада қатты металмен немесе шлакпен контактісі жарылысты тудырмайды.

Балқыманың сумен жанасуы екі жағдацда болуы мүмкін: сұйық металдың немесе шлактың суға түскенде және құрамында суы бар материалдардың балқымаға түскенде.Сұйық металдың тамшылып немесе жұқа ағыммен суға түсуі жарылысты тудырмайтынын айта кету керек. Сұйық шлак сумен жанасқанда жарылу қаупі әлдеқайда төмен. Сұйық шлак суға түскендегі жарылу ықтималдығы шлак құрамында сұйық металл болғанда күрт өседі. Бойына су сіңірген кеуекті материалдардың балқымаға түскенде болатын сұйық металл мен шлактың сумен жанасуы әдетте жарылысқа әкеледі.

Металлургиялық цехтарда сұйық металл мен шлак ылғал еденге, топыраққа, материалға немесе конструкцияларға түсу жағдайлары болып отырады. Мұндай құбылыстар әдетте сұйық меалдың немесе шлактың лақтырылуымен жүреді. Жарылыстар сонымен қатар металды келтірілмеген желобтармен шығарғанда немесе футеровкасы нашар келтірілген ковшқа құйғанда болуы мүмкін. Сондықтан ковштарды металл мен шлакқа толтырар алдында оларды тиянақты кептіру және пеш маңындағы аумаққа судың тиюінің алдын-алу керек.

Пештің суыту жүйесінің немесе басқа да конструкция элементтерінің бұзылуы да жарылысқа әкелуі мүмкін. Пеш жұмысының режимын және салқындатқыштар күйін қатаң бақылау керек.

Өрт қауіпсіздігін басқару

Өрт қауіпсіздігі нысанның белгіленген ықтималдықта өрт болуына жэне оның өршуіне жол бермейтін, адамдарды өрттің қауіпті жағдайларынан сақтайтын, сондай-ақ материалдық құндылықтарды қорғауды қамтамасыз ететін жай-күйін білдіреді.

«Өрт қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 22 қарашадағы Заңына сэйкес, өрт қызметін тікелей басқару Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі-министрлігіне жүктелген. Министрлік өрт қауіпсіздігі саласында мемлекеттік өкілеттілігі бар, Қазақстан Республикасының атқарушы органы болып табылады. Оның ведомстволық қарасты аумақтық органдары бар. Ол өрт саласында мемлекеттік бірыңғай саясатты жэне ведомстволық мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады, сала аралық үйлестіру жұмыстарын жүргізеді.

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі орт қауіпсіздігі бойынша:

  • Қазақстан Республикасы аумағында мемлекеттік багдарламань ң орындалуын және үйымдастыруын қамтамасыз етеді;

  • Қазақстан Республикасының құрамына кірмейтін министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің жэне орталық атқарушы органдардьщ, жергілікті атқарушы органдардың және ұйымдардың жүмысын үйлестіреді;

  • нормативтерді, стандарттарды, ережелерді бекітеді және келіседі, өрт қауіпсіздігі саласында мемлекеттік есеп жүргізеді;

  • Қазақстан Республикасында мемлекеттік өрт қадағалауын іске асырады;

  • өрт қауіпсіздігі саласында ғылыми-зерттеу қызметін, білім насихаттауды, азаматтар мен мамандардың оқуын ұйымдастырады;

  • меншіктік түріне қарамай, үйымдардың өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің өртпен күресу даярлығын және өрттің алдын алу бойынша жүмыстардың бақылауын жүзеге асырады;

  • өрт туралы және ерт қауіпсіздігін бүзулар бойынша істерді анықтауды ұйымдастырады;

өрт қауіпсіздігі саласында белгіленген тэртіпте лицензиялауды және сертификаттауды іске асырады.

  • Қазақстан Республикасының құрамына енбейтін министрліктерге, мемлекеттік комитеттерге және орталық атқарушы оргаңдарға, жергілікті атқару органдарына. ұйымдарына, меншік түріне қарамай, бұйрық алған азаамматтарға міндеттілік күші бар баска да нормативтік актілер береді;

  • өрттерді сөндіруді қамтамасыз етеді және іске асырады;

  • өртке қарсы қызметтің басқа да түрлерінің жұмысын үйлестіреді;

  • кадрларды даярлау. қайта даярлау және біліктілігін көтеруін іске асырады. Қазақстан Республикасының «Өрт қауіпсіздігі туралы» заңы Қазақстан Республикасы аумағындаөрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында меншік түріне қарамай, мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың құқықтық қатынастарын реттейді.

Қазақсган аумағында өрт қорғаудың бірінші бөлімшелері 1858 жылы ГІетропавловскіде, 1865 жылы Оралда, 1867 жылы Семейде,1869 жылы Өскеменде және 1877 жылы Верный қаласында құрылды. 1918 жылы 17 сәуірде қабылданған «Отпен күресте мемлекеггік шараларды ұйымдастыру туралы» Декретке байланысты барлык облыс орталықтарында және ірі қалаларда өртке қарсы қызмет бөлімшелерін құру қолға алынды.

Мемлекеттік өртке қарсы қызметтің қалыптасуы ЗО-жылдары; іске асты, осы жылдары республиканың барлык қалаларында қалалық өрт сөндіру командалары құрылды. Қазіргі уақытта өрт сөндіру қызметі нығайды және оның бөлімшелері қазіргі өрт сөндіру техникасымен жарақталды, қажет жағдайда олар өрт ошағына техника құралдарының қажетті санын қоя алады. Өрт бөлімдерінің жеке құрамы қажетті киіммен және дербес қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы қаулысымен «Қазөртсөндіруші» Республикалық мемлекеттік кәсіпорыны құрылды. Оның негізгі қызметі мемлекеттік және басқа меншік түрлерінің нысандарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етy болып табылады.

2002 жылы «Қазөртсөндіруші» Республикалык мемлекттік кәсіпорыны құрамында жаңа құрылымдық бөлім - Өртсөндіру және апаттық құткару Қазақ авиациилык қызметі құрылды. Авиациялық өрт сөндіру қызметінің негізгі міндеті авиация техникасын пайдалану арқылы табиғи және техногендік сипатты төтенше жағдайларды жедел реттеу, іздеу-кұткару жұмыстарында ТЖМ белімшелерін жұмылдыруды қамтамасыз ету болып табылады. Бөлімше Мед-еу шатқалындагы және Ақмола обылысы аумағындағы орман ертін жсю шараларына қатынасты.

Қазақстан Республикасы Үкіметі 1999 жылы 23 шілдесінде Қазақстан Республикасы аумағындағы өрттерді жэне олардьщ салдарын мемлекеттік есепке алу ережелерін бекітті. Бұл ережелгр өрттің жэне Қазақстан Республикасы аумағында одан зардап шеккен адамдардың, келтірілген шығынның бірыңгай есебін жүргізудің жүйесін белгіледі.

Төтенше жағдайлар жөніндегі Қазақстан Республикасының Агентігі 1999 жылғы 2 шілдеде Қазақстан Республикасындағы Өрт қауіпсіздігі ережелерін бекітті. Бұл Ережелер Қазақстан Республикасының аумағындағы ерт қауіпсіздігінің жалпы талаптарын белгілейді жэне барлық мемлекетік билік органдарына, жергілікті өкілеттік және атқарушы органдарға, жергілікті баскаоу органдарына орындау үшін міндетті болып табылады.

Шаруашылық жүргізуші нысандардың өрт қауіпсіздігі ГОСТ 12.1.004-91 «Өрт қауіпсіздігі. Жалпы талаптар» мемлекеттік стандартымен, сондай-ақ жекелеген нысандардағы орт қауіпсіздігінің ережелерімен, құрылыстық нормалармен реттеледі.

Шараушылық және тұрғын үй қорындағы нысандарда өрт шығуының алдын алу, олардан келетін материалдық шығындарды азайту, шаруашылықтың жаңа түрлерін ескере отырып, Қазақстан Республикасының «Өрт қауіпсіздігі туралы» 2001 жылгы 19 наурыздағы заңын орындау мақсатында бақылау және қадагалау қызметерін іске асыруда, Мемлекеттік ортке қарсы қызметтің жұмысын ұйымдастыру бойынша нұсқаулық бекітілді.

Адамдар үшін ашық от пен ұшқындар, ауаның және заттардың жоғары температурасы, жанудың улы онімдері, түтін, ауада оттегінің азаюы, ғимараттардың, құрылыстардың, қондырғылардың бүлінуі және қирауы, сондай-ақ жарылыстар өрттің қауіпті факторлары болып табылады.

Өртті болдырмау мақсатында келесі шаралар қарастырылады:

а) жанған ортаның пайда болуын болдырмау;

б) жанған ортада жану көздерін немесе олардың онда келтірілуін болдырмау;

в) жану бойынша ең үлкен шектен төмен жану ортасының қысымын және температурасын қолдау;

г) жану бойынша ең үлкен шектен төмен жану ортасының қысымын және температурасын азайту.

Өрт қорғаныс жүйелері келесі шараларды қарастырады:

а) Өндірістік процестерде жанбайтын немесе жануы қиын заттар мен материалдарды мүмкіндігінше мол пайдалану;

б) жанғыш заттар санын жіктеу және оларды лайықты түрде орналастыру;

в) жанғыш ортаны оқшаулау;

г) жану оіпагы шегінен өрттің гаралуын болдырмау;

д) өрт сөндіру құраладарыи қолдану;

е) өндірістік нысандарда құрылымдарды олардың отқа төзімділігі және жану шегіне сэйкес қолдану;

ж) ерт жагдайында адамдарды кешіру;

з) оттан ү.жымдық жэне дербес қорғаныс құралдарыіі қолдану,

и) орт туралы хабарлау жэне өрт сигналдары құралдарын

колдану;

к) нысанның орт күзетін ұйымдастыру.

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұйымдық шаралар жұмысшылар мен қызметкерлерді орт қауіпсіздігі ережелерін оқыту, орт қауіпті заттармен жэне материалдармен жұмыс істеу тэртібі туралы нұсқаулар, ерт қауіпсіздігі туралы ережелер әзірлеу, орт қауіпсіздігін камтамасыз ету бойынша кернекі үгіт құралдарын қолдану болып табылады.

Өрт кауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша маңызды шара ііысаннын ертен қоргауын ұйымдастыру болып табылады. Ол корғалатын нысандардың өрттен алдын алуын жэне жедел қорғауын қамтамасыз етеді.

Негізгі ұғымдар мен анықтамалар

Өрт деп материалдық шыгын келтіретін, арнаулыошақтан сырт, бақыланбайтын жану ошағы аталады.

Жану – әдетте үдемелі жылу жэне сэуле белінумен жэне жанғыш заттың оттегімен қосылысы есебінен қарқынды жүретін химиялық реакция.

Өрт үшін жангыш заттың, оттегінің және түтану кезінің болуы қажет. Тұтану козі кез келген жанғыш заттың (сіріңке жалыны, майшамдар. газ немесе бензин оттықтары) электр разрядтарының, электр догаларының ашық оты, қатты қызған қатгы денелер жэне т.б. болуы мумкін.

Жанғыш заттар қатты (көмір, шымтезек, ағаш, қагаз және б.), сұйық (мұнай және мұнай өнімдері), газ (сутегі, метан, пропан жэне б.) түрінде болуы мүмкін.

Кейбір қатты жанғыш заттар қызганда балқиды, буланады (күкірт, стеарин, каучук) және буланған күйінде жанады. Басқалары, мысалы, тас көмір, ағаш, қағаз, мата жанғанда, газтәрізді өнімге және қатты денеге - көмірге (коксқа) айналады. Кокс, ағаш көмірі және антрацит қыздырғанда балқымайды жэне бөлінбейді, сол қатты күйінде жанады. Сұйық жанғыш заттар қыздырғанда буланады және олардың булары жануға немесе жарылысқа қатысады.

Сөйтіп, жанғыш заттардың көпшілігі қызғанда газ жэне бу түріне айналады да ауамек араласып, жанғыш қоспа түзейді. Мұнда жану үшін жанғыш зат пен ауаның белгілі бір сандық қатынасы қажет болады және ауада оттегінің белгілі құрамы (21% жуық) болуы қажет. Оттегіден басқа жануды қамтамасыз ететін қышқылдар ретінде хлор, бром, күкірт және басқа заттар болуы мүмкін.

Ауада жанудың химиялық реакциясы, мысалы, метан СН4, табиғи газ жануы төмендегідей жүреді:

СН4+2 *02+3. 76ТЧ2=С0220+3.76N2

Бұл теңдеудің сол бөлігі СН4+02 +3,76Н2 жануда метан СН4. оттегі 02 және азот N2 қатысады. Ауада азоттың құрамы 79% құрайтынын, ал оттегінің 21% болатынын ескерсек, оттегінің бір көлеміне, яғни 79/21 = 3,76 азот келеді (оттегінің эр молекуласына 3,76 азот молекуласы) келеді және ауа құрамын былай өрнектеуге болады: (>• • 3,76К:.

Теңдеудің оң жақ бөлігі С0220+3,76М2 жану өнімдері қоспасы түрінде болады, көміртегінің екі тотыгы (толық жанғанда) С02 жэне су Н20 , ал жану процесіне судағы азот қатынаспайды. ол тұтас жану өніміне айналады.

Жану реакциясына қатысатын заттардың қосынды массасы жанудың барлық өнімдерінің массасына тең болады. Яғни теңдеудің сол және оң бөлігіндегі әр элементтің атомдары, қай зат құрамында болса да, тең болуы қажет.

Метанның ауада жану реакциясының ең соңғы теңдеуі мына түрде болады:

СНл+202+2*3.76М2=С02+2Н20+2*3.76N

Егер жану құрамында хлор болса (мысалы, винипласт), онда жануда хлорлы сутегі бөлінеді (НС1), егер күкірт қатысса, онда кукіртті газ S02 бөлінеді. Толық жанбаған жағдайда жануға одан әрі жагдай жасайтын келесі тәрізді өнімдер: CO, H2S, HCN, NH3 жэне б. болінеді.

Жану қоспалары ауада сұйық немесе қатты жанғыш заттардың -бензин, керосин, көмір және басқалардың ауада тозаңдануынан да болады. Жанғыш қоспа химиялық біртекті немесе эртекті болуы мүмкін. Химиялық эртекті жүйелердегі жангыш заттар мен ауа өзара араласпаған жэне бөліну беті болады (мысалы, ауадагы жангыш қатты цптар мен сұйықтар, немесе ауага келетін жанган газдар жэне булар агыны). Мұндай жүйелер жанғанда, ауадағы оттегі жану өнімдерінен жанған затқа өтеді де онымен химиялық реакцияға түседі. Мұндай жану диффузиялық деп аталады. Диффузиялық жану жылдамдығы онша жоғары емес, себебі ол диффузиялық процеспен баяулайды.

Егер газтэрізді, бутэрізді немесе тозаңтәрізді күйдегі жанғыш зат ауамен араласкан болса (жанғанга дейін), онда мүндай жанғыш жүйе біртекті болады және оның жану процесі химиялық процестін өз жылдамдыгына байланысты болады. Бұл жағдайда жану тез жүреді және кинетикалық деп аталады. Біртекті заттардың жануы кинетикалық болып есептеледі. Жабық көлемдегі кинетикалық жану жарылысты болады. Жарылысты жану - заттың энергия бөлуімен жоне қысылған газдың жүмыс істеу қабілеті болуымен ерекшелеиеді. Мысалы, ішкі жану қозғалтқышының жұмыс істеуі.

Тозаң тэрізді күйдегі қатты жанғыш заттардьщ бірқатары (комір, к) күкірт, канифоль және б.) өрт қауіпті болады. Бөлмедегі жанғыш тозаң аэрозольдік күйде болады. Тозаңның бөлшектерінің ұсақ және ылғалды болу дэрежесіне байланысты жарылыс қауіпті болуы мүмкін.

Жанғыш жүйенің жануы әдетте лап етіп от алудан басталады. Жанғыш жүйенің лап етуі еріксіз тұтанудан (жандырудан) немесе өзбетімен тұтанүдан басталады.

Заттың тұтануы әдетте лап етуден басталады. Лап етіп жану қысылған газ жасалмайтын жанғыш қоспалардың тез жануы немесе лап ету - бұл жалынға тосқанда газдардын немесе жанғыш заттар буларының қысқа мерзімде жануы. Мұнда жанудың одан әрі жүруі үшін лап етіп жанғанда бөлінген жылу жеткіліксіз. Жалындап жану - лап етіп тұтанганда белінетн; жылу жаңа газдар мен булар жай алатын қуаты бар одан әрі жану болып табылады.

Өзбетімен тұтану - бұл жағу кө.зі жокта экзотёрмияя реакциялардың жылдамдыгының күрт өсу нәтижесіндегі жану. Егер тұтануда жалын пайда болса, онда бүл өзбетімен жану бол табылады. Заттың жануы алдында оның баяу тотығуы жүреді ж: бірқатар жағдайларда тотыгуда қоршаган ортаға жыпу бер жылдамдығынан жылу бөлу жылдамдыгы үлкен болады. Бұл жағдайда жану жүреді. Жану үшін үш кезең сипатты: пайда болу таралу, өшу.

8.1 сурет. Жалын дамуының кезеңдері

8.1 суретте жалынның даму кезеңдері көрнекі кәрсетілген. Химиялық түрлену жүретін зонада жанған газдың қарқынды қызуы жүреді, ол жалын шебі деп аталады. Атмосфералық кысымда газ қоспаларының жалын шебі миллиметрдің ондаган үлесін құрайды.

8.1- суреттін 1-кадры жанушы заттың, оттегінін қатысуында беттің қызуы нэтижесінде жалындау процесі басталатынын көрсетеді.

Одан әрі 2-кадр, жалынның 25 см дейін көтерілгенін көрсетеді.Бұл енді тұрақталған жалын. З-кадр, жалын 1,4 м дейін көтерілгенін көрсететін жеткілікті жануды көрсетеді.

4- кадрде жалын төбеге жеткен және оның ұшы одан әрі гаралуда.

5-кадрде жалынның барлық бағыттарда өршуі байқалады. Жалын бөлмені толык қамтыган. Одан соң жалын болмеден әрі тарала бастаған.

Жалынның 600 сек ішінде баяу, 150 сек - жылдам, 75с- ультражылдам қарқында таралуы 1055 кВт қуатқа жетеді.

Жалындау қарқыны өрт сипатын береді. Өртті талдау үшін пайдаланылатын компьютерлік 62 бағдарлама бар. Оларда жанудың басталуынан бастап, барлық түрленулері келтірілген. Егер жалынның 25 см биіктігіне жану процесінің сақталуына жылу жеткілікті болса, бірақ жылу саны аз сәулеленсе және жалын өз көлемін сақтайтын болса. онда бұл шамалы шығынға ұшыратады және өртті сөндіру қиынға соқпайды. Жалын 1,4 м жеткенге дейін жану үшін бөлмедегі оттегі жеткілікті болады. Жалынның көлемі арту үшін қосымша желдету және оттегі қажет болады. Бөлменің формасы, қабырға мен төбенің ашықтығы жалынның дамуына мәнді болады. Жалын төбеге жеткенде, оның жан-жаққа тарауына жағдай туады. Ыстық әр бағытта сәулеленіп, төбеде түтін қабаты пайда болады. Бөлме ішіндегі бар нәрсе жануға тартылады (өрт). Бұл кезеңде тосқауылдар онша тиімді болмайды. Оттың бөлмеден шығып, одан әрі тарауына еден, қабырға, төбенің сипаты маңызды орын алады.

Осы немесе басқа өндірістерде пайдаланылатын материалдардың және заттардың өрт қауіптілігін бағалау үшін, олардың өрт қауіпті сипаттарын білу керек, оған жану шегінің шоғырлануы, оның температурасы, сұйықтық буларының жальндау шектерінің температурасы, заттардың өзбетінен жану температурасы, жарылыс қауіпті қоспалар топтары жатады.

Жанғыш сұйықтың от алу температурасы деп оның төменгі тұтану температурасы алынады, мұнда сұйық үстінде бу не газ пайда болады да от алу көзінен тұтану жүреді, бірақ оттың пайда болу жылдамдығы одан әрі жанудың жүруіне әлі жеткіліксіз болады.

Жанғыш заттың тұтану температурасы деп, бұл жағдайда бөлінген жанатын газдар мен булардыц тұрақты жану тудыратын жылдамдығындағы температураны айтады.

Өзбетінен тұтану температурасы деп, жалындап жанумен аяқталатын, экзотермиялық реакциялар жылдамдығымен күрт артатын жанғыш заттың ең төменгі температурасы айтылады.

Заттың сыртқы қызуының әсері нәтижесінде өзбетінен жану түрі

- жылулық болуы мүмкін. Микробиологиялық өзбетінен жану -заттың өзіндегі микроорганизмдердің өміртіршілігі әсерінен, өзінен-өзі қызу нәтижесінде болады. Химиялық өздігінен тұтану - әр түрлі заттардың өзара химиялық әсерінен болады.

Ауамен қатысында химиялық және биологиялық процестер нәтижесінде шымтезек, қоңыр көмір, ағаш ұнтақтары, майланған ескі- құсқы нәрселер өзінен-өзі қызуға ұшырайды, соның нәтижесінде тұтану болуы мүмкін. Ал бензин, керосин,минералды майлар баска сырт көзден ыстық келгенде, тұтануы мүмкін. Ацетилен, метан, сутегі хлормен қоспасында күндізгі жарықта өзіне-өзі тұтанады.

Өзбетінен тұтану температурасына байланысты ГОСТ 12.1,011-78 бойынша жарылыс қауіпті және бу-ауа қоспалары алты топқа бөлінеді.

Т1 тобының қоспаларының өздігінен тұтану температурасы 450°С-дан жоғары, Т2 - 300 - 450°С аралығында ТЗ - 200 - 300 "С. Т4- 135 -200 °С, Т5 -100-135 °С, Т6-85 -100 °С.

Тұтану аумағы деп жанғыш заттың шоғырлану аумағын айтады, мұнда оның қоспалары қышқылдағышпен. (мысалы, ауамен) оталдыру көзінен тұтануға және одан әрі жануға қабілетті болады. Жанғыш заттың тұтану аумағының шоғырлануының екі шегі болуы мүмкін: төменгі - ең азы, жоғарғы - ең көбі.

Жанғыш қоспаның тұтануының төменгі шоғырлану шегі жанғыш заттың ауада шоғырлануы болады, бұдан төменде тұтану болмайды, ал жанғыш қоспаның жоғарғы шоғырлану шегі - жаңғыш заттың ауада шоғырлануы, одан жоғары сондай-ақ тұтану болмайды. Мысалы, этил спиртінің көлемі бойынша төменгі шоғырлану шегінде тұтану шегі - 3,3%, ал жоғарғысында - 18,4%. Демек,шоғырланган этил спиртінің буларының ауадағы қоспасы 3,3%-тен төменде және 18,4% жоғарыда оталдыру көзі болса да тұтанбайды.

Жанғыш сұйық заттар үшін оталудың екі температуралық шегі бар, олар төменгі және жоғарғы беттегі олардың буларының шоғырлануымен физикалық байланысқан. Сұйықтық буларының оталуының температуралық шектері - тұтанудың төменгі және жоғарғы шоғырлану шектеріндегі қышқыл ортада пайда болған заттардың қаныққан буларының температуралары.

8.1. кестеде кейбір жеңіл тұтанатын және жанғыш заттардың, сондай-ақ жанғыш газдар мен жарылыс қауіпті заттардың сипаттамалары келтірілген.

Жеңіл тұтанатын сұйықтық (ЖТС) - тұтандыру көзі алынғаннан кейін өзбетімен жана беретін және жабық тиглде (отқа төзімді ыдыс) оталу температурасы 61°С-ден, ал ашық тиглде - 66°С - ден төмен болатын сұйықтық.

Жанғыш сұйықтық (ЖС) - тұтану көзін алғаннан кейін жана беретін және жабық тиглде оталу температурасы 61°С-ден, ал ашық тиглде 66°С-ден жоғары болатын сұйықтық.

Жанғыш газ (ЖГ) - 55°С-ден жоғары емес температурада ауамен қосылып, жеңіл тұтанатын және жарылыс қауіпті қоспа.

Жарылыс қауіпті зат (ЖҚЗ) - ауа оттегісі қосылмай-ақ жарылысқа қабілетті зат.

8.1 кесте. Кейбір газдардың өрт қауіптілік сипаты

Зат

Жанғыштық

Тұтану

Тұтанудың

Өзбетімен

және

(лап ету)

төменгі

тұтану

Жарылыс

Температурасы,

көлемдік

температурасы,

қауіптілік

°с

шегі, %

°с

Аммиак

Ацетилен

Бутан

Пропан

Сутегі

Этилен тотыгы Кұкірт сутегі Бензин А-72 Трансформатор майы

Керосин КО-25

ЖГ

ЖЗК

ЖГ

ЖГ

ЖГ

ЖТС

ЖГ

ЖТС

ЖС

ЖТС

-

-

-

-

-

-

-

36

140-тан жоғары

40-тан жоғары

17,0

2,5

1,8

2,31

4,09

3,66

4,0

1,08

0,291

0,66

650

335

462

456

510

429

246

300

270

216

Бу, газ, шаң түріндегі қоспалардың ауамен белгілі бір қатынастарындағы жанғыш жүйелері жарылыс қауіпті болып табылады. Өте қауіптілерге ауаға қатынасы бойынша 1,5-2,0 салыстырмалы тығыздығы бар, сондай-ақ тұтануының төменгі шоғырлану шегі 3% дейін және өздігінен тұтануының төмен температурасы бар ауыр газдар мен буларды жатқызуға болады.

Аса қауіпті: емеске тұтанудың 5% теменгі шоғырлану шегі бар, тығыздығы 0,8-ге дейінгі жеңіл газдар мен буларды жатқызуға болады.

Жану жылдамдығы орасан зор мәндерге жеткенде, жану жылу жарылысына айналады. Қызған газдар мен булардың жылу бөлуінің үлкен саны қоршаған ортада жоғары қысым тудырады және ғимаратка, жабдыққа, адамдарға қауіп төндіреді. Жарылыс газды-және бушаң ортада туады. Жарылыс үшін негізгі шарт - сәйкесті шоғырлану шегінің болуы. Жарылыс қауіпті шоғырланудың төменгі және жоғарғы шегі: метан -5,28-ден 15,4%-ке дейін, бутан 1,8-ден 8,5%-ке дейін, пентан 1,47-ден 8,0%- дейін, пропан 2,31-ден 9,5-ке дейін, бензин 2,4-тен 4,9-ға дейін. Екінші қажетті шарты - жеткілікті қуатты жылу қарқыны болу.

Жырылыстың қарқыны тасқынды жүреді. Жарылыстан пайда болған жылу келесі қоспаларды қыздырады және қабылдайды. Жану үлкен жылдамдықпен жүреді. Жылудың үлкен көлемі қоршаған ортада үлкен қысым тудырады және күшті фирагулар келтіреді.

Өндірістік бөлмелерде жанғыш заттардың және жарылыс қауіпті заттардың болуында, жарылыс болдырмаудың сенімділігін қамтамасыз етуде жарылыстан қорғалган электр жабдығын таңдап алу үшін ездігінен тұтану температурасына сәйкес газбуауа қоспасының (Т1-Т6) тобын, сондай-ақ қауіпсіз эксперименттік ең үлкен саңылауына (БЭМЗ) байланысты категориясын ескеру қажет.

ГОСТ 12.1.011-78 БЭМЗ-ға сәйкес бұл жалғауыш қабық арасындағы максималь саңлау, ол арқылы ауадағы жанудың кез келген шоғырлануында қоршаған ортаға жарылыс тарау берілмейді.

ГОСТ 12.1.011-78 БЭМЗ-ға сәйкес жарылыс қауіпті газ - және бу-ауалы қоспалар екі категорияға бөлінеді: 1-категория - кен газы метан, 2-категория - өндірістік газ және булар. Мұнда соңғылар: 0.9 мм-нен жоғары ПА-БЭМЗ-ға, 0,5-тен 0,9 мм-ге дейін ПВ-БЭМЗ және 0,5-ке дейін ПС-БМЗ-ге белінеді.

Электр қондырғыларының өрт қауіптілігі

Электр қондырғыларының өрт қауіптілігі қолданылатын электр жабдыгында жанғыш оқшаулағыш материалдардың болуына байланысты. Жанғыш болып электр машиналарының, трансформаторлардың, әр түрлі электр магниттердің (түйіспелер, реле, бақылау-өлшеуіш аспаптар), сымдардың және кабельдердің ораушы оқшаулауыштары саналады. Қағазды-майлы конденсаторлардың оқшауламалары да жанғыш болып саналады. Өртке қатысты сымдардың оқшауламалары (резіңке, қағаз, полиэтилен және т.б.) да қауіпті болады.

Әр түрлі лактар, компаундтар, оқшаулағыш (тансформатордікі) майлар, битум, канифоль, күкірт және басқа электроқшаулағыш және құралымдық материалдар қатары жанғыш және өрт қауіпті болып табылады.

Ең үлкен өрт қауіпін май толтырылған аппараттар, -трансформаторлар, жоғары кернеулі бак ажыртақыштары, май-канифольфді құраммен сіңірілген қағаз оқшауламасы бар кабельдер келтіреді.

Май салқындатқышы бар күштік трансформаторларда айналым аралық , қысқа тұйықталу болуы мүмкін, соның нәтижесінде орама бөлігінде үлкен ток пайда болады да жанғыш газдардың бөлінуіне байланысты оқшаулама тез ыдырайды. Бұзылган трансформаторды ажырататын сенімді қорганыс болмаған жағдайда, қаптама қабырғалары бұзылып, бөлмеге жанған май шашатын, газ қоспасының жарылуы мүмкін.

Сондай-ақ, әлі де қолданыстағы қосалқы электр станцияларындағы үлкен май көлемі бар жоғары кернеулі бак ажыратқыштарында жарылыс болу, жанған май шашылу қаупі бар. Қазірде онша қауіптілігі жоқ аз көлемді майлы ажыратқыштар қолданыла бастады.

Минерал майы компаунды сіңірілген бөлмелерге немесе кәбілдік құрамаларга ашық төселген жоғары кернеулі кәбілдің қағаз оқшауламасы өртке -қатысында аса қауіпті. Максималь ток қорғанысының қосылуы жұмыс (ажыратқанда) істемегенде, асқын жүктеменің ұзақ жүруінде және қысқа тұйықталуда кабель оқшауламасының жануы мүмкін.

Асқын жүктемеде немесе екі фазалық режімде ұзақ уақыт жұмыс істеген электр қозғалтқыштарының орамаларының оқшауламасы да жануға ұшырауы мүмкін. Әсіресе бұл жағдайға аз қуатты электр қозғалтқыштары ұшырайды, себебі көбіне буларға асқын жүктемеден қорғаныс қолданылмайды.

Ашық типті жалғауыш аппараттар және ашық балқығыш сақтандырғыштар елеулі өрт қауіпті болады, өйткені бұларда токт , ажыратқанда, сондай-ақ балқымалы қыстырғыш жанып кеткенде, қауіпті от ұшқыны пайда болады. Сондықтан, әлбетте, үзгіштер, қайтақосқыштар, балқымалы ажыратқыштар жабық түрде жасалған дұрыс.

Электр-доғалық пісіру өрт жасауға аса қауіпті, себебі электр доғасының жануында өте жоғары температура пайда болады, сонымен бірге пісіру жүргізілген жерде балқыған метелдың ірі ұшқындары шашылады.

Тіптен қыздыру шамы да, егер оның қуаты шырағдан типіне сай келмесе, өрт қауіпті болады, бұл ретте түйістірілген қосылулар орындары қызуынан оқшаламаның жануы мүмкін. Сондай-ақ, өндірістік және тұрмыстық. әр түрлі электр аспаптары дұрыс қолдынылмаған жағдайда, өртке себепші болуы мүмкін. Әсіресе электр үтіктер, электр плиталар қауіпті.

ГІУЭ электр қондырғыларының өрт қауіптілігін ескере отырып, оларды жобалауда және құрастыруда бірқатар сақтандыру талаптарын қойды.

Сондай-ақ, электр қондырғыларын пайдалану процесінде өрт қаіпсіздігін ескере отырып, ПТЭ-де қарастырылған бірқатар шараларды сақтау қажет.

Жарылыс қауіпті және өрт қауіпті зоналар

Электр қондырғыларын пайдаланудағы қыска тұйықтанулардан, асқын кернулерден сақтану және алдын алу үшін, электр тораптарын, машиналарын, аппараттарын, сондай-ақ байланыс және автоматандыру электр құралдарын дұрыс монтаждау, таңдау және оларды пайдаланудың белгіленген режімдерін қатаң сақтау қажет.

Жанғыш газ, бу немесе шаңды ауа қоспалары пайда болуы мүмкін орындарда орнатылуы тиіс электр жабдығы ерекше қауіпті болады. Электр жабдығы жанғыш қоспаның жану көзі болмауы үшін, Электр қондырғыларын орналастыру ережелеріне (ЭОЕ), Жарылыс қорғанысты кен электр жабдығын даярлау ережелеріне және ССБТ стандарттарына. сәйкес бірқатар талаптар мен шаралардың тұтас жүйесі әзірленген.

ЭОЕ-ға сәйкес қоршаған ортаның кез келген температурасында жанғыш газдар жарылыс қауіптілерге жатады. Егер от алу төменгі шоғырлану шегі 65 г/м3-тен аспаса, онда жанғыш шаң және талшықтар да жарылыс қауіптіге жатады. Өндірістік процестің жарылыс қауіпсіздігі деп, жарылыс мүмкіндігі үлкен ықтималдықпен жоққа шығарылытын немесе ол туындаған жағдайда олардың қауіпті факторлары адамға әсер етпей тез жойылатын және материалдық құндылықтардың сақталуы қамтамасыз етілетін жағдайы айтылады.

Электр жабдығын дұрыс таңдау үшін ең алдымен ол пайдаланылатын зона класы анықталады. Бірнеше жарылыс қауіпті және өрт қауіпті зоналар анықталған.

Жарылыс қауіпті қоспалары бар немесе олардың пайда болу мүмкіндігі бар бөлмелер немесе шектелген бөлме кеңістіктері жарылыс қауіпті зона деп есептеледі. Жарылыс қауіпті зона делініп, егер жарылыс қауіпті қоспаның көлемі бөлмедегі бос көлемнің 5% -тен асатын болса, онда жарылыс қауіпті зона бүкіл бөлме көлемін алады. Егер жарылыс қауіпті қоспа 5%-ке тең немесе одан кем болса, онда бөлмедегі жарылыс қауіпті зона одан жанғыш газ немесе жеңіл от тұтанатын сұйықтық (ЖТС) бөлінуі мүмкін, технологиялық аппараттан көлбеуі және ұзындығы бойынша 5 м деңгейінде болады. Егер тағы басқадай жарылыс қауіпті жағдай жасайтын факторлар болмаса, бөлменің қалған көлемі жарылыс қауіпсіз болады.

ЭОЕ-ге сәйкес жарылыс қауіпті зоналар бірнеше класқа бөлінеді.

В-1 класс зонасы қалыпты жұмыс режимінде жанғыш газдар мен ЖТС булары жарылыс қауіпті қоспалар құрайтындай бөлінетін бөлмелерде болады, мысалы: технологиялық аппараттарды тиеуде немесе түсіруде, ЖТС-ты ағызуда немесе құюда, және т.б.

В-1а класс зонасы. Бұларға қалыпты пайдалануда жанғыш газдардың немесе ЖТС буларының ауамен қосылуында жарылыс қауіпті қоспалар жасалмайды, бірақ олар апаттар немесе бұзылулар жағдайында орын алуы мүмкін.

В-1б класс зонасы. Бұлар да В-1а зонасы сияқты, бірақ келесі ерекшеліктердің біреуіне ие болады:

1. Шекті жетімді шоғырлануларда бұл зоналардағы жанғыш газдар от алудың жоғары төменгі шегіне ие болады (15% және одан астам) және өткір иісі болады;

2. Газ тәрізді сутегіні қолдану немесе алу мен байланысты өндірістік бөлмелерде, технологиялық процесс жағдайлары бойынша бөлменің бос көлемінде жарылыс қауіпті қоспаның 5% -нен аспайтын жағдайында, тек бөлменің жоғарғы бөлігінде ғана жарылыс қауіпі болады. Шартты түрде жарылыс қауіпті зона бөлменің 0,75 м биіктігінен жоғарыда болады, бірақ кран жолынан, егер мұндай бар болса, (мысалы, су электролизі бөлмесі, күш және стартерлік батареялар станцияларында, аммиакты компрессорлық және мұздатқыш абсорбция қондырғылары машина залдарында) биік болмайды.

3. Бөлменің бос көлемінде 5%-тен аспайтын зонадағы жарылыс қауіпті қоспа пайда болу үшін жеткіліксіз, шағын сандағы жанғыш зоналар және ЖТС-ы бар және олармен жұмыс ашық жалын қолданусыз жүреді( мысалы, зертханалық бөлмелер зонасы). Егер мұндай жағдайларда жұмыс жанғыш заттармен немесе ЖТС-пен тарту шкафтарында немесе тарту шатырларында жүргізілетін болса, онда олар жалпы жарылыс қауіптілерге жатпайды.

В-1г класс зонасы. Бұған: жанғыш газы немесе ЖТС-ы бар сыртқы электр қондырғыларының (амиактық компрессор қондырғыларынан басқа); ЖТС-ы немесе жанғыш газдары (газгольдері) бар жер үстілік немесе жер астылық резервуарларының; ЖТС ағызу немесе құю эстакадаларының; ашық мұнайұстағыштардың; жүзбелі мұнай ұлдірі бар тұндырғыштоғандардың және т.б. кеңістіктері жатады.

Сондай-ақ, В-1г класс зонасына В-1, В-la, В-П класс зоналарының бөлмелерінің сырт қоршауларының ойықтарындағы (шыны блоктарымен толтырылған терезе ойықтарынан басқа) кеңістіктер жатады; сырт қоршаулардың конструкцияларындағы кеңістіктер, егер оларда жарылыс қауіпті зоналар шегінде болса немесе кез келген жарылыс қауіпті бөлмелердің желдеткіш жүйелері үшін оларда құрылғылар орналастырылса; жанғыш газ және ЖТС-ы бар технологиялық апараттар мен сыймдылықтардың сақтандырғыш және демалдырғыш қақпақшасы кеңістіктері.

Сондай-ақ, ЭОЕ-де В-Іг класс зонасының жарылыс қауіпті мөлшерлері орнатылған. В-ІІ класс зонасы қалыпты жұмыс режимдерінде (мысалы, технологиялық аппаратарды тиеуде және түсіруде) ауамен жарылыс қауіпті қоспалар құрайтын қасиеттері бар көлемде бөлінетін және ыстық шаң немесе талшықтарға айналатын бөлмелерде орналасады.

В-ІІ а класс зоналары қалыпты пайдалануда орындар қауіпті жағдайы болмайтын, ал тек апат немесе бұзылулар жағдайында болатын бөлмелерде орналасады.

Өртқауіпті зона деп бөлме ішіндегі немесе сыртындағы шектерде тұрақты немесе кезеңдермен қалыпты технологиялық процестерде немесе бұзылуларда жанғыш заттар болатын кеңістік аталады.

Өртқауіпті зоналар бірнеше класқа бөлінеді:

П-І класс зонасы. Бұл зоналарға от алу температурасы 61 °С-дан жоғары температурасы бар жанғыш заттар орналасқан бөлмелер зонасы жатады.

П-ІІІ класс зонасы 65 г/мЗ ауа көлемінен астам төменгі оталу шоғырлану шегі бар ыстық шаң немесе талшықтар бөлінетін бөлмелерде орналасады.

П-II а класс зонасы. Бұл зоналар қатты жанғыш заттары бар бөлмелерде орналасады.

П-III класс зоналары бөлмеден тыс оталу температурасы 61°С-ден жоғары температурасы бар жанғыш заттар немесе қатты жанғыш заттар орналасқан зоналар.

Атап өту керек, технологялық апараттардың жанғыш газ, бу, шаң немесе талшықтар температурасына дейін қызған беттері, бірақ технологиялық процесі ашық отпен жүргізілетін және жарылыс қауіпті қоспалар немесе жанғыш заттары бар аппараттан көлбеуі және тікесі 5м-ге дейнгі шектердегі сырт қондырғылар және бөлмелер жарылыс қауіпті немесе өрт қауіптілігіне жатпайды. Сондай-ақ, қатты, сұйық немесе газтәрізді отын жағуы жүретін сырт қондырғылар немесе бөлмелер зоналары өрт қауіпіне немесе жарылыс қауіптіге жатпайды.

ЭОЕ-де жарылыс қауіпті және өрт қауіпті зоналарға қатысты анықтаулар мен осындай зоналар үшін электр жабдығын таңдау көрсеткіштері келтірілген (VII тарау).

Жарылыс қауіпті зоналар үшін электр жабдығын таңдауда сондай-ақ жарылыс қауіпті топтардың категорияларын білген дұрыс.

Эксперименттік максималь саңлаудың (БЭМЗ) қауіпсіздік шамасына байланысты - жанғыш ауаның кез келген шоғырлануында қоршаған ортаға қабықтан жарылыс берілуі болмайтын қабық жалғауыштары арасындағы максималь саңылау арасындағы жарылыс қауіпті қоспалар категорияларға бөлінеді (8.2 кесте).

8.2 кесте. Газ бен ауа буларыныц жарылыс қауіпті қоспаларының категориялары

Қоспалар категориялары

Газ немесе бу атаулары

БЭМЗ, мм

I

Кендік металл

1,0-ден астам

II

Өнеркәсіптік газ және булар

ПА

Өнеркәсіптік газ және булар

0,9-ден астам

ПВ

Өнеркәсіптік газ және булар

0,5-тен 0,9-га дейін

НС

Өнеркәсіптік газ және булар

0,5-ке дейін

Ескерту: БЭМЗ-дің кестеде көрсетілген. мәндері пайдалануғa қабық саңылауының кеңдігін бақылау үшін жарамайды.

Жарылыс қауіпті зоналарда жарылыстан қорғалған электр жабдығы қолданылады. Жарылыс қауіпті зоналарда электр жабдығының жарылыс қауіптілігі электр ұшқындарынан, доғаларынан, жалыннан және электр жабдығының қызған бөліктеріккен қоршаған ортадағы жарылыс қауіпті қоспалардан қорғайтын арнаулы құрылымдық құралдармен қамтамасыз етіледі.

Қолдану саласына қарай жарылыстан қорғалған электр жабдығы екі топқа бөлінеді

I топ — газ немесе шаңы бойынша қауіпті шахтылар мен кеніштердің жерастылық өндірулері үшін тағайындалған кеніштік жарылыстан қорғалған электр жабдығы.

II топ — жарылыс қорғалған кендерден басқа ішкі және сыртқы қондырғы үшін жарылыс қорғалған электр жабдығы. I және II топтың жарылыс қорғаныс деңгейіне байланысты жарылысқа қарсы арттырылған электр жабдығы: (деңгей белгісі - 2); жарылыс қауіпті электр жабдығы (деңгей белгісі - 1) және аса жарылыс қауіпті электр жабдығы (деңгей белгісі - 0).

Жарылысқа қарсы арттырылған сенімділігі бар электр жабдығы деп оның қалыпты жұмыс режимінде жарылыс қауіптілігі қамтамасыз етілетін электр жабдығы айтылады.

Жарылыс қауіпсіз деп электр жабдығының қалыпты жұмыс режимінде және сондай-ақ пайдалану жағдайларымен анықталатын мүмкін болатын бұзылулары бар жұмыс жағдайында да жарылыс қауіпсіздігі қамтамасыз етілетін жабдықты айтады (жарылыс қорғанысының бұзылуынан басқа).

Аса қауіпсіз электр жабдығы деп - бұл жарылыс қауіпсіз жабдыққа тағы да қосымша қауіпсіздік шаралары алынған жабдықты айтады II топ электр жабдығының жарылыс қорғаныс деңгейі жарылыс қорғаныстың келесі түрлерімен анықталады:

Жарылыс өткізбейтін қабықпен (d); ұшқын қауіпсіз электр тізбегімен (і); «е» қорғаныс түрімен (е); қабықты таза ауаның асқын қысымымен немесе инертті газбен үрлеумен немесе толтырумен (р); қабықты майлы толтырумен (о); қабықты кварцпен толтырумен (q); жарылыс қорғаныстың арнаулы түрімен (s).

Жарылыс өткізбейтін қабық деп өз ішіндегі жарылыс қысымына шыдайтын және қабықтан жарылыс қауіпті қоршаған ортаға жарылыстың таралуын болдырмайтын қабықты айтады.

Ұшқын қауіпсіз электр тізбегі былайша жасалады: сынақтың белгіленген шарттарында тізбектегі электр разряды немесе оның қызуы жарылыс қауіпті ортада оталуды тудырмайды.

«е» түріндегі қорғаныста қалыпты ұшқын шығаратын беліктері жоқ электр жабдығына қауіпті қыздырулар, ұшқындар пайда болуына бөгет жасайтын қосымша шаралар алынады.

Арнаулы жарылысқа қарсы қорғаныс деп жоғарыда келтірілгендерден басқа принциптерге негізделген қабығы және/немесе ұшқын қауіпсіз тізбегі бар II топ электр жабдығы IIА, ПB және ПС болып бөлінеді.

ГOCT 18620 — 73 таңбалауынан басқа жарылыс қорғанысты электр жабдығы жарылыс қорғанысы бойынша қосымша тағы белгілеуі бар: а) жарылыс қорғаныс деңгейі (2, 1 немесе 0); б) Ex белгісі ГОСТ 12.2.020 — 76 және жарылыс қорғаныс стандарттарына сәйкес түрлеріне келеді; в) жарылыс қорғанысты түр белгісі (d, і, е, о, р, q, s); г) топ немесе топшалар (П — топшаларға бөлінбеген электр жабдығы үшін және топшаларға бөлінетін электр жабдығы үшін электр жабдығы және ПА,ПВ,НС белгілерінің бірі); д) электр жабдығынын температуралық класы (кесте).

8.3 кесте. Өзінбік оталу темтратурасындагы .жарылыс қауіпті қоспапар мен булардың топтары

Жарылыс қауіпті қоспа тобы

Қоспаның өзіндік от алу температурасы

0

с

Жарылыс кауіпті қоспа тобы

Қоспаның өзіндік от алу температурасы

°с

Т1

450

Т4

135

Т2

300

Т5

100

ТЗ

200

Т6

80

8.4 кесте. Электр жабдыгының жарылыс қорганысын таңбалау

Электр

жабдыгыньң

атауы

Жарылыс қорғаныс түрі

Электр

жабдығының

тобы

(топшасы) және

температура класы

Жарылыс

қорғанысын

таңбалау

Жарылысқа қарсы

арттырылған сенімділік

Қорғаныстың «е» түрі

II топ, температура класы Т6

2ExelIT6

Жарылысқа қарсы

арттырылған сенімділік

Жарылыс өткізбейтін қабық және ұшқын қауіпсіз электр тізбегі

ПВ топшасы, температура класы Т5

2ExdiIlBT5

Жарылыс қауіпсіз

Қабықтың

кварцпен

толтырылуы

IIтоп,

температура класы Т6

ExJIIT6

Ерекше

жарылыс

қауіпсіз

Арнайы және ұшкын қауіпсіз электр тізбегі

ПС топша температура класы Т4

0ExsiIICT4

Өрт қауіпті өндіріс категориялары

Өрт және жарылыс қауіпті шараларды іске асыруда өндірістердің өрт қауіптілігін бағалау маңызы үлкен болады. Өндірістік бөлмелерде өрт шығу жағдайлары онда қандай заттар қолданылатынына, өңделетініне немесе сақталатынына байланысты болады. Ғимараттар мен құрылыстарды үнемді жобалау үшін ең алдымен өндірістің өрт қауіптілік категориясын анықтап алу қажет.

Құрылыстық нормалар мен ережелерге сәйкес (СНиП 11 -90 - 81) өндірістік ғимараттар мен қоймалар жарылыс, жарылыс қауіптілігі және өрт қауіптілігі бойынша алты категорияға бөлінеді: А, Б. В, Г, Д, Е.

А категориясына ауада (жарылыс-өрт қауіпті өндірістер) 10% (көлемдік) және одан аз төменгі шек шоғырлануындағы жанғыш газдары және оталу температурасы 28°С дейінгі сұйықтығы (егер аталған газдар мен сұйықтықтардан бөлмедегі ауаның 5% көлемінен

артық жанғыш қауіпті қоспалар пайда болса), сондай-ақ сумен, оттегімен немесе бір -бірімен өзара әрекетінде жарылысқа және жануға бейім заттары бар өндірістер жатады.

Б категориясына (жарылыс-өрт қауіпті өндірістер) ауада 10% (көлемдік) үлкен оталудың төменгі шоғырлану шегіндегі жанғыш газдары, тұтану температурасы 28 ден 61°С-ге дейінгі сұйықтары (өндіріс жағдайларында тұтану температурасына дейінгі, егер аталған газдар, сұйықтар және тозаңдар бөлмедегі ауаның 5% көлемінен артқанында жарылыс қауіпті қоспалар пайда болатын болса) және одан жоғары жанғыш тозаңдары немесе 65 г/м3 төменгі және одан аз жану шегіндегі талшықтары бар өндірістер жатады.

В категориясына (өрт қауіпті өндірістер) — оталу температурасы 61 °С астам сұйықтығы, 65 г/мЗ астам төменгі оталу шегіндегі жанғыш тозаңдары немесе талшықтары, сумен, ауамен, немесе бір - бірімен өзара әрекетесуде жануға қабілетті қатты жанғыш заттары мен материалдары бар өндірістер жатады.

Г категориясы — бұл өңдеу процесі қызған немесе балқытылған ыстық күйдегі сәулелі жылу, ұшқын немесе жалын бөлінуімен жүретін жанбайтын заттары мен материалдары бар өндірістер; қатты заттары, сұйықтары және газдары отын сапасында жағылатын немесе пайдаланатын өндірістер.

Д категориясына салқын күйдегі жанбайтын заттары мен материалдары бар технологиялық процестер және өрт қауіпті емес өндірістер жатады.

Е категориясына (жарылыс қауіпті өндірістер) сұйық фазасы жоқ жанғыш газдары, ал жарылыс қауіпті тозаңы ауаның 5% көлемінен астамда жарылыс қауіпті қоспалар құрайтын және сумен, оттегімен немесе бір бірімен өзара әрекетінде, сондай-ақ көлем санында жарылыс қауіпті тозаңы бар және технологиялық процестер жағдайлары бойынша, тек жарылыс тудыратын (соңынан жану болмайтын) өндірістер жатады.

Өрт қауіптілігі бойынша өндірістік категориялар ғимараттар мен құрылыстарды жобалауда құрылымдық және жоспарлық шешімдерге қатысты талаптарды анықтайды. Категориялар министрліктер (ведомствалар) бекітетін арнаулы тізбелер немесе технологиялық жобалау нормалары бойынша қабылданады. Бұл ретте «Жарылыс, жарылыс қауіптілігі және өрт қауіптілігі бойынша өндірістің категорияларын анықтауға нұсқау» (СН 463-74) және «СНиП 11-90-81-ге сәйкес жарылыс, жарылыс қауіптілігі және өрт қауіптілігі бойынша химия өнеркәсібінің категорияларын белгілеу әдістемесі» басшылыққа алынады.

Ғимараттар мен кұрылыстардың отқа төзімділігі

Ғимараттар мен құрылыстарда өрттің даму жағдайлары көбіне олардың от төзімділігінің дәрежесімен анықталады. От төзімділіктің дәрежесі тұтастай өрт жағдайында ғимараттар мен кұрылыстардың жануға қарсылықты қабілетімен анықталады. Ғимараттар мен қүрылыстар отқа төзімділік дәрежесі бойынша беске бөлінеді (I, ТІ, III, IV, V). Ғимараттьщ (құрылыстың) отқа төзімділік дәрежесі оттың осы құрылымдар бойынша таралу шегіне және негізгі қүрылыстық материалдардың жануға және отқа төзімділігіне байланысты болады.

Құрылыстық кұрылымдар жанғыштығы бойынша жанбайтын, жануы қиын және жанатындар болып белінеді. Жанбайтындар -бұлар отқа жанбайтын материалдардан тұратын күрылыстық заттар. Отқа қиын жанатындар - бұлар жануы қиын немесе жанбайтын заттармен өңделген материалдар. Отқа жанбайтын материалдар деп отқа қиын жанатын немесе оттан және жоғары температуралардан жанбайтын материалдармен қорғалған жанатын материалдар есептеледі.

Отқа тозімді материалдар - бұлар белгілі бір уақыт мөлшерінде жанбайтын, тек содан асқан кезде жанбайтын қасиетін жоғалтатын материалдар, ал жанган зат өз қасиетін жоғалтып, қирауға үшырайды, от оданэрі көрші құрылыстарға тарайды.

Құрылымдардьщ отқа төзімділік шектері негізінен тәжірибе жолымен анықталады. Қалыпты шамасында жасалған құрылым үлгісін арнайы пешке салып, отқа төзімділігін анықтайды. Осы материал кетергіш күшін жойғаннан кейін, отқа қаншалықты төзімді екені анықталады. Қүрылымды орташа алғанда 140°С немесе белгілі бір нүктесінде одан да әрі 180°С-тан 220 °С дейінгі шектікте қыздырады.

Отқа төзімділіктің талап етілетін дэрежссі СНиП ІІ-2 - 80 кестесі бойынша анықталатын нақты төзімділік дәрежесіне сәйкес келуі керек.

Мысалы, ғимараттың І және ІІ дәрежелі от төзімділіктері жанбайтын болып табылады және тек құрылыстық құрылымдардың отқа төзімділік шегінен асқанда ғана өзгешеленеді. І дәрежелі отқа төзімділік негізгі құрылыс құрылымдарына от дарымайды, ал ІІ дәрежеде оттың таралу шегі тек қана ішкі қабырғаларда 40 см-ден аспайды. V дәрежеде ғимараттардың негізгі бөлігі отқа жанып кетеді

Өнеркісіптік кәсіпорындарды жобалаудағы өрт кауіпсіздігнің шаралары

Өрт қауіпсіздігі тұрғысынан өнеркәсіптік кәсіпорындардьің бас жоспарлары келесілерді: кәсіпорын шекарасынан көрші кәсіпорынға, тұрғылықты орьнға темір жол және су жолдары жолақтарына дейінгі қауіпсіздік қашықтықты қамтамасыз етуі; тағайыны және басқа белгілері бойынша ескере отырып, ғимараттар мен құрылыстарды дұрыс зоналау; ғимараттар мен құрылыстар арасындағы талап етілетін өрт қауіпсіздік ара қашықтықты қанағаттандыруы қажет.

Өртке қарсы ара қашықтықты дұрыс анықтау үшін өндірісгік жағдайларды және өрт қауіпсіздігі талаптарын бірдей ескеру керек. Көп жағдайларда қауіпсіздікті сенімді құралдармен немесе өрті басталу сәтінде өшірумен қамтамасыз ете отырып. өртке қарсы ара қашыктықтың ең аз жетімдісін алу қажет. Кәсіпорындарды жобалауда гимараттарға өрт машиналарының еркін келіуне жол қалдыру керек.

Өртке қарсы тосқауылдар - бұлар оттың ғимараттың бір бөлігінен екіншісіне өтуіне бөгет жасайтын отқа төзімділігің нормаланған шегі бар құрылымдар (тосқауылдар). Жалпы өртке қарсы тосқауылдарға өртке қарсы қабыргалар, арақабырғалар, жабындар, сондай-ак өртке қарсы зоналар, су шымылдыктар жатады. Отқа карсы тосқауылдар жанбайтын материалдардан жасалады және СНиП Н-2-80 көрсетілгеннен кем емес отқа төзімді шегі болуы қажет. Мысалы, өртке қарсы отқа төзімділік 2.5 сағаттан кем болмауы тиісті.Өртке қарсы кабырғаларды жанатын жабындардан биік етіп жасайды, ал өртке қарсы жабындар жанатын қабырғалар көлбеуінен асыра жасайды.

Жеңіл тасталатын құрылымдар. Өндірістік бөлмедегі жарылыста бірінші кезектегі міндет жану өнімдерін өте тез алу жолымен құрылыстық құ.рылымдар деңгейі үшін қауіпсіздікке дейін қысымды төмендету болып табылады. Ол үшін жеңіл тасталатын жабындарды және А,Б,Е категориялы өндірістердегі бөлмелердегі жабындарды қолданады. Жеңіл тасталатын тосқауылдык құрылымдар жарылыста тез қирайды. соның нәтижесінде бөлмедегі қысым азаяды және тіректік кұрылыс кұрылымдары қирамайды.

Жеңіл тасталатын тосқауылдык құрылымдарға, мысалы, қалыңдығы 3,4, және 5 мм және сәйкесті ауданы 0,8; 1 жоне 1,5 м2 терезе әйнектер жатады.

Өрт сөндіру тәсілдері

Өрт сөндіру жанудың тұрқтылығын бұзу үшін өрт сөндірудің қабылданған құралдарының бірімен жану зонасына белсенді( механикалық,физикалық немесе химиялық) әрекетжасаудан тұрады.

Жанудың тұрақтылығы бірінші кезекте химиялық реакция зонасындағы қоршаған ортаның жылу алмасу жағдайларымен анықталатын температураға байланысты болады.

Өрт сөндіруде жану зонасындағы температураның төмендеуіне және жылу теңдігінің бұзылуына жылу шынынын арттыру немесе жану зонасындағы жылу бөліну жылдамдығын азайту арқылы жетуге болады.

Жылу бөлу сипатты реакциясы бар өрттерді сөндіру физикалық тәсілмен қоршаған ортаға жылу шығындарын арттыру жолымен жүргізіледі.

Тізбекті жану реакциялы сипаты бар жануды сөндіру жанудың жылу бөлуін химиялық жолмен азайту тәсілі арқылы оңай іске асырылады. Тәжірибеде өрттегі жану әрі жылулық, әрі тізбектік сипатта болады, сондықтан оған жоғарыда айтылғанда сөндірудің екі тәсілі де қолданылады.

Өртті сөндіру және оны толық жою үшін жану зонасында өзара әрекеттесетін осы не басқа өрт сөндіргіш заттар қолданылады. Өрт сөндіргіш заттар қатты, сұйық немесе газ күйінде болады. Бұл заттарды қолдану жану зонасында физикалыхимиялық әрекеттестіктер тудырып, айтарлықтай нәтиже береді. Сондықтан өрт сөндіруде әр түрлі тәсілдер үшін аталған заттардың жиынтығы қажет болады.

Өрт сөндіру үшін су және оның булары, сондай-ақ өрт сөндіруде тиімді болатын басқа да сұйықтықтар, газ және кейбір заттардың ұнтағы қолданылады.

Өрт жағдайында бұл заттарды сақтау және қолдану адам үшін қауіпсіз және технологиялық жабдыққа бүліну келтірмеуі тиіс.

Өрт сөндіруде қолданылатын құралдар мен заттарды таңдау нақты өрт ауқымына, өрт сипатына, жанған заттар мен материалдарға және т.б. байланысты анықталады.

Қатты және сұйық жанғыш заттар өртенгенде өрттің үш кезеңін (сатысын) айырады:

-Бірінші саты, бастапқы кезең, бұл жану зонасындағы оттың тұрақсыздығымен және төмен жалынымен, салыстырмалы аз температурасымен, жану ауданының шағындығымен (1-2 аспайтын) сипатталады. Жану ошағының сыртқы ортасында температура айтарлықтай көтерілмейді. Жанудың бастапқы сипатында қарапайым құралдарды (бір- екі өртсөндіргіштерді және т.б.) қолданып, өртті тез сөндіруге болады (8.1сурет).

-Екінші саты, өртенудегі жылу шығару нәтижесінде жанып жатқан заттар тез бүлініп, булануы артады. Жану ауданы және жалын ұлғаяды. Жанудың бұл сатысында қоршаған ортаның температурасы елеулі артады және сәулелі энергия әрекеті күшейеді. Бұл сатыда өртті сөндіру үшін су немесе көбік ағыны немесе сөндірудің біріншілікті құралдары молынан қолданылады;

-Үшінші саты, жанудың үлкен ауданымен (ондаған шаршы метр), жоғары температурамен, сәуле шығарудың үлкен аумағымен(ондаған шаршы метр), конвективтік ағындармен, құрылымдардың бұзылуымен және құлауымен сипатталады.

Жанғыш газдар от алғанда жану өте тез жүреді де(жылдамдығы 1,0 м/с)кезеңдер ажыратылмайды. Егер от алу газдың шағын саңылаудан шығуына болса, құбырдың ортасынан, люктің қылтасынан (мойынан), онда жану тұрақты болады да одан әрі таралмайды. Сөйтіп, кез келген өртті бастапқы кезеңінде сөндіру жеңіл болады.

Отөшіргіш заттар

Негізгі от өшіргіш заттар: су, химиялық және ауа-механикалық көбіктер, тұздардың су ертінділері, инертті және жанбайтын газдар, су булары, голоидті көмірсутекті отбасқыш құралдар және құрғақ отбасқыш ұнтақтар.

Басқа өрт сөндіргіш заттармен салыстырғанда, судың жылу сыйымдылығы үлкен және ол көптеген жанғыш заттарды сөндіру үшін жарамды. Бір литр су 0-ден 100 С -дейін қыздырғанда, 419 кДж жылу, ал буланғанда- 2260кДж сіңіреді.

Су көптеген басқа заттарға қарағанда, жеткілікті қызу тұрақтылығы бар (1700 С-ден астам). Сонымен бірге судың өрт сөндіруде үш қасиеті бар: жану зонасын немесе жанған заттарды салқындатады, жану зонасындағы реакциялық заттарды сұйылтады және оларды оқшаулайды.

Өрт сөндіруде суды мына түрде береді:

диаметрі 25-50 мм қаптамалы лафетті оқпан су сорғысынан немесе 13-25 мм қаптамалы қол өрт оқпанынан қуатты су ағыны;

шашыранды су ағыны (су тамшысының 100 мкм астам диаметрінде);

тұрақты және көшпелі шашыратқыштардан жұқа шашыранды су ағыны;

жоғарыға тартуды төмендету үшін 0.2-2.0% (масс.) құрамды сулағыш ерітінділер;

жану реакциясын химиялық жолмен бөгеу және сөндіру тиімділігі арттыру үшін құрамында 90% (масс.) су және 10% (масс.) бром этилі бар субромэтиль эмульсиясы.

Суды ықшам және шашыранды ағын түрінде органикалық текті қатты заттар мен материалдарды, жанған сұйықтарды (мұнай өнімдерін) сөндіруде қолданады.

Ықшам су ағындарын қолданудың кемшілігі тектесу заттарды салқындатудың төмен тиімділігі болып табылады. Бұл жану зонасымен аз уақыт түйісумен және судың электр өткізгіштігімен, жанған тозаң қабатына су тұтас ағыны түскенде жарылыс қауіпті қоспалар шоғырлануы мүмкіндігімен, механикалық бұзылулар қаупімен, мысалы, КИП, аппаратуралар, сондай-ақ адамдардың жарақат алуымен шартталады.

Су арыны мен шығынына байланысты ағынның ықшам бөлігінің әрекет радиусы 6 метрден 30 метрге дейін және одан астам өзгереді.Ықшам су артықшылығына алыс аталуы, ыңғайлы болыуы және жалынды өшіру қабілеттілігі жатады.

Судың шашырай атылуы қаптама арқылы берілуіне байланысты. Мұндай шашырап атылған судың бет аумағы кең болады да ықшамға қарағанда, судың біркелкі шығынында бір уақыт бірлігінде жану аймағында елеулі жылу мөлшерін басады. Шашыранды су атқылау әдісін өрт ошағына жақын келу мүмкіндігінде онша үлкен емес өрттерді сөндіріуге, жану аумағындағы материалдарды, заттарды, құрылымдардыда салқындатуға, оқпагнды өртшілерді, өрт техникасын қорғауда қолдану ұсынылады.

Шашыратылған және жұқа шашыратылған су ағысын сумен қосылмайтын жанғыш және жеңіл оталғыш сұйықтардың жануында қолдануға болады.

Жанып жатқан сұйық бетіне түскен су тамшылары буланады да оның бу көпіршіктері сұйықтық пен қосылып жанбайтын эмульсия құрайды. Эмульсия сұйықтықтан жеңіл болғандықтан, оның бетін жабады да сұйықтықты жану зонасынан оқшаулайды. Судың ұсақ тамшылары ыстық температураны басып, жалынды салқындатады; жнған сұйықтыққа баяу бойлап, оны да салқындатады және буланып, сұйықтық бетіндегі жанған бу шоғырын азайтады. Судың ұсақ тамшылары жанған сұйықтықты шашыратпайды және шайқалтпайды. Жұқа шашыратылған су аэротозаңдық жүйе - тұман құрайды, бұл жағдайда ол ток өткізбейді, осы себепті оны электрқондырғылар өртін сөндіруде қолданады.

Өту қабілетін арттыру үшін судың бет тартылуын азайтады, ол үшін көбік жасағыш типті суландырғыш енгізеді. судың бет тартылуын екі есе азайтқанда, оның өрт сөндіргіш әрекеті жақсартады және су шығыны 2 - 2,5 есе азаяды, осыған сәйкесті өрт сөндіру уақыты да азаяды.

Субромэтилдік эмульсияны тізбектей жану сипатындағы реакцияны судың өрт сөндірудегі әрекетін химиялық тежеу арқылы күшейту мақсатында қолданылады(Мысалы, фосфор жануын сөндіруде, өрттің таралуына жол бермеу үшін тосқауылдар жасау және т.б.).

Спринклерлік және дренчерлік қондырғылар.

Спринклерлік және дренчерлік қондырғылар шашырай тозаңдатылған сумен өрт сөндірудің автоматты құралдарына жатады.

Спринклерлік қондырғылар үш түрлі болады: сулы, ауасулы және ауалы. Жылытылмайтын бөлмелерде ауа жүйелі спринклерлік қондырғылар қолданылуы қажет, мұнда құбырлар сумен емес сығымдалған ауамен толтырылады.

Су жүйелі спринклерлік қондырғылар тармақталған құбырлар желісінен тұрады, оларға спринклерлер өрт қауіпті бөлмелерде 9 - дан 12 шаршы метрге дейінгі едендер аудандары бір спринклермен суландыратындай ( жанатын материалдардың 2000 кг\м санында және одан астам ) есеппен орнатылады. Спринклерлер басындағы шығыс саңлау әдеткі уақытта жеңіл еритін құлыппен жабылған.

Температура артқанда, қорытпа ериді, құлып бөліктерге бөлінеді, шыны қақпақша босайды да суға жол ашылады. Құлып қосу пластинкалары еруі 72,93,141 және 182 С есептелген.

Спринклерлік қондырғыларды ұзақ жылдар пайдалану тәжірибесі, осындай өрт сөндірудің автоматты жүйелерімен қорғалған бөлмелерінде өрт шыққан жағдайда, 90% - дан астам өрт сөндіру қамтамасыз етілетінін көрсетті.

Сонымен бірге спринклерлік қондырғыларда тек өрттің жоғары температурасы болған бастары ғана ашылады. Бұл жағдайда спринклерлік бастар салыстырмалы үлкен үдемелікке ие болады - олар бөлмеде температура көтерілген сәттен 2 - 3 минут аралығында ашылады. Өрт қауіпті бөлмелерде мұндай үдемелік үнемі қолайлы болмайды. Іс - әрекеттің тиімділігін арттыру үшін кейде бөлменің бір көлеміне немесе бір бөлігіе суды бірден берген тиімді болады. Бұл жағдайда топтық әрекет ететін дренчерлік қондырғылар құбырларына, яғни, су үшін шығатын ашық саңлауы бар спринклерлік құлыпсыз бастар - дренчерлер. Әдеткі уақытта желіге су шығатын жол топтық әрекет ететін қақпақшамен жабылған. Қондырғыны автоматты түрде және сондай - ақ қолмен басқаруға болады. Өрт жағдайында оны автоматты түрде және қолмен де іске қосуға болады.

Топтық әрекетті дренчерлік қондырғылар су қорғаныс шымылдығы ретінде қашықтықтан немесе жай қолмен басқару арқылы қолданылады. Ол үшін розеткалы, сондай - ақ күрекшелі болады. Дренчерлік шымылдықтарды ойықтарды ( есік, терезе, технологиялық мақсаттар үшін), сондай - ақ өрттің басқа бөлмелерге өтпеуі үшін қолданады.

Жеңіл оталатын сұйықтықтарды сөндіру үшін газ бен сұйық қоспасы - көбікті пайдаланады.

Көбік - шашырау фазасы газ болатын жүйе; газ көпіршіктері жұқа сұйық үлдір қабығымен тартылған. Газ көпіршіктері химялық процестер немесе газдың сұйықтықпен араласуынан пайда болады. Газ көпіршіктері және сұйықтықтың беттік тартылу үлдірі қаншалықты аз мөлшерде болса, соншалықты көпіршік тұрақты болады. Көпіршіктің тығыздығы ( 0,1 - 0,2 г\ см) аз болса, көпіршік жанушы сұйықтық бетіне таралады да, оны жалыннан оқшаулайды және жану зонасына бу келуі тоқтайды; сонымен қатар сұйықтың беті салқындайды.

Өрт сөндіру үшін тұрақты көбік пайдаланады, ол суға судың тартылу үлдірін төмендететін қабілеті бар заттың шамалы көлемін (3 - 4%) қосқанда жасалады. Тәжірибеде көбіктің екі түрін: химиялық және ауа - химиялық қолданады.

Химиялық көбік көбік жасаушылар қатысуы арқылы сілтілік және қышқылдық ерітінділердің әрекетінде алынады. Бұл ретте газ (көміртегі диоксиді) жасалады. Газ көпіршіктері су және көбік жасағышпен оралып, нәтижесінде тұрақты көбік жасалады. Көміртегі диоксидін алу үшін қажетті заттар су ерітінділері немесе құрғақ көбік ұнтақтары түрінде қолданылады.

Көбік ұнтақ - құрғақ тұздардан (алюминий күкірт қышқылы, натрий бикарбонаты) және лакриктік шайғыннан немесе басқа көбік жасайтын заттан тұрады. Алюминий күкірт қышқылы сумен әрекеттескенде, натрий бикарбонаты және көбік жасағыш ериді де көміртегінің екі тотығымен қосылады. Химиялық көбіктің жайылуында қалыңдығы 7 - 10 см көбік жасалады, ол айтарлықтай тұрақты және жалын әрекетінен аз бұзылады; көбік мұнай өнімдерімен әрекетке түспейді және сұйықтық буларын жібермейтін қалың жамылғы құрайды.

Химиялық көбік сумен араласпайтын және оған қосылмайтын жанған сұйықтықтарды сөндірудің жақсы құралы болып табылады. Гидрофильдік сұйықтықтарды сөндіру үшін сабындалған көбік генереторлық ұнтақ деп аталатын химиялық көбікт қолданады. Қазіргі уақытта химиялық көбікті ауа - механикалық көбікпен оңай алмастырады.

Ауа - механикалық көбік ауның, судың және судың беттік тартылысын төмендететін беттік белсенді зат қоспасы болып табылады. Ауа - механикалық көбік 90% ауа мен 10% көбік түзгіш су ерітіндісі ( көбік еселігі 12 - ге дейін ) және көп еселі, құрамында 99% ауа, 1% жуық су және 0,04% көбіктүзгіш ( көбіктің еселігі 100 және одан астам ).

Ауа - механикалық көбіктің тұрақтылығы химиялыққа қарағанда тұрақтылығы аз және көбіктің еселігі артқан сайын тұрақтылығы азая береді. Ауа - механикалық көбік алу үшін соратын сорғы құбырының немесе арын жолының суына көбіктүзгішті енгізу қажет. Әдетте этил спиртінен және ағаш желімінен, керосиннен тұратын ПО - 1 типті көбіктүзгіш қолданылады. Өрт сөндіру тәжірибесінде көп еселі көбік ( еселігі 200 - ден астам ) елеулі көлемді және айтарлықтай тұрақты. Ол көп еселі көбік түзгіш генераторларда алынады, мұнда ауа жай емес біршама қысыммен беріледі.

Ауа - механикалық көбіктің өртбасу әрекеті жанған заттарды оқшаулау және салқындатуға негізделен. Сұйық жанғыш заттардың бетінде көбік тұрақты үлдір құрайды, ол 30 минут бойы жалында бұзылмайды ( бұл уақыт жанған сұйықтықтарды кез келген көлемдегі резервуарда сөндіріп үлгеруге мүмкіндік береді ).

Ауа - механикалықкөбік адамдарға еш зиянсыз, металдарды тотығуға соқтырмайды, электр өткізбейді десе болады және өте үнемді. Ауа - механикалық көбікті сондай - ақ қатты жанғыш заттарды ( ағаш және т.б. ) сөндіруге қолданады. Ауа - механикалық көбікпен өңделген ағаш құрылымдар от жалынына 40 минут бойы қарсылық көрсете алады. Ал онымен өңделмеген ағаш құрылымдар 15 минуттан кейін от алады. Ауа - механикалық көбікпен өрт сөндірудің спринкерлік және дренчерлік автоматты қондырғыларында көбік алу үшін арнаулы мөлшерлегіш бастары бар құрылғылар қолданылады. Көбік қондырғылары тұтану булары 28 С - ден астам сұйықтар және жанбайтын қатты материалдар мен бұйымдар ( химиялық талшықтар ) өңделетін немесе сақталатын кәсіпорындарда кең қолданылады.

Инертті газдар ( СО және N ) мен су буы оттегінің шоғырлануын төмендетіп, жанатын газдармен және булармен тез арласады да көптеген жанғыш заттардың жануын тоқтатуға жағдай жасайды.

Көміртегі диоксиді сілтілік және сілті - жерлік металдармен қайта қалпына келетіндіктен, оларды өртті сөндіру үшін қолдануға болмайды. Инертті газдарды әдетте көлемі шағын бөлмелерде қолданады. Жабық бөлмелерде инертті газдардың отбасу шоғыры бөлме көлемінің 31... 36% құрайды. Көміртегі диоксиді қысым астында сұйық түрде болат баллондарда сақталады. Көміртегі диоксиді баллоннан шыққанда кеңейді және салқындайджы да көміртегі диоксидінің ақ жапалақтарын құрайды. Жану ошағында көміртегі қатты диоксиді буланып кетеді, сөйтіп жанған заттың температурасын түсіреді және оттегінің шоғырлануын азайтады.

Көміртегінің қос тотығы өртті тез сөндіру үшін ( 2 10 сек. ішінде ), әсіресе жанған сұйықтықтың шағын беттерін, іштен жану қозғалтқыштарын, электр қозғалтқыштарын және басқа электр қондырғыларын ( себебі көміртегінің қос тотығы электр өткізбейді ), сондай - ақ жеңіл от алатын сұйықтықтарды сақтауда от алудан және жарылыстан қорғау үшін, жанғыш тозаңдарды даярлау және жөнелтуде ( мысалы, көмір шаңы ) қолданылады.

Көміртегінің қос тотығымен өрт сөндіру үшінавтоматты және қол қондырғыларын, сондай - ақ қол, жылжымалы, алып жүретін өртсөндіргіштерді қолданады.

Тұздардың су ерітінділері сұйық отбасу құралдарына жатады. Натрий бикарбонаты, хлорлы кальций және аммоний, глаубер тұзы, аммиак - фосфорлы тұздардың су ерітінділері және басқалар қолданады. Тұздар судан түсіп, жанғыш зат бетінде жылуды алатын, оқшаулайтын үлдір түзеді. Тұздар ыдырағанда жанбайтын газдар бөлінеді. Галоидті көмірлі сутегі от сөндіру әрекеті жану реакциясын ( ингибирование) химиялық тежеуге негізделген. Олар шектік көмірсутектер болып табыады. Оларда сутегінің бір немесе бірнеше атомдары галоидтермен ( фтор, хром, бром ) ауысқан.

Өрт сөндіруде: тетрафторбромметан ( хладон 114В2 ), бромды метилен, үшфторлыбромметан ( хладон 13В1) кең қолданылады. Бірақ соңғы кезде бромды этил құрамын қолдану шектеле бастады, себебі бром этил және оның басқа құрамдармен қоспасы кей жағдайларда жануы мүмкін. Галоидты көмірсутектерінің тығыздығы үлкен, осы себепті ол өрт сөндірудің тиімділігін арттырады, ал қатудың төмен температурасы оларды ауаның төмен температураларында қолдануға мүмкіндік береді.

Өрт сөндіру ұнтақтары - жентектелуге және кесектелуге жол бермейтін, әр түрлі қоспалар қосылған ұсақталған минерал тұздар. Бұл заттарға хлорлы сілтілі және сілтіліжерлік металдар - ( флюстер), альбумин құрамды заттар, буланғаннан кейінгі сульфиттік сілтілер, карналиттер, қоскөмірлі қышқыл, көмір қышқыл сода, сақар, ашудастар, көміртегінің қатты қостотығы, құм, құрғақ жер және басқалр жатады.

Көбіне оттекті кремний, тальк, инфузорлық жердің шағын қоспасымен қосқышқылды соданы пайдаланады. Құрғақ ұнтақ тәрізді бұл заттар отқа қолданғанда еріп, оқшаулағыш үлдір түзіп, жану зонасын жанғыш заттан ажыратады.

Отбасқыш ұнтақтарды әдетте жәшіктерде немесе шелектерде сақтайды. Күрекпен немесе құлақпен ұнтақты бірнеше сантиметр қабатпен жанған затқа салады. Осылайша сілтілік және сілтіжерлік металдарды, термиттерді және соған ұқсас заттарды сөндіреді.

Өрт сөндірудің біріншілікті құралдары

Өрт пен жануларды сөндірудің біріншілікті құралдарына ішкі өрт құбыршүмектері, өртсөндіргіштер, киіздер, құмдар жатады. Бұларды өртті бастапқы кезеңінде сөндіруге тиімділікпен қолдануға болады.

ОП - 5 типті көбікті өртсөндіргіштер аумағы жобамен 1 м жану ауданында қатты жанғыш, жеңіл тұтанғыш және жанғыш сұйықтықтарды сөндіру үшін тағайындалған. Зарядтың негізгі құрамы сілтілі ерітінді ( 400 грамм мия шайғыны бар қостотықты натрий - 8,5 л суға); плиэтиленді стақанға қышқыл ерітінді ( 115 г күкірт қышқыл темір тотығы және 120 г күкірт қышқылы) болып табылады. Заряд массасы - 9,1 кг, зарядталған өртсөндіргіш массасы - 14,5 кг, көбік - 90 л, әрекет ету уақыты - 60 сек, шашылу қашықтығы - 6-8 м.

Егер сукөбікті ерітінді жану процесінің өршуіне жағдай жасайтын болса, немесе электр тогын өткізетін болса, онда көбікті өртсөндіргіштерді қолдануға болмайды. Мұндай жағдайда өртсөндіргіштерді заттар химиялық немесе ауа - механикалық көбік болуы қажет.

ОУ - 2, ОУ - 5, ОУ - 8 типті газ өртсөндіргіштер ауадан оттегі келмей - ақ жанатын заттардан басқа заттар, материалдар және электр қондырғылар шағын өрт ошақтарын сөндіруге арналған. Мұнда өртсөндіргіш құрал ретінде көміртегі қостотығын, сирек азот және инертті газдар қолданылады.

Көмір қышқыл өртсөндіргіштер стационарлық және жылжымалы болуы мүмкін.

Екібаллонды жылжымалы УП -2М типті өртсөндіргіш кәсіпорындарда өрт шыққанда қолданылады, себебі мұнда су және басқа өртсөндіргіш құралдарды пайдалану тиімсіз, өйткені жабдықтар бұзылуы апат болуы мүмкін.

Көбікті және көмір қышқыл өртсөндіргіштер өрт сөндіруде тиімді болмаса немесе қолайсыз салдар( өрт өршуі, жарылыстар болуы) тудыратын жағдайларда, арнаулы өртсөндіргіштер қолданылады.

Арнаулы өртсөндіргіштерге: ұнтақты, көмірқышқыл - бромэтилді және б. жатады.

ОПС - 10 типті ұнтақты өртсөндіргіш сілтілі металдар, кремнийлі органикалық заттар және басқа қосылыстар жанғанда шағын өрт ошақтарын сөндіруге қолданылады.

ОУБ -7 типті көмірқышқыл - бромэтильді өртсөндіргіштер талшықты және басқа қатты материалдар, сондай - ақ электрқондырғылар жануының шағын ошағын сөндіруге арналған. Бұл сөндіргіштерді сілтілі және сілтіліжерлік металдар жанғанда қолдануға болмайды. Себебі олар ауадан оттегі келмей - ақ жана береді.

Мұндай өртсөндіргіштердің кемшілігіне бромды этилдің улылығы және оның ауамен араласуында жарылыс қауіпті қоспалар түзуі мүмкіндігін жатқызуға болады. Сондықтан мұндай өртсөндіргіштермен жұмыс істегенде, қауіпсіз шараларын қарастырған жөн.

Химия, мұнай - химия және кейбір басқа кәсіпорындарда СЖБ -50 типті сұйық бромэтил ерітінділерін пайдаланатын жылжымалы өртсөндіргіш қондырғылар қолданылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]