Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дәріс №3.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
375.3 Кб
Скачать

Тақырып №3

Металлургиялық және машина жасау кәсіпорындарындағы техникалық қауіпсіздік.

Дәрістің мақсаты: Цех ғимараттарын кәсіпорындар территориясына орналастырудағы еңбек қорғанысының талаптары зерттеу

Дәрістің жоспары:

  1. Электроқауіпсіздіктің параметрлерін есептеу.

  2. «Өрт» және «өрт қаупі» түсініктері. Өндірістік объектілерде өрттер мен жарылыстардың жіктелуі мен себептері.

  3. Апат және жарылыс жөнінде хабарлайтын іс-шаралар.

  4. Өртті сөндіру. Өртті сөндірудің алғышарттары. Өртті сөндіру кезінде қандай құралдар мен тәсілдер қолданылады?

Тірек сөздер: өрт, өрт қаупі, электроқауіпсіздік, өрт сөндіргіштер, электр тоғы, электроофтальмия, қауіпсіздік ережелері,жарылыс,қауіпсіздік ережелері, өрт сөндіру, негізгі талаптар, жану, жанғыш заттар, улану.

1. Кәсіпорындар мен цехтардың құрылысы.

1.1.Планировка мен ішкі құрылысы.

Кәсіпорын цехтарын бірінің зиянды заттары екіншісіне таралмайтындай етіп орналастырады. Зиянды заттарды бөлетін ашық алаңдағы технологиялық қондырғылар және өндірістік ғимарттар басқа цехтарға қатысты ық жаққа салады.

1.2.Жалпы желдету. Өндірістік және қосымша ғимарттарды жалпы сормалы-үрмелі желдетумен жабдықтайды. Желдетуге арналған ауаны таза аймақтан алады немесе алдын-ала тазартады, ұшыратады.

1.3.Жергілікті желдету ластанған ауаны тікелей пайда болған жерінен сорып әкетуге арналған.Жергілікті сормалы желдету әр түрлі баспаналар (укрытие) , сормалы шкафтар, сормалы зонттар, бортты сорғыштар түрінде орындалады.

2. Жабдықтар мен технологиялық процесс.

Бөлінген зиянды заттардан қорғау үшін процестерді кешенді автоматтандыру мен механикаландырудың, оларды қашықтан басқарудың, өндірістік процестердің үздіксіздігінің маңызы зор. Сонымен қатар зиянды заттардың қоршаған ортаға бөлінулерін күрт азайту үшін технологиялық процестер мен жабдықтардың конструкциясын жетілдіру қажет. Мысалы болат қорыту процестерінде оттегіні қолданғанда қоңыр түтіннің бөлінуін үрілетін оттегіге суды немесе буды араластырып азайтуға болады. Өндірістік процестер мен жабдықтарды рационализациялаудың , улы заттардың улы емес заттармен алмастырудың, қатты отыннан газ тәрізді отынға көшудің; шаң тәрізді материалдардың брикеттелуі мен түйіршіктелуінің де маңызы зор. Жабдықтардың , әсіресе пештер мен газ құбырларының гермитизациясы міндетті талап болып табылады. Өте улы заттарды бөлетін жабдықтарды желдетілетін жабық кабиналарға орналастырылады.

3.Индивидуалды қорғау.

Ластайтын және тітіркендіретін заттармен жұмыс істегенде тығыз матадан тігілген халаттар, комбинезондар, резеңке фартуктар қолданылады. Шаңнан қорғану үшін шаң өтпейтін матадан тігілген тығыз комбинезондар қолданады.

Агрессивті заттардан қорғау үшін сәйкес материалдармен сіңдірілген немесе қапталған маталардан тігілген киімдерді қолданады.

Аяқты агрессивті заттардан қорғау үшін резинадан, пластмассадан, каучуктен, былғары ауыстырғыштарынан жасалған етіктерді қолданады. Қолды агрессивті заттардан қорғау үшін бір немесе екі қабатты қышқыл мен сілтілерге тұрақты қолғаптар қолданылады. Қол, бет, мойын терілерін қорғау үшін қорғағыш пасталар, мазьдер, кремдер қолданылады .

Дем алу жолдарының қозғалуы фильтрлеуші және изоляциялағыш аспаптар қолданумен іске асады. Фильтрлеуші және изоляциялағыш аспаптар ретінде өндірістік противогаздар және распираторлар қолданылады. Изоляциялағыш аспаптардың екі түрі қолданылады- шлангалы және оттекті.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]