- •Еңбекті қорғаудың медициналық- биологиялық және санитарлық-гигиеналық негіздері.
- •3.6 Сурет.
- •3.2. Адамның жұмыс кабілеттілігі
- •3.3. Техникалық эстетика
- •5.3 Сурет. Ашықтықты сандық бағалаудың сұлбасы
- •Шу және оның адам ағзасына әсерi және гигиеналық нормалануы
- •Шудан қорғану
- •Ультрадыбыстан және ифрадыбыстан қорғану.
- •Глоссарий
- •Бақылау сұрақтары
Тақырыбы №2
Еңбекті қорғаудың медициналық- биологиялық және санитарлық-гигиеналық негіздері.
Дәрістің мақсаты: Еңбек үрдісі кезіндегі адамдардың психофизиологиялық қасиеттерін зерттеу
Дәрістің жоспары:
Еңбек үрдісі кезіндегі адамдардың психофизиологиялық қасиеттері
Жарықтандырудың негізгі техникалық түсініктері, бірліктік мөлшері.
Өндірістік шу, діріл және ультрадыбыс
Иондайтын сәулеленудің биологиялық әсері
Тірек сөздер: психофизиологиялық қасиеттер, жарықтандыру, шу, діріл, ультрадыбыс, инфрадыбыс, Аккомодация, адаптация, жарық ағыны.
Қазіргі өндірістің күннен –күнге автоматтандырылуы жедел қарқынмен арта бастады, осыған сәйкес енді адамға әрі басқарушы, әрі орындаушы болу міндеті жүктеліп отыр. Адамның психо-физиологиялық мүмкіндіктерін және дене өлшемі сипаттарын, еңбек жағдайларын, жұмыс сипатын кешенді ескеретін операторшы адамның жұмыс орнын ұйымдастыру қазіргі дамып келе жатқан ғылым – эрогономиканың пәні болып табылады.
Эрогономика – бұл ғылыми пән, ол қазіргі өндірістегі адам еңбегін нақты жағдайда кешенді зерттейді.
Эргономикалық ізденістер адам-машина жүйелерін зерттейді және әзірлейді, атап айтқанда, бұл адамды, машинаны, қоршаған ортаны, осылардың нақты жағдайда өзара әрекеттесу сипатын және өндіріс зонасын ұйымдастыру және адам үшін ең қолайлы басқару нысанымен, машинамен әрекеттесудің оңтайлы жағдайларын қамтамасыз ететін жұмыс орындарын жасау болып табылады.
Адам-машина жүйесі тиімді қызмет етуі және адам денсаулығына зиян келтірмеуі үшін, ең алдымен машина мен адам үйлесілімділігін қамтамасыз ету қажет. Адамның машинамен үйлесілімділігі оның антропометриялық, сенсомоторлық, энергетикалық (биомеханикалық) және жүйке-физиологиялық үйлесілімділігімен анықталады.
Антропометриялық үйлеселемделік адам денесінің мөлшерін, сыртқы кеңістікті байқау мүмкіндігін, жұмыс процесінде оператордың қалпын ескеруді қажет етеді.
Адамның антропометрилық сипатына – адам денесінің мөлшерлері, бас, қол, саусақ, аяқ, табан, иық кеңдігі, жамбас және т.б. статикалық сипаттары және динамикалық сипаттары, дене бөліктерінің бұрылу бұрыштары, қолжетімді аумағы жатады. 3.1-суретте тұрған адамның қолжетімді зоналары және 3.1 кестеде осы зоналардың мөлшерлері көрсетілген.
3.1 сурет. Тік және көлбеу тұрған адамның қолжетімдігі зоналары:
1 – 8 – зона нөмірлері (3.1 кестені қара)
3.1 кесте. Адамның қолы жететін зоналар мөлшері (3.1 сурет бойынша), мм
3.1 суреттегі позиция нөмірі |
Тік жазықтықта |
Көлбеу жазықтықта |
||
Әйелдер үшін |
Ерлер үшін |
Әйелдер үшін |
Ерлер үшін |
|
1 |
1400 |
1550 |
1370 |
1550 |
2 |
110 |
1350 |
1100 |
1350 |
3 |
730 |
800 |
660 |
720 |
4 |
430 |
500 |
200 |
240 |
5 |
630 |
700 |
200 |
240 |
6 |
1260 |
1400 |
300 |
335 |
7 |
680 |
770 |
480 |
550 |
8 |
720 |
800 |
- |
- |
3.2 кестеде және 3.2 суретте америкалық деректер негізінде адам денесінің негізгі параметрлері көрсетілген. Мұнда антропометриялық деректер үш топқа келтірілген: 50 процентиль орта мөлшерлерді 2,5-тен 5 процентильге дейін кіші мөлшерлерді, 95-тен 97,5 процентильге дейін ең үлкен мөлшерлерді көрсетеді.
Топтарға бұлайша бөлу адам жұмыс істейтін заттар параметрлеріне (жабдық, станок, аппаратура және т.т.) байланысты ескерілген.
Пайдаланушылардың көпшілігі жұмыс қауіпсіздігі үшін біркелкі параметрлерді таңдайды. Мысалы, екі бақылау батырмасы арасындағы аралық ең үлкен 95-97,5 процентиль мөлшерлі денесі бар адамдар тобы үшін жобаланады. Ал ажыратқыш орнату биіктігін таңдауда 2,5-5,0 процентиль құрайтын адамдардың ең үлкен мөлшері алынады.
Әр түрлі заттардың тұтқа мөлшері орташа өлшемді 50 процентиль құрайтын орта топ үшін таңдалады.
3.2 кесте. Түрлі дерек көздерінен олынған кейбір антропометриялық мәліметтер
Мөлшер белгілері |
Мөлшерлер сантиметрде берілген |
|||||
Ер |
Әйел |
|||||
5-інші |
50-інші |
95-інші |
5-інші |
50-інші |
95-інші |
|
Процентиль |
Процентиль |
|||||
А |
133,3 |
143,8 |
154,2 |
123 |
131,1 |
142,2 |
B |
152 |
165 |
173 |
143 |
150 |
160 |
C |
195 |
211 |
225 |
175 |
193 |
208 |
D |
57,1 |
61 |
65,3 |
51,8 |
57,6 |
61,7 |
E |
40,6 |
45 |
50 |
38 |
40,5 |
44,1 |
F |
52,3 |
59,2 |
65,3 |
49,5 |
54,6 |
61 |
G |
20,3 |
22,9 |
24,9 |
18,8 |
21,1 |
21,8 |
H |
72,6 |
78,7 |
84,6 |
68,8 |
73,7 |
78,7 |
I |
156,7 |
171,4 |
185,7 |
141,5 |
156,5 |
168,9 |
3.2 сурет 3.2 кестеге
Жұмыс аймағында (3.3-сурет) төрт зона ажыратылады. Қозғалыста ең оңтайлы қолжетім аумақ иық, қол, білек қимылымен шектеледі. Бұл аумақ дәлдік, ұсақ, жинау жұмыстары үшін ең қолайлы болды. Себебі мұнда екі қол жұмыс істейді. Сондықтан бұл маңызды және жиі пайдаланылатын аумақ. Қолжетімді 2-аумақ қол-иық иінде қозғалу арқылы қимылдау доғаларымен шектеледі. Бұл аумақ та жиі қолданылады және әр түрлі саймандар мен материалдарды орналастыру ыңғайлы.
3-аумақ қолдың иық иіні арқылы ең үлкен созылуында доғалармен шектеледі. Мұнда сирек қолданылатын құрал-саймандар қолданады. 4-аумақ запаста, мұнда 2-аумақ сыймаған құралдар мен материалдар орналастырылады.
Нормалы жұмыс аумағы Максималды жұмыс аумағы
3.3 сурет. Жұмыс аумақтары (зоналары) жоспарда
Жұмыс зонасы антропометриялық деректерді ескеру арқылы жоспарланады, яғни есепке адам денесінің орта мөлшері алынады. Бсқару органы адамның физикалық мүмкіндігіне сәйкес болуы қажет, өйтпесе жұмыс қажытып жібереді. Адамның бойы, қолдарының ұзындығы, иығының кеңдігі, тізе биіктігі және т.б. ескеріледі. Сол елде немесе адамдар тобында осы келтірілгендердің орта мәні алынады.
Екі қолдың әрекеті үшін жұмыс аумағын көздің көру аумағымен (3.4-сурет) орайластыру қажет.
Адам заттың түсін жоғарыда 30° дейін, төменде 40°-дейін көреді, бірақ жоғарыда түсті 55-60°, төменде 70-75° дейін жоспарда 94° дейін айыра алмайды.
3.4 сурет. Көзбен байқау зоналары
3.5 суретте заттарды адам
көзімен. Тану үшін ыңғайлы аумақ шектері
көрсетілген
3.5 сурет. Дербес көру өрісінің типтік лимиттері
Сенсомоторлық үйлесілімділік адамның қозғалу қимылдарының жылдамдығын және әр түрлі тітіргендіргіш түрлеріне (жарық, дыбыс және т.б.) сенсорлық реакциялары 3.3 кестеде келтірілген.
Кесте 3.3. Кейбір қимылдау операцияларының уақыттық сипаттары
Қозғалыс сипаты |
Орындау уақыты, сек. |
Саусақ қозғалысы |
0,17 |
Алақан қозғалысы |
0,33 |
Педальді қолмен (аяқпен) басу |
0,72 |
Аяқты бүгу және жазу |
1,33 |
Қолды бүгу және жазу |
0,72 |
Жүру (бір адым) |
0,61 |
Отырған қалыпта денені 45-90° бұру |
0,72 |
Екінші аяқты біріншіге қойып, денені 45-90° бұру |
1,34 |
Жоғары-төмен отыру |
1,25 |
Төмен-жоғары отыру |
1,56 |
Затты қою: нақты орынсыз – дәл орнына |
0,36 0,55 |
Энергетикалық (биомеханикалық) үйлесілімділік басқару органдарына жұмсалатын күшті анықтауда адамның механикалық мүмкіндігін ескереді.
Адам басқару процесінде басқару органдарына белгілі бір күш жұмсайды, себебі күш жұмсау болмаса, адам салақсыйды (бұл батырманы басқаруда болуы мүмкін), өз әрекетінің дұрыс орындалғанына сенімін азайтады.
Мұнда басқару органдарына жұмсалатын күш адамның биомеханикалық параметрлекріне үйлесімді болуы қажет. Өте үлкен күш-жігер адамды шаршатады.
Психофизиологиялық үйлесілімділік адамның жарыққа,жарық шоғырына, берілетін сигналдың жиілігіне, түріне және магинаның басқа да эстетикалық параметрлеріне реакциясын ескереді.
Оператордың жұмыс орнын ұйымдастыруды қарастырайық.
Оператордың жұмыс орны деп істеушінің өндірістік процесті жүргізу және байқау мақсаты үшін жабдықталған кеңістік бөлігін айтады. Оператордың жұмыс орны боп, оның еңбек қызметін іске асыратын және басқару органы мен қосымша жабдықпен, ақпаратты көрсету құралдарымен жабдықталған жүйедегі орыны айтылады.
Жұмыс орыны оператордың отырып, тұрып кездескен жұмысына есептеліп жасалады. Жұмыс орнын таңдау ұсынысы 3.4 кестеде келтірілгекн. Сонымен қатар, осы не басқа жұмыс қалпын ескере отырып, ұзақ біркелкі созылған жұмыстан қашқан жөн. Осы себепті еңбектің кейбір түрлері үшін отырып және тұрып істеу қалыбы қолайырақ, бұл бұлшық еттерге түсетін жүктемені қайта реттеуге мүмкіндік жасайды. Оператордың кез келген жұмыс жағдайында, оның қалыбы физиологиялық тұрғыда негізделген болуы қажет. Ол үшін дене бөліктерінің оңтайлы қалыптары қамтамасыз етілуі қажет.
Негізгі жұмыс қалпын дұрыс таңдау еңбек өнімділігіне жағдай жасайды. Жұмыс қалпы қозғалыстар сипатына тәуелді, сондықтан ыңғайлы жұмыс қалпында жұмысшы ең жеңіл, өнімді, қауіпсіз жұмыс орындау үшін жұмыс орнын дұрыс жоспарлау және ұйымдастыру қажет. Егер жұмыс процесінде бұлшық еттің аз тобы әрекет етсе, онда-отырған, ал үлкен тобында – тұрған қалып қолайлы.
Жұмыс орынын жобалауда: егер тіке отырған қалыпта бұлшық ет жұмысы -1.0 тең, ал тіке тұрып істегенде – 1.6, еңкейіп отырған қалыпта – 4, ал тұрып еңкейген қалыпта – 10. Егер жұмыс орыны дұрыс құрылса, онда отырған қалып ең ондысы болады.
Басқару пульті түрі |
Оның жұмыс қалпы |
Күшейту, Н |
Жұмыс уақытындағы қозғалмалық |
Жұмыс зонасы (радиусы),мм |
Қызмет ету ерекшелігі |
|
Отырып |
50 дейін |
Шектелген |
380-500 |
Шағын статикалық шаршау,қолдың тынышырақ жағдайы, жұмысты дәл орындау мүмкіндігі |
|
Отырып-тұрып (кезекпен) |
50-100 |
Орташа (ара-тұра қалыпты өзгерту мүмкіндігі) |
500-750 |
Жеткілікті көру және қолжетімді зона |
|
Тұрып |
100-120 |
Үлкен қалып (қалып пен қозғалыстың еркіндігі) |
750 және одан астам |
Күшті жете пайдалану, үлкен көру аумағы, уақытынан бұрын шаршау |
Дененің әр түрлі қалпында жұмыс орындау үшін қажетті жұмыс орнының ең аз санды кеңдігі 3.6 суретте көрсетілген.
