- •Қолды жуу
- •Залалсыздандырылған қолғапты кию және шешу
- •Аіи алдын алу
- •Медициналық ұйымдардағы санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шаралар. Зарарсыздандыру. Залалсыздандыру
- •1.Антисептикті қолданбай қолды сабынды сумен жуу.
- •2.Антисептикпен қолды жуу.
- •3.Қолды хирургиялық зарарсыздандыру.
- •2.Ағынды су астында жуу (жылы, салқын) және тазартылған суда.
- •Белсенді үлестірмелі материал
- •Медициналық ұйымдардағы санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шаралар. Зарарсыздандыру. Залалсыздандыру
- •1.Антисептикті қолданбай қолды сабынды сумен жуу.
- •2.Антисептикпен қолды жуу.
- •3.Қолды хирургиялық зарарсыздандыру.
- •2.Ағынды су астында жуу (жылы, салқын) және тазартылған суда.
- •Залалсыздандырудың химиялық әдісі
Пән «Медбикелік ісі негіздері» |
ЦӘК «Медбике ісі» |
№7 Сабақ тақырыбы «Санитарлық емдеу және алдын алу мекемелерінің санитарлық – эпидемиологиялық тәртібі.Зарарсыздандыру». |
Мамандығы: «Медбиклік іс» |
ЦӘК «Медбике ісі» оқытушысы:
|
Курс –1, семестр 1 |
Сабақтың түрі: Жаңа материалды оқыту сабағы
Сабақтың типі: дәріс сабақ
Сабақтың мақсаты:
Білім беру кезеңі: АІИ білу
Дамытушы: Ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Этиканы үйрену.
Сабақтың хронокартасы:
Сабақ кезеңі |
Жоспарланған уақыт |
Ұйымдастырушы кезең |
10 |
Бастапқы білімдерін пысықтау Тақырып бойынша фронтальді сұрастыру: «Аурухана ішілік инфекцияны алдын-алу,бақылау ». |
10 |
Үй тапсырмасын тексеру |
5 |
Тестпен жұмыс |
15 |
Жаңа материалды түсіндіру |
20 |
Жаңа материалды бекіту |
5 |
Ситуациялық есептерді шешу |
15 |
Сабақты қорытындылау |
5 |
Үй тапсырмасын беру |
5 |
Сабақтың жүру барысы:
Ұйымдастырушы кезең.
Амандасу, студенттерді түгендеу.
Сабаққа даярығын тексеру: Оқу құралдарының бар жоғын тексеру.
Медициналық форманың бары тексеру- халат және колпак;
Журналды толтыру;
Сабақтың тақырыбын және міндетін айту.
Бастапқы білімдерін пысықтау. Тақырып бойынша фронтальді сұрастыру «Аурухана ішілік инфекцияны алдын-алу,бақылау ».
Сұрақтары:
Қолды жуу
Залалсыздандырылған қолғапты кию және шешу
Аіи алдын алу
Сабақтың мақсаты:
- «Медициналық ұйымдардағы санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шаралар. Зарарсыздандыру. Залалсыздандыру» тақырыбы бойынша теориялық білімді меңгеруді қамтамасыз ету;
-Зарарсыздандыру мен залалсыздандыру принциптерін игеруді қамтамасыз ету;
-Студенттердің зарарсыздандыру мен залалсыздандыруға жауапты қатынасын қалыптастыру;
Сабақ жоспары.
1. Асептика мен антисептиканың түсінігі;
2.. Зарарсыздандыру, түрлері, әдістері.
3. Зарарсыздандырудың деңгейі.
4. Ішкі ауруханалық инфекцияларды тасымалдау қаупінің деңгейі.
5. Залалсыздандыру алдындағы тазалау
6. Залалсыздандыру
Медициналық ұйымдардағы санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шаралар. Зарарсыздандыру. Залалсыздандыру
Емдеу-прафилактикалық ұйымдардағы негізгі санитарлық-эпидемияға қарсы шаралардың бірі асептика мен антисептика ережелерін сақтау болып табылады.
Асептика – әртүрлі емдеу және диагностикалық қимылдар барысында жарақатқа микроағзалардың түсуін алдын алуға бағытталған прафилактикалық шаралар кешені.
ағзаға инфекция түсуінің 2 көзі бар:
1. Экзогендік – инфекция сыртқы ортадан түседі (аэрогенді, байланыс, фекально-оралдық және өзге де механизмдер арқылы)
2. Эндогендік – ауру көзі ағза ішінде немесе оның сыртында, ішек-қарын жолында және т.б. болады. Инфекция тікелей жараға түседі немесе лимфалық жолдар және қантамырлары арқылы тарайды.
Антисептика – инфекциялық процестің дамуын алдын ала саөтандыру үшін әртүрлі зарарсыздандыру құралдарының көмегімен терідегі, шырышты қабықтағы, жарадағы, қуыстардағы әлеуетті қауіпті микроағзаларды жоюға немесе тірілік қарекетін басуға бағытталған шаралар кешені
Антисептиканың келесі әдістері бар:
1.Механикалық әдіс – жарақаттарды бастапқы хирургиялық өңдеу (жарақаттың айналасын тілу), жарақаттарды антисептиктік ерітінділермен жуып-шаю (фурацилин және т.б.)
2.Физикалық әдіс – ылғал тартқыш таңу материалымен, гипертониялық ерітіндіге малынған таңғыштармен кептіру, қуыстарды құрғату, бактерицидтік мақсатпен ультрафиолеттік сәулелендіру.
3. Биологиялық әдіс – антибиотктерді, бактериофагтарды, вакциналарды, сарысуларды, ферменттерді, иммуноглобулиндерді және т.б. егу.
4. Химиялық әдіс – антисептиктерді пайдалану: фурацилин, сутегі тотығы, калий перманганаты, иодтың спирттік ерітіндісі, бриллиантты жасыл, спирттік ерітіндісі, риванол т.б.
Асептиканы сақтау бойынша шараларға:
медициналық қызметкерлердің қолдарын тазарту;
зарарсыздандыру
залалсыздандыру
Қолды зарарсыздандыру
Ішкі ауруханалық инфекциялық қоздырғыштарды тасымалдауда қол елеулі рөл атқарады.
Инфекция жұқтыруда медициналық қызметкерлердің қолы маңызды рөл атқарады, бұл айтарлықтай көп зерттеулермен дәлелденген. Сонымен қатар, түрлік құрамы атқаратын қызметке байланысты:
-Санитарлардың терілерінде ішек таяқшасы анықталады (64,2%);
-Медбикелерде жиі бірдей ішек таяқшасы, алтын түстес стафилококк (33,65);
-Дәрігерлерде ішек таяқшасы 22,5% және алтын түстес стафилококк (15%)
Бұл мәліметтер медициналық қызметкерлердің қолдарын жүйелі түрде тазалау қажеттігінің айғағы. ҚР ДМ 23.04.2013ж. № 111 «ҚР медициналық ұйым қызметкерлерінің қолдарын тазалау бойынша әдістемелік ұсынымдар» бұйрығына сәйкес қолдарды тазалуды келесі түрлері бар:
