- •Дәріс комплекстері Фармакология -1 пәні бойынша
- •051301 «Жалпы медицина» мамандығына арналған
- •Тақырыбы: Кіріспе. Жалпы фармакология. Дәрілік заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасы
- •Тезистері:
- •Әдебиет:
- •Тақырыбы: Холинергиялық заттар
- •Тезистері:
- •Әдебиет:
- •Тақырыбы: Адренергиялық заттар
- •Тезистер:
- •Әдебиет:
- •Тақырыбы: гамқ-рецепторларға әсер ететін заттар
- •Тезистер:
- •Әдебиет:
- •Қорытынды сұрақтары:
- •Тақырыбы: Туберкулезге қарсы заттар. Спирохеталарға қарсы заттар. Саңырауқұлақтарға қарсы заттар. Вирустарға қарсы заттар
- •Тезистер:
- •Әдебиет:
- •Қорытынды сұрақтары:
- •Тезистер:
- •Әдебиет:
- •Қорытынды сұрақтары:
Иллюстрациялы материал: слайдтер
Әдебиет:
Негізгі:
Харкевич Д.А. Фармакология: Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2006.- 734 с. - Қазақшаға аудармасы
Харкевич Д.А. Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии., М.: Медицинское информационное агентство (МИА), 2004.-452с.
Қосымша:
Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2004.-516 с.
Қорытынды сұрақтары:
Фармакология пәнінің дамуының негізгі этаптары
Негізгі ғылыми мектептері
Дәрілік заттарды табу жолдарын іздестіру принциптері.
Фармакокинетиканың анықтамасы
Фармакодинамиканың анықтамасы?
Фармакокинетиканың анықтамасы?
Кері әсердің улы әсерден айырмашылығы?
Мөлшердің анықтамасы?
Тақырыбы: Холинергиялық заттар
Мақсаты: Холинергиялық рецепторларға әсер ететін негізгі дәрілермен таныстыру. Олардын әсер ету механизмдерінің және әсерлерінін рецепторға тигізетін ықпалымен байланыстығын көрсету.
Тезистері:
Мускариндік- және никотиндік- холинорецепторларының орналасуы және сипаттамасы, олардың түрлері. Холинергиялық синапстарда қозуды өткізуге әсер ететін заттардың жіктелуі.
М- және Н-холиномиметикалық заттар (ацетилхолин, карбахолин). Ацетилхолиннің негізгі әсерлері (М- және Н- холиномиметикалық). Карбохолиннің әсер ету ерекшеліктері.
Антихолинэстераздық заттар неостигмин метилсульфаты (прозерин), галантамин гидробромиді, физостигмин салицилаты, армин. Жіктелуі. Әсер ету механизмі. Ацетилхолинэстеразамен байланысу сипаттамасы. Негізгі әсерлері. Дәрі-дәрмектердің салыстырмалы сипаттамасы және қолданылуы. Ұзақ әсер ететін препараттары (дистигмин бромиді). Фосфорорганикалық қосылыстардың әсер ету өзгешеліктері.
Антихолинэстераздық заттардың кері және улы әсер етуі. Улануларды емдеу. Фосфорорганикалық қосылыстармен уланған кезде холинэстераза реактиваторларын (дипироксим, изонитрозин) қолдану.
М-холиномиметикалық заттар (пилокарпин хлориді, ацеклидин). Негізгі фармакологиялық әсерлері. Көзге (қарашықтың үлкеюіне, көз ішілік қысымға, аккомодацияға), ішкі мүшелердің тегіс бұлшықеттерге, бездердің секрециясына ықпал ету. Препараттардың салыстырмалы сипаттамасы. Қолданылуы. Мускариннің улы әсер етуі. Улануларды емдеу.
М-холинотежеуші заттар (атропин сульфаты, платифиллин гидротартраты, метацин). Атропиннің көзге, жүрек- қан тамыр жүйесіне, тегіс бұлшықеттерге , бездерге әсері. ОЖЖ-не әсер ету ерекшеліктері. Қолданылуы. Ит жидек дәрі-дәрмектері. Қолданылуы. Атропинмен улану және сол кездегі көмек. Скополаминнің, платифилиннің және метациннің әсер ету ерекшеліктері және оларды қолдану. Таңдамалы әсер етуші М-холинотежеуші заттар (пирензипин, ипратропиум бромиді)
Н-холиномиметикалық заттар (цититон, лобелин гидрохлориді). Синокаротидтік аймақтың, вегетативті ганглийлердің және бүйрекүсті безінің милы қабатының хромафиндік жасушалардың Н-холинорецепторларына цититон мен лобелиннің әсері. Негізгі әсерлері. Қолданылуы. Никотиннің токсикалық әсері. Н-холиномиметикалық заттарды шылым шегуге қарсы қолданылуы.
Н-холинотежеуші заттар. Ганглийді тежеуші заттар (бензогексоний, азаметоний бромиді (пентамин), гигроний, пирилен). Жіктелуі. Әсер ету механизмі. Негізгі әсерлер. Қолданылуының көрсеткіштері. Кері әсерлері.
Шеткері миорелаксанттардың әсері (тубокурарин хлориді, пипекуроний бромиді, суксаметоний йодиді (дитилин)). Жіктелуі. Антидеполяризациялаушы және деполяризациялаушы заттар мен әсері аралас типті заттардың әсер ету механизмі. Миопаралитикалық әсердің кеңдігі туралы түсінік. Дәрі-дәрмектердің салыстыпмалы сипаттамасы. Энтералды енгізуге арналған дәрі-дәрмек (меликтин). Қолданылуы. Мүмкін болатын асқынулыр. Антидеполяризациялаушы миорелаксанттардың антагонистері.
