- •Студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқау
- •Студенттердің өзіндік жұмысының мақсаты
- •Студенттердің өзіндік жұмысының міндеттері
- •Студенттердің жұмыстарын ұйымдастыру
- •Студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру формалары
- •Студенттердің өзіндік жұмыстарын бақылау
- •Студенттін өзбетімен орындайтын жұмыстары
- •9.Студеннтердің өз бетінше орындайтын тапсырмаларға материалдар
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТҰРАН-АСТАНА УНИВЕРСИТЕТІ
«ТУРИЗМ ЖӘНЕ СЕРВИС» КАФЕДРАСЫ
«Бір немесе бірнеше мамандық бойынша жұмыс: жарнама агентігі» СӨЖ тапсырмаларына арналған
әдістемелік нұсқау
“5В042100 – Дизайн” мамандығы бойынша
мамандандырылған – «Графикалық дизайн»
Астана 2015
Студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқау
Өзіндік оқу жұмыстарында арналып бөлінген білімді іздеу, олардың мағыналылығы, нығаюы, дағдылар мен икемінің қалыптасуы мен дамуы, білімді жинақтау және жүйелеу уақытында алға қойылған дидактикалық мақсаттарды орындауға бағытталған студенттердің кез-келген басқаратын және дербес жүзеге асырылатын қызметі түсіндіріледі.
Студенттердің өзіндік жұмысы- аудитория және аудиториядан тыс орындалатын танымдық үрдістердің ағымын үлкен белсенділікпен сипаттайтын оқытушының жетекшілігімен жүзеге асатын және оқу үрдісінің тиімділігін арттыруға және студенттердің өз білімдерін дербес толықтыруға қызмет ететін студенттердің оқу жұмыстарының ерекше түрі.
Өзіндік жұмыс тұлғаны қалыптастыра отырып, студенттерге жұмыс уақытын ұйымдастыру дағдыларын қалыптастырады, еңбек тәртібіне баулиды. «Өзіндік жұмыс» бәрінен бұрын басқа оқу жұмыс түрлерінің міндеттерін аяқтайды. Адамның ешбір білімі, егер де ол өзінің қызметінің объектісіне айналмаса, қажетті нәтиже бере алмайды. Өзіндік жұмыс жасай білудің негізі, алғашқы дағдысы мектепте қалануы тиіс. Мектептен жаңа оқу орнына келген студент, өз бетімен жұмыс жасау қабілеттілігі төменділігінен, жұмыс жасау тәсілдерін білмегендігінен көп қиналады. Мысалы, 1-курс студенттерінің 80%-ы материалды талдау, жүйелеу, амал-тәсілді қолдану дағдылары жоқтың қасы. Электронды кітапхана, интернет ресурстарын пайдаланумен қатар, энциклопедия, сөздікпен жұмыс жасау дағдысы жоқ студенттерде кездеседі. Сондықтан да, студенттердің өзіндік жұмыс жасауына көмек беру оқытушының негізгі міндеттерінің біріне айналады.
Өзіндік жұмыстың маңыздылығы
сауал мәнін терең зерделеу, оны нақтылап түсіну мүмкіндігі.
өзіндік берік көзқарастары мен пайымдаларын жасау.
Құнды сапаларын қалыптастыру:еңбексүйгіштік, тәртіп, ұқыптылық, іске шығармашылық көзқарас, ойлаудың дербестігі.
білімді өздіктерінен алу және тереңдету біліктерін дамыту.
Өзіндік жұмыстарды табысты орындауды қамтамасыз ететін шарттар:
Тапсырмалардың мотивациясы (не үшін, неге мүмкіндік туғызу);
Міндеттердің анық қойылуы;
Студенттердің өзіндік жұмыстарды орындау амалдары жөніндегі білімдері,әдістері, үлгілері;
жұмыс көлемін мен есеп беру формасын оқытушының нақты белгілеуі;
есеп беру, бағалау критериилері;
бақылау түрлері мен формалары
Студенттердің өзіндік жұмысының мақсаты
ЖОО-ның оқыту мақсаты - өз бетімен оқу әдістемесін, ғылымның қазіргі жетістіктерін өзінше игеру. СӨЖ мақсаты - білімге жеке күш жұмсауын, дағды мен икемділіктері арқылы, оқытушы кеңесі мен аудиториядағы сабақ барысында алынған нұсқау мен бағдарды студенттің ауыстыруын қамтамасыз ету.
Студенттердің өзіндік жұмысының міндеттері
- білім алушылардың танымдық қабілеттерін дамытуға (таным мен білімді қолданудағы байқағыштық, үйірлік, қисынды ойлау, шығармашылық белсенділік);
- осы білімдерге ие болуда белсенді мүдде мен өзінше білім ізденушілік дағдысын дамытуға;
- қажетті шарттары төмендегілер болып табылатын белсенділік пен өзіндік дағдыларына баулу; жұмыстағы мақсаттылық, сабақтағы қолайлы психологиялық ахуал, жетістікке жетудегі сенімділік, оқу материалымен жұмыс жасау жүйелілігі, оқу бағдарламасын саналы меңгеруге;
- терең білім алуға бағытталған шығармашылық және зерттеу жұмыстарының дағдыларына байытуға;
- оқытудың техника құралдырымен СӨЖ дағдыларына баулу; көрнекілік оқу құралдарының әр түрлерінің ролі мен орнын анықтауға;
- студенттердің зияткерлік деңгейін көтеруге ықпал ететін қисынды ойлаудың белсенділігін арттыруға;
- ой еңбегін ғылыми ұйымдастырудағы студенттер дағдыларын жасауға;
- ой еңбегі мәдениетіне баулуға.
Ұтымды және сындарлы өзіндік жұмыстарға міндетті түрде студенттеріне үйрету:
Кітап, журналдармен жұмыс істеуге;
Конспектілеуге;
Есте сақтау тәсілдеріне;
Хабарлама, баяндама, реферат дайындауға;
өзін өзі реттеу тәсіліне және т.с.с
Өзіндік жұмысты ұйымдастыруда оқытушыға қажетті:
-оқу үрдісінің жалпы құрылымында сол жұмыстың рөлін анық көру;
-оқу материалын меңгерудің белгілі деңгей талаптарына бағдарлау;
- студенттердің дайындық және мүмкіндік деңгейлерін барынша есепке алу;
-өзіндік жұмыстарды орындау барысында туындайтын қиындықтарды алдын ала болжау;
-дербес және диффереционалды тапсырмаларды қолдану;
-жұмыс көлемін негіздеп таңдау;
-өзіндік жұмыстың ұзақтығын студенттердің дайындығы мен қиындық деңгейін есепке ала отырып анықтау;
-тапсырмалардың мазмұнын түрлендіру;
-жұмысты тексерудің ұтымды тәсілдерін таңдау;
-өзіндік жұмысты оқытушының жетекшілігімен жүргізетін жұмыспен дұрыс байланыстыру;
-өзіндік жұмысты жетістік деңгейлерін есепке ала отырып жобалау.
