- •Жүкті әйелдердегі гипертензивті жағдай
- •Мазмұны
- •Шартты қысқартулар тізімі
- •Жүкті әйелдердің гипертензивті жағдайы
- •Преэклампсия қосылған
- •Гипертензиялық жағдайды анықтау
- •Преэклампсияның жіктелуі
- •Қауіп факторлары
- •Диагностикалау критерилері
- •Ақ өлшеу ережесі
- •Кеш гестоздардың алдын алу
- •Емдеу тактикасы
- •1 Бмск деңгейі
- •2 Стационар деңгейі
- •Симптоматикалық емі
- •Эклампсия кезінде шұғыл көмек көрсету стандарты
- •П араллелді
- •Өз бетінше тыныс алуға ауыстыру критериилері Босанғаннан кейінгі кезеңді жүргізу
- •Тырысулар кезінде көмек көрсету
- •Қорытынды
- •Тесттік тапсырмалар
- •Жауап эталондары
- •Әдебиеттер
- •07. 07. 2011 Ж. Басуға қол қойылды
Симптоматикалық емі
Қазіргі кезде симптоматикалық емнің тек екі түрін ұсынуға негіз бар: тырысуға қарсы және гипотензивті терапия.
Тырысулардың алдын алу
Магнезиалді терапия тырысу ұстамасын алдын алу үшін таңдалатын ең танымал, эффективті және қауіпсіз әдіс болып табылады. Магний сульфаты седативті, спазмолитикалық, тырысуға қарсы, басішілік қысымды төмендететін және диуретикалық қасиеттерге ие. Преэклампсияны емдеуде ұсынылатын мөлшері токолитикалық әсер көрсетпейді, сондықтан атониялық жатырлық қан кен кету қаупі жоғарыламайды.
Жүктемелі стартты доза магний сульфатының 5г құрғақ затын құрайды (20мл 25% сұйық) тамырішілік 10-15 минут ішінде баяу енгізеді.
Ұстап тұрушы доза магний сульфатының 1-2 гр. құрғақ затын сағатына инфузоматтың көмегімен енгізу құрайды, үзіліссіз тамырішілік енгізу ұзақтығы 12-24 сағаттың ішінде жүреді. Инфузомат жоқ болған жағдайда: физиологиялық сұйық 320 мл-ге 80 мл 25% магний сульфаты енгізу жылдамдығын есепке ала отырып енгізеді.
11 тамшы/мин – 1г құрғақ зат/сағ.
22 тамшы/мин – 2 г құрғақ зат/сағ.
Үзіліссіз тамырішілік енгізу ұзақтығы 12-24 сағаттың ішінде жүреді (сағатына 1-2г.). Тамырішілік енгізу мүмкіндігі болмаған жағдайда (ең болмағанда) 10г. құрғақ затын, 5г.-нан әр жамбасқа 1 мл 2% новокаинмен бұлшық етке немесе 1 мл 1% лидокаинмен бір шприцтен енгізеді.
Дәріні үлкен дозада енгізу кезінде, тізе рефлексін зерттеу арқылы жүйке-бұлшықет қозуын бағалау, сондай-ақ плазмадағы магний концентрациясын бақылау қажет, оны 3,5 ммоль/л. көп емес деңгейде ұстап тұру керек.
Магний сульфаты дозасының шамадан асқан белгілері болып табылады:
ТАЖ минутына 16-дан аз
Сіңір рефлексінің болмауы немесе төмендеуі.
Олигоурия (сағатына 30 мл аз) магний сульфаты дозасының шамадан асуының пайда болу қаупін жоғарылатады. Олигоурия болған жағдайда тиянақты түрде бақылау қажет етіледі.
Магний сульфаты дозасының шамадан асуы кезінде дәріні енгізуді тоқтату және 10 мл. 10% Са глюконат сұйығын 10 минут ішінде енгізу керек. Магний сульфаты плаценталық мембрана арқылы енеді және оның үлкен дозасы жаңатуған нәрестеде бұлшықет гипотониясы мен тынысының қысылуының себебі болуы мүмкін.
Гипотензивті терапия
Артериалдық қысымды реттеуді жиі жағдайда АҚҚ 160/100 мм сын.бағ. және одан жоғары болғанда бастау керек, есте сақтауымыз қажет, систолалық қысымды 130-140 мм сын.бағ., диастолалық қысымды 90-95 мм сын.бағ. деңгейінде (жатырлық-плаценталық қан айналымның нашарлау қаупіне байланысты) ұстау керек. Гипотензивті дәрілерді таңдау – жеке түрде шешіледі.
Тез әсер ететін гипотензивті дәрілер:
• Нифедипин (Са каналдарын тежеуші топ) – бастаушы дозасы 10 мг (тіластына салуға болады), 30 мин кейін қайталайды (тәуліктік максималді дозасы 120 мг).
немесе
• Натрий нитропруссиді (миотропты әсер етуші вазодилататор) – бастаушы дозасы 0,25 мкг/кг/мин т/і тамшылатып, қажет болғанда, дозаны әр 5 мин сайын 0,5 мкг/кг-ға жоғарылатып 5 мкг/кг жеткізеді (ұрыққа улы әсер ету мүмкіндігі болғандықтан 4 сағаттан артық қолдану қауіпті).
Баяу әсер ететін гипотензивті дәрілер:
• Допегит (орталық әсер ететін гипертензияға қарсы дәрі, метилдопа) – бастаушы дозасы тәулігіне 250 мг, әр 2 күн сайын дозаны тәулігіне 250 мг-ден жоғарылатады.
