Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕРДЕГІ ГИПЕРТЕНЗИВТІ ЖАҒДАЙ әдістемелік құрал.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
283.65 Кб
Скачать

Гипертензиялық жағдайды анықтау

Гипертензия – бұл диастолалық қысымды бір рет өлшегенде 110 мм сын. бағанасына тең немесе одан асатын, арасына 4 сағат салып екі рет өлшегенде 90 мм сын.бағ. тең немесе одан асатын жағдайды айтады.

Созылмалы артериалді гипертензия – жүктілікке дейінгі немесе жүктіліктің 20 аптасына дейін пайда болған гипертензия. Бұл гипертензия босанғаннан кейін де 6 аптаға дейін сақталады.

Гестациялық гипертензия – жүктіліктің 20 аптасынан кейін пайда болады және АҚҚ босанғаннан кейінгі 6 апта ішінде қалпына келеді. Гестациялық гипертензия преэклампсияға өтуі мүмкін, сондықтан жүкті әйелдің жағдайын лайықты түрде бақылау жасау талап етіледі.

Преэклампсия – бұл, әдетте АҚҚ жоғарылауы мен протеинурия түрінде көрінетін, көпжүйелі синдром.

Эклампсия – эпилепсия немесе басқа да белгілі патологиялармен байланыссыз жайылған тырысулар. Эклампсияны грек тілінен аударғанда «найзағай» дегенді білдіреді. Милық қан айналымның ауыр бұзылуымен жүрген жағдайда команың дамуымен қосарлануы мүмкін. Ұстамалы тырысулардың негізіне ми қан тамырларының тарылуы жатады, кейіннен тамырды кеңейтетін және қарқынды терапияның нәтижесіздігінен бас миының сусіңділенуі қосылады.

Жүктілік кезіндегі гипертензивті жағдайдың жіктелуі.

1. Созылмалы артериалді гипертензия

2. Гестациялық гипертензия

3. Преэкламспия:

- ауыр емес (жеңіл)

- ауыр

4 Эклампсия

Преэклампсияның жіктелуі

Преэклампсия – бұл артериалді гипертензияға протеинурияның қосылуы.

Жеңіл преэклампсия – протеинуриямен біріккен гипертензияға ± ісінудің қосылуы.

Преэклампсияның ауыр түрі - ауыр гипертензия + протеинурия;

- гипертензияның кез келген ауырлық дәрежесі + протеинурия + төменде аталған симптомдардың біреуі:

  • басының қатты ауыруы

  • көруінің бұзылуы

  • эпигастр аймағындағы ауырсыну және/немесе лоқсу, құсу

  • тырысуға дайындық

  • генерализацияланған ісіну

  • ауыр протеинурия (> 3,0 г/л)

  • олигоурия (30 мл/сағ. аз немесе 24 сағат бойына 500 мл аз мөлшерде зәрдің бөлінуі)

  • бауырды пальпациялағанда ауырсынуы

  • тромбоциттер санының төмендеуі 100 x 106г/л

  • бауыр ферменттері деңгейінің жоғарылауы (АлАТ немесе АсАТ 70 МЕ/л жоғары)

  • HELLP-синдром

  • Ұрықтың құрсақішілік дамуының тежелуі

Қауіп факторлары

- алдыңғы жүктілігі кезіндегі преэклампсия/эклампсия;

- отбасылық анамнезіндегі преэклампсия;

- көпұрықтық жүктілік;

- созылмалы соматикалық аурулары (жүрек-қан тамыр жүйесі, қант диабеті, семіздік -ДСИ >35)

- жас алғаш босанушылар;

- антифосфолипидті синдром;

- жасы 40-тан асқан;

- босану арасы 10 жылдан асқан.

Диагностикалау критерилері

Артериалді гипертензия (жеңіл) бұл, арасы 30 минуттан кем емес екі рет өлшеген кезде систолалық қысымның ≥140 мм сын. бағ. асатын немесе тең және/немесе диастолалық қысымы ≥90 мм сын. бағ. асатын немесе тең болатын жағдайды айтады.

Ауыр артериалді гипертензия бұл, арасы 30 минуттан кем емес екі рет өлшеген кезде систолалық қысымның ≥160 мм сын. бағ. асатын немесе тең және/немесе диастолалық қысымы ≥110 мм сын.бағ. асатын немесе тең болатын жағдайды айтады.

Протеинурия – арасы 4 сағаттан кейін екі рет алынған зәр анализінде > 0.3 г/тәу. немесе 0,3 г/л.

Ісіну. Біркелкі ісіну жүктілігі қалыпты өтіп жатқан 50-80% жүкті әйелдерде кездеседі. Ісінусіз өтетін преэклампсия ана мен бала үшін ісінумен жүретін преэклампсияға қарағанда қауіптірек болатындығы белгілі болды. Денеге тез арада жайылатын, әсіресе бел аймағындағы ісіну, қолайсыз болжамның белгісі болып табылады.