- •Жүкті әйелдердегі гипертензивті жағдай
- •Мазмұны
- •Шартты қысқартулар тізімі
- •Жүкті әйелдердің гипертензивті жағдайы
- •Преэклампсия қосылған
- •Гипертензиялық жағдайды анықтау
- •Преэклампсияның жіктелуі
- •Қауіп факторлары
- •Диагностикалау критерилері
- •Ақ өлшеу ережесі
- •Кеш гестоздардың алдын алу
- •Емдеу тактикасы
- •1 Бмск деңгейі
- •2 Стационар деңгейі
- •Симптоматикалық емі
- •Эклампсия кезінде шұғыл көмек көрсету стандарты
- •П араллелді
- •Өз бетінше тыныс алуға ауыстыру критериилері Босанғаннан кейінгі кезеңді жүргізу
- •Тырысулар кезінде көмек көрсету
- •Қорытынды
- •Тесттік тапсырмалар
- •Жауап эталондары
- •Әдебиеттер
- •07. 07. 2011 Ж. Басуға қол қойылды
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
И.Л.Копобаева, С.Ө.Жанабаева
Жүкті әйелдердегі гипертензивті жағдай
Оқу-әдістемелік құралы
Қарағанды 2011
УДК 618.3:616.441-008.61.
ББК 57.16
К 44
РЕЦЕНЗЕНТТЕР:
А.Ж.Мырзабекова – «АМУ» АҚ акушерия және гинекология кафедрасының доценті, м.ғ.к.
Г.К.Мамалинова – ҚММУ акушерия және гинекология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к.
Е.А.Абдрахманова – ҚММУ ҮКДФ жалпы тәжірибелік дәрігері фтизиатрия, психиатрия, акушерия және гинекология, дерматовенерология және жұқпалы аурулар курстарымен бірге кафедрасының доценті, м.ғ.к.
К 44 Копобаева И.Л., Жанабаева С.Ө. Жүкті әйелдердегі гипертензивті жағдай. – Оқу-әдістемелік құрал. – Қарағанды. – 2011 – 32 с.
Бұл әдістемелік ұсыныста жүкті әйелдердің гипертензивті жағдайының этиологиясы, патогенезі, қарқынды емдеу принциптері мен преэклампсия және эклампсиямен жүктілердің босануын шешу әдістері туралы мәліметтер қазіргі заманғы көзқараспен берілген. Оқу-әдістемелік құрал субординаторлар мен дәрігер интерн акушер-гинекологтарға арналған.
УДК 618.3:616.441-008.61.
ББК 57.16
Оқу-әдістемелік құрал ҚММУ Әдістемелік Кеңесінің отырысында талқыланды және мақұлданды Хаттама № 8 13.04.2011 жыл
ҚММУ Ғылыми Кеңесінде бекітілді және басылымға ұсынылды
Хаттама №9 28.04.2011 жыл
©
И.Л.
Копобаева, С.Ө.
Жанабаева,
2011
ж.
Мазмұны
Шартты қысқартулар тізімі |
4 |
Кіріспе |
5 |
Жүкті әйелдердегі гипертензивті жағдай |
6 |
АХЖ Х қайта қаралуы бойынша жіктелуі |
6 |
Этиологиясы және патогенезі |
7 |
Гипертензивті жағдайды анықтау |
11 |
Жүктілік кезіндегі гипертензивті жағдайдың жіктелуі |
12 |
Қауіп факторлары |
13 |
Диагностикалау критерилері |
13 |
Кеш гестоздардың алдын алу |
14 |
Негізгі және қосымша диагностикалау шараларының тізімі |
14 |
Емдеу тактикасы |
14 |
БМСК деңгейі |
14 |
Стационарлық деңгей |
15 |
Симптоматикалық ем |
16 |
Босанғаннан кейінгі кезеңде жүргізу |
21 |
Қорытынды |
24 |
Тесттік тапсырмалар |
25 |
Жауап эталондары |
30 |
Әдебиеттер |
31 |
Шартты қысқартулар тізімі
АҚҚ – артериалді қан қысымы
АХЖ – аурулардың халықаралық жіктелуі
БМСК – біріншілік медико-санитарлық көмек
ГЭК – гидроксиэтилді крахмал
ДДҰ – дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы
ДНҚ – дезоксирибонуклеинді қышқыл
ДСИ – дене салмағының индексі
ЖММК – жоғары мамандандырылған медициналық көмек
ЖПБ – жүктілердің патология бөлімі
КТГ – кардиотокография
ҚАК – қан айналымының көлемі
ҚТП – қарқынды терапия палатасы
ОВҚ – орталық венозды қысым
ПГ – простогландиндер
ПӨФ – плацентаның өсу факторы
САҚ – систолалық артериалді қысым
ТАЖ – тыныс алу жиілігі
ТЭӨФ – тамырлық эндотелиалді өсу факторы
ҰҚДТ – ұрықтың құрсақішілік дамуының тежелуі
УДЗ – ультрадыбысты зерттеу
цГМФ – циклдік гуанозил-монофосфат
ЭКГ – электрокардиограмма
ЭРФ – эндотелиалді релаксирлеуші фактор
Кіріспе.
ДДҰ зерттеуші топтарының берген баяндамаларына сай, жүктілік кезіндегі гипертензивті бұзылыстар – денсаулық сақтаудағы бірден бір маңызды халықаралық мәселе болып табылады. Жүктілік кезіндегі гипертензивті бұзылыстар 5-20% дені сау әйелдерде, 25-70% жағдайда олар созылмалы артериялық гипертензияның ағымын асқындырумен байқалады. Әлемдік құрылымдағы ана өлімінің еншісінде преэклампсия 12% құрайды, ал дамушы елдерде бұл көрсеткіш 30% жетеді. Қазіргі таңдағы дамушы елдерде преэклампсия перинаталды аурулар мен өлімнің негізгі себептерінің бірі болса, ал дамыған елдердегі преэклампсиямен байланысты ана мен перинаталды өлім көрсеткіштері дамушы елдерге қарағанда едәуір төменді көрсетеді, яғни, бұл преэклампсияның асқынған түрін басқаруға болады дегенді куәлайды.
