- •5В130200 Стоматология
- •Түркістан 2012 Мазмұны
- •1 Клинико-диагностикалық, микробиологиялық зерттеу
- •Staphylocoсcus epidcrmidis Грам әдісімен боялған Қанды агарында өсуі
- •Грам әдісімен боялған Қанды агарында өсуі
- •2.2. Гонококтар
- •2.4. Клебсиеллалар
- •2.5. Псевдомонадалар - Көк-іріңді таяқшалалардың
- •5.1. Enterobacteriaceae әулеті
- •Эндо ортасындағы ішек таяқшаларының колониялары.
- •Shigella қоздырғышы
- •5.4. Сальмонеллалар
- •5.6. Тағам токсикоинфекциялары
- •Грам әдісімен боялған Қанды агарында өсуі
- •5.2.Ішек иерсиниялары - Iersinio enterocolitica
- •6.3. Тырысқақтың қоздарғышы - Vibrio cholerae
- •Cholerae дифференцияциялық тесті
- •Cholerae вибрионы
- •7.2. Оба қоздырғышы - Yersinia pestis
- •7.3. Бруцеллалар
- •Brucella қоздырғышы
- •7.5. Бациллалар.
- •Нейсер әдісімен боялған дифтирия таяқшасы Коринебактерялардың биологиялық қасиеттері
- •Оқу уақытының саны: 3 сағ.
- •Сау және ауру өкпе
- •Оқу уақытының саны: 3 сағ.
- •4. Микробтармен коздырылатын ауыз қуысы шырышты қабыгының аурулары
- •Стоматит ауруы
- •5. Одонтогендік инфекция
- •Грам әдісімен боялған Сидоренко ортасында өсуі
- •3.2. Сiреспе
- •3.3. Газды гангрена
- •3.4. Ботулизм
- •Оқу уақытының саны: 3 сағ.
- •Лептоспироздың таралу жолдары
- •13 Сабақ
- •14 Сабақ
- •Полиомиелит қоздырғышы
- •Нәресте терісіндегі Коксаки вирусы
- •Гепатит а қоздыргышы
- •Дельта вирус
- •15 Сабақ
- •Бала терісіндегі қызамық
- •Наресте терісіндегі желшешек
- •Өз бетінше дайындалуға арналған сұрақтар:
- •17 Сабақ
- •Ретровирустарға жалпы сипаттама, осы әулетке тән ерекшеліктері.
- •Герпесвирустардың құрылысы
- •Herpesviridae әулетінің құрылысы
- •Әдебиеттер тізімі
Оқу уақытының саны: 3 сағ.
Тақырыптың өзектілігі: Бет- жақтың патологиялық процесі кезінде патогенді микрофлораның ерекшелiктерiн бiлу, лабораториялық зерттеулермен микробиологиялық диагнозды дұрыс, дәлiрек қою үшiн және емдiк – алдын алу шараларды қолдану үшiн қажет.
Сабақтың мақсаты: Патогенді микрофлораның бет- жақтың патологиялық процесін диагностикалау кестесін меңгеру.
Студент iстей бiлуi керек:
1. Патогенді микрофлораның бет- жақтың патологиялық процесі кезінде микробиологиялық диагностикалық кестесін меңгеру.
2. Патогенді микрофлораның бет- жақтың патологиялық процесі кезінде бактериоскопиялық және бактериологиялық зерттеулердi бiлу.
3. Патогенді микрофлораның бет- жақтың патологиялық процесі кезінде емдеу және алдын алу үшiн препараттарды қолдана бiлу.
Өз бетiнше дайындалуға арналған сұрақтар:
Бастапқы бiлiм деңгейi бойынша:
1. Патогенді микрофлораның бет- жақтың патологиялық процесі кезінде бактерияларының биологиялық белгiлерi.
2. Патогенді микрофлораның бет- жақтың патологиялық процесі кезінде микробиологиялық зерттеу тәсiлiнiң ерекшелiктерi.
3. Патогенді микрофлораның бет- жақтың патологиялық процесі кезінде алдын- алу үшiн қолданатың препараттар.
Тақырып бойынша сұрақтар:
1.Бет- жақтың патологиялық процесі кезінде патогенді микрофлораның морфологиясы және тинкториялдық қасиетi.
Бет- жақтың патологиялық процесі кезінде патогенді микрофлораның қабылдау әдiстерi.
Бет- жақтың патологиялық процесі кезінде патогенді микрофлораның биохимиялық қасиетi және антигендiк құрылымы.
Бет- жақтың патологиялық процесі кезінде патогенді микрофлораның төзiмдiлiгi және эпидемиологиясы.
Бет- жақтың патологиялық процесі кезінде патогенді микрофлораның патогендiк факторлары.
Бет- жақтың патологиялық процесі кезінде патогенді микрофлораның патогенезiнiң ерекшелiктерi.
Бет- жақтың патологиялық процесі кезінде патогенді микрофлораның иммунитетің ерекшелiктерi.
Туберкулез микобактерияларының бактериоскопиялық диагностикасының ерекшелiктерi.
Бактериоскопиялық тәсiлi бойынша құнарту не болмаса флотация тәсiлiнiң маңызы.
Туберкулез кезiндегi бактериологиялық тәсiл қалай жүргiзiледi.
Жылдам бактериологиялық диагностика тәсiлiне мiнездеме беру. Праис әдiсi.
Туберкулез микобактерисын дифференциалдау және идентификациялау.
Туберкулез кезiндегi аллергиялық сынақтық қойылу механизмі.
Туберкулин қалай алынады және не үшiн қолданады? РРД деген не? Кохтың қандай айырмашылығы бар?
Қазақстанда туберкулезге қарсы қандай вакинация қолданылады.
Туберкулезге қарсы антибиотиктер мен химиотерапевтикалық препараттар. Туберкулезге қарсы қолданатың препараттарға микобактерияның сезiмталдығын қалай тексередi.
Туберкулезге қарсы иммунитет
Лепра микобактериясының биологиялық ерекшелiктерi.
Лепра ауруының патогенезi.
Лепра кезiндегi иммунитеттiң ерекшелiктерi.
Лепраның лабораториялық диотностикасының ерекшелiктерi.
Лепраның алдын алу және емдеу.
Ақпарат - дидактикалық блок:
1. Бет-жақ актиномикозы Актиномикозбен ауырған адамдардың (торакальды, абдоминальды, несеп шығару-жыныстық, сұйектік, жұйкелік, бет-жақ, жалпылама) 55-60 % және де бет жақ аймағында қабынуы бар адамдардың 6- 10 % бетінде актиномикоз орналасқан науқастар құрайды. Осы аурудың қоздырғыштары – Аctinomyces israelii жәнеA. VISCOSUS Бұлар ауыз қуысынында қалыпты жағдайда сапрофит ретінде мекен етеді, әсіресе тістің кариестік қуыстарда, тістік тастарда. Микробтардың патогендік потенциалы өте томен болганнан кейін актиномикоз адамдардатек иммунитеті нашарлаған, авитаминозы бар, ауыр сырқаты бар ж.т.осындай сияқты кездерде дамиды. Кең таралған тұрлеріне мойын бет және астынғы жақ аймағында орналасқан актиномикоз жатады.
Ауру қоздырғышы адам жарақат алғанда, хнрурғиялық араласулар, инъекциялар жасалғанда ауыз қуысының шырышты қабығының эпителиальды тосқауылынан өтіп, меншікті шырышты қабығының өзінде немесе терең жұмсақ тіндерде бір иә бірнеше қатты тұйін-гранулемаларды (актиномикомаларды) дамытады. Аурудың осы кезеңінде жедел қабынуы, дене қызуы, ауру сезімі байқалмайды. Тұйіндер тек ыдырағанда, ірің бірнеше тар фистула арқылы бөлінгенде ғана улану белгілері көріне бастайды: бас ауруы, әлсіздік, дененің субфебрильды қызуы. Тұйіндер астынғы жақта орналасқанда ауыздың бұлшық еттерінің тырыспалық тұйілуі (тризм) жиі пайда болады, ол ас ішкенді қиындатады. Тұйіндер біріккен кезде инфильтраттың қаттылығы маңызды диагностикалық белгі болып есептеледі. Инфильтраттың ортасында қызыл тұсті (етке ұқсас) еміздіктәріздес тесіктер пайда болады. Фистуладан ағып шыққан іріңің құрамында көп мөлшерде сарылау - сұр тұсті дәндер байқалады. Олардың орташа мөлшері 0,3-2 мм, оларды Боллингер денешіктері деп атайды. Дәндер мицелийден өскен друзалардың жинақталуынан туады. Друзаның анықталуы актиномикоз диагнозын қоюға соссіз құқық береді. Ауру созылмалы тұрде өтеді, жиі екіншілік бактериялық инфекциямен асқындайды, тері, бұлшық еттері, лимфа тұйіндері, тіл, сілекей бездері, сұйек зақымдалады.
2.Микробиологиялықдиагноз кою. Жараның іріндікболіндісінен ұштұрлі препарат жасауғаболады: «езілген тамшы», Грам әдісімен немесе Романовский-Гимзе әдісімен боялған препараттар. Микроскоп арқылы зертгелген препараттарда мицелийден тұзілген друзалар анықталады, олар домалақ немесе овал пішіндес, базофильді, беткейінде эозинофильдік қосындылары бар.
Ауру қоздырғышының таза дақылын бөлу ұшін клиникалық зерттелетін затты қанды, сарысулы, Сабуро немесе Чапек қоректік орталарына себеді. Себінділерді аэробты және анаэробты жағдайда 1-2 апта инкубирлейді.
Күмәнді жағдайда актинолизатпен (дақылдың ақуызды сығындысы) терілік-аллергиялық сынаманы қояды. Ол оң болған кезде 24 сағ кейін актинолизат егілген жерде ісік пен қызару байқалады.
3.Этиотропты емдеу. Жоғары мөлшерде пенициллиндерді тағайындайды, емдеу курсы 4-6 аптаға созылады. Кейбір жағдайда актинолизатпен арнайы терапияны жұргізеді, әсіресе аутоштаммнан жасаііған препарат тиімді болады.
