Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Микробиология дістемелік нсау.rtf
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
112.44 Mб
Скачать

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

1 медицина факультеті

Теориялық пәндер

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚҚА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК

ӨҢДЕУ ҚҰРЫЛЫМЫ

Микробиология пәнінің коды : Міс 2215

Мамандығы 5В130100 Жалпы медицина

5В130200 Стоматология

Сағат көлемі 162

Курс ІІІ

Семестр ІІІ- ІY

Практикалық (семинарлық) сабақ 00 сағат

Құрастырған : профессор Байтұрсынов Қ.Қ.

доцент Оспанова Э.Н.

аға оқытушы Мустафаева А.А.

оқытушы Куандыкова Ф.М.

Түркістан 2012 Мазмұны

  1. Жеке микробиология. Зерттелетін материалдар мен зерттеу әдістері. Патогенді стафилакоктар мен стрептококтар. Лабораториялық диагностикасы, арнайы алдын алуы және емдеуі. ---------------------------------------------------------------- 3 бет

  2. Патогендi менингококтар, гонококтар, протейлер, псевдомонадалар, клебсиеллалар. Лабораториялық диагностикасы, арнайы алдын алу және емдеу.-------------------------------------------------------------------------------------------------17 бет

  3. Патогендi анаэробтар. Газды гангрена, сiреспе, ботулизм. Лабораториялық диагностикасы, арнайы алдын алу мен емдеуі.-------------------------------------27 бет

  4. Iшек инфекцияларының қоздырғыштары, эшерихиялар, шигеллалар, сальмонеллар. Тағам токсикоинфекциялары. Лабораториялық диагностикасы, арнайы алдын алу мен емдеуі.---------------------------------------------------------31 бет

  5. Кампилобактериоздардың, иерсиниоздардың және тырысқақтың қоздырғыштары. Лабораториялық диагностикасы, арнайы алдын алу мен емдеуі.---------------------------------------------------------------------------------------39 бет

  6. Зоонозды инфекция қоздырғыштары - бруцеллалар, иерсиниялар, франсиеллалар, бациллалар. Лабораториялық диагностикасы, алдын алу және емдеу.----------------------------------------------------------------------------------------43 бет

  7. Дифтерия және көкжөтел ауруларының қоздырғыштары. Лабораториялық диагносткасы. Арнайы алдын алу мен емдеуi.-------------------------------------50 бет

  8. Туберкулез және алпес ауруларының қоздырғыштары. Лабораториялық диагносткасы. Арнайы алдын алу мен емдеуi.-------------------------------------55 бет

  9. Мерез, лептоспироз, риккетсиоз, хламидиоз, микоплазмоз және қайтымды сүзек ауруларының қоздырғыштары. Лабораториялық диагностикасы, арнайы алдын алу мен емдеуi.----------------------------------------------------------------------------61 бет

  10. Протозойлық және микоз ауруларының қоздырғыштары. Лабораториялық диагносткасы. Арнайы алдын алу мен емдеуi.------------------------------------- 65 бет

  11. Респираторлы вирустық инфекция қоздырғыштары - ортомиксовирустар, парамиковирустар, аденовирустар. Лабораториялық диагносткасы. Арнайы алдын алу мен емдеуi.--------------------------------------------------------------------70 бет

  12. Қызылшаның, қызамықтың, эпидемиялық паротиттiң, жел-шешектiң қоздырғыштары. Лабораториялық диагностикасы. Арнайы алдын алу мен емдеуi.---------------------------------------------------------------------------------------75 бет

  13. Пикорновирустар мен энтеровирустар (ЕСНО, Коксаки, полиомиелит, гепатиттер). Лабораториялық диагностикасы, арнайы алдын алу мен емдеуі.---------------------------------------------------------------------------------78 бет

  14. Адамның иммунодефицитінің вирусы (АИВ), герпес вирустары, рабдовирустар. Лабораториялық диагностикасы, арнайы алдын алу мен емдеуі.--------------81 бет

Қысқартылған сөздер:

ЖТЖ – жүрек тамыр жұйесі

ХТП – химиотерапиялық препараттар

ИФА – иммунофлюоресценттік анализ

КБР – комплемент байланыстырушы реакциясы

ЕПА – ет пептон агары

ЕПС – ет пептон сорпасы

ҚӘА – қиылысқан әрекеттесуші-антигендер

РИА – радиоиммунды анализ

ЛПҚ – липополиқантты

БТГ – баяу түрдегі гиперсезімталдық

ЖТГ – жедел түрдегі гиперсезімталдық

SlgA – секреторлық иммуноглобулин А

ПГАР – пассивті гемагглютинация реакциясы

ТГАР – тежелген гемагглютинация реакциясы

РНГА – тікелейемес гемагглютинация реакциясы

АКДС – адсорбирленген коклюш дифтерия сіреспе

УКС – ультрокүлгін сәулесі

АИВ – адам иммуннотапшылық вирусы

ЖҚТБ – жұре қалыптасқан иммуннотапшылықтың белгісі

ЖРА – жедел респираторлық ауруы

ЖІА – жедел ішек ауруы

1-ші сабақ

Тақырыбы: Жеке микробиология. Зерттелетін материалдар мен зерттеу әдістері.

Патогенді грамм оң - стафилакоктар мен стрептококтар. Лабораториялық диагностикасы, арнайы алдын алу мен емдеуі.

Сабақ өту мерзімі: 3,0 сағат (120 мин)

Тақырыптың өзектілігі: Дұрыс диагноз қойып, оған емдеу техникасын анық белгілеу үшін лабораториялық диагностиксындағы зерттелетін материалды дұрыс алып, зерттеу тәсілін дұрыс таңдауына байланысты жүргізіледі. Стафилококтар мен стрептококтардың қасиеттерін білу, лабораториялық зерттеуге және микробиологиялық диагноз қою қажет. Осы диагноздың нәтижесінде емдеу, алдын алу шаралары жүргізіледі.

Сабақтың мақсаты:

Студент білу тиіс:

  1. Микробиологиялық зерттеуге арналған материалды таңдау, алу және тасымалдануын.

  2. Микробиологиялық диагностикалау тәсілдері. Олардың ақпараттылығы, маңызы, артықшылықтары мен кемшіліктері, орындалу мерзімін.

  3. Стафилококты және стрептококтар тудыратын аурулалардың микробиологиялық зерттеу кестелерін.

  4. Стафилококты және стрептококты ауруларда қолданылатын диагностикалық, емдік және алдын алу препараттарын.

Студент меңгеруі тиіс:

  1. Микробиологиялық зерттеуге арналған материалды таңдау, алу және тасымалдануын.

  2. Микробиологиялық диагностикалау тәсілдері. Олардың ақпарттылығы, маңызы артықшылықтары мен кемшіліктері, орындалу мерзімін.

  3. Стафилококтар және стрептококтар тудыратын аурулалардың микробиологиялық зерттеу кестелерін.

  4. Стафилококты және стрептококты ауруларда қолданылатын диагностикалық, емдік және алдын алу препараттарын.

Студент меңгеруі тиіс:

  1. Микробиологиялық зерттеуге арналған материалды дұрыс таңдап алу және тасымалдау.

  2. Зерттеу тәсілдері мен бағытың таңдау.

  3. Микробиологиялық дагностикалау тәсілдері, олардың маңызы мен орындалу мерзімі, артықшылығы мен кемшілігіне байланысты қолдана білу.

  4. Құжаттарды дайындау ережесі.

  5. Лабораториялық зерттеудің қорытындысын тұжырымдау.

  6. Ірің және қанды кок флорасын егу.

  7. Стафилокок және стрептококты аурулалардың микробилогиялық диагностикалық кестесін қолдана білу.

  8. Диагностикалық, алдын алу және емдік препараттарды қолдана білу.

Студенттерге өз бетінше дайындалуға арналған сұрақтар:

Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:

  1. Зерттеуге арналған материалды алу тәртібі және тасымалдау.

  2. Клинико-диагностикалық, микробиологиялық зерттеу тәсілдері.

  3. Микробиологиялық-диагностикалық тәсілдерінің ақпараттылықтары, артықшылықтары мен кемшіліктері.

  4. Клинико-диагностикалық, микробиологиялық зерттеу нәтижелерін бағалау.

  5. Стафилококтар, морфологиялық және дақылдық қасиеттері.

  6. Стафилококтардың биохимиялық белсенділігімен антигендік қасиеттері.

  7. Стафилококтардың патогенділік факторлары.

  8. Стафилококтардың эпидемиологиясы мен төзімділігігі.

  9. Стафилококтардың патогенезі, клиникасы, инфекциядан кейінгі иммунитеті.

  10. Стафилококты инфекциялалардың микробиологиялық диагностикасы. 1

  11. Стафилококты инфекциялалардың емдеуі мен алдын алу.

  12. Стрептококтардың морфологиялық және дақылдық қассиеттері.

  13. Стрептококтардың биохимиялық белсенділігімен антигендік қасиеттері

  14. Стрептококтардың патогенділік факторлары.

  15. Стрептококтардың эпидемиологиясы мен төзімділігігі.

  16. Стрептококты инфекцияларының патогенезі, клиникасы, инфекциядан кейінгі иммунитеті.

  17. Скарлатинозды стрептококтар.

  18. Пневмококтардың биологиялық қасиеттері.

  19. Энтерококтардың биологиялық қасиеттері.

  20. Стрептококты инфекциялалардың микробиологиялық диагностикасы.

  21. Стрептококты инфекциялалардың емдеуі мен алдын алу.

Қосымша ақпарат блог: