- •Дәріс кешені
- •1 Бөлім. Салық міндеттемесінің теориялық негіздері
- •Дәріс жоспары:
- •Дәріс жоспары
- •2 Бөлім. Жекелеген салық төлеушілердің салық міндеттемесін орындау ерекшеліктері
- •Дәріс жоспары
- •1. Таратылатын заңды тұлғаның салық міндеттемесін орындауы
- •1.Таратылатын резидент заңды тұлғалардың жекелеген санаттарының құрамы
- •2. Камералдық бақылау түсінігі және оның мақсаты
- •3. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша іс-шаралар
- •4. Заңды тұлға қосылу, бірігу, бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылған кезде салық міндеттемесін орындау.
- •1. Қызметін тоқтататын дара кәсіпкердің салық міндеттемесін орындау
- •2. Бақылау-касса машинасын есептен шығару
- •3. Құжаттық салықтық тексеруді жүргізу
- •1. Хабарсыз кеткен деп танылған жеке тұлғаның салық міндеттемесін орындау
- •2. Қайтыс болған жеке тұлғаның салық берешегін өтеу.
- •1. Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесі түсінігі
- •2. Мерзiмiнде орындалмаған салық мiндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері.
- •1. Өсiмпұл түсінігі және оны есептеу
- •2. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң мерзiмiнде төленбеген сомасына өсiмпұл
- •3.4 Салық төлеушiнiң мүлікке билiк етуiн шектеу – Идрисова Айгерим
- •1. Салық органы салық төлеушiнiң мүлiкке билiк етуiн
- •2. Билік етуі шектелген мүлік тізімдемесі
- •1.Салық берешегін банк шоттарындағы ақша есебінен өндіріп алу
- •2. Инкссалық өкімді қолдану
- •1. Салық төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін салық берешегі есебіне өткізу тәртібі.
- •2. Салық төлеушіні банкрот деп тану.
- •3. Дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат болып табылмайтын салық төлеуші жеке тұлғаның салық берешегін өндіріп алу.
2 Бөлім. Жекелеген салық төлеушілердің салық міндеттемесін орындау ерекшеліктері
2.1 - тақырып. Мүлікті сенімгерлікпен басқаруға беру кезінде салық міндеттемесінің орындалуы
Дәрістің мақсаты: мүлікті сенімгерлікпен басқаруға беру кезінде салық міндеттемесін түсіндіру.
Дәріс жоспары
1. Мүлікті сенімгерлікпен басқаруға беру кезінде салық міндеттемесі
2. Мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты
3. Мүлікті сенімгерлікпен басқару объектілері және субъектілері
1. Сенімгерлікпен басқарушы өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру процесінде алынуға жататын табыстар, төленуге жататын шығыстар және сатып алған және алған мүлік мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының не сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының табыстары, шығыстары және мүлкі болып табылады.
Сенімгерлікпен басқарушының сыйақы түріндегі табысы мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының не сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының шығысы болып табылады. Егер салық міндеттемесін орындау сенімгерлікпен басқару жүктелсе, онда сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының немесе пайда алушының табыстары мен оның осы тармақта көзделген, осындай құрылтайшының немесе пайда алушының алдыңғы салық кезеңдері үшін шеккен залалдары сомасына, сондай-ақ орындалуы сенімгерлікпен басқарушыға жүктелген салық міндеттемесі сомасына азайтылған шығыстары арасындағы оң айырма мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының сенімгерлікпен басқарудан алынған таза табысы болып табылады.
Осы аталған шығыстардың мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының табыстарынан асып кетуі мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының сенімгерлікпен басқарудан шеккен залалы болып табылады. Мүлікті сенімгерлікпен басқаруды құру туралы актіде көзделген сыйақы сенімгерлікпен басқарушының сенімгерлікпен басқарудан алынған табысы болып табылады. Сенімгерлікпен басқаруды жүзеге асыруға байланысты шығыстар, егер көрсетілген актіде сенімгерлікпен басқарушының шығыстарын мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының есебінен өтеу көзделмеген болса, сенімгерлікпен басқарушының шығыстары болып танылады.
Мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының салық міндеттемесін орындауды: қосылған құн салығынан басқа салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша осындай құрылтайшы немесе пайда алушы мүлікті сенімгерлік басқаруды құру туралы актінің негізінде сенімгерлікпен басқарушыға жүктеледі.
Егер салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу, төлеу немесе ұстау жөніндегі салық міндеттемесін орындау сенімгерлікпен басқарушыға жүктелген болса, мұндай сенімгерлікпен басқарушы салық органында тіркелу есебіне тұруға тиіс. Бұл ретте сенімгерлікпен басқарушы сенімгерлік басқару шарты бойынша салықтарды, басқа да міндетті төлемдерді есептеу, төлеу немесе ұстау жөніндегі салықтық міндеттемелерді:
- егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сенімгерлікпен басқару құқығын мемлекеттік тіркеу талап етілген жағдайда, – мұндай құқық мемлекеттік тіркелген;
- егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сенімгерлікпен басқару құқығын мемлекеттік тіркеу талап етілмеген жағдайда, – сенімгерлікпен басқару шарты жасалған күннен бастап орындайды.
Мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушы мүлікті сенімгерлікпен басқаруға берумен байланысты өзінде туындайтын қосылған құн салығы бойынша салық міндеттемесінен басқа салық міндеттемесін мынадай жағдайлардың кез келгенінде: салық міндеттемесін орындау сенімгерлікпен басқарушыға жүктелмесе белгіленген тәртіппен дербес орындайды.
Сенімгерлікпен басқарушы мүлік сенімгерлікпен басқаруға берілген кездегі салық міндеттемесін орындау мақсатында бөлек есепке алуды жүргізуге міндетті.
2. Мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының не сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының мүлікті сенімгерлікпен басқарушыға беруі осындай мүлікті өткізуі болып табылмайды және ол сенімгерлікпен басқарушының табысы болып танылмайды.
Сенімгерлікпен басқарушының сенімгерлікпен басқарудың туындауына негіз болатын құжаттың қолданылуы тоқтаған кезде мүлікті қайтаруы осындай мүлікті өткізу болып табылмайды және ол мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының табысы (залалы) болып танылмайды.
Сенімгерлікпен басқарушыға салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомасын есептеу, төлеу немесе ұстау, сондай-ақ мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы немесе сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушы үшін салықтық нысандарды жасау және табыс ету жөніндегі салық міндеттемесі жүктелген жағдайда, мұндай салық міндеттемесін орындау сенімгерлікпен басқарушы болып табылатын тұлғаның атынан, Салық Кодекстің ерекше бөлімінде сенімгерлікпен басқарушы жататын тұлғалар үшін белгіленген ставкалар бойынша және тәртіппен жүргізіледі.
Бұл ретте, сенімгерлікпен басқарушы салықтық нысандарды мүлікті сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының және пайда алушының мүддесінде жүзеге асырылатын қызметті қоса алғанда, тұтас бүкіл қызметі бойынша жасайды және табыс етеді. Декларацияны табыс ету жөніндегі міндет жүктелген жеке тұлғаның мүлікті сенімгерлікпен басқаруға беруі кезінде декларацияны жасау және табыс ету жөніндегі салық міндеттемесін осы жеке тұлға орындайды.
Заңды тұлға, дара кәсіпкер сенімгерлік операциялар бойынша банктен алған табысы бойынша, сондай-ақ заңды және жеке тұлға мүлікті резидент емес болып табылатын сенімгерлікпен басқарушыға сенімгерлікпен басқаруға берген кезде салық міндеттемесін дербес орындайды. Дара кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлғаның салық агенті болып табылатын банк жүзеге асыратын сенімгерлік операциялардан түскен табысы бойынша салық міндеттемесін осындай банк салық агентінің міндеттерін орындау түрінде орындайды.
Егер мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының салық міндеттемесін орындау толығымен сенімгерлікпен басқарушыға жүктелген болса, бөлек есепке алуды жүргізуге міндетті құқығы бар.
3. Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару субъектiлерi.
Меншiк иесi, сондай-ақ өзге де заттық құықық субъектiсi немесе мүлiктi сенiмгерлiкпен басқаруға беруге уәкiлеттi құзыреттi орган құрылтайшы бола алады. Егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, кез келген адам сенiмгер басқарушы бола алады.
Сенiмгер басқарушы тек оның келiсiмiмен тағайындалуы мүмкiн. Сенiмгер басқарушы болып табылмайтын кез келген адам, сондай-ақ мемлекет немесе әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс пайда алушы (мүддесi үшiн мүлiктi басқару жүзеге асырылатын тұлға) бола алады. Егер заң актiлерiнде немесе мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару шартында өзгеше көзделмесе, мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару құрылтайшысы пайда алушы болып табылады.
Мүлiктi сенімгерлiкпен басқару субъектiлерi:
Меншiк иесi, сондай-ақ өзге де заттық құқық субъектiсi немесе мүлiктi сенімгерлiкпен басқаруға беруге уәкiлеттi құзыреттi орган құрылтайшы бола алады.
Егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, кез келген адам сенімгер басқарушы бола алады.
Сенімгер басқарушы тек оның келісімiмен тағайындалуы мүмкiн.
Сенімгер басқарушы болып табылмайтын кез келген адам, сондай-ақ мемлекет немесе әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс пайда алушы (мүддесi үшiн мүлiктi басқару жүзеге асырылатын тұлға) бола алады.
Егер заң актілерінде немесе мүлiктi сенімгерлiкпен басқару шартында өзгеше көзделмесе, мүлiктi сенімгерлiкпен басқару құрылтайшысы пайда алушы болып табылады.
Мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару объектiлерi.
Егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, ақшаны, бағалы қағаздарды және мүлiктiк құқықтарды қоса алғанда, кез келген мүлiк сенiмгерлiкпен басқару объектiсi бола алады. Сенiп тапсырылған мүлiктi сенiмгер басқарушы өзiне меншiк (шаруашылық жүргiзу, оралымды басқару) құқығымен тиесiлi мүлiктен бөлек есепке алуға тиiс.Өзiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру процесiнде сенiм бiлдiрiлген басқарушы сатып алған және (немесе) алған мүлiк сенiп берiлген мүлiк құрамына енгiзiледi. Құрылтайшының сенiмгерлiкпен басқаруға берген мүлкiне оның борыштары бойынша өндiрiп алуға жол берiлмейдi, бұған Қазақстан Республикасының Азаматтық кодекстiң 1081-бабында көзделген жағдайлар, сондай-ақ бұл тұлғаның дәрменсiздiгi (банкроттығы) қосылмайды. құрылтайшы банкрот болған жағдайда осы мүлiктi сенiмгерлiкпен басқару тоқтатылады және ол конкурстық массаға енгiзiледi. Кепiлге салынған мүлiктi сенiмгерлiкпен басқаруға беру кепiл ұстаушыны осы мүлiктi өндiрiп алу құқығынан айырмайды.
Мүлiктi сенімгерлiкпен басқару объектiлерi
Егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, ақшаны, бағалы қағаздарды және мүлiктiк құқықтарды қоса алғанда, кез келген мүлiк сенімгерлiкпен басқару объектiсi бола алады.
Сенiп тапсырылған мүлiктi сенімгер басқарушы өзiне меншiк (шаруашылық жүргiзу, оралымды басқару) құқығымен тиесiлi мүлiктен бөлек есепке алуға тиiс.
Өзiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру процесiнде сенім бiлдiрiлген басқарушы сатып алған және (немесе) алған мүлiк сенiп берiлген мүлiк құрамына енгiзiледi.
Құрылтайшының сенімгерлiкпен басқаруға берген мүлкiне оның борыштары бойынша өндiрiп алуға жол берiлмейдi, бұған осы Кодекстiң 1081-бабында көзделген жағдайлар, сондай-ақ бұл тұлғаның дәрменсiздiгi (банкроттығы) қосылмайды. Құрылтайшы банкрот болған жағдайда осы мүлiктi сенімгерлiкпен басқару тоқтатылады және ол конкурстық массаға енгiзiледi.
Кепiлге салынған мүлiктi сенімгерлiкпен басқаруға беру кепiл ұстаушыны осы мүлiктi өндiрiп алу құқығынан айырмайды.
Кілттік сөздер: мүлікті сенімгерлікпен басқару, салық міндеттемесі, мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты, сыйақы түріндегі табысы, сенімгерлікпен басқарушы, кәсіпкер сенімгерлік операциялар.
2.2 - тақырып. Таратылатын заңды тұлғаның салық міндеттемесін орындауы – Идрисова Айгерим
Дәрістің мақсаты: таратылатын заңды тұлғаның салық міндеттемесін орындауы және осы кездегі құжаттардың маңызын көрсету.
Дәріс жоспары
1.Таратылатын заңды тұлғаның салық міндеттемесін орындауы
2.Таратылатын заңды тұлғаның салық міндеттемесін орындауы кезіндегі құжаттардың маңызы
