Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
салық лекция дайын.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
380.42 Кб
Скачать

3. Дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат болып табылмайтын салық төлеуші жеке тұлғаның салық берешегін өндіріп алу.

Дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат болып табылмайтын салық төлеуші жеке тұлға салық берешегінің сомаларын төлемеген немесе толық төлемеген жағдайда салық органы сот бұйрығын шығару туралы өтінішпен немесе аталған салық төлеушінің мүлкі есебінен салық берешегі сомасын өндіріп алу туралы талап-арызбен сотқа жүгінеді.

Сот бұйрығын шығару туралы өтініш немесе дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат болып табылмайтын салық төлеуші жеке тұлғаның салық берешегі сомасын өндіріп алу туралы талап-арыз бойынша іс қарау Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

Кілттік сөздер: билік етуі шектелген мүлік, салық берешегі есебіне өткізу, салық берешегін өндіріп алу, сот бұйрығын шығару туралы өтініш.