- •Дәріс кешені
- •1 Бөлім. Салық міндеттемесінің теориялық негіздері
- •Дәріс жоспары:
- •Дәріс жоспары
- •2 Бөлім. Жекелеген салық төлеушілердің салық міндеттемесін орындау ерекшеліктері
- •Дәріс жоспары
- •1. Таратылатын заңды тұлғаның салық міндеттемесін орындауы
- •1.Таратылатын резидент заңды тұлғалардың жекелеген санаттарының құрамы
- •2. Камералдық бақылау түсінігі және оның мақсаты
- •3. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша іс-шаралар
- •4. Заңды тұлға қосылу, бірігу, бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылған кезде салық міндеттемесін орындау.
- •1. Қызметін тоқтататын дара кәсіпкердің салық міндеттемесін орындау
- •2. Бақылау-касса машинасын есептен шығару
- •3. Құжаттық салықтық тексеруді жүргізу
- •1. Хабарсыз кеткен деп танылған жеке тұлғаның салық міндеттемесін орындау
- •2. Қайтыс болған жеке тұлғаның салық берешегін өтеу.
- •1. Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесі түсінігі
- •2. Мерзiмiнде орындалмаған салық мiндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері.
- •1. Өсiмпұл түсінігі және оны есептеу
- •2. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң мерзiмiнде төленбеген сомасына өсiмпұл
- •3.4 Салық төлеушiнiң мүлікке билiк етуiн шектеу – Идрисова Айгерим
- •1. Салық органы салық төлеушiнiң мүлiкке билiк етуiн
- •2. Билік етуі шектелген мүлік тізімдемесі
- •1.Салық берешегін банк шоттарындағы ақша есебінен өндіріп алу
- •2. Инкссалық өкімді қолдану
- •1. Салық төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін салық берешегі есебіне өткізу тәртібі.
- •2. Салық төлеушіні банкрот деп тану.
- •3. Дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат болып табылмайтын салық төлеуші жеке тұлғаның салық берешегін өндіріп алу.
1. Салық төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін салық берешегі есебіне өткізу тәртібі.
Салық төлеушінің банк шоттарында және оның дебиторларының банк шоттарында ақшасы болмаған немесе жеткiлiксiз болған не оның және оның дебиторының банктік шоттары болмаған жағдайларда салық органы оның келісімінсіз салық төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін өндіріп алу туралы қаулы шығарады. Салық төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін өндіріп алу туралы қаулы уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша екі данада жасалады, оның біреуі мүлікке билік етуін шектеу туралы шешімнің және мүлік тізімдемесі актісінің көшірмелерімен қоса уәкілетті заңды тұлғаға жіберіледі.
Салық төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін салық берешегі есебіне өткізу тәртібі. Салық төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін салық берешегі есебіне өткізуді уәкілетті заңды тұлға жүзеге асырады. Салық төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін салық берешегі есебіне өткізу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. ҚР «Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (одан әрі – Салық кодексі) 614-бабына сәйкес салық төлеуші салықтық міндеттемесін уақытында орындамаған жағдайда, салық органдары салықтық берешекті мәжбүрлеп өндіріп алудың келесі шараларын қолданады:
1) банк шоттарында жатқан ақша есебінен;
2) дебиторлар есебінен;
3) билік ету шектелген мүлікті өткізу есебінен;
4) жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару түрінде.
Салықтық берешекті өндірудің бірінші тәсілі салық органдарының «Салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама» беру.
Бүгінгі таңда қолданыста жүрген кодексте салық төлеушіге хабарлама «тапсыру» түсінігі анықталған. Салық кодексінің 608-бабының 1-тармағына сәйкес хабарлама келесі жағдайларда тапсырылған болып саналады:
1) хабарламасы бар арнайы хат арқылы поштамен – салық төлеушінің (салық агентінің) пошталық не басқа байланыс ұйымының хабарламасында хат алу туралы белгі қойған күнінен бастап алынған боп саналады;
2) электронды жолмен – салық қызметі органы хабарламаны жіберген күннен бастап бес жұмыс күні өткен соң алынған боп саналады. Электронды тәсіл электронды салық төлеуші ретінде тіркелген салық төлеушілерге қатысты қолданылады.
Жарғылық капиталына мемлекет қатысатын салық төлеуші акционерлiк қоғамның жарияланған акцияларын мәжбүрлеп шығару. Салық берешегін мәжбүрлеп өндіріп алудың: банк шоттарындағы ақша есебінен; билік етуі шектелген мүлкін өткізу есебі тәртібі қолданылғаннан кейін салық төлеуші жарғылық капиталына мемлекет қатысатын акционерлік қоғам салық берешегі сомаларын өтемеген жағдайда, уәкілеттi орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару туралы талап-арызбен сотқа жүгінеді.
Сот шешімі бойынша оларды өтеу үшін жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару жүргізілетін салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу бойынша салықтық міндеттемелерді, сондай-ақ өсімпұлдарды, айыппұлдарды төлеу бойынша міндеттемелерді орындау мерзімдері жарияланған акцияларды мәжбүрлеп шығару туралы сот шешімі күшіне енген күннен бастап және оларды орналастыру аяқталғанға дейін тоқтатыла тұрады.
