- •Дәріс кешені
- •1 Бөлім. Салық міндеттемесінің теориялық негіздері
- •Дәріс жоспары:
- •Дәріс жоспары
- •2 Бөлім. Жекелеген салық төлеушілердің салық міндеттемесін орындау ерекшеліктері
- •Дәріс жоспары
- •1. Таратылатын заңды тұлғаның салық міндеттемесін орындауы
- •1.Таратылатын резидент заңды тұлғалардың жекелеген санаттарының құрамы
- •2. Камералдық бақылау түсінігі және оның мақсаты
- •3. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша іс-шаралар
- •4. Заңды тұлға қосылу, бірігу, бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылған кезде салық міндеттемесін орындау.
- •1. Қызметін тоқтататын дара кәсіпкердің салық міндеттемесін орындау
- •2. Бақылау-касса машинасын есептен шығару
- •3. Құжаттық салықтық тексеруді жүргізу
- •1. Хабарсыз кеткен деп танылған жеке тұлғаның салық міндеттемесін орындау
- •2. Қайтыс болған жеке тұлғаның салық берешегін өтеу.
- •1. Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесі түсінігі
- •2. Мерзiмiнде орындалмаған салық мiндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері.
- •1. Өсiмпұл түсінігі және оны есептеу
- •2. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң мерзiмiнде төленбеген сомасына өсiмпұл
- •3.4 Салық төлеушiнiң мүлікке билiк етуiн шектеу – Идрисова Айгерим
- •1. Салық органы салық төлеушiнiң мүлiкке билiк етуiн
- •2. Билік етуі шектелген мүлік тізімдемесі
- •1.Салық берешегін банк шоттарындағы ақша есебінен өндіріп алу
- •2. Инкссалық өкімді қолдану
- •1. Салық төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін салық берешегі есебіне өткізу тәртібі.
- •2. Салық төлеушіні банкрот деп тану.
- •3. Дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат болып табылмайтын салық төлеуші жеке тұлғаның салық берешегін өндіріп алу.
2. Мерзiмiнде орындалмаған салық мiндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері.
Мерзiмiнде орындалмаған салық мiндеттемесiн орындауды қамтамасыз ету тәсiлдерi:
республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған, 6 еселенген айлық есептiк көрсеткiштен аз мөлшерде салық берешегi бар;
банкрот деп танылған жағдайда - банкроттық туралы іс бойынша іс жүргізуді қозғау туралы сот ұйғарымы шығарылған күннен бастап есепке жазу жүргізілмеген өсімпұлды қоспағанда, салық төлеушіні банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап;
оңалту рәсімі қолданылған жағдайда - сот оңалту жоспарын бекіту туралы ұйғарым шығарған күннен бастап тоқтатылатын, мемлекеттік тіркеуге жататын мүлікке және ол бойынша мәмілелері мемлекеттік тіркеуге жататын мүлікке иелік етуді шектеуді қоспағанда, оңалту рәсімін қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап қолданылады.Бұл ретте, Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасында көзделген жағдайда сомасы кредиторлар талаптарының тізіліміне енгізілмеген салық міндеттемесі бойынша осындай салық төлеушілерге қатысты мұндай міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері қолданылады;
банктерді, сақтандыру ұйымдарын мәжбүрлеп таратқан жағдайда - соттың мәжбүрлеп тарату туралы шешімі заңды күшіне енген күннен бастап қолданылмайды.
Төлемдермен айыппұлдардың мерзімінен кешігіп төленуі үшін өсімпұл -салық тәжірибесінде кеңінен қолданылатын мәжбүрлеу шарасы болып табылады. Барлық дамыған елдерде салық уақытында төленбегені үшін пайыздар алынады. Мерзімдердің өткізіп алған төлемдер үшін пайыздар мелшерлемесі өртүрлі елдерде әртүрлі болады. Әдетте, олар жылына Австрия және Германияда 6%-дан Австралия, Ирландия, Португалия, Грецияда 20% және одан да жоғары пайызға дейін қолданылады.
Көптеген елдерде айыппұлдар мен өсімпұлдар тек бір ғана пайыз мөлшерлемесі бойынша есептеледі, ал кейбір елдерде сараланған пайыз мөлшерлемесі қолданады. Мысалы, Ирландияда салықты төлемеу себебінің сипатына байланысты ставкалар жүйесін пайдаланады немесе Жапония, Түркияда төлем мерзімін кешіктіру ұзақтығына байланысты ставкалар жүйесі қолданылады.
Салық міндеттемесінің мерзімінде орындалмағанын орындаумен қамтамасыз ету төсілдерін қолданғаннан кейін салық органы мынадай салық берешектерін мәжбүрлі өндіріп алу шараларын қолданады:
1. банктік шоттарда болып табылатын ақша есебі үшін өндіріп алу;
2. қолма - қол ақша есебі үшін өндіріп алу;
3. дебиторлар есебі үшін өндіріп алу;
4. шектелген иелігіндегі мүлікті сату есебіне өндіріп алу;
5. қосымша акция эмиссияларын мәжбүрлі шығару.
Салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламаға және хабарламаға шағымды қарау нәтижелері бойынша шығарылған жоғары тұрған салық қызметі органының шешіміне шағым жасалған жағдайда, мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдерін қолдану шағымды қарау нәтижелері бойынша шешім шыққанға дейін тоқтатыла тұрады.
Заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінде банк шоттары болмаған не заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің банк шоттарында және кассасында салық берешегін өтеу үшін ақша болмаған немесе жеткіліксіз болған жағдайларда, мерзімде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдерін осы құрылымдық бөлімшені құрған салық төлеуші заңды тұлғаға қолданады.Заңды тұлғада біреуден көп құрылымдық бөлімше болған кезде, заңды тұлғаға осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген тәртіппен мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдері қолданылғаннан кейін оның құрылымдық бөлімшесінің салық берешегі өтелмеген жағдайда, мерзімде орындалмаған салық міндеттемесін орындауды қамтамасыз ету тәсілдерін мұндай заңды тұлғаның барлық құрылымдық бөлімшелеріне бір мезгілде қолданады.
Бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті мемлекеттік органда ашылған мемлекеттік мекемелердің шоттары банк шоттарына теңестіріледі, ал бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті мемлекеттік орган банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға теңестіріледі.
Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесінің орындалуын қамтасыз ету тәсілдері. Салық төтеушінің (салық агентінің) белгіленген мерзімде орындалмаған салық міндеттемесін орындау мынадай (85-тарау,609-бап)
1) төленбеген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер сомасына өсімпұлды есепке жазу;
2) салық төлеушінің (салық агентінің) – заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің Қ.Р-да қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның, дара кәсіпкердің, жекеше нотариустың және адвокаттың банк шоттары бойынша (корреспондеттік шоттарын қоспағанда) шығыс операцияларын тоқтата тұру;
3) салық төлеушінің (салық агентінің) – заңды тұлғаның, заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің, Қ.Р-да қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның , дара кәсіпкердің , жекеше нотариустың және адвокаттың мүлікке билік етуін шектеу тәсілдерімен қамтамасыз етілуі мүмкін.
Осы кодекстің 614-бабында көзделген барлық шаралар қолданылғаннан кейін салық берешегі сомасын салық төлеуші (салық агенті) өтемеген жағдайда, салық органы Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес оны банкрот деп тану жөнінде шаралар қолдануға құқылы.
Салықтық тәжірибе салықтық құқық бұзушылықтармен күресудің екі негізгі әдісін бөліп көрсетеді:
1. ескерту (превентивті шаралар);
2. жазалау (репрессивті шаралар).
Салық кодексінде салық төлеушінің белгіленген мерзімде орындалмаған салық міндеттемесін орындаудың 3 тәсілі қарастырылған:
төленбеген салық және бюджетке төленетін басқа да міндетт
төлемдер сомасына өсімпұл есептеу;
банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;
салық төлеушінің салық берешегі есебіне мүлікке билік етуін шектеу тәсілдерімен қамтамасыз етілуі мүмкін.
Кілттік сөздер: мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесі, айлық есептiк көрсеткiш, салық берешегi, банкрот, банкрот деп тану туралы сот шешімі, оңалту рәсімі, мәжбүрлеп тарату, бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті мемлекеттік орган.
3.2 - тақырып. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң мерзiмiнде төленбеген сомасына өсiмпұл – Халиағзам Жанерке
Дәріс мақсаты: өсiмпұл түсінігі және оны есептеуді, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң мерзiмiнде төленбеген сомасына өсiмпұл жайлы түсіндіру.
Дәріс жоспары
1 .Өсiмпұл түсінігі және оны есептеу
2. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң мерзiмiнде төленбеген сомасына өсiмпұл
