- •Дәріс кешені
- •1 Бөлім. Салық міндеттемесінің теориялық негіздері
- •Дәріс жоспары:
- •Дәріс жоспары
- •2 Бөлім. Жекелеген салық төлеушілердің салық міндеттемесін орындау ерекшеліктері
- •Дәріс жоспары
- •1. Таратылатын заңды тұлғаның салық міндеттемесін орындауы
- •1.Таратылатын резидент заңды тұлғалардың жекелеген санаттарының құрамы
- •2. Камералдық бақылау түсінігі және оның мақсаты
- •3. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша іс-шаралар
- •4. Заңды тұлға қосылу, бірігу, бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылған кезде салық міндеттемесін орындау.
- •1. Қызметін тоқтататын дара кәсіпкердің салық міндеттемесін орындау
- •2. Бақылау-касса машинасын есептен шығару
- •3. Құжаттық салықтық тексеруді жүргізу
- •1. Хабарсыз кеткен деп танылған жеке тұлғаның салық міндеттемесін орындау
- •2. Қайтыс болған жеке тұлғаның салық берешегін өтеу.
- •1. Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесі түсінігі
- •2. Мерзiмiнде орындалмаған салық мiндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері.
- •1. Өсiмпұл түсінігі және оны есептеу
- •2. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң мерзiмiнде төленбеген сомасына өсiмпұл
- •3.4 Салық төлеушiнiң мүлікке билiк етуiн шектеу – Идрисова Айгерим
- •1. Салық органы салық төлеушiнiң мүлiкке билiк етуiн
- •2. Билік етуі шектелген мүлік тізімдемесі
- •1.Салық берешегін банк шоттарындағы ақша есебінен өндіріп алу
- •2. Инкссалық өкімді қолдану
- •1. Салық төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін салық берешегі есебіне өткізу тәртібі.
- •2. Салық төлеушіні банкрот деп тану.
- •3. Дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат болып табылмайтын салық төлеуші жеке тұлғаның салық берешегін өндіріп алу.
3. Құжаттық салықтық тексеруді жүргізу
Хабарлама орындалмаған және салық органдары қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкерге қатысты салық төлеуші табыс еткен түсіндірмелермен келіспеген жағдайда құжаттық салықтық тексеру жүргізіледі. Бұл ретте, құжаттық салықтық тексеру осындай хабарламаны орындау және анықталған бұзушылықтар бойынша келіспеу туралы түсіндірме алу мерзімі өткеннен кейін он жұмыс күнінен кешіктірілмей басталуға тиіс. Қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкердің салық берешегі көрсетілген дара кәсіпкердің ақшасы есебінен, оның ішінде мүлкін өткізуден алынған ақша есебінен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген кезектілік тәртібімен өтеледі.
Егер қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкерде салықтардың, бюджетке төленетін төлемақылар мен өсімпұлдардың артық төленген сомасы бар болса, көрсетілген сома осы дара кәсіпкердің салық берешегін өтеу шотына есепке жатқызылуға жатады. Қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкерде салық берешегі болмаған жағдайда:
- салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, алымдар, айыппұлдар мен өсімпұлдардың артық немесе қате төленген сомасы осы салық төлеушіге қайтарылуға жатады;
- кеден органдары алатын кедендік баждардың, салықтардың, кедендік алымдар мен өсімпұлдардың бюджетке артық (қате) төленген сомасы ҚР кеден заңнамасында белгіленген тәртіппен осы салық төлеушіге қайтарылуға жатады.
Қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкер камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар болмаған жағдайда орналасқан жерi бойынша салық органына бір мезгілде:
- кәсіпкерлік қызметте пайдаланылған банктегі бар шоттарының жабылғаны туралы банктің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның анықтамасын;
- дара кәсіпкер мөрінің жойылғаны туралы құжатты;
- тіркелу есебінен шығару туралы салықтық өтінішті табыс етуге міндетті.
Қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкер салық берешегi, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегі болмаған жағдайда, қорытынды алынған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде аталған құжаттарды табыс етеді.
Қызметі тоқтатылатын дара кәсіпкер камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар, салық берешегi, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары, әлеуметтiк аударымдар бойынша берешек болған жағдайда камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды толық көлемде жою шартымен салық берешегi, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешек өтелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жоғарыда аталған құжаттарды табыс етеді.
Жәнде құжаттарды табыс ету күні дара кәсіпкерді салық органындағы тіркелу есебінен шығару күні болып табылады.
Сонымен қатар, салық органы құжаттар табыс етілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша салық төлеушінің тіркелу есебінен шығарылғанын растайтын құжат береді немесе тіркелу есебінен шығарудан бас тарту себептерін көрсете отырып, одан жазбаша түрде бас тартады. Осы аталған ережелердің сақталмауы тіркелу есебінен шығарудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
Кілттік сөздер: қызметін тоқтататын дара кәсіпкер, қызметті тоқтату туралы салықтық өтініш, таратудың салық есептілігі, бақылау-кассалық машинаны есептен шығару, мемлекеттік уәкілетті орган, кеден органдары, салықтық тексеру, камералдық бақылау.
2.5 - тақырып. Хабарсыз кеткен деп танылған жеке тұлғаның салық міндеттемесін орындау Ахмедиярова Айгерим
Дәріс жоспары
1. Хабарсыз кеткен деп танылған жеке тұлғаның салық міндеттемесін орындау
2. Қайтыс болған жеке тұлғаның салық берешегін өтеу
3. Салық міндеттемесі мен талабы бойынша талап қою мерзімі
