- •Дәріс кешені
- •1 Бөлім. Салық міндеттемесінің теориялық негіздері
- •Дәріс жоспары:
- •Дәріс жоспары
- •2 Бөлім. Жекелеген салық төлеушілердің салық міндеттемесін орындау ерекшеліктері
- •Дәріс жоспары
- •1. Таратылатын заңды тұлғаның салық міндеттемесін орындауы
- •1.Таратылатын резидент заңды тұлғалардың жекелеген санаттарының құрамы
- •2. Камералдық бақылау түсінігі және оның мақсаты
- •3. Камералдық бақылау нәтижелері бойынша іс-шаралар
- •4. Заңды тұлға қосылу, бірігу, бөлініп шығу жолымен қайта ұйымдастырылған кезде салық міндеттемесін орындау.
- •1. Қызметін тоқтататын дара кәсіпкердің салық міндеттемесін орындау
- •2. Бақылау-касса машинасын есептен шығару
- •3. Құжаттық салықтық тексеруді жүргізу
- •1. Хабарсыз кеткен деп танылған жеке тұлғаның салық міндеттемесін орындау
- •2. Қайтыс болған жеке тұлғаның салық берешегін өтеу.
- •1. Мерзімінде орындалмаған салық міндеттемесі түсінігі
- •2. Мерзiмiнде орындалмаған салық мiндеттемесінің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері.
- •1. Өсiмпұл түсінігі және оны есептеу
- •2. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң мерзiмiнде төленбеген сомасына өсiмпұл
- •3.4 Салық төлеушiнiң мүлікке билiк етуiн шектеу – Идрисова Айгерим
- •1. Салық органы салық төлеушiнiң мүлiкке билiк етуiн
- •2. Билік етуі шектелген мүлік тізімдемесі
- •1.Салық берешегін банк шоттарындағы ақша есебінен өндіріп алу
- •2. Инкссалық өкімді қолдану
- •1. Салық төлеушінің билік етуі шектелген мүлкін салық берешегі есебіне өткізу тәртібі.
- •2. Салық төлеушіні банкрот деп тану.
- •3. Дара кәсіпкер, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат болып табылмайтын салық төлеуші жеке тұлғаның салық берешегін өндіріп алу.
Дәріс кешені
1 Бөлім. Салық міндеттемесінің теориялық негіздері
1-тақырып. Салық міндеттемесі түсінігі мен элементтері
Дәрістің мақсаты: салықтың мәнін, материалдық белгісін, салықты экономикалық категория тұрғысынан және құқықтық тұрғыдан қарағандағы сипатын, салық құқығын, салық міндеттемесі түсінігі мен элементтері түсіндіру.
Дәріс жоспары:
1.Салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдердің түсінігі және түрлері
2.Салық міндеттемесі түсінігі
3.Салық салудың міндетті элементтері
4.Қосымша элементтердің маңызы және түсінігі
1. Салықтар - мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде жүргізетін, қайтарымсыз және өтеусіз сипатта болатын бюджетке төленетін міндетті ақшалай жарналар. Салық - заңды актілерге сәйкес салық төлеушілермен жүзеге асырылатын бюджетке төленетін міндетті төлем. Салықты басқа да төлемдерден ажырата білуіміз керек. Себебі, салық белгілі бір объектілерден: табыс, мүлік, тауар, жер, көлік, мұрадан төленеді. Сонымен қатар салықты төлеудің өзіндік бір мерзімі болады және белгілі бір көлемде немесе мөлшерде алынады.
Салықтар мемлекеттің қаржылық ресурстарын қалыптастыруда заңи және жеке тұлғалардың қатысу міндеттілігін білдіреді. Белгілі философ Фрэнсис Бэкон салықтарды төлеу - әрбір азаматтың қасиетті борышы деген еді. Қазақстан Республикасы Конституциясының 35-інші бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге міндетті телемдерді телеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады, - деп жазылған. Қайта бөлудің тетігі бола отырып, салықтар бөлу жүйесінде пайда болатын жаңылыстарды «өшіруді» және экономикалық субъектілер кызметін ынталандыруды немесе тежеуді талап етеді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетіне салықтардың меншікті салмағы 75% пайыздан құрайды. Салықты материалдық тұрғыдан алғанда - бұл, салық төлеушінің белгілі бір мерзімде және белгіленген тәртіпте мемлекетке беретін белгілі бір ақша сомасы болып табылады.
Салықтың материалдық белгісі - салық төлеуші белгілі бір соманы мемлекетке міндетті түрде беруі болып келеді. Материалдық салықтың қатынастар - ақшалай қатынастар, өйткені ол ақша қаржыларының салық төлеушіден мемлекеттік ақша қорларына жылжуы дегенді білдіреді. Экономикалық категория тұрғысынан қарағанда салық - салық төлеушілерден мемлекетке қарай белгілі бір мөлшерде, белгілі бір мерзімде және белгіленген тәртіпте бір бағыттағы ақшаның қрзғалысы болып саналады.
Ал, құқықтық тұрғыдан қарайтын болсақ, бұл мемлекеттік бекітілім, яғни тұлғалардың мемлекетке белгілі бір ақша сомасын беруін (төлеуді) көздейтін міндеттеме. Салық құқығы - мемлекеттің салықтық әрекеті процесінде пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Салық материалдық тұрғыдан белгілі бір ақша сомасын немесе салық төлеушілердің мемлекетке беруі тиіс белгілі бір заттардың санын білдіреді.
Сонымен салықтардың мазмұны мынадай:
- материалдық категория жағынан - бұл белгілі бір ақша сомасы болса;
- экономикалық категория ретінде – бұл мемлекеттің табысы;
- заңдық категория жағынан, бұл заң жүзінде белгіленген міндеттеме болып табылады.
Салықтың экономикалық белгілері ретінде келесі көрсетілгендерді атауға болады:
салық – мемлекетке тиесілі қоғамдық жиынтық өнімді бөледі;
салық – ақшалай нысанды төленеді;
салық – қайтарылмайтын төлем болып табылады;
салық – баламасыз сипатта болады;
салық – салықты төленген кезде меншік нысандары айқындалады;
салық – тұрақты экономикалық қатынас туғызады;
Ал, енді осы белгілердің мазмұнын тереңірек қарастырайық.
1.Салық – мемлекетке тиесілі қоғамдық жиынтық өнімді бөледі.
Мемлекеттік аппарат мемлекетке тиесілі ақша сомасын өндірмейді. Сондықтан мемлекет жеке және заңды тұлғаларға салық салу арқылы қажетті соманы өндіріп алып отырады. Мұның экономикалық сипаттамасы мемлекет салықты белгілеу және өндіріп алу арқылы өндірілген қоғамдық жиынтық өнімнің бір бөлігін өзіне тиесілі сома ретінде айналдырып алады. Бұл жерде салық қатынасы бөлуші сипатта болады.
2. Салық – ақшалай нысанды төленеді. Натуралдық нысанда төленуі де мүмкін. Мәселен, ауыл шаруашылығы саласында жиналған өнімнің бір бөлігі салық ретінде төленеді. Салық кодексінде салық ақшалай нысанда төленуі тиіс деп атап көрсетілген.
3. Салық – қайтарылмайтын төлем болып табылады. Салықты төлеген кезде ақша тек бір бағытта ғана қозғалады, яғни салық төлеушіден мемлекетке бағытталады. Мұның қайтарымды төлемдерден (мысалы, мемлекеттік қарыз) айырмашылығы:
Біріншіден,ақша салық төлеушілерден мемлекетке қарай қозғалады;
Екіншіден, кері қайтады, яғни мемлекеттен салық төлеушілерге бағытталады. Ал, қайтарымсыздық дегеніміз- ақшаның мерзімсіз алуды білдіреді, яғни ол соманың қашан қайтатыны белгісіз.
4. Салық –баламасыз сипатта болады. Салық құнның ақшалай нысанда бір бағытта қозғалысын айқындайды, төленген салыққа қарсы тауар түрінде болса да қозғалыс жоқ. Толығырақ айтқанда, салық қандай да бір тауарға, немесе мемлекеттік қызметке төлем болып есептелмейді, яғни ақшаның өтеусіз алынуын көрсетеді. Сондықтан салық – баламасыз төлем болып табылады.
5. Салықты төлеген кезде меншік нысандары айқындалады. Салық төленген кезде меншік нысандары ақша қаражаттарына, немесе материалдық құндылықтарда жеке меншіктен мемлекеттік меншікке өтеді (ауысады). Анығын айтқанда, салық салу мемлекетке тиесілі меншіктерді иеліктен шығарады,ал меншік иелері арасындағы туындайтын салық қатынастарында мемлекет жеке меншіктен мемлекеттік меншікке салық төлемдерінде меншік құқықтарын өзгерте алады.
6. Салық – тұрақты экономикалық қатынас туғызады. Салықты белгілеуде тұрақты салық қатынастары пайда болады. Тұрақтылықты мынадан байқауға болады, яғни салық жеке түрде емес, нормативті құқықтық актілермен белгіленеді. Мәселен, бір тұлғаның нақты салық салу объектісі бар болса, ол салық міндеттемелерін орындаушы болып табылады.
Сонымен қатар салықтың құқықтық бірнеше белгілері бар, атап айтқанда:
салықты –мемлекет немесе уәкілдік берілген мемлекеттік орган белгілейді;
салық – құқықтық нысанда жүзеге асады;
салық – мемлекеттің бір жақты белгіленімі болып табылады;
салықты белгілеу арқылы салық міндеттемесі туындайды;
салық – мәжбүрлеме сипатта болады;
салық төлеу арқылы ақшаны алу құқықтық сипатта жүзеге асырады.
Салықтардың экономикалық мәні мынада: салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді. Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Мемлекет қүрылымының өзгеруі, еркендеуі қашанда болса оның салық жүйесінің қайта құрылуымен бірге қалыптасады. Әрбір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет. Салықтар - мемлекеттің түрақты қаржы көзі болып табылады. Сондықтан мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланады.
Салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері. ҚР мынадай:
- салықтар: корпоративтік табыс салығы, жеке табыс салығы, қосылған құн салығы, акциздер, экспортқа рента салығы, жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салықтары, әлеуметтік салық, көлік құралы салығы, жер салығы, мүлік салығы, ойын бизнесі салығы, тіркелген салық, бірыңғай жер салығы;
- бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер: мемлекеттік баж, алымдар, тіркеу алымдары, автокөлік құралының ҚР аумағымен жүргені үшін алым, аукционнан алынатын алым, жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым, телевизия және радио тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру үшін алым; мыналар:
- жер учаскесін пайдаланғаны үшін, үстіңгі көздерден су ресурсын пайдаланғаны үшін, қоршаған ортаға эмиссия үшін, жануарлар әлемін пайдаланғаны үшін, орманды пайдаланғаны үшін, ерекше қорғалатын табиғи аумақты пайдаланғаны үшін, радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін, қалааралық және халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты бергені үшін, кеме жүзетін су жолдарын пайдаланғаны үшін, сыртқы жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақылар қолданылады.
Салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасы ҚР Бюджет кодексінде және республикалық бюджет туралы заңда айқындалған тәртіппен тиісті бюджеттердің кірістеріне түседі. Нарықтық қатынастарға өтудегі өтпелі кезең жағдайында салық жүйесі басты экономикалық реттеу болып, мемлекеттік экономиканы реттеудің қаржы-несиелік механизмнің негізі болып табылады.
2. Салық төлеушінің Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекет алдында туындайтын міндеттемесі салық міндеттемесі деп танылады, оған орай салық төлеуші салық органында тіркелу есебіне тұруға, салық салу объектілерін және салық салуға байланысты объектілерді айқындауға, салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, сондай-ақ олар бойынша аванстық және ағымдағы төлемдерді есептеуге және төлеуге, салықтық нысандарды жасауға, салық тіркелімдерін қоспағанда, салықтық нысандарды салық органына белгіленген мерзімде табыс етуге міндетті.
Мемлекеттің салық қызметі органы арқылы салық төлеушіден оның салық міндеттемесін толық көлемінде орындауын талап етуге, ал салық міндеттемесі орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда Салық Кодексінде көзделген тәртіппен оларды қамтамасыз ету жөніндегі тәсілдерді және мәжбүрлеп орындату шараларын қолдануға құқығы бар. Салық агенті - Салық Кодексіне сәйкес төлем көзінен ұсталатын салықты есептеу, ұстау және аудару жөніндегі міндет жүктелетін дара кәсіпкер, жеке нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, заңды тұлға, оның ішінде резидент емес заңды тұлға.
Салық салу объектісі және салық салуға байланысты объект. Мүлік пен іс-әрекеттер салық салу объектісі және салық салуға байланысты объект болып табылады, олардың болуына байланысты және олардың негізінде салық төлеушінің салық міндеттемесі туындайды. Салық базасы. Салық базасы салық салу объектісінің құн, физикалық немесе өзге де сипаттамаларын білдіреді, олардың негізінде салықтың және бюджетке төленуге жататын басқа да міндетті төлемдердің сомасы айқындалады.
Салық ставкасы. Салық ставкасы салық салу объектісінің немесе салық базасының өлшем бірлігіне салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемді есептеу жөніндегі салық міндеттемесінің шамасын білдіреді. Салық ставкасы салық салу объектісінің немесе салық базасының өлшем бірлігіне процентпен немесе абсолютті сомамен белгіленеді.
Салық кезеңі. Салық кезеңі деп салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жекелеген түрлеріне қатысты белгіленген уақыт кезеңі түсініледі, ол аяқталған соң салық салу объектісі, салық базасы айқындалады, салықтың және бюджетке төленуге жататын басқа да міндетті төлемдердің сомасы есептеледі.
3. Салық салудың негізгі әлементтеріне мыналар жатады: салық кезеңі, салық объекті, салық субъекті, салық салынушы, салық салу бірлігі, салық базасы, салық мөлшерлемесі, квота, салықпұл, салық жеңілдіктері, төлеу мезгілі мен тәртібі, салық төлеушілер мен салық орғандарының құқықтары мен міндеттіліктері, салықтың төленуін бақылау, салық заңнамасын бұзғаны үшін санкциялар, т.б.
Салық кезеңі. Салықтардың және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдердің жекелеген түрлеріне қатысты белгіленген уақыт кезеңі салық кезеңі деп түсініледі, ол аяқталған соң салық салу объекті, салық базасы анықталады, бюджетке төленуге тиісті салықтар мен басқа міндетті төлемдердің сомасы есептеледі.
Салық субъекті немесе салық төлеуші - салықты және бюджетке басқа төлемдерді төлеуші тұлға, алайда рыноктық механизм арқылы салық ауыртпалығы басқа тұлғаға –салық салынушыға аударылуы мүмкін. Салық салынушы - нақты салық ауыртпалығы (салық жүктемесі) түсетін жеке тұлға, түпкі салық төлеушілер, яғни мемлекет азаматтары. Салық объекті. Мүлік пен іс-әрекеттер салық салу объекті және салық салуға байланысты объект" болып табылады, олардың болуына байланысты және олардың салықтөлеушінің салықтық міндеттемесі" туындайды.
Салық көзі салық төленетін табыс болып табылады; бірқатар салықтар бойынша (мысалы, пайдаға салынатын салық) объекті мен көздері дәл келеді; біркатар жағдайларда салық көзі салықты төлеу үшін салық төлеуші сатқан мүліктің бір бөлігі болуы мүмкін. Салық базасы. Салық базасы – салық салу объектінің кұндық, заттай немесе өзге сипаттамалары, олардың негізінде бюджетке төленуге тиіс салықтар және басқа міндетті төлемдердің сомасы анықталады.
Кілттік сөздер: салық ставкасы, салық кезеңі, салық салу объектісі және салық салуға байланысты объект, салық агенті, салық міндеттемесі, мемлекеттің табысы, белгіленген міндеттеме, қайтарылмайтын төлем, жиынтық өнімді бөлу, міндетті төлемдер.
1.2 - тақырып. Салық міндеттемесін орындау
Дәрістің мақсаты: салық міндеттемесін орындау ретін, салық төлеуші салық міндеттемесін орындау үшін негізгі іс-әрекеттерін және салық міндеттемесін орындау мерзімдері мен салық берешегін өтеудің тәртібін түсіндіру.
