Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
аз құқ жалпы бөл силлабус.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
260.1 Кб
Скачать

«Сүлеймен Демирел атындағы университет»

Құқық және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар факультеті

Құқықтану кафедрасы

БЕКІТЕМІН

Йылмаз Х.________

«_____» _________ 2014.

Силлабус

Пән: ҚР Азаматтық құқығы Жалпы бөлім

Кредит: 3

Семестр: 4

Оқытушының аты-жөні: Аманкожаев Айдын Амантурович

Оқытушы туралы мәлімет

(аты-жөні, ғылыми дәрежесі, қызметі, офисі т.б. )

Өткізу уақыты және орны

Байланыс ақпараты

Аудиториялық сабақ

(лек., прак./1емин.,лаб./студ.)

офис-сағаттары

ОСӨЖ (ауд.)

тел.

e-mail

құқық магистрі. аға оқытушы Аманкожаев Айдын Амантурович

4 қабат 7 бөлме

Лекция – 30 сағ., семинар – 15 сағ.

Өткізу уақыты және орны:

оқу кестесіне сәйкес

45 сағ.

Өткізу уақыты және орны:

оқу кестесіне сәйкес

-

Av.aydinamankojaev@gmail.com

    1. Осы пән «Азаматтық құқық» атты модульдің құрамдас бөлігі болып табылады.

    2. Курстың қысқаша сипаттамасы

Курс 1994 ж 27 желтоқсанда қабылданған ҚР Азаматтық Кодекстің (Жалпы бөлім) құрылымымен сәйкес құрастырылған және жеке құқық саласының жалпы ережелері мен субъектілердің құқықтық жағдайы, мәмілелере, заттық құқық және міндеттемелік құқық жалпы ережелері сияқты негізгі салаларды қамтыған. Курс бакалавр деңгейінде жүргізілетіндіктен теориялық негізгі ұғымдармен қатар, практикалық жағдайы да ескеріліп дайындалған. Аталған курс Азаматтық құқық саласына кіретін жалпы қатынастардың азаматтық кодекс және заңнамардағы ерекшеліктері ескеріліп осы саралауда түсіндіріледі. Курс дәріс, семинар және өзіндік жұмыс түрінде құрастырылған.

1.3 Пәнді оқытудың мақсаты - Курс азаматтық құқықтың негізгі ұғымдары мен басты категорияларын оқып үйрену және соның негізінде сол заңнамаларды тәжірибе жүзінде пайдалануды игеру болып табылады. Курс 1994 ж 27 желтоқсанда қабылданған ҚР Азаматтық Кодекстің (Жалпы бөлім) құрылымымен сәйкес құрастырылған.

Курсты меңгерудің мақсаттары:

  1. азаматтық құқықтың теориялық негіздерін ашу,

  2. азаматтық заңнаманың маңызын нарықтық экономиканың қалыптасуында түсіндіру,

  3. азаматтық құқықтың негізгі институттарымен таныстыру,

  4. азаматтық заңнамаға түсіндірме беру, талдау жасау және оны дұрыс қолдану дағдыларын беру.

1.4 Курсты меңгерудің негізгі міндеттері:

  1. азаматтық заңнама негіздері туралы мәліметтер алу,

  2. азаматтық заң нормаларын тәжірибе жүзінде қолдана білу,

  3. азаматтық қатынастар саласында субъектілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау қабілеттіліктерін қалыптастыру.

1.5 Курс нәтижесінде студенттің біліктілік жағдайы мен меңгеруі тиіс;

Осы курсты игеру нәтижесінде тыңдаушы,

білуі тиіс:

- азаматтық құқықтың негізгі ұғымдары мен категориялар мен мазмұнын;

- азаматтық құқықтың теориялық негіздерін;

- азаматтық құқықтың негізгі ұғымдарын, институттарын;

- азаматтық құқықтың негіз қалаушы бастауларын;

- азаматтық құқықтың негізгі ережелерін.

- азаматтық құқықтың негізін қалаушы бастауларының практикалық арақатынасын;

- тәжіриберік жағдайларға талдау жасап шешім табуды, азаматтық заңдар нормаларын дұрыс және ұтымды қолдануды;

жасай алуы тиіс:

- азаматтық құқықтық қатынастардың заңи фактілерін және азаматтық құқықтық қатынастарды талдау,

- азаматтық құқықтың терминологиясын, негізгі ұғымдары мен категориялар мен мазмұнын, институттарының ерекшелігін;

- азаматтық құқық қайнар көздері арасы қатынасы жағдайында шешім қабылдауды;

- азаматтық заңнамаға түсіндірме беруге, талдау жасауды;

- берілген тақырып бойынша ғылыми ізденіс жасап, азаматтық құқық теориясындағы пікірлерге талдау жасап, ғылыми қорытынды шығаруды.

1.6 «ҚР Азаматтық құқығы Жалпы бөлім» пәнін оқу үшін студенттердің меңгеруі тиіс пәндер. Пререквизиттері: Мемлекет және құқық теориясы, Мемлекет және құқық тарихы, Рим құқығы, ҚР Конституциялық құқығы, Логика.

1.7 «ҚР Азаматтық құқығы Жалпы бөлім» пәнін меңгергеннен кейін оқитын пәндері. Постреквизиттері: Азаматтық құқық (ерекше бөлім), Кәсіпкерлік құқық, Тұрғын үй құқығы, Халықаралық жеке құқық, Жер құқығы, Нотариат, Отбасы құқығы және т.б.