Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ИППУ.ЛекцияКаз..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
508.93 Кб
Скачать

3. Фома Аквинский,Марсилий Падуанскийдiң саяси және

құқытық iлiмдерi. Қайта өрлеу дәуiрiндегi саяси және құқытық

ойлардың жалпы сипаттамасы

Рим папасы өзінің саяси және рухани өмірдегі ең жоғарғы қуаттылығына ХІІ ғасырда жетті. Бұл кезде католик дін басшылары адам санасына билік жүргізудің схоластикалық жүйесін жасауды аяқтаған болды. Схоластикалық жүйені жасау жолында доминикан монахы, діни-ғалым Фома Аквинский (Аквинат) үлкен роль атқарды. Оның шығармасында негшізгі орта ғасырлардағы шіркенуді ресми идеологиясының энциклопедиясын құрды. Фома Аквинский шығармаларында сонымен бірге мемлекет, заң, құқық және билік мәселелсі де қамтылды. Діни-ғалым Фома Аквинский өз шығармасында Аристотельдің көзқарастарын католик шіркеу қағидасымен үйлестіруге және діннің позициясын осылайша нығайтуға ұмтылды. Фома Аквинский мемлекет туралы ұғымдары мемлекеттің христиандық доктринасын Аристотельдің «Саясат» деген еңбегі ауқымында дамытудың алғашқы қадамы болды деген.Аквинат Аристотельдің адам табиғатынан қоғамшыл және саясатшы деген ойын қолдады.Адамдар алғашқы кезден-ақ бірігуге және мемлекетте өмір сүруге ұмылған, өйткені олар жеке-дара өз қажеттілігін өтей алмайды деген. Осындай табиғи себеп бойынша- саяси ұйым (мемлекет) пайда болған, яғни, мемлекеттің пайда болуы адамдардың прогресті іс-әрекеттерінен емес, табиғи қажеттіліктен тұрады, оның пайда болуы алдын-ала дайындалған, құдайдың әлемді жаратқаны сияқты мемлекет те солай жаратылған деген. Патшаның билігі құдайдың белсенді әрекетіне ұқсас деген. Құдай әлемге басшылық етуге кірісуден бұрын, оның құрлымы мен ұйымын дайындаған. Патшалар да алдымен мемлекет пен оның құрлымдарын жасаған, содан кейін ғана оны басқаруға кіріскен деген.

Мемлекеттің мақсаты-ол, «жалпы игіліктер», саналы өмір мен тұрмыс үшін қажетті жағдай жасау болып табылады деген. Бұл мақсатқа жету үшін Фома Аквинский феодалдық-сословиелік жүйені және «билік иелері мен байлардың артықшылық жағдайын сақтау керек» деген. Діни билігінің азаматтық биліктен күштілігін және оның мемлекеттік билікке араласуын дәлелдеу үшін Фома Аквинский мемлекеттік биліктің үш элементін анықтады. Олар мынадан тұрады: 1.Биліктің мәні; 2.Биліктің пайда болу формалары; 3.Билікті пайдалану. Аристотельдің мемлекет туралы ілімін терең меңгерген Ф.Аквинский саяси форманың аристократия, олигархия, демократия және аралас басқару ұғымдары туралы өз ойларын білдірді. Оның ойынша, саяси формалардың ең тиімдісі монархия деген. Ал монархия құрлысын екі түрге бөлді: абсолюттік және саяси монархия деп қарады.

Ф.Аквинскийдің айтуынша барлық заңдар субординация тізбектері арқылы байланысқан деген. Бұл заңдардың ең биік шыңында бүкіл әлемдік басқарушы құдайлық сананың жалпы принциптері,универсальды нормалары-мәңгі заңдар тұрады деген. Мәңгі заңдар құдайдан келген, ол өздігінен өмір сүреді, басқа заңдар мәңгі заңдар негізінде пайда болған деген. Табиғи заңдар өзіңді -өзің қорғауды, ұрпақ жалғастыруды, құдайдан ақиқатты іздеуді және адам қасиеттерін құрметтеуді міндеттейді деген.Табиғи заңдарды нақтылауға адамгершілік (позитивті) заңдары қызмет етеді. Оның мақсаты-адамдарды күшпен және қорқытумен зұлымдыққа жоламауды және қайрымдылыққа жетуге мәжбүрлеу болып табылады деген.

Заңның келесі түрі-ол, құдай заңы Библияда (Тауратта) берілген және ол екі жағдайда қажет болады. 1-ден, адамдық заңның зұлымдықты толығымен жоюға шамасы келмейді. 2-ден, адам санасының толық дамымауынан олар ақиқат туралы біріңғай ұғымға өздігінен келе алмайды деген. Сол себептен ақиқатты құдайдан да іздеу керек деген. Этика ілімі туралы Ф.Аквинский әділдікті әркімнің өз мүддесі үшін жасау қажет деген. Ф.Аквинский католик ілімінің жаратылыс пен қоғамға қатынасы жөніндегі мәселелердің негізін қалаушы шіркеу схоластикасының ірі өкілі деп танылды. Оның шығарған негіздерін католик шіркеуі де бүгінгі күнге дейін дұрыс деп санайды. Оның бұл ілімдерін ресми және «міндетті» католик шіркеуінің бірден-бір ақиқат философиясы деп бірнеше рет (ХІІІ Леа булласы, 1879, Х Пи жолдамасы,1903, ХІ Пи,1923) жарияланды. Ф.Аквинский «Жаратқан құдайдың абыройы үшін» деген еңбегінде- ол, ересьтерді аяусыз жазалауға шақырды. Ол Рим папасын құдайдың таңдаулы да сүйікті құлы деп дәріптеп, оның билігіне бағыну адам жанын құтқарудың тура жолы деп уағыздады. Ф.Аквинский ешқашан да ғылым мен білім жетістігін және ақыл-ой жемісін жоққа шығарған жоқ, бірақ оның айтуынша, бұлардың қай-қайсысы болсын құдайды айналып өтпеуге тиісті деген. Өйткені, барлық нәрсенің ақиқаты «жоғарыдан» болады деген. Рим папасы Фома Аквинскийдің еңбегін жоғары бағалады, оған діни және ғылыми жоғарғы атақтар берілді, оның шығармалары шіркеу философиясының нағыз шындығы ретінде бағаланды. Кейбір өзгерістермен неотомизм және неосхоластика деген атпен Ф.Аквинскийдің негізгі идеялары қазіргі күнге дейін жұмыс істеп келеді.

Марсилий Падуанский:Батыс Европада ХІ-ХІІІ ғасырларда қоғамдық өмірде өндіргіш күштердің тез дамуының нәтижесінде қалалардың өсуі мен басқа да өндіріс орындары дами бастады. Өндіргіш күштердің дамуымен бірге жаңа қоғамдық топтар да пайда болды, атап айтқанда: көпестер, банкирлер,кәсіпкерлер, шеберханалар, мануфактуралар т.б. Бұл қоғамдық топтар мемлекеттегі өзара қақтығыстар мен соғыстарды жоюға, тәртіп пен заңдылықтың сақталуына, күшті мемлекет билігін сезіну қажет болды. Осындай қоғам топтарының мүддесін қорғаушының бірі Марсилий Падуанский болды. Өзінің кең көлемдегі «Әлем қорғаушысы» деген еңбегінде ол өмірдегі қайыршылық пен бақытсыздықты шіркеу жауапкершілігіне жүктеді. Егер шіркеу бұдан былай адамдардың рухани өмірі саласында ғана қызмет етсе, бұл қайыршылықтарды жоюға болады деп есептеді.М.Падуанскийдің айтуынша шіркеу мемлекеттен бөлінуі тиіс деген. Ол билік пен мемлекет адам қауымдастығы формаларының біртіндеп күрделенуінен пайда болады деп есептейді. Алдымен жалпы игілік үшін отбасы және жалпы келісім бойынша ру, одан кейін тайпа және осындай жолмен қалалар, ал қалалардан мемлекет пайда болады,-дейді М.Падуанский.

М.Падуанский барлық биліктің нағыз қайнар көзі халық деген тезисті батыл жақтады. Бірақ, М.Падуанский халық қатарына мемлекеттегі барлық тұрғындарды емес, оның тек бай топтарын ғана кіргізді. Ол қоғам мүшелерін екі категорияға бөлді, атап айтқанда:төменгі және жоғарғы. Ол қоғамның жоғарғы тобына: әскерлер, шіркеу иелері, чиновниктер яғни жалпы игілікке қызмет етушілер деп аталды, ал төменгі категорияға: саудагерлер, шаруалар, қолөнершілер- олар тек өз мүдделеріне ғана қызмет етушілер деп есептеді. Оның айтуынша, мемлекеттік билік, ең алдымен, заңдар шығару арқылы әрекет жасайды деген. Яғни, нақты жаза арқылы адамдарды қорқыту және жақсы істер үшін марапаттауға уәде беру керек деген.М.Падуанскийдің сөзімен айтсақ құқықтық заңдарды шығаруға халықтың ғана құқығы бар деген. М.Падуанский алғашқының бірі болып мемлекеттегі заң шығару және атқару биліктерінің айырмашылығы туралы айтты.Қабылданған заңдар халық үшін және оны қабылдаушылар үшін де орындауға міндетті болуы тиіс деген.Заң оны шығарушыларға ғана емес, қалың көпшілікке қызмет еткенде ғана толысқан заң болып есептеледі деген. Заңның күші оның ала-құлалығынада емес, барлық адамдар үшін бірдей міндеттілігінде болады деген. Заң шығарушы орган атқарушы биліктің құрамын және өкілеттілігін айқындайды деген. Сол кездегі италияндық республикалардағы тәжірибесіне сүйене отырып, Марсилий Падуанский мемлекеттік саяси институттардың қызметтегі лауазымды адамдардың сайланбалы принципін ұсынды. Оның айтуынша мұрагерлікпен келген монархқа қарағанда, сайлау арқылы билікке жеткен монархтың өкілеттілігі де, билігі де ауқымды және әділ болады деген.

М.Падуанскидің мемлекекттің шіркеуден тәуелсіздігі, заң шығарушы және атқарушы биліктің арақатынасы, заңның билеушіні қоса есептегенде барлық адамдар үшін бірдей міндеттілігі және т.б. ойлары қайта өрлеу мен ерте буржуазиялық дәуірдегі қоғамның демокртатиялық саяси құрлымы туралы жаңа көзқарастары мен идеяларының одан әрі дамуына өз әсерін тигізді.