- •1.Саяси және құқытық iлiмдер тарихы пәнi.
- •2. Саяси және құқықтық iлiмдер тарихының әдiстерi.
- •3.Теориялық саяси және құқықтық сана және оның құрлымы.
- •4. Саяси және құқықтық iлiмдер тарихының кезеңге бөлiнуi.
- •1. Ежелгi Үндiстандағы саяси-құқытық ойлар
- •2.Ежелгi Қытайдағы саяси және құқықтық ойлар
- •3.Ежелгi Грециядағы саяси және құқықтық iлiмдер
- •4.Ежелгi Римдегi саяси және құқықтық iлiмдер.
- •1.Шығыс Араб, Орта Азия және Закавказье елдерiндегi саяси және
- •2.Орта ғасырдағы Батыс Европаның саяси және құқытық ойларының
- •3. Фома Аквинский,Марсилий Падуанскийдiң саяси және
- •4. Николо Макивавелий, Жан Боденнiң, Томас Морр,
- •1. Хүii ғ. Голландиядағы саяси және құқықтық iлiм
- •2.Гуго Гроцийдiң, Барух Спинозаның мемлекет туiралы
- •Iлiмдерi
- •3.Томас Гоббстың саяси және құқытық iлiмi “Левиафан”
- •4.Англиядағы хүiii ғ. Саяси және құқытық ойлар
- •1. Франциядағы хүiii ғ. Саясип және құқытық идеологиясының
- •2.Ағартушылық саяси және құқықтық көзқарастары
- •3.Ш.Монтескиенiң, ж..Ж.Руссо саяси және құқытық iлiмдерi
- •4. Утопиялық коммунизмнiң саяси идологиясы
- •Iлiмдер
- •1. Саяси және құқытық ойлардың негiзгi бағыттардың
- •2.“Федералистердiң” саяси және құқықтық
- •4.Конституциализмнiң және федерализмнiң идеялары
- •5. Радикалды демократтардың саяси және құқықтық
- •1.Имануил Канттың құқық және мемлекет туралы iлiмi
- •2.Мәңгi дүние жобасы “Мәңгi дүниеге”
- •3. Гегельдiң құық пен мемлекет туралы iлiмi
- •4.Құқықтың тарихи мектебi г.Гуго, ф.К.Савиньи, г.Пухта
- •1.Хiх ғ. 2-шi жартысындағы саяси және құқықтық
- •2. Батыс Еворпадағы марксизмнiң саяси және
- •3. Пьер Жозеф Прудонның мемлекет және құқыққа
- •4.Позитивизмнiң негiзiн салушылардың саяси және
- •2.Хiх ғ. 2-шi жартысындағы хх ғ. Басындағы Ресейдегi
- •3.Қазақ ағартушылардың саяси және құқықтық идеялары,
- •1. Бұқар - жыраудың саяси және құқықтық идеялары
- •4.Хх ғ. 1-шi ширегiнде Қазақстандағы саяси және
- •1.Хх ғ. Саяси және құқықтық ойлардың ерекше белгiлерi
- •2.Л.Дюгидiң, г.Кельзеннiң, н.Ориуннiң құқық , солидаризм
- •3. Қытайдағы ұлт-азаттық қозғалысының саяси және
- •4.Үндiстандағы ұлттық қозғалыстың саяси және құқытық
2.Орта ғасырдағы Батыс Европаның саяси және құқытық ойларының
ерекшелiгi және негiзгi белгiлерi
Батыс Еуропалық орта ғасырлар тарихы алуан түрлі айтулы оқиғаларға толы ұзақ дәуірді қамтыды. Бұл дәуір экономикалық және қоғамдық өмірдің, әртүрлі топтар арасындағы шиеленіскен күрестің жаңа формаларының тууы мен дамуымен, өткір саяси және идеологиялық қақтығыстармен, буржуазиялық алғашқы революциялармен және мәдениет пен ғылымның одан әрі дамуымен, ұлы жаңалықтар мен өзгерістер ашқан ұлы ойшылдармен әйгілі болды деген. Осы кезеңде адамзат материалдық және рухани мәдениеттің дамуы жөніндегі тарихтың бұған дейінгі кезеңдерімен салыстырғанда едәуір ілгері басты. Бұл дәуір бүкіл адамзат ұрпағы мақтаныш ететін ұлы адамдар тобын өсірі шығарды, атап айтқанда:Петр Абельяр, Роджер Бэкон, Николай Коперник, Джордано Бруно, Данте, Петрарка, Шекспир, Сервантес, Рафаэль, Микеланджело, Леонардо де Винчи,Рембранд және т.б. әдебиет, өнер және музыка өнерімен қатар саяси-құқытық ойлардың негізін салушылар: Фома Аквинский, Марсилий Падуанский, Никола Макиавелли, Томас Мор, Томмазо Кампанелла, Мартин Лютер, Жан Боден, Филипп де Боманур сияқты алдыңғы қатарлы өкілдері де осы дәуірде өмір сүрді. Орта ғасырдағы Батыс Европалық саяси-құқытық ойдың бұл кезеңдегі дамуының өзіндік белгілері мен ерекшеліктері де болды және қарастырылып отырған дәуір аралығында саяси-құқықтық ілім өз бейнесі мен сипатын үнемі өзгертіп отырды. Бұл құбылыс сол кездегі феодалдық қоғамның әлеуметтік, экономикалық және саяси жүйесіедегі эволюциялар дамуының заңды нәтижесі болды. Өндіргіш күштердің өсуімен бірге өндірістік қатынастарға тән алға басушылық та болды, феодалдық мемлекеттердің әлеуметтік құрлысы сияқты саяси бейнесі де өзгерістерге ұшырады.
Эволюциялық даму нәтижесіне қарай тарихшылар орта ғасырлар кезеңін үш дәуірге бөлді: 1.Ерте феодалдық кезеңі-Ү-ХІ ғ. Феодализм қоғамдық-экономикалық формациясы қалыптасып, әлсіз ұйымдасқан ірі мемлекеттер пайда болды,олар біртіндеп бытыраңқылыққа ұшырады. 2.Феодалдық қоғамның дамыған және гүлденген кезеңі-ХІ-ХҮ ғас. Бұл кезде бір орталыққа бағынған сословиелі-өкілдік монархиялар өмір сүрді.3.Кейінгі орта ғасыр кезеңі-ХҮ-ХҮІІ ғас.басы. Феодалдық қоғам әлсіреп, дағдарысқа ұшырады, капиталистік қатынастар пайда болып, абсолюттік монархиялық билік орнады. Мемлекет, құқық және дін мен шіркеу орта ғасырларда феодалдар мүддесін қорғап, халықтың басқа қалың тобын оларға бағынышты етуге қызмет етті. Феодалдық қоғамның даму кезеңіндегі сипты батыс европалық орта ғасырлық саяси құқытық ойдың даму деңгейі мен ерекшелігін белгіледі. Сол кездегі саяси-құқықтық ойдың қалыптасуы мен дамуына орта ғасырлық философияның практикасы және схоластика деп аталған кезеңі Рим империясының құлауынан бастап қайта өрлеу дәуіріне дейінгі 600-700 жылдай уақытын қамтыды.Схоластика ақыл-ойға діни секнімнің үстемдігін жүргізудің заңдылығын дәлелдеуге ынтығатын болады. Схоластика дегеніміңз- ол, орта ғасырдағы феодалдық қоғамдағы діни-идеологиялық философиялық жалпы аталуын айтады. (негізсіз ойлау, шірекудің догмасына негізделген ойлар, тек діни нанымға негізделген ойлар). Европа елдерінде феодалдар мен ақсүйектер үстемдігін нығайтуда христиан діні мен шіркеуі орасан зор рөл атқарды. Орта ғасырлық саяси тарихтың бүкіл өн бойында, рим-католик шіркеуі мен Рим папасы және феодалдар мен монархтар арасында қоғамдағы үстем билік үшін, қиян-кескі күрес жүргізіп отырды. Шіркеу идеологтары мемлекеттің қуаттылығы-ол, шіркеудің қамқорлық нәтижесінде пайда болды деп түсіндірді. Ерте феодалдық қоғам дәуірінде шіркеудің озбырлығы мен феодалдардың шаруаларды қанауы және езуі діни көзқарас щеңберінен шыға алмады. Билік пен үстемдіктің және қанаудың құралы болған христиан діні мемлекет тарапынан мықты қорғауға алынды. Христиандық және католиктік шіркеудің қалың ықпалына ие болған орта ғасырлық саяси-құқықтық ойда, сонымен бірге, антикалық саяси-құқықтық идеяларды жаңа тарихи жағдайға бейімдеу процесі де жүріп жатты. Осы кезеңде қайта өрлеу дәуірінің процессі де дами бастады-ол, «Реннессанс» деп аталды. Ол дегеніміз саяси-құқықтық ойдың дамуының жаңаша мазмұнымен сипатталды. Сол кезеңде әдебиет пен өнерде, философиялық және саяси көзқарастарда жаңаша көрінген қайта өрлеу мәдениетінің идеялық мазмұны, әеттегідей «гуманизм» сөзімен белгіленді (humanus)- адамгершілік деген сөзден шыққан). Гуманизм ілімінің мұраты-ол, шіркеу уағыздаған діни сенімдерінен арылу және адамның жеке басын жан-жақты дамыту деген. Италияның гуманисі Пеко-делла Мирандолла «Құдай адамды әлемнің заңдарын танып білу, оның әсемдігін сүю, оның ұлылығына таңдау үшін жаратқан, ал адам өз еркі бойынша өсіп жетіле алады, оның бойында мейлінше сан-алуан тіршіліктің өркендері бар» деп жазған. Қайта өрлеу дәуірінің гуманист ойшылдары феодалдық дүние тану жүйесін сынға алды. Жаңа әлеуметтік топтың идеологтары- гуманистері феодалдық қоғамның соқыр сенімдеріне, қараңғылығына, шыққан тегімен мақтануына жиіркене және сынай қарады.
ХҮІІ ғасырда жаңа туып келе жатқан буржуазияның мүддесін білдірген Ф.Бэкон, Р.Декарт, Т.Гоббс, Б.Спиноза, Г.Лейбниц және т.б. тың саяси-құқытық көзқарастары феодалдық қоғамның сословиелік құрлысы орнықтырған феодалдық-шірекулік идеологияның негіздеріне елеулі соққы берді.
