Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ИППУ.ЛекцияКаз..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
508.93 Кб
Скачать

4.Ежелгi Римдегi саяси және құқықтық iлiмдер.

Ежелгі Рим тарихының өзі үш кезеңге бөлінеді:1)Патшалық Рим (б.э.д. 754-510 ж.); 2) Республиңкалық Рим (б.э.д. 509-28 ж.); 3) Императорлық Рим (б.э.д. 27 ж- б.э.476ж.). Сонымен бірге біртұтас Рим империясы б.э. 395 жылы екіге бөлінді, яғни: Батыс және Шығыс Рим ипериясына бөлінді. Шығыс Рим-Византия империясы 1453 жылға дейін өмір сүрді. Ежелгі Римдегі саяси-құқытық институттар мен көзқарастар халықтың әртүрлі топтары-патрицийлер мен плебейлер, нобилиттер (байыған плебейлер) мен кедейлер, оптиматтар (қоғамның ақсүйектер), популярлар (төменгі хылықты қолдаушылар), еріктілер мен құлдар арасындағы өткір күрес жағдайындағы ұзақ тарихы бойынша үнемі дамып отырды. Ежелгі Римдегі адамдардың құқытық және әлеуметтік жағдайларын (патрициялар мен плебейлерді) және басқа да ерікті адамдарды теңестіруге Римнің алтыншы патшасы Сервий Туллийдің реформа жасауына себеп болды.Реформа бойынша плебейлер «Рим халқының» құрамына қосылды және мүліктік белгісі бойынша бес разрядқа бөлінді. Плебейлер халық жиналыстарынак қатысуға және қоғамдық меншіктен үлес алу құқығына ие болды. Бірақ олардың құқытық жағдайы патрицейлерментолық теңесе алмады.Сол себептен плейбейлер өз күресін тоқтатпады.Плебейлер күресінің көрнекті өкілдері ағайынды Тиберий және Гай Гракхтар халық трибундары болып сайланған соң, олар ірі жер иеленушілікке шек қоюды, артық жерлерді тәркілеуді және оны жерсіз азаматтарға үлестіруді талап етті. Тит Лурецкйидің «Заттың табиғаты туралы» поэмасында адамның, табиғаттың, әлемнің және қоғамның пайда болуы мәселесі матриалистік тұрғыда жеңіл, түсінікті түрде өлеңмен баяндалды. Дүниедегі бәрінің негізін материя деп мойындай отырып, Лурецкий былай деді: «бәрі материядан өсіп шығады және бәрі сонымен өмір сүреді» деген. Дінді ғылыми прогрестің кедергісі деп белгілеген ол діни ұғымдарын да батыл сынға алды. Лурецкий табиғаттағы және қоғамдағы себептілік заңнан басқа да әлемдік күштің бар екендігін мойындағанмен, оны құдай ісімен байланысты емес деді. Өйткені құдай жердегі адамдар өміріне араласпайды деген. Лурецкйдің айтуынша адамдар өз тағдырын өздері жасауға тиісті, олардың бақытты өмірі өздеріне ғана байласнысты деп тұжырымдады. Ежелгі Рим ойшылдарының маңызды табыстарының бірі құқықтануды жеке ғылым ретінде қарастыру болды. Рим заңгерлері мемлекет пен құқықтың жалпы теориясы саласында саяси-құқықтық мәселелерге және жекелеген заң пәндеріне (азаматтық құқық, мемлекеттік және әкімшілік құқық, қылмыстық құқық, халықаралық құқық) кешенді түрде терең талдау жасады. Ерте христиандық пен одан кейінгі ІІ-ІІІ ғ. христиандықтың әлемдік дінге айналуы кезеңінде де бұл дін Ежелгі Римде саяси және құқытық ойларға өз ықпалын тигізді. Бұл кездегі ресми христиан доктринасы мен христиандықтың саяси идеологияларының көрнекті қайраткері Аврелий Августин ілімдерінде схоластика қағидалары да көрніс тапты.

Рим империясының ауыр саяси дағдарысы кезінде б.э.д. 68-69 ж. Иуддей және басқа да зардап шеккен провинция халқы римдіктерге қарсы көтеріліске шықты. Сол кезде Иуддей жұртшылығы арасына Яхва тәңірі оларды құтқаруға елші («мессия») жіберіпті деген. Яхва тәңірі зұлымдықтың үстемдігін құртады және «құдайдың мың жылдық әділетті патшалығын орнатады» деген сөз тарайды. Осы сөздер сол кездің өзінде-ақ «пайғамбардың» шығармалары түрінде иудейлер арасында таралады деген.

Б.э.д. 69-шы жылдары басында иудейлердің бірі «Иоонн Богословтың мойындаулары» («Апохолипсис») деген атпен жарық көрді деген. Мұнда Яхва тәңірі жіберген елші (Христос) барлық еңбекшілер мен ауыртпалық көргендерге рухани бостандық, өлгендердің тірілуіне сенім әкелген қарапайым уағыздаушы ретінде көрінді. Христосты Иерусалим абыздары жазалап өлтіреді. Бірақ «күндердің күнінде», «ақитқат елшісі» қайта келеді де, «әділдікті қалпына келтіреді», кедейлердің молшылыққа ие болатыны, байлардың жазаға ұшырайтыны туралы бұл уағызда сонымен бірге, Римнің бүліншілікке ұшырайтын тағдыры туралы да айтылды деген. Ежелгі хистиандық кезеңінде пайда болған діни шығармаларында христиан қауымында жеке менгшіктің болмағандығы,барлық нәрсенің ортақ меншікте болғандығы, «тіршілікке қажетті заттардың әркімге қажетіне қарай» бөлінгендігі туралы айтьылды.

Император Константин христиандықты мемлекеттік дін ретінде қабылданғаннан кейін діни философиялық ілім-патристика (pater-әке) тезірек қарқын алды. Христиан шіркеуінің көрнекті идеологтарының бірі Аврелий Августин адамзат тарихының христиандық концепциясында барлық әлеуметтік, мемлекеттік және құқықтық құрлымдарды Библия (Таурат) қағидаларына сүйене отырып, адамның күнәға батуының салдары ретінде көрсетеді.Августин өзінің «Құдай қаласы туралы» еңбегінде Адам мен Еваның «ауыр күнасынан» кейін бүкіл адамзат қауымы табиғи сипаттан айрылып, күнәсі олардың ұрпақтарына мұра болып қалды деп жазды. Августин әлемде әдет-ғұрыптары мен дәстүрлері әртүрлі «халықтар өмір сүргенмен, барлық уақытта» адамзат қауымының екі патшалығы-қанмен және жанмен өмір сүретін адамдардың болғандығын айтады. Августиннің пікірі бойынша жердегі мемлекеттік-құқықтық өмірінің күнәлығы (қарым- қатынастар мен тәріптер), басқару мен бағынудағы, қожалық пен құлдықтағы адамның адамға деген үстемдігі нәтижесінде пайда болған. Осы қалыптасқан жағдайды Августин адам тіршілігінің «табиғи тәртібі» деп айтады. Жердегі адам қауымының тарихи эволюциясын Аврелий Августин адам өмірінің алты мезгіліне сәйкес алты кезеңге бөлді, олар: сәбилік, балалық, жастық, жігіттік, ересек және кәрілік. Оның бірінші кезеңі Адам мен Еваның балаларының дүниеге келуінен бастап, дүниежүзілік су тасқынына дейін жасалады, ал ең соңғысы Христостың келуі мен христиандықтың пайда болуынан бастап, Христостың қайта оралуы және ақырзаманмен аяқталады. Августиннің құқытық позициялары табиғи, құдайлық және адамзаттық заңдарды түсіндіруінде айқын көрінді, оның айтуынша адамдар бұл заңдарға бағынуы тиіс, бірақ адамдар оны жиі бұзады деген. Мысалы қылмыс жасау, құқық бұзушылық, тіртіп бұзу.

3 ДӘРIС

Тақырып: Орта ғасырлардағы және Қайта өрлеу дәуiрiндегi саяси және

құқықтық iлiмдер

Сабақтың мақсаты: Орта ғасырлардағы және Қайта өрлеу дәуiрiндегi

саяси және құқықтық iлiмдерімен оқып танысу.

Жоспар:

1.Шығыс Араб, Орта Азия және Закавказье елдерiндегi саяси және құқықтық

iлiмдерiнiң ерекшелiктерi

2.Орта ғасырдағы Батыс Европаның саяси және құқытық ойларының

ерекшелiгi және негiзгi белгiлерi

3.Фома Аквинский,Марсилий Падуанскийдiң саяси және құқытық iлiмдерi

Қайта өрлеу дәуiрiндегi саяси және құқытық ойлардың жалпы сипаттамасы

4.Николо Макивавелий, Жан Боденнiң, Томас Морр,Томазо Кампанелланың

саяси және құқытық идеялары