- •1.Саяси және құқытық iлiмдер тарихы пәнi.
- •2. Саяси және құқықтық iлiмдер тарихының әдiстерi.
- •3.Теориялық саяси және құқықтық сана және оның құрлымы.
- •4. Саяси және құқықтық iлiмдер тарихының кезеңге бөлiнуi.
- •1. Ежелгi Үндiстандағы саяси-құқытық ойлар
- •2.Ежелгi Қытайдағы саяси және құқықтық ойлар
- •3.Ежелгi Грециядағы саяси және құқықтық iлiмдер
- •4.Ежелгi Римдегi саяси және құқықтық iлiмдер.
- •1.Шығыс Араб, Орта Азия және Закавказье елдерiндегi саяси және
- •2.Орта ғасырдағы Батыс Европаның саяси және құқытық ойларының
- •3. Фома Аквинский,Марсилий Падуанскийдiң саяси және
- •4. Николо Макивавелий, Жан Боденнiң, Томас Морр,
- •1. Хүii ғ. Голландиядағы саяси және құқықтық iлiм
- •2.Гуго Гроцийдiң, Барух Спинозаның мемлекет туiралы
- •Iлiмдерi
- •3.Томас Гоббстың саяси және құқытық iлiмi “Левиафан”
- •4.Англиядағы хүiii ғ. Саяси және құқытық ойлар
- •1. Франциядағы хүiii ғ. Саясип және құқытық идеологиясының
- •2.Ағартушылық саяси және құқықтық көзқарастары
- •3.Ш.Монтескиенiң, ж..Ж.Руссо саяси және құқытық iлiмдерi
- •4. Утопиялық коммунизмнiң саяси идологиясы
- •Iлiмдер
- •1. Саяси және құқытық ойлардың негiзгi бағыттардың
- •2.“Федералистердiң” саяси және құқықтық
- •4.Конституциализмнiң және федерализмнiң идеялары
- •5. Радикалды демократтардың саяси және құқықтық
- •1.Имануил Канттың құқық және мемлекет туралы iлiмi
- •2.Мәңгi дүние жобасы “Мәңгi дүниеге”
- •3. Гегельдiң құық пен мемлекет туралы iлiмi
- •4.Құқықтың тарихи мектебi г.Гуго, ф.К.Савиньи, г.Пухта
- •1.Хiх ғ. 2-шi жартысындағы саяси және құқықтық
- •2. Батыс Еворпадағы марксизмнiң саяси және
- •3. Пьер Жозеф Прудонның мемлекет және құқыққа
- •4.Позитивизмнiң негiзiн салушылардың саяси және
- •2.Хiх ғ. 2-шi жартысындағы хх ғ. Басындағы Ресейдегi
- •3.Қазақ ағартушылардың саяси және құқықтық идеялары,
- •1. Бұқар - жыраудың саяси және құқықтық идеялары
- •4.Хх ғ. 1-шi ширегiнде Қазақстандағы саяси және
- •1.Хх ғ. Саяси және құқықтық ойлардың ерекше белгiлерi
- •2.Л.Дюгидiң, г.Кельзеннiң, н.Ориуннiң құқық , солидаризм
- •3. Қытайдағы ұлт-азаттық қозғалысының саяси және
- •4.Үндiстандағы ұлттық қозғалыстың саяси және құқытық
3.Ежелгi Грециядағы саяси және құқықтық iлiмдер
Б.э.д. мыңжылдықтың басында Ежелгі Греция аумағында жеке және тәуелсіз полистер (қала-мемлекеттер) нысанында пайда болды. Адамдар қоғамында ру ақсүектер мен қайыршыланған қаумдар, байлар мен кедейлер, еркіндіктегілер мен құлдар арасындағы күрестер шиелене түсті. Мемлекеттік басқару формасын орнату үшін, әлеуметтік әділдікті орнату үшін жойқын күестер жүріп жатты. Сол кездегі мемлекеттік басқару формасын әрбір қозғалыстағы күрес топтары бірнеше форманы көздеді. Ол кезеңдегі басқару формасының түрлері мынадай болды: 1) ескі немесе жаңа ақсүйектер тобынан тұрды; 2) олигархия-(ақша алпауыттары) (байлар мен дәулеттілер тобынан) тұрды; 3) демократия (халық билігінен) яғни қарапайым халық тобынан тұрды. Осындай таптық күрестің нәтижесінде б.э.д. ҮІ-Ү ғ.ғ. әрбір полистерде басқарудың өзіндік формалары пайда болды және ол одан әрі дами бастады. Мысалы, Афина полисінде демократия формасы, Фивы полисінде олигархия формасы, Спарта мемлекетінде аристократия пайда болды. Осы атлаған қоғамдық қозғалыс процесттерінің нәтижесі Ежелгі Грецияның саяси және құқытық ілімінде өз көрністерін тапты.
Ежелгі Грек полистерінде саяси-құқықтық көзқарастың пайда болуы мен дамуында үш кезең айқын көзге түсті. Бұл кезеңдер мынадан тұрды:
1-ші кезең: Ерте кезең-ол, (б.э.д. ІХ-ҮІ ғ.ғ.) ежелгі грек мемлекеттігінің пайда болуына сәйкес келді. Бұл кезеңде саяси-құқытық көзқараста рационациялау (Гомер, Гесиод, атақты «Жеті данышпан») іс-әрекеттері байқалады және мемлекет пен құқық мәселеслеріне философиялық тұрғыдан қарау (Пифагор, Гераклит) ілімдері қалыптасады. 2-ші кезең: (б.э.д. Ү және ІҮ ғасырдың бірінші жартысы) ежелгі грек философиясы мен саяси-құқытық ойлардың гүлденген кезеңі (Демокрит, софистер, Сократ, Платон, Аристотель және т.б.) болып табылады. 3-ші кезең: (б.э.д. ІҮ ғасырдың екінші жартысы мен ІІ ғасырлары) эллинизм кезеңі, ежелгі грек мемлекеттігінің құлдырауы, грек полистерінің алғашқыда Македония, кейіннен Рим билігіне көшуі (Эпикур, стоиктер, Полибий және т.б.) болды.
Адамдардың еріктілерге және құлдарға бөліну жағдайына байланысты қалыптасқан антикалық саяси-құқытық ой еркіндік идеологиясы ретінде бекітіліп және дами бастады. Бостандық-ол, басты құндылық, ежелгі гректік саяси-теориялық ілімінің негізгі мәселесі және көздеген мақсаты болды. Бірақ бұл бостандық жалпға бірдей бостандық емес, ол тек шектелген бостандық болды. Құлдар бостандық мәселесінде есепке алынбады, олар туралы еш мәселе қозғалмады.
Грециядағы құлдық демократия азаматтардың қоғамдағы алатын орны олардың шығу тегіне қарап емес, мүліктік жағдайларымен байланыстырды. Бұл жағдайда ақыл-ой еңбегімен айналысатын адамдардың бөлініп шығуына әкелді. Құлдардың еңбегі олардың ғылыммен, біліммен, ағартушылықпен және өнермен шұғылдануына мүмкіндік берді. Осындай қоғамдық қозғалыс нәтижесінде таза зиялылар мен ойшылдар қауымы пайда болып, саяси-құқытық және әлеуметтік философиялық жаңа көзқарастардың қоғамдық пікірі мен санасы қалыптасты. Саяси ой мен оған қатысты практикалық және рухани іс бостандық ретінде қарастырылып, ол ерікті адамдардың қызмет аясы, ал еңбек, оның ішінде ауыр қол жұмыстары, құлдардың үлесі ретінде қарастырылды. Яғни құлдар осындай ауыр жұмыс істеуге тиісті деген. Барлық өндірістік-еңбек және отбасы ортасы, сол кездегі ұғым бойынша, бостандықтан тыс аймақ принципі, яғни бостандық тұрғысынан алғанда саясаттан тыс болып есептелді. Қожайын мен құлдың, отбасы иесі мен оның басқа мүшелерінің билік және бағыныштылық жөніндегі қатынасы саяси емес қарым-қатынас түрінде түсіндірілді. Сол кездегі дәстүрлі, эллиндік саяси өмір нысанының варварлық деапоттық билігіне қарсы қойылуы да осыған байланысты болып келді.
Мемлекет пен құқықты зерттеудегі ежелгі грек саяси-құқықтық ойының ерте кезеңінде оның мифологиялық түсініктері (Гомер, Геосид) болды. Кейіннен қоғамдық ойдың дамуына байланысты, жаңа көзқараспен философиялық тұрғыда : («Жеті данышпн», «Пифагор», «Гераклит», «Демокрит»), ал одан кейін рационалистік интерпретацияға (софистер), логикалық-танымдық талдауға (Сократ, Платон) және ақыр соңында эмпирикалдық-ғылыми (Аристотель) және тарихи-саяси (Полибий) ілімге орын берді. Ежелгі Грек полистерінің тәуелсіздігін жоғалтқан эллиндік дәуірінде бұрынғы құндылықтарды қайта бағалау, бұрынғы ұжымдық полистік өмір күмән тудырып, адамдарды еріктілер мен құлдарға бөлу прирнципі сынға ұшырады. Бұд кезде бостандық әлеуметтік-саяси құбылыс ретінде емес, рухани құбылыс ретінде түсіндірілді. Осы принцип негізінде адамдардың жалпыға бірдей бостандығы мен еркіндігі табиғат заңдылығы мен табиғи құқықтар қағидасы тұрғысында паш етілді.
