Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ИППУ.ЛекцияКаз..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
508.93 Кб
Скачать

2.Ежелгi Қытайдағы саяси және құқықтық ойлар

Ежелгі Қытай филрософиясы мен қоғамдық- саяси ойындағы ықпалды ағымның бірі даосизм ілімінің негізін қалаушы б.э.д. ҮІ ғасырда өмір сүрген Қытай оқымыстысы Лао-цзы болып саналды. Осы оқымыстының басты еңбегі «Дао және дэ туралы кітапта (Дао дэ цзин)» Аспан астындағы күштер туралы дәстүрлі діни нанымдарынан даосизмнің айырмашылығы сол- өйткені аспан астындағы билеушіден тәуелсіз заттардың табиғи дамуы, табиғи заңдылықтары туралы сипаттама берілген. «Дао»-ол, алғашқы түп негіз» дегенді білдіреді. Даосизм ілімінде аспан, табиғат және қоғам заңдылықтары анықталады деген. Бұл заңдылықта жоғарғы қайрымдылық пен табиғи әділдікті жақтайды. Дао ілімі бойынша барлық адамдар тең деген. Сол кездегі қоғамда болып жатқан қайыршылық пен теңсіздікті оқымысты Лао-цзы дауадан ауытқу деп есептетеді. Сол кездегі халықтың ауыр жағдайларына наразылық білдірген Лао-цзы даоның әділдігі қайта оралатынына сенді. Лао-цзы даоны аспан және адам даосы деп екіге бөлді. Лао-цзыдың айтуынша, аспан даосы байлардың артық дүниелерін алып, кедейлерге береді деген, ал жердегі дао кедейлердің керек затын алып, байцларға береді деген. Лао-цзы ойы бойынша прогрестік дамуды жақтырмаған, өткен дәуір қайта оралады деген, ал білім мен ғылымнан бас тартуды ұсынды. Оның айтуынша ақылды билеуші өзінің қол астындағыларға «дао» жолымен (табиғи жолмен) жүруге жағдай жасайды деген. Билеуші халықтың жеке ісіне араласпайды, ал оның басты міндеті елдегі тәртіп пен заңдылықты сақтау деген.

Қытайдың саяси және философилық ілім тарихында конфуцизм ілімі маңызды роль атқарды. Оның негізін қалаған б.э.д. 551-479 жылдары өмір сүрген ұлы Қытай ойшылы Конфуций болды. Конфуци көзқарастарын және оның шәкірттері құрастырған «Лунь юй» («Әңгімелер мен пікірлер» кітабында жинақталды). Бұл кітап ғасырлар бойы Қытай халқының өмірі мен көзқарасына, тәлім-тәрбиесіне едәуір ықпал етті. Конфуция даналық туралы өсиеттері әлі күнге дейін маңызы бар, ол даналық жолдың үші түрі бар деген, атап айтқанда: 1) ең ізгі жолы-ол, санамен саралау; 2) ең оңай жолы-ол, еліктеу; 3) ең қиын жолы- ол, тәжірибеден тәлім алу деген. Дәстүрлік көзқарастарға сүйенген Конфуций мемлекеттің патриархалды- патерналистік концепциясын дамытты. Конфуцидің айтуынша мемлекет-ол, үлкен жанұя деген, ал патшаның қоластындағы халқы әкенің балаға деген билігі ретінде көрсетлген. Патша әке яғни жанұя иесі де, ал елдегі халық оның балалары болып табылады деген. Конфуция суреттемесі бойынша, қоғамындағы әлеуметтік-саяси жүйедегі адамдар теңсіздігі мына түрлерге бөлінді: қараңғы адамдар; төменгі адамдар; құрметті адамдар; жоғары шенді адамдар; лауазымды адамдар ретінде көрсетілді. Әлеуметтік теңсіздікті қалыпты жағдай ретінде қарастырған Конфуций аристократиялық билік концепциясын, яғни ақ сүйектер тобынынң билігін жақтады. Биліктің зорлықсыз тәсілін жақтаған Конфукций билеушілердің өз бағыныштыларына қайырымды болуға шақырды. Билеуші қайырымды болса, төменгі адам да қайырымды болады деген. Биліктің осы аталған ережесін жақтаған Конфуцийден «Шөп жел соққан жаққа қисаяды» деген нақыл сөз қалған. Ішкі және сыртқы соғыстарға қарсы болған Конфуций Қытай жерінен алыс тұрған басқа халықтарды білімділікпен және ақылмен жаулап алуды ұсынды. Конфуций барлық нәрсе үнемі өзгерісте болады, уақыт тоқтамайды, әрбір нәрсенің басталуы мен аяқталуы болады деген. Әрбір істің басталуы және аяқталуы болады, оның бәрін түсінген адам ақиқатқа жақын болады деген. Конфуций ілімін одан әрі жалғастырған Сянь-цзы былай деген: «әлем өзінің табиғи заңдылықтарымен өмір сүрді, сондықтан да оны тіршілік қажетіне жарату үшін оны зерттеу, құпия сырларын білу қажет» деп ой түйді. Яғни адамдардың табиғаттан өз үлесін алу немесе бай және кедей болып өмір сүруі олардың өздеріне байланысты деген. Сянь-цзының пікірінше адам туығаннан бастап қызғаншақ, дүниеқұмар, ашкөз болып келеді деген.Сондықтан адамдардың мінезін жақсы тәрбие беру арқылы табиғи қалпынан (әдетінен) өзгертуге болады деген. Ол үшін адамдардың өздері өзін-өзі тәрбиелеуге және бір- бірінің қателігін бетке басып айтуы тиіс деген. Бұл жөнінде Сянь-цзы былай деген: «Менің қателігімді дұрыс көрсеткен адам-менің ұстазым, менің игі ісімді дұрыс байқаған кісі-ол менің досым, ал маған жағымпазданған, жағынған, жарамсақтанушылар-олар менің жауым» деген. Ежелгі Қытайда легизм идеялары б.э.д. ІҮ ғасырларда жарық көрген «Шан цзюн шу» («Шан облысы билеушісінің кітабы») трактатында баяндалған. Легизм ілімі Конфуцизмді сынға алды. Легизм идеясы жасаған Шан Ян тек заңдар мен қатал жазаға сүйене отырып мемлекеттегі басқару жүйесін нығайтуға болады деген. Легизм идеясы бойынша «халық өз өкіметінен күштірек болса, мемлекет әлсіз болғаны, ал өкімет өз халқынан күштірек болса, онда армия күшті, әрі қуатты болады» деген. Легистер қайырымдылық пен адамгершілік қылмысқа апаратын тура жол, ал нағыз қайрымдылық пен сүйіспеншілік өзінің бастауын жазалаудан алады деп дәріптеген. Легистердің идеясы бойынша мейірімділіктен гөрі қорқыныштылық пен үрейлік туғызу алдыңғы орынға қойылды. Тек қорқыныш арқылы толық, түкпілікті билікті жүргізуге және көздеген жетістіктерге жетудің тіке жолы осында деген. Сол себептен елде жаппай тәртіпсіздік болмас үшін мейрімділіктен гөрі жазалау шаралары басымды болу керек деген. Жазаның кеңінен қолдану нәтижесінде үрей мен қорқыныш қана елде тәртіп пен заңдылықты орнгатуға болады деген.

Қортынды ретінде: Конфуция идеясы достық пен мейірімділікті, тәрбие беру арқылы билікті жүзеге асыруға болады деген. Ал Легистер идеясында мемлекетті билеу үшін тек тирандық жолмен жүзеге асыруға болады деген.