Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ИППУ.ЛекцияКаз..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
508.93 Кб
Скачать

1. Ежелгi Үндiстандағы саяси-құқытық ойлар

Ежелгі Үндістандағы саяси және құқытық ілім мифтік және діни көзқарастығы бойынша қалыптасты. Мифолаогиялық көзқарстың дамуына негіз болған ежелгі Үндіс қоғамында ұзақ ғасырлар бойы олардың рухани және әлеуметтік-саяси өміріне үстем болған Брахмандарға тікелей байланысты болып келді. Брахманизм идеяларынынң алғашқы көрністері б.э.д. 2-кі мыңыншы жылдықтағы “Веда” ескерткіштерінде көрсетілді. “Веда”- “білім, кіріспе” (Санскрит тілінде) деген ұғымды білдіреді. Бұл ведаларда адамдардың төрт варнаға (кастаға) бөлінгендігі туралы айтылады. Пуруши құдайының ауызынан- Брахмандар туады; Кшатрийлер- құдайдың қолынан туады; Вайшилер-құдайдың санынан туадыв; Шудралар- құдайдың табанынан туады деп айтылған. Ману заңының 96-шы бабында “Тірі нәрселердің ішіндегі ең қасиеттісі-жыландар, ал жыландардың ішінде адам, ал, адамдардың ішінде брахмандар” бар деп айтылды. Веда бойынша барлық варналар мен олардың мүшелері құдай көрсетіп берген “драхмаға”-заңдарға,міндеттерге, құқықтар мен ережелерге бағынуы тиіс деген. Драхмадағы ережелер бойынша брахмандар қоғамда жоғарғы дәрежеде және үстемдік жағдайда көрсетілген. Оқу, білім беру, діни ілімін жүргізуге, құрбандық шалуға, өзіне және өзгеге арнап сада үлестіру, садақа алу ісін құдай тек брахманға міндет артты деген. Брахманизм идеясында брахаман мектебінің өкілдері жасаған “дхармасутра” және “дхармашастра” сияқты құқытық жинартары болды. Ману заңдарында мынадай талаптар болды:

-адамдардың варнаға бөлінуі және олардың қоғамдағы орны мен әлеуметтік теңсіздігі қорғалды; -брахмандардың жоғарғы дәрежедегі жағдайы мен үстемдігі, артықшылығы туралы айтылды; -ел билеушілері (патшалар) брахмандарды құрметтеуге, олардың ақыл- кеңестері мен талаптарын орындауға, олардан “Веда” ілімін оқып үйренуге тиісті болды. “Ману заңдары” бойынша патшаның өкіңлдігі шектеулі болды, ол брахмандардың ақыл-кеңестерін тыңдаумен қатар кейбір талаптарға да сәйкес болуы керек болды. “Ману заңдарының” 3-ші бабында “ақылсыздықпен өз елін азапқа салған патша уақыт күттірместен өзінің ағайын-туыстарымен бірге елден кетуі тиіс және ол өмірден айрылады” деп айтылған. Ману заңында жаза мәселесiне көп көңiл бөлiнген, оның мақсаты варналар талабын сақтауға және үнемi қорғауға бағытталған болды. Құдайдың ұйғарымы бойынша жаза (данда) жер бетiндегi бейнесi “таяқ” деген ұғымды бiлдiрген. Егер қылымас жасаған адам мiндеттi түрде таяқ жеуге тиiстi деген. Жазаның “басқару өнерi” немесе әдiс-тәсiлi “данданиттер” деген мағынаны бiлдiрдi.

Ману заңының 7-шi тарауы бүтiндей жазаға арналған болды. Бұл тарауда жазаның қуаттылығы мен күштiлiгi және қоғамға пайдасы бар екендiгi анықталған. Жаза бүкiл адамға билiкгiн жүргiзедi. Жаза адамдарды қорғайды. Адамдар ұйықтап жатқан кезде жаза сергектiк танытады, данышпандар “жазаны, данданы” қорғаушы деп жариялаған. Егер патша қылмысына қарай жаза тағайындауды үздiксiз жүзеге асырып отырмаса, онда күштлер әлсiздердi қармаққа түскен балықтай қуырған болар едi деген. Жаза дұрыс қолданылмаса бүкiл варналар бұзылып, бөгеттер жойылып, бүкiл халық наразы болар едi деген. Әртүрлi варна мүшелерiнiң құқықтары мен мiндеттерiнiң тең болмауы олардың заң алдындағы қылмас жасағаны үшiн жазаның әдiлетсiздiгi көрiнедi. Брахмандар заң алдында ерекше жеңiлдiкке ие болды. Ману заңының 10-бабы бойынша: “Әлемдегi бар нәрсенiң бәрi брахмандардың меншiгi болып табылумен бiрге, олпрға ешқандай тән жазасы қолданбайтын болған”. Брахманға деген ең ауыр жаза-ол, шашын алу болып саналды. Қылымыс жасағаны үшiн айып төлеуде варналардың қоғамдағы теңсiздiгiнiң сипаты анық байқалды. Мысалы, брахманды тiлдегенi үшiн кшатриге 100 пан айып салынды, вайшиге екi жарым есе артық төлейтiн болды, ал шудра дене жарақатымен жазаланатын болды-(267-бап). Ал егерде брахман кшатрийдi тiлдесе 50 пан, вайшийдi тiлдесе, оған 12 пан айып салынады деген-268-бап. Ману заңында жазаның салу мөлшерi жасаған қылымыстың ауырлығына қарай жаза, ол тек адамның қоғамдағы алатын орны, әлеуметтiк дәрежесi назарға алынатыны байқалды.

Б.э.д. ҮI ғасырда Будда (“Данышпандеген ұғымды бiлдiрдi), деген атпен белгiлi болған Сиддхартха ГаутамаВедаiлiмiн сынға алады, құдайдың адамдар өмiрiне араласуын, олрадың билiгi мен заңдарын жоққа шығарды. Сиддхартха Гаутаманың айтуынша, адамзат iсi адамдардың өздерiнiң белсендi әрекеттерiне байланысты деген. Будда дiнi бойынша брахмандардың жоғарғы дәрежесi мен артықшылықтары жоққа шығарылды. Будда “ең бастысы-ол, адамның атағы мен шыққан тегi емес, адамгершiлiгi” деп үйреттi. Буддистер үшiн брахмандар артықшылыққа ие болған варна мүшесi емес, қарапайым адамдардың бiрi болды, деген. Будда iлiмiн жақтаушылар драхманы табиғи заңдылықты басқарушы әлем ретiнде көрдi. Саналы мiне-құқылық үшiн танымның қажеттiлiгi, табиғи заңдылықты қабылдау және мойындау туралы айтылды. Адам өмiрiнiң мәнi байлық пен атақта емес, әрқашан шындықты айтып, мейрiмдiлiк пен қайрымдылыққа ұмтылуда екендiгi дәрiптелдi. Буддизм iлiмi бойынша адамдардың барлығы тең дәрежеде болады, олар қандай варнада немесе әлеуметтiк сатыда тұрса да, аурудан, қасiреттен және өлiмнен құтыла алмайды деген. Б.э.д. IҮ- III ғас. жазылған “Дхаммападежинағында брахманизмге қарағанда жазаның ролi мен көлемiнiң азайғандығы байқалды. Бұл жинағында қойылған кiнә дәлелденбейiнше жаза қолданбау туралы арнайы атап көрсетлген. Будда iлiмiнде сонымен бiрге өмiрдiң заңды жолына, заңдылықтың қатаң сақталуы мен орындалуына үлкен мән берiлген. Б.э.д. III ғас. бастап буддизмнiң көптеген идеялары әлеуметтiк-саяси маңызға ие болып, мемлекеттiк саясат пен заңдылыққа да ықпалын тигiзе бастады. Үндiстанды бiр орталыққа бiрiктiрген Ашока патшаның билiгi кезiнде (б.э.д. 268-232 ж.ж.) буддизм мемлекеттiк дiн болып жарияланды. Кейiннен Буддизмнiң ықпалы, әсерi Қытай, Жапония, Бирма, Цейлон елдерiне де тарады. Брахманизм идеологиясынан едәуiр ауытқу б.э.д. IҮ-III ғасырларында өмiр сүрген Каутилияның “Артхашастра” трактатында көрнiс тапқан болды. Бұл шығарада философия логикалық дәлелдемелер арқылы Веда iлiмiнде- заңдылық пен заңсыздықты, шаруашылық iлiмiнде- пайда мен зиянды, мемлекеттiк басқару туралы iлiмде- дұрыс және қате саясатты зерттейтiндiгi туралы айтылды. Осы аталған шығармада саясат пен заңдылық және билiк туралы айтылды. Онда билеушiнiң заңды бұзбай өз мүддесiн бұзбай өз мүддесiн ойлауына құқық берiлген. Билеушiнiң ең басты мiндетi варна жүйесiн сақтау және мемлекет қаупсiздiгiн қорғау болып табылады деген.