Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ИППУ.ЛекцияКаз..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
508.93 Кб
Скачать

1.Хх ғ. Саяси және құқықтық ойлардың ерекше белгiлерi

және негiзгi бағыттары

Жиырмасыншы жүзжылыдқ бүкіл әлемдік тарихта ең саясаттандырылған кезеңнің бірі болды. Құқық , мемлекет, саясат мәселелері бұл ғасырда болып өткен әлеуметтік сілкіністерге және бұқаралық қозғалыстарға байланысты алдыңғы орынға көтерілді. Екі дүниежүзілік соғыс, діни және ұлттық айырмашылықтарға негізделген аймақтық соғыстар, дағдарыстар, революциялар мен саяси төңкерістер, тоталитарлық режимдердің қалыптасуы және құлауы, отаршылдық жүйенің қирауы және көптеген жаңа мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың пайда болуы және адаманың теңдігін, құқықтары мен еркіндіктерін бүкіл әлемдік мойындау-міне, осының бәрі әртүрлі әлеуметтік саяси бағдардағы ойшылдар мен ғалымдардың мемлекет, құқық және саясатқа қатысты теориялық қызметтеріне ықпал етті.

Азаматтық қоғамның одан әрі дамуы саяси бөлектену (отчуждение) және оны практикалық тұрғыда игеру мәселелерін күн тәртібіне қойды. Мемлекеттің өзі түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Жалпыға бірдей сайлау құығының барлық жерде бекітілуі, бұқаралық ақпарат құқықтарын пайдалана отырып саяси билікке ұмтылған саяси партиялар мен өзге қоғамдық ұйымдар жүйесінің дамуы мемлекет және құқық туралы ілімдердің миллиондаған сайлаушылардың саяси-құқықытық санасы мен қоғамдық пікірге тікелей ықпал жасауына әсерін тигізді. Мемлекеттің рөлі ендігі жерде тек азаматтық қоғамды, азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерін қорғаумен ғана шектелмейтіндігі белгілі болды; бұл еркіндіктер мен құқықтарды жүзеге асыру бірқатар әлеуметтік, экономикалық, экологиялық және өзге мәселелерге бағытталған мемлекеттің позитиві әрекетін талап етті. Яғни мемлекет өз халқының (азаматарының) бостандығын, құқығын және әлеуметтік жағдайын қорғауға міндетті болады.

Мемлекет туралы мәселе ХХ-ғасырдың бүкіл әлеуметтік қақтығыстардағы негізгі мәселелердің біріне айналды. Осыған орай мемлекеттің мәні, құрлымы мен мақсаты туралы әр алуан пікірлер қалыптасты. Тоталитаризмнің идеологтары демократия тек олигархтар мен плутокрпаттарға ғана тиімді деп есептеді. Олар демократияны теріске шығарып, азаматтық қоғам қатынастарын мемлекеттендіруге және милитарландыруға, қуатты бір партиялық мемлекет құруға және біртұтас партиялы- мемлекеттік идеологияны енгізуге шақырды. Фашистік мемлекеттің негізін қалаушы Бенито Муссолини тоталитаризмнің мәртебесін былайша белгіледі: «Барлығы Мемлекет үшін, Мемлекеттен өзге ештеңе, Мемлетеке қарсы ештеңе» деген. ХХ ғасырда саяси-құқықтық доктринаның әдістемелік негіздері жаңарды, олардың ұйымдық аппараттары толықтырылыд, саяси-құқытық идеологияның жаңа бағыттары пайда болды. Алайда бұл жүзжылдықтағы саяси және құқықытық ілімдердің негізгі тақырыбы болып азаматтық қоғам мен мемлекет арақатынасы мәселесі қала берді. Бұл мәселеге қатысты әр алуан саяси және құқытық идеялар, теориялар мен бағдарламалар қалыптасты. Соған қарамастан, ХХ ғасырдың қоғамдық-саяси практикасы азаматтық қоғам дамуының идеололгиялық негіздеріне (принциптері, аксиомалары) жатқызуға болатын бірқатар маңызды қағидаларды дәлелдеді.