- •1.Саяси және құқытық iлiмдер тарихы пәнi.
- •2. Саяси және құқықтық iлiмдер тарихының әдiстерi.
- •3.Теориялық саяси және құқықтық сана және оның құрлымы.
- •4. Саяси және құқықтық iлiмдер тарихының кезеңге бөлiнуi.
- •1. Ежелгi Үндiстандағы саяси-құқытық ойлар
- •2.Ежелгi Қытайдағы саяси және құқықтық ойлар
- •3.Ежелгi Грециядағы саяси және құқықтық iлiмдер
- •4.Ежелгi Римдегi саяси және құқықтық iлiмдер.
- •1.Шығыс Араб, Орта Азия және Закавказье елдерiндегi саяси және
- •2.Орта ғасырдағы Батыс Европаның саяси және құқытық ойларының
- •3. Фома Аквинский,Марсилий Падуанскийдiң саяси және
- •4. Николо Макивавелий, Жан Боденнiң, Томас Морр,
- •1. Хүii ғ. Голландиядағы саяси және құқықтық iлiм
- •2.Гуго Гроцийдiң, Барух Спинозаның мемлекет туiралы
- •Iлiмдерi
- •3.Томас Гоббстың саяси және құқытық iлiмi “Левиафан”
- •4.Англиядағы хүiii ғ. Саяси және құқытық ойлар
- •1. Франциядағы хүiii ғ. Саясип және құқытық идеологиясының
- •2.Ағартушылық саяси және құқықтық көзқарастары
- •3.Ш.Монтескиенiң, ж..Ж.Руссо саяси және құқытық iлiмдерi
- •4. Утопиялық коммунизмнiң саяси идологиясы
- •Iлiмдер
- •1. Саяси және құқытық ойлардың негiзгi бағыттардың
- •2.“Федералистердiң” саяси және құқықтық
- •4.Конституциализмнiң және федерализмнiң идеялары
- •5. Радикалды демократтардың саяси және құқықтық
- •1.Имануил Канттың құқық және мемлекет туралы iлiмi
- •2.Мәңгi дүние жобасы “Мәңгi дүниеге”
- •3. Гегельдiң құық пен мемлекет туралы iлiмi
- •4.Құқықтың тарихи мектебi г.Гуго, ф.К.Савиньи, г.Пухта
- •1.Хiх ғ. 2-шi жартысындағы саяси және құқықтық
- •2. Батыс Еворпадағы марксизмнiң саяси және
- •3. Пьер Жозеф Прудонның мемлекет және құқыққа
- •4.Позитивизмнiң негiзiн салушылардың саяси және
- •2.Хiх ғ. 2-шi жартысындағы хх ғ. Басындағы Ресейдегi
- •3.Қазақ ағартушылардың саяси және құқықтық идеялары,
- •1. Бұқар - жыраудың саяси және құқықтық идеялары
- •4.Хх ғ. 1-шi ширегiнде Қазақстандағы саяси және
- •1.Хх ғ. Саяси және құқықтық ойлардың ерекше белгiлерi
- •2.Л.Дюгидiң, г.Кельзеннiң, н.Ориуннiң құқық , солидаризм
- •3. Қытайдағы ұлт-азаттық қозғалысының саяси және
- •4.Үндiстандағы ұлттық қозғалыстың саяси және құқытық
3.Қазақ ағартушылардың саяси және құқықтық идеялары,
олардың ерекшелiктерi
1. Бұқар - жыраудың саяси және құқықтық идеялары
«Бұқар жыраудың туған жері- Жиделі Байсын өлкесі. Арғын елінің көне шешіресі. Есім мен Салқам Жәңгір тұсындағы Қазақ хандығы. Қазбектің Қаздауысты атанған елшілігі. Бұқар- Шәріп кенті».
1702 жылы Бұқар жырау Көкілташ медресісіндегі оқуын тамадайды. Кезінде бүтін дүниеде теңдесі болмаған Шығыстың терең білім көзінен сусындап, ғылымның он екі бабын түгел меңгерді. Медресені аяқтаған кезде Бұқар бірнеше тілде емін-еркін сөйледі, соның ішінде терең игергендері араб, парсы. Заман талқысына түскен шақта елдің елдігін, намысы мен арын, жері мен суын сақтап қалған қасиетті ұлдардың бірі- Бұқар жырау болды. Қазақтың ғұлама тарихшысы Мәшhүр Жүсіп Көпей ұлы бабасы туралы былай деген: «Бұл кісінің сөзін түгел жазамын деушіге Нұқтың өмірі, Айыптың төзімі, Аплатонның ақылы керек» деп текке айтпаған.
Бұқар бір сөзінде мынаны айтқан:
Ел бастау қиын емес- қонатын жерден көл табылады,
Қол бастау қиын емес-шабатын жерден ел табылады,
Бәрінен де шаршы топта сөз бастаудан қиынды көрген жоқпын, деген.
Бұқар жырау өз заманында алқалы топты тамсандырған, қалың қауымды соңынан ерткен көсемсөз иесі, шешендік өнерді кемел меңгерген ділмар болды. Бұқар жырау ХҮІІ ғасырыдң соңғы ширегінде қазақ елінің туын жоғары көтерген асыл азаматтары: Қаз дауысты Қазбек, Қанжығалы қарт Бөгенбай, Қаракерей Қабанбай, Шақшақұлы Жәнібек бәрі бір жердің туамсы.
1726 жылғы Ордабасында бас қосу, одан кейінгі іле-шала Бұланты өзенінің бойында қалмақты қашырып жеңу қазақтың рухын көтерді. Бұқар жырау Ордабасындағы жиынға да, Бұланты соғысына да қатысты, алғашқыда ақылгөй билер қатарында отырып, соңғы кезде жауға шапқан батырлардың кеуде ортасында жүрді. Елді басқарады деп сеніп келген сұлтан арасынан серке болып ешкім шықпаған соң қазақ өзін-өзі қамшылай бастаған уақыт болған.
4.Хх ғ. 1-шi ширегiнде Қазақстандағы саяси және
құқытық ойлар
Шоқан Уәлихановтың саяси және құқытық көзқарастары
Патшалық Ресейдің қазақ жерін толық жаулап алуының аяқталуы мен отаршылық езгінің күшейе түскен дәуірінде өмір сүрген қазақтың ағартушы ғалымы Шоқан Уәлиханов сол кездегі қоғамдық ойдың дамуына зор үлесін қосқан ойшылардың бірі болды. Ресейдегі және Европаның басқа да елдеріндегі саяси-әлеуметтік өзгерістермен жақсы таныс болған Шоқан қазақ жеріндегі патша өкіметі жүргізіп отырған орталық саясаттың мүмкін болар зардаптары туралы өзінің ұсыныстары мен пікірін батыл білдірді.
Шоқан сол кез үшін халыққа ең тиімді және жайлысы экономикалық және әлеуметтік реформалар қажет деп бділді. Оның айтуынша «саяси реформалар экономикалық істерді жүзеге асыратын құрал ретінде көрінбек» және «адамның тұрмыс қажетін өтейтін реформа ғана пайдалы, ал бұл мақсатқа басқа реформа тек кедергі жасайды» деген. Шоқанның ойынша реформа жасау кезінде асығыстыққа жол бермеуге, жергілікті халықтың әдет-ғұрпын, тіпті оны қоршаған орта мен ауа-райын, жер жағдайын ескеруге шақырды. Ресей үкіметі дайындап жатқан реформаның жалпы бағыты мен мазмұнынан хабардар болған Шоқан қазақ даласын басқару мен сот реформасы туралы өзінің жобасы мен пікірін патша өкіметінің әкімшілігіне ұсынды. «Қазақ былай тұрсын, орысқа да түсініксіз» деген 1822 жылы шыққан Сібір қырғыздарының Жарғысын Шоқан сынға алды, бұндай асығыс жасалған реформалар халықты опатқа әкеліп соқтырады деген. Шоқан француз ойшылы Вольтердің «халықтың қажетті даму деңгейіне жетпеген заңдарды күшпен байлауға болмайды» деген идеясын толық қолдады.
Патша өкіметінің қазақ даласындағы сот ісін қайта құрудағы кемшілігін сынаған Шоқан сол кез үшін билер сотын артық көрді. Ежелгі халықтық билер сотынынң тарихына егжей-тегжейлі тоқталған ол сот құрылымы мен сот ісін жүргізуде билер соты мен патша өкіметі енгізген мировой (бітістіру) соттың айырмашылықтарын атап көрсетті. Ол мына сызу-таблицада көрсетлген:
Билер соты |
Мировой судья (бітістіру) |
Санына шек қойылмайды. |
Әрбір округте бірнеше судья болады. |
Ресми түрде ешкім сайламайды және бекітпейді. |
Судьяның сайлауында арнайы тәртіп,ереже бар. |
Қазынадан да, халықтан да ешқандай ақы алмайды, тек «би ақы» ғана алады. |
Земстводан белгілі мөлшерде қаржы бөлінеді. |
Съездері мезгілсіз шақырыла береді. |
Съездер белгілі бір мезгілде шақырылады. |
Шешімге әрқашан да шағым жасауға болмайды |
Шағым жасауға жатпайды, белгілі жағдайда ғана артық шешім бар. |
Барлық істі жария жүргізеді. |
Азаматтық істерді ғана жария жүргізеді. |
Бидің шешімін сұлтандар, старшиндер, болыстар жүзеге асырады. |
Мировой судьяның өзі орындайды. |
Барлық істе адвокатура қарастырылады. |
Адвокат тек азаматтық іске ғана қатыстырылады. |
Шешімге «ант берушіні» қатыстыратын жағдай бар. |
Ант берушіні қатыстырмай-ақ шешім қабылдайды. |
Осындай айырмашылықты саралаған Шоқан мировой (бітістіру) сотта көпшілік жағдайда немқұрайлық (формальдық) пен төрешілдік белгісінің басымды екеніне назар аударды. Патша өкіметі қазақ өлкесін округтерге бөліп, басқарудың жаңа түрін енгіген соң Шоқан отаршылдық әкімшілік құрған басқару ісіне қазақ халқынынң өкілдерін көбірек қатыстыру арқылы да халықтың саяси-әлеуметтік жағдайын біршама болса да жақсартуға болады деп есептеді.
Абай Құнанбаевтың саяси және құқықтық идеялары
стихиялық саяси және құқықтық даму туралы ойлары
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев (1845-1904) саяси және құқықтық ілім тарихы бойынша арнайы еңбек жазбаса да, өзінің өлеңдері мен қара сөздеріне өзі өмір сүрген дәуірдің тыныс- тіршілігін, қоғамдық өмірін, халықтың мұң-мұқтажы мен басқару орындарының жұмысын арқау етті. Сол кездегі жергілікті атқару органдары мен билер қызметін, әлеуметтік теңсіздік мәселесін жырлаған Абай әлеуметтік істерге де араласады. Билердің төтенше съезіне 76 баптан тұратын жаңа заң ережелерін ұсынды және осы билер съезінің төрағасы болып сайланады. Абай төрағалығымен өткен бұл съезде әдет-ғұрып нормаларының негізі сақталған Ереже қабылданды. Билер сотының артықшылығын көрген Абай оған Ресей империясынынң кейбір заң ережелерін ғана енгізеді. Бірақ Абайдың бұл реформалық талаптары патша өкіметінің отаршыл әкімшілігінен қолдау таппайды. Бұл кезде қазақ даласында 1868 жылы 21 қазанда қол қойылған «Орал, Торғай, Ақмола және Семей облыстарын басқару жөніндегі Уақытша Ереже» үстемдік еткен болатын. Аталған ереже негізінде Ресей өкіметі қазақтардың дәстүрлі заң жүйесін бұзып, қазақтың тұрмыс-тіршілігімен үйлеспейтін заң жобасын жасады. Қазақтар «екінші низами» деп атап кеткен қазақ даласын басқару туралы ереже нағыз отаршылдық пиғылда жазылған болды. Бұрын билер сотының қарауына жататын жиырмадан астам жалпы қылмыстық әрекеттер шекаралық соттардың қарауына берілді, ал «халық соттарына» ұсақ- түйек істер ғана қалдырылды. Бақылау мен қадағалаудан тыс қалған сот орындарынынң лауазымды адамдары өз қызметтерін жеке бастарынынң баюына пайдаланды. Отаршыл әкімшілік енгізген ережелер мен тәртіптер болыстық мен билік мансапқа ғана қызмет етті. Судьялардың сатылғыштығы мен болыстардың жағымпаздығы Абайдың жүрегін жаралады. «Болыс биді құрметтейін десең құдайдың өзі берген болыстық пен билік елде жоқ» деген. «Сатып алған , жалынып, бас ұрып алған болыстық пен биліктің ешбір қасиеті жоқ» деген Абай. «Бір елдің заңы екінші елге жетекші бола алмайды» деген. Абайдың айтуынша зорлықпен танылған заң ережелерін кезексіз деп тапты. Отарлық билікті қамыту үшін мың құбылып, мың өзгеріп, мың рет сатылған заңдарды Абай аяусыз сынға алды:
Ант ішіп күнде берген жаны құрсын,
Арын сатып тіленген малы құрсын.
Қысқа күнде қырық жерге қойма қойып,
Қу тілмен қулық сауған заңы құрсын, деп мұндай заңдарды пайдаланудан бас тартуға шақырады. Абайдың ұғымы бойынша қазақ даласында билікті айта алатын адамдардың өте аз қалғанына қынжылады. Оның ойынша «Билікті айта білу үшін «Бұрынғы Қасым ханның қасқа жолын, Есім ханның ескі жолын, Әз Тәуке ханның «Күл төбенің басында күнде кеңес» құрған «Жеті жарғысын» білу керек» ал, одндай адам әзірге жоқ» деге.
Ағартушы Ыбырай Алтынсариннiң саяси және
құқықтық көзқарастары
Қазақ халқының ең беткеұстар, үш бір туғандай сезілетін асыл жандар, үш мұнарадай болған: Шоқан, Ыбырай, Абай екені баршамызға мәлім. 1879 жылдың 1-ш қыркүйегінде Торғай облысы мектептерінің инспекторы қызметіне тағайыедалады. Қызмет бабына қарай Ыбырай Орынборға келісімен «Оренбургский листок» газетінің баспаханасының редакторы И.И. Ефимовский-Мировицкимен кездеседі. Осы аталған ғгазет баспаханасында «Детский мир» христомтиясы басып шығарылады. И.И. Ефимовский –Мировицкий Петербург универстиетін бітігіп право ғылымының кандидаты деген атағын алды. Ыбырай өзінің ұстаздық қызмет атқару кезінде орыстың атақты дана адамдарының еңбегімен танысады: Л.Толстой, Ушинский, Буканов, Водовозов, Пульсон т.б. 1883 ж., 10-сәуірде Орсңк қаласыеда қазақ халқына деген көптен күткен мектеп ашылады. Бұл мекепті кейіннен институт болып аталды. Ыбырай өзінің мемлекеттік қызметін атқару кезінде қазақ бабаларын орыс тіліне үйрету ең басты мақсаттарынынң бірі болды. Соңғы кездерде, яғни 1-ші мамырда Ыбырайды қайрат- жігер әбден мұқалған соң, өлер шағына таяеғанда, статский советник атағана ұсынылады (әскери дәреже бойынша генерал-майор қатарындағы 5-дәрежелі азаматтық шен).
Мемлекет болған соң теңдік, бостандық, еркін-ойлау болу кенрек деген. Тек еркін ойлау арқылы білім мен ғылым, зерттеу және басқа да өнекр-білімді іздеп табуға баолады деген.
«Өнер-білім бар жұрттай, тастан сарай салғызды, айшылық алыс жерлерден, көзі-ашып жұмғанша, жылдам хабар алғызды, адщамды құстай ұшырды»
№ 10 ДӘРIС
Тақырып: ХХ ғ.Европа және АҚШ-тың және Қытай мен Үндiстанның
саяси және құқықтық iлiмдер тарихы
Сабақтың мақсаты: ХХ ғ.Европа және АҚШ-тың және Қытай мен
Үндiстанның саяси және құқықтық iлiмдер тарихы
туралы оқып танысу.
Жоспар:
1.ХХ ғ. саяси және құқықтық ойлардың ерекше белгiлерi және негiзгi бағыттары
2.Л.Дюгидiң, Г.Кельзеннiң, Н.Ориуннiң құқық , солидаризм теориялары
3.Қытайдағы ұлт-азаттық қозғалысының саяси және құқықтық идеялары.
Сунь Ятсен.
4.Үндiстандағы ұлттық қозғалыстың саяси және құқытық идеялары.
Махатма Ганди.
