Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ИППУ.ЛекцияКаз..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
508.93 Кб
Скачать

2.Хiх ғ. 2-шi жартысындағы хх ғ. Басындағы Ресейдегi

мемлекет және құқықтың либералды теориясы

М.М.Сперанский (1772-1839) туған жері: Черкутино деревнясы, Мәскеу губерниясы, қазіргі Владимир облысында, священник Третяковтың отбасында дүниеге келді. Михаил жас кезінде Владимирдегі діни семинариясын оқып бітірген соң оған «Сперанский» (латын тілінде speranto-үміт) деген айдар тағылды. Ол үздік үш оқушының бірі болғандықтан Санкт-Петербургтағы Александро-Невский семинариясына жіберіледі, ал одан соң 1797 ж. академияға түсіп, оны бітірген соң, сонда математика, физика, риторика және философия пәнінен сабақ берді. Ол, 23-ш жасында діни семинарясының (бастығы) префектісі болып қызмет атқарған соң, генерал-прокурор А.Б.Куракинге қызметке кіріп бұл, қызметте статский советник шеніне дейін өседі. Реформалық өзгерістер мен қоғамдық қатынаста жаңарту жолдарын жүргізу кезінде дворяндардың қобалжуынан 1812 ж. Сперанскийді Нижни Новгород, Перьмге жер аударады. 1816 ж. Пензада , ал 1819 жылы Сібірде гурбернаторлық қызметін атқарады. 1821 жылы Сперанскиге Санкт-Петербургке қайта оралуға рұқсат беріледі, ал 1826 жылы император Николай-1 Ресей империясының заңдар жинағын құрастыруды тапсырады. Осы заң жинағын орындау комиссиясын Спиранскйдің басшылығымен төрт жылдың ішінде 45-томдық кітап шығарды. Осы еңбегі үшін Спиранскиді император Николай-14 «Андреевский» жұлдызымен марапатталып және графтық титулы берді. 1839 жылы Спиранский дүние салған соң, сол кездегі ақын-ойшыл Петр Вяземскийдің айтуынша «Аса ірі көлемдегі шенеуник» деп атады. Спиранский дінге сенгендіктен материализм сезімін теріске шығарды, ал Құдайды әлем- дүниесінің ең жоғарғы заң шығарушысы деп есептеді. Келісім-шарт жөніндегі көзқарасында, ол тек жорамал ретінде қарады, ал негізінде ол құайдың еркі бойынша орындалады деген. Спреанскидің ойынша Ресей саясат және құқытың тарихи үш кезеңінен өтті деген, атап айтқанда: 1.Орта ғасырдағы кезееңі-удельдік болуы; 2.Жаңа уақытта- абсолюттік монархия кезеңінің болуы; 3.Нағызғы кезең- өнеркәсіптік жағдайлары. Осы аталған кезеңдерден өте келе, елдегі жоғарғы мемлкеттік билікке конституциялық шектеу қойылуы керек және азаматтар мен бодандықтарға саяси және азаматтық құқықтарын беру керек және жеке бастың қаупсіздігін қамыту керек деген. Спреанскидің ойынша Ресейде өзгерістер күтеді, ол өзгерістер Батыстағы секілді революция жолымен емес тек эволюциялық жолмен жүзеге асырылады деген. «Мемлекеттің Реформациясы» екі-үш жылда жасалмайды ,ол оншақты жылдарда немесе ғасырлар бойы жасалуы мүмкін болады деген. Сперанский мемлекеттік билік жөнінде төрт билік тізбегін көрсетті:1.Заң шығарушылық билігі-ол Мемлекеттік Думаға беріледі; 2.Басқарушылық билігі-ол, министрліктерге және Үкіметке беріледі; 3.Соттық билігі-ол, Сенатқа және сот жүйесіне жүктеледі деген. 4.Ал төртініш билік –ол, императордың мәртебесіне берілетін: «Державный» билігі деген.

Декабистердiң саяси және құқықтық идеялары

А.С.Пушкиннің «Александровтврдың жақсы бастамасы» деген еңбегі қоғамда көптеген «Орыс рыцаоарының ордені»(1815), «Құтқару одағы» (1818), «Әл-ахуалды жақсарту одағы» (1818) оппозицияның бірігуіне негіз болды. Осы оппозицияның мүшелері крепостнойлық правоны және ресейлік абсолюттік монархияны өзгерту туралы бірнеше вариаттар бағдарламасын жасады. Одан соң «Солтүстік және Оңтүстік» деген оппозиция қоғамы қалыптасты. Декабристердің белсенділері мыналар болады:

Павел Иванович Пестель (1793-1826) Москвада ірі помещик семясында туған. Ол үйде білім алып, оны Германияда жалғастырды, Ресейге оралған соң Пажеский корпусын бітіріп, бірінші түлегі болды. 1812 жылғы Ұлы Отан соғысына қатысып, майданда батылдық пен ерлік көрсеткені үшін «жеке-тұлғалы алтын қарумен» марапатталды. 1821 жылы оған полковник әскери шені беріліп әскери қызмет дәрежесі жедел өсе бастады. Бірақ Пестель басқа жолды қалады. Мемлекеттің және қоғамдық құрлысты өзгерті үшін ол «құпия ұйымына» кіріп, кейіннен «Оңтүстік қоғамның» ұйымдастырушысы және жетекшісі болады. Осы аталған қоғам алдағы уақытта күрес жүргізу үшін негіөзгі теориялық ретінде «Русская правда» бағдарламасын шығарады. Осы аталған құпия қоғамның қызмет жасауы нәтижесінде 1825 жылы 14-ші желтоқсанда Санкт-Петербургтың «Сенат» алаңында әскери көтеріліс жасалды. Көтеріліс басылған соң Пестель сотталып-ол, «заңсыз деп танылып» өлім жазасына кесілді. Пестелдің құқық туралы ойында барлық заңдарды үш түрге бөлді: діни, табиғи және азаматтық деп атады. Діни заңы-ол, Қасиетті діни жазуынан алынған, діни және табиғи әлемен байланыстыруды, мәңгңліңк өмір туралы айтылады. Табиғм заңда-ол, табиғат талабына сай және нақты шынайы өмірдегі тіршілік, күнкөрсі , адамнынң дүниеге келуі, еңбек етуі, құқығы, бостандығы болып табылады. Мемлекеттік (азаматтық) заңдар- ол, діни және табиғи заң талабына сай мемлекеттің шығарылған қаулысын айтады. Мысалы: жарлықтар, қаулылар, өкімдер. Келесі декабристь: Никита Михайлович Муравьев (1785-1843) Петербургте туған, ірі жер иесінің, аристократ семиясынан шыққан. 1812 ж. соғысқа қатысады. 1816 ж. парижден Москваға оралған соң «Солтүстік қоғамның» басшысы болып кейіннен бірнеше құпия қоғамда басшылық жүргізеді. Муравевтың айтуынша Ресейде мемлекеттік биліктің ең қолайлысы конституциялық монархия деп есептеді.