Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ИППУ.ЛекцияКаз..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
508.93 Кб
Скачать

3. Пьер Жозеф Прудонның мемлекет және құқыққа

көзқарастары

Саясат пен құқытың тарихи дамуы-ежелгі антикалық дәуірден басталады. Оның себебі жалпы дүниежүзі тарихын, шетелдің мемлекет және құқықтың жалпы тарихында да саясаттың, құқтың және мемлекеттің пайда болуы туралы анықталады. Логикалық ойлау дегеніміз-ол, тек адам баласының шынайы ойлауын айтады. Оның себебі, тек адам баласына ғана логикалық ойлау қабілеттігі берілген. Әрине мынадай сұрақтар туындайды: мысалы, аюдың велосипетті тебуі, иттердің із қууы т.б., бірақ бұл логикалық ойға жатпайды , бұны абстрактілік ойлау деп атайды. Тарих пен логиканың (қисынның) ара қөатынастық байланыстары мынадан тұрады:

-тарихтың пайда болуына қандай себептер, уақиғалар болды;

- саясат пен құқытың теориялық тұрғысын анықтау;

- тарих оқиғасын ойлау арқылы ұйымдастыру;

- саяси және құқытық ойлардың тарихи-теориялық тұрғыда қалыптасуын

дәлелдеу;

- мемлекет пен құқықтың дамуы туралы логикалық ойдың қажеттілігін

ғылыми түрде растау;

-тек логикалық ойлаудың нәтижесінде тарихи деректердің қалыптасуын

ұйыдастыруға жағдай туады.

Тарих пен логикалық қатынас дегеніміз-ол, саясат пен құқытың, мемлекет пен теорияның, пайда болуына жағдай жасаушы, тарихи деректердің қалыптасуы мен логикалық ойдың даму нәтижесінде пайда болатын ғылыми-зерттеу, оқып-танысудың өзара жасалатын іс-әрекеттерін айтады.

Тарих-ол, өткен заманнан бастап қазіргі кезеңге дейінгі қоғамдық қатынасты тіркеуші ретінде қызмет атқаратын ғылым саласын айтады. Логика (қисын)-дегеніміз-ол, адам ойының өмірде өткендегі қоғамдық қатынастарда жасаған іс-әрекеттерін жүзеге асыру кезіндегі ойлау қабілетін айтады.

4.Позитивизмнiң негiзiн салушылардың саяси және

құқықтық концепциялары

Позитивизмнің негізін салушы англияның заңгері Остин Джон (1790-1859 жж) қоғамдық қатынакстардағы позитивтік құқық пен моральды шектей білді. Құқық мәселесімен айналысқан кезі сол өйткені ол 5-жыл Британия армиясында қызмет еткен соң кірісті. Ол өзінің сол кездегі замандастары Иеремей Бентаммен, Деймс Стюарт Милемен және Джон Стюарт Миллемен танысу нәтижесінде Англияда құқықтық реформасын жасау идеясына құныға кірісті. 1833 Д.Остин қылымыстық құқықтык реформалау жұмысын жүргізу комиссия мүшесіне енгізілді. Ең басты тұжырымы-ол, Егемен деген сөзді басқарушы деген мағынаны білдіреді деген. Суверен дегеніміз-ол, көпшіліктің оған бағыну деген мағынаны білдіреді және смоған бағынуға дағдыланды деген. Позитивтік құқытың шығу көзі-ол, егеменнің бұйрықтары деген.

9 ДӘРIС

Тақырып: ХIХ-ХХ ғ. басындағы Ресейдегi және Қазақстандағы саяси-

құқытық ойлар

Сабақтың мақсаты: ХIХ-ХХ ғ. басындағы Ресейдегi және Қазақстандағы

саяси-құқытық ойлар туралы оқып танысу.

Жоспар:

1.ХIХ-ХХ ғ. басындағы Ресейдегi төңкерiстiк қозғалыстағы саяси және

құқықтық идеялар

2.ХIХ ғ. 2-шi жартысындағы ХХ ғ. басындағы Ресейдегi мемлекет және

құқықтың либералды теориясы

3.Қазақ ағартушылардың саяси және құқықтық идеялары, олардың

ерекшелiктерi

4.ХХ ғ. 1-шi ширегiнде Қазақстандағы саяси және құқытық ойлар

1.ХIХ-ХХ ғ. басындағы Ресейдегi төңкерiстiк қозғалыстағы

саяси және құқықтық идеялар

Ресейде Александр-1 патшаның тұсында саяси режимдер өзгеріске тап болды. Паташылқ билік тұсында «Жастар достығы» деген саясаттық мазмұыны бар үйірмесі жұмыс істеді. Бұл үйірмеге либералдық сана-сезіммен ойлаушылырдың қатысуымекн кейін келе бұл үйірме «Құпия комитет» деп аталды. Осы атлған үйірме мүшелері «якобиндік шайка» яғни қылымыстық ұйым деп жоғарғы мемлекет лауазымдары солай атаған. Сол кезеңде Александар-1 либералдық заңды қабылдай отырып орталық басқару органдарының аттарын өзгертіп ауыстырды. Ресейдің саяси жағдайына және саяси- құқықытқ ойына әсерін тигізген халықаралық фактор Ұлы Француз революциясы болды. ХІХ-ХХ ғасырлар арасында Ресейде саясат пен құқықтық мәселесін ойлаушылар да аз болмады. Оның ішінде орыстың атақты ақыны А.С.Пушкиннің замандасы П.Я Чаадаевты (1794-1856) айтуға болады. Ол сол кездегі декбристердің басқаша түрі болды. Оның ойынша барлық адамзат тарихының оқиғалары бірте- бірте дұрыс қалпына келуі мүмкін дейді. Соныман қатар барлық қоғамдағы іс-әрекеттер біртегіс емес әр-қилы қозғалыстың нәтижесінде өмірдің дұрыс жолына түспей адасушылққа немесе абйсыздыққа тап болатындар да аз емес деген. Адамзаттың жетістіктерінің бірі –ол, хистяндық деп есептеді, ол тек тарихи мәселесі жағынан ғана баға берді. Осыған орай құқық пен саясат мәселесі жөнінде мынадай тарихисофистік тақырп бройынша қаралды, яғни: адам, халық, адамзат, Тұрғындық, Құдай деп айқындады. Оның шынайы ұстазы ретінде және арқа-сүйері ежелгі және орта ғасырдағы философтардың Платон,М.Монтень, Вольтер, Ж.Руссо, ал ереке көзге түскендер Ф.Шеллинг,И.Кант, Ф.Ламаннэ, Б.Спиноза еңбектері болды.

ХІХ ғас 30-40 жылдарында Ресейде славяндық және батыстық саяси және құқытық ойлар пайда болды. Бұл ойдың айырбас сана-сезімі 1839 жылдан басталды, оның негін қалаушылар А.С.Хомяков (1804-1860) пен И.В.Киреевский (1808-1856) болды. Киреевскидің айтуынша Батыс елдерінде християн діни нанымын уағыздау нәтижесінде екі бағыттағы ойлар пайда болды және мемлекет билігінде де, жанұялық құқықта, міндеттеме арту мәселесінде жаңа көзқарастар балды. Бұл дегеніміз Ресей діні мен қоғамға деген көзқарас, халық арасындағы рухани қатынастар Батыс елімен сәйкес екендігін білдіреді деген. К.С.Аксаковытың (1817-1860) «Ресейдің ішкі жағдайы туралы» жазылған хатында император Александр-ІІ 1855 ж. көрсете отырып, Ресейдің ішкі жағынан әбден бүлінегендігі және ар-ұятсыз жалғандықтың шыңына жеткендігі айтылады. Бұл сипаттама сол кездегі Ресей империясының капитализм формациясының соңғы сатысына келгендігін, халқтың аш-жалаңаш, әділетсіздіктің күненн-күнген нығаюын айтады.