Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ИППУ.ЛекцияКаз..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
508.93 Кб
Скачать

1.Хiх ғ. 2-шi жартысындағы саяси және құқықтық

идеологияның негiзгi белгiлерi және басты бағыттары

Франциядағы ағартушылықтың көрнекті өкілдері Ф.Вольтер, ш.Монтескье, Ж.Руссо, Дидро, Г.Бабеф және тағы басқалар болды. Европадаға ағартушылықтың басты идеяларының бірі адам құндылықтарын қадірлеумен қатар, социалистік идеялар да ұлы ойшылдар қозғаған тақырыптардың біріне айналды. Энциклопедистер Дени Дидро, Вольтер, Ж.Руссо жіне т.б. адамзат үшін мәдениет құндылығын баса көрсеткен олар баспасөз және ар-ождан бостандығының берілуін талап етті.Адамдардың заң алдында ғана тең болуы мүмкін екендігін ескерген олар заңның күштілігі мен әділеттілігіне ерекше назар аударды. Энциклопедияның басшысы Дидро «заңдар жақсы болса, мінез де жақсы, ал заңдар кесапатты болса мінез де кесапатты болады» деп жазған. Энциклопедистер халықтың табиғи құқытарын жүзеге асыру үшін, мемлекеттік басқару тәсілін өзгертуге, заңдарды реттеуге көп көңіл бөлді. Француз ағартушылары қоғамның дамуының нәрін парасаттылық пен саналық, білімділік пен адамның жан-жақты қалыптасуымен байланыстырып, «әлемді пікір билейді» деген қортындыға келді.

Мемлекет және құқық тарих пәнін оқып білмейінше саяси және құқықтық ілімдер тарихын оқып біліуге болмайды, ал осы аталған пәнді оқымай құқықтар саласымен оқып танысуға болмайды. Оның себебі әрбір құқық саласының теориялық тұрғыда қоғамдағы алатын орнын анықтауға, қоғамдық қатынастарын реттеуге болмайды. Саяси және құқытық ілімдер тарихы пәнінің құқытық пәндер жүйесіндегі алатын орны, ол жеке өз алдына пән саласы болып табылады және ол тарихи-теориялық пән болып табылады. Сонымен қатар саяси және құқықтық ойлардың нәтижесінде, құқықтар саласының әрбір сала бойынша жұмыс істеуін айтады.

2. Батыс Еворпадағы марксизмнiң саяси және

құқықтық iлiмi

Батыс Еуропалық орта ғасырлар тарихы алуан түрлі айтулы оқиғаларға толы ұзақ дәуірді қамтыды. Бұл дәуір экономикалық және қоғамдық өмірдің, әртүрлі топтар арасындағы шиеленіскен күрестің жаңа формаларының тууы мен дамуымен, өткір саяси және идеологиялық қақтығыстармен, буржуазиялық алғашқы революциялармен және мәдениет пен ғылымның одан әрі дамуымен, ұлы жаңалықтар мен өзгерістер ашқан ұлы ойшылдармен әйгілі болды деген. Осы кезеңде адамзат материалдық және рухани мәдениеттің дамуы жөніндегі тарихтың бұған дейінгі кезеңдерімен салыстырғанда едәуір ілгері басты. Бұл дәуір бүкіл адамзат ұрпағы мақтаныш ететін ұлы адамдар тобын өсірі шығарды, атап айтқанда:Петр Абельяр, Роджер Бэкон, Николай Коперник, Джордано Бруно, Данте, Петрарка, Шекспир, Сервантес, Рафаэль, Микеланджело, Леонардо де Винчи,Рембранд және т.б. әдебиет, өнер және музыка өнерімен қатар саяси-құқытық ойлардың негізін салушылар: Фома Аквинский, Марсилий Падуанский, Никола Макиавелли, Томас Мор, Томмазо Кампанелла, Мартин Лютер, Жан Боден, Филипп де Боманур сияқты алдыңғы қатарлы өкілдері де осы дәуірде өмір сүрді. Орта ғасырдағы Батыс Европалық саяси-құқытық ойдың бұл кезеңдегі дамуының өзіндік белгілері мен ерекшеліктері де болды және қарастырылып отырған дәуір аралығында саяси-құқықтық ілім өз бейнесі мен сипатын үнемі өзгертіп отырды. Бұл құбылыс сол кездегі феодалдық қоғамның әлеуметтік, экономикалық және саяси жүйесіедегі эволюциялар дамуының заңды нәтижесі болды. Өндіргіш күштердің өсуімен бірге өндірістік қатынастарға тән алға басушылық та болды, феодалдық мемлекеттердің әлеуметтік құрлысы сияқты саяси бейнесі де өзгерістерге ұшырады.