- •1.Саяси және құқытық iлiмдер тарихы пәнi.
- •2. Саяси және құқықтық iлiмдер тарихының әдiстерi.
- •3.Теориялық саяси және құқықтық сана және оның құрлымы.
- •4. Саяси және құқықтық iлiмдер тарихының кезеңге бөлiнуi.
- •1. Ежелгi Үндiстандағы саяси-құқытық ойлар
- •2.Ежелгi Қытайдағы саяси және құқықтық ойлар
- •3.Ежелгi Грециядағы саяси және құқықтық iлiмдер
- •4.Ежелгi Римдегi саяси және құқықтық iлiмдер.
- •1.Шығыс Араб, Орта Азия және Закавказье елдерiндегi саяси және
- •2.Орта ғасырдағы Батыс Европаның саяси және құқытық ойларының
- •3. Фома Аквинский,Марсилий Падуанскийдiң саяси және
- •4. Николо Макивавелий, Жан Боденнiң, Томас Морр,
- •1. Хүii ғ. Голландиядағы саяси және құқықтық iлiм
- •2.Гуго Гроцийдiң, Барух Спинозаның мемлекет туiралы
- •Iлiмдерi
- •3.Томас Гоббстың саяси және құқытық iлiмi “Левиафан”
- •4.Англиядағы хүiii ғ. Саяси және құқытық ойлар
- •1. Франциядағы хүiii ғ. Саясип және құқытық идеологиясының
- •2.Ағартушылық саяси және құқықтық көзқарастары
- •3.Ш.Монтескиенiң, ж..Ж.Руссо саяси және құқытық iлiмдерi
- •4. Утопиялық коммунизмнiң саяси идологиясы
- •Iлiмдер
- •1. Саяси және құқытық ойлардың негiзгi бағыттардың
- •2.“Федералистердiң” саяси және құқықтық
- •4.Конституциализмнiң және федерализмнiң идеялары
- •5. Радикалды демократтардың саяси және құқықтық
- •1.Имануил Канттың құқық және мемлекет туралы iлiмi
- •2.Мәңгi дүние жобасы “Мәңгi дүниеге”
- •3. Гегельдiң құық пен мемлекет туралы iлiмi
- •4.Құқықтың тарихи мектебi г.Гуго, ф.К.Савиньи, г.Пухта
- •1.Хiх ғ. 2-шi жартысындағы саяси және құқықтық
- •2. Батыс Еворпадағы марксизмнiң саяси және
- •3. Пьер Жозеф Прудонның мемлекет және құқыққа
- •4.Позитивизмнiң негiзiн салушылардың саяси және
- •2.Хiх ғ. 2-шi жартысындағы хх ғ. Басындағы Ресейдегi
- •3.Қазақ ағартушылардың саяси және құқықтық идеялары,
- •1. Бұқар - жыраудың саяси және құқықтық идеялары
- •4.Хх ғ. 1-шi ширегiнде Қазақстандағы саяси және
- •1.Хх ғ. Саяси және құқықтық ойлардың ерекше белгiлерi
- •2.Л.Дюгидiң, г.Кельзеннiң, н.Ориуннiң құқық , солидаризм
- •3. Қытайдағы ұлт-азаттық қозғалысының саяси және
- •4.Үндiстандағы ұлттық қозғалыстың саяси және құқытық
1.Имануил Канттың құқық және мемлекет туралы iлiмi
Иммануил Кантт (1724-1804)- классикалық неміс философиясының көшбастаушысы және құқытың қазіргі теориясындағы іргелі бағыттың бірінің негізін қалаушы болды. Кенигсберг университетінің профессоры Канттың ілімі ХҮІІІ ғасырдың 70 жылдары осыған дейінгі философияны сынау тұрғыда қайта қалыптастырылды. Канттың пікірінше, адамгершілік және құқытық заңдардың қайнар көзі практикалық ақыл-ой немесе адамдардың ерікті ырқы болды деген. Бүкіл адамзат алдында өз жауапкершілігін толық түсіну деңгейіне жеткен адам ғана моральдық тұлға бола алады деп жариялады неміс ойшылы.
Канттың құқытық теориясы этикамен тығыз байланысты деген. Құқық пен моральдың арақатынасын қысқарта отырып, Кант құқықтық заңдарды адамгершіліктің алғашқы сатысы ретінде қарастырды. Канттың анықтамасы бойынша құқық- бұл еркіндіктің жалпыға ортақ заңы тұсындағы жеке адамның еркі басқалардың еркіне қайшы келмейтін шарттар жиынтығын айтады. Канттың құқық туралы ілімі ХҮІІІ ғ. батысевропалық заңгерлік ой дамуының жоғарғы сатысы болып табылды. Адам әуел бастан жалғыз туа біткен табиғи құқық-ол, адамгершілік таңдаудың еркіндігіне тән деген.
Мемлекетке дейінгі кезде адам субъективті табиғи құқықтарға ие болды, оның ішінде меншік құқығы да болды, алайда олар жекенің өз күшінен өзге ешнәрсемен қамтамасыз етілмеген. Канттың пікірінше, жеке құқық өзінің нағыз заңды және кепілді сипатына тек мемлекет деңгейінде ғана, жалпы заңдардың бекітілген тұсында ғана ие болады деген. Мемлекеттің маңызды белгісі ретінде-ол, заңның үстемдік етуі айтылады.
Мемлекет және құқық туралы Канттың ілімі Француз төңкерісінің тікелей ықпалымен пайда болған алғашқы ірі саяси доктрина болды деген. Кант философисы бойынша Француз революциясын немісше ақтау (қолдау) варианты деп атайды.
2.Мәңгi дүние жобасы “Мәңгi дүниеге”
Имануил Канттың негізгі шығарамашылық еңбектеріне мынанал жатады:
1.Таза ой сыны-1781 ж;
2.Табиғи ақылдың сыны-1788 ж;
2.Ой-толғауна қабілеттік-1790 ж
3. Мәңгі дүниеге-1795ж;
4.Метафизика өнегелігі-1797 ж.
Осы аталған еңбектерінің ең көзге түскендігі сондай, ол адам қоғамының ұмыр бойы өмір сүруі жөніндегі, олардың ұрпақтан- ұрпаққа таратылуы жөнінде табиғи заңның бар екендігін айтады. Ол өзінің еңбегінде франция ойшылдары Ш.Монтеские мен Ж.Ж.руссоның еңбектерімен танысп соғын жүгінді. Каннттың теориялық тұжырымы табиғи импетивтік принципін әр тұлға өзі құрастырады деген, оған мына принципті көрсетті:
1.гипотетичекски- атап айтқанда: шартты түрде;
2. мәііндетті түрде- атап айтқанда: сөзсіз.
3. Гегельдiң құық пен мемлекет туралы iлiмi
“Құқық философиясы”
Георг Вильгельм Фридрих Гегельдің (1770-1831) философиялық ілімі классикалық неміс идеализмі дамуының ең жоғарғы сатысы болып табылды. Оның негізгі шығармалары- «Рух феноменологиясы» (1807), «Логика ғылымы» (1812-1816), «Философиялық ғылымдар энциклопедиясы» (1817). Мемлекет және құқық мәселесіне қатысты ең басты еңбегі «Құқық философиясы» (1812) деп аталды. Гегель- объективті идеализмнің ең көрнекті өкілі. Оның философиясының негізгі категориясы- абсолюттік идея болды. Гегельдің ойынша білімдер жүйесі үш бөлімнен тұрады деген. Олар:1)Логика-ұғымның дамуы; 2) табиғат философиясы; 3) Рух философиясы. Мемлекет және құқықтың барлық мәселелсін Гегель рух философиясына жатқызды. Мемлекет көзқарасы Гегельдің саяси теориясының өзегі болып табылады. Оның ілімінде мемлекет-ол «адамгершілік идеясының нақтылығы», «жүзеге асқан ақыл-ой», «еркіндіктің іске асуы». Гегель мемлекетті тұлғадан, қоғамнан жоғары тұратын мақсат, органикалық тұтастық ретінде қатыстырып, белгілі дәрежеде Гоббстың дәстүрін жалғастырды. Гегель өзінің ойында сот билігін жеке өз алдына билік тізбегіне жатқызбаған, ол өкіметтік немесе атқарушы биліктің құрамдас бөлігі ретінде қарастырды. Гегель мемлекеттік билік мәселесінде заң шығарушы, өкіметтік және корольдық биліктерді бөліп көрсетеді, оның үстіне соңғысын бүкіл осы жүйенің негізі және шыңы ретінде сипаттайды. Оның ойынша корольдік билік қалған екі билікті (заң шығарушы, өкіметтік) біріктіреді және тұтастық ретіндегі мемлекеттің айнасы болып табылады. Мұрагерлік монархия сайламалыға қарағанда табиғи және көпшіліктің билігімен салыстырғанда басқарудың ақылды формасы деген. Гегель әлемдік федерация туралы, ол үшін дамудың жоғарғы нысаны-ол, ұлттық мемлекет деген. Ол әлемдік тарихты да ұлттық рухта түсіндіреді, барлық азаматтық өткенді Гегель әлемдік тарихты төртке бөлді: шығыстық; гректік; римдік және германдық. Оның әрқайсысына мемлекеттің төрт нысаны сәйкес келеді: шығыстық теократия (жалғыздың егемендігі), демократия және аристократия, конституциялық монархия.
