- •1.Саяси және құқытық iлiмдер тарихы пәнi.
- •2. Саяси және құқықтық iлiмдер тарихының әдiстерi.
- •3.Теориялық саяси және құқықтық сана және оның құрлымы.
- •4. Саяси және құқықтық iлiмдер тарихының кезеңге бөлiнуi.
- •1. Ежелгi Үндiстандағы саяси-құқытық ойлар
- •2.Ежелгi Қытайдағы саяси және құқықтық ойлар
- •3.Ежелгi Грециядағы саяси және құқықтық iлiмдер
- •4.Ежелгi Римдегi саяси және құқықтық iлiмдер.
- •1.Шығыс Араб, Орта Азия және Закавказье елдерiндегi саяси және
- •2.Орта ғасырдағы Батыс Европаның саяси және құқытық ойларының
- •3. Фома Аквинский,Марсилий Падуанскийдiң саяси және
- •4. Николо Макивавелий, Жан Боденнiң, Томас Морр,
- •1. Хүii ғ. Голландиядағы саяси және құқықтық iлiм
- •2.Гуго Гроцийдiң, Барух Спинозаның мемлекет туiралы
- •Iлiмдерi
- •3.Томас Гоббстың саяси және құқытық iлiмi “Левиафан”
- •4.Англиядағы хүiii ғ. Саяси және құқытық ойлар
- •1. Франциядағы хүiii ғ. Саясип және құқытық идеологиясының
- •2.Ағартушылық саяси және құқықтық көзқарастары
- •3.Ш.Монтескиенiң, ж..Ж.Руссо саяси және құқытық iлiмдерi
- •4. Утопиялық коммунизмнiң саяси идологиясы
- •Iлiмдер
- •1. Саяси және құқытық ойлардың негiзгi бағыттардың
- •2.“Федералистердiң” саяси және құқықтық
- •4.Конституциализмнiң және федерализмнiң идеялары
- •5. Радикалды демократтардың саяси және құқықтық
- •1.Имануил Канттың құқық және мемлекет туралы iлiмi
- •2.Мәңгi дүние жобасы “Мәңгi дүниеге”
- •3. Гегельдiң құық пен мемлекет туралы iлiмi
- •4.Құқықтың тарихи мектебi г.Гуго, ф.К.Савиньи, г.Пухта
- •1.Хiх ғ. 2-шi жартысындағы саяси және құқықтық
- •2. Батыс Еворпадағы марксизмнiң саяси және
- •3. Пьер Жозеф Прудонның мемлекет және құқыққа
- •4.Позитивизмнiң негiзiн салушылардың саяси және
- •2.Хiх ғ. 2-шi жартысындағы хх ғ. Басындағы Ресейдегi
- •3.Қазақ ағартушылардың саяси және құқықтық идеялары,
- •1. Бұқар - жыраудың саяси және құқықтық идеялары
- •4.Хх ғ. 1-шi ширегiнде Қазақстандағы саяси және
- •1.Хх ғ. Саяси және құқықтық ойлардың ерекше белгiлерi
- •2.Л.Дюгидiң, г.Кельзеннiң, н.Ориуннiң құқық , солидаризм
- •3. Қытайдағы ұлт-азаттық қозғалысының саяси және
- •4.Үндiстандағы ұлттық қозғалыстың саяси және құқытық
5. Радикалды демократтардың саяси және құқықтық
идеялары
Американ демократтарының көрнекті өкілінің бірі Томас Пейн (1737-1809) Англияда туып өсті және Америкаға Франклиннің кеңесі бойынша келді. Тәуелсіздік үшін болған американдық соғыстар кезінде ол кең танымал публицистке (көсемге) айналды. Оның «Адам құқықтары» (1791 ж) деп аталған саяси-философиялық очеркі өзге тілдерге аударылуы мен қайта басылуының саны жағынан Байронның атақты «Чайл Гарольд» поэмасымен таласа алады. Якобиндік террорды сынағаны үшін қамауда болды. Сол кезде «Ақыл-ой ғасыры» деп аталатын шіркеуге қарсы памфлетін жазды (1794-1795). Ол депутаттық құқығын қалпына келтірді. Америкаға келгеннен кейін өзінің шірекуге қарсы көзқарасы үшін қудаланып, елеусіз күйде өмірден өтті.
Пейн өзінің «Зерделі пайым» памфлетінде (1776 ж. қаңтар) дұрыс ойланатын американдық патриотың атымен штаттардың ренспубликалық өзін-өзі басқару идеясын шеберлікпен қорғап, мұрагерлік монархия мен метрополиядағы жартылай республикалық парламенттің айқын әрі жасырын күнәларына батыл қарсы шықты. Американ колонияларының тәуелсіздігін қорғай отырып, француз революциясының практикасы мен идеяларын еске алды. Пейн ойынша, биліктің пайда болуы мен өмір сүруі тек бағынышты адамдардың келісіміне ғана негізделеді деген. «Ақыл-ой ғасыры» еңбегінде Пейн ақыл-ойды «інжілдік ертегілерге» қарсы қоя отырып, діни дүниені танымда төңкеріс жасауға шақырды. Шіркеулік мемлекеттік билігі- ол, барлық кірістерді бір қолға жинап, адамзатты қанау мен қорқыту үстемдігін жүргізу үшін құрылған деген.
Томас Джефферсон (1743-1826) өз дәуірінің атақты замандастары сияқты философиямен айналысуды мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі үлкен белсенділікпен біріктірді. Өзінің ең туынды еңбектерінде туған штаты «Виргиния штаты туралы ескертпелер», 1775, ал ең белгілі шығармасы АҚШ-ң тәуелсіздік Декларациясы (1776) болып табылды. Ол шығу тегі жағынан провинциалдық плантатордың баласы болды. Джефферсон саяси мансаптың барлық қызмет баспалдағынан жақсы өтті: ол, қарапайым үйренуші заңгерден бастап графтық иелігіндегі милиция шенеунигінен штат губернаторына дейін, ал кейін елдің президентіне дейін өсті. Джефферсон «Британ Америкасының құқықтарына жалпы шолу» деген еңбегінде табиғи заңдар бойынша алынған құқықтарды қайта құру қажеттігін айтады. Король халыққа пайда әкелу үшін сайланады және халықтың бақылауында болу керек деген. «Виргиния штаты туралы ескертпелерде» Джефферсон Америкадағы болашақ демократия туралы мәселелерге байланысты өз пікірін білдірді. Ол адамзат барлық құқық пен биліктен өзіне керегін алады, сонымен бірге халық еркіндігін сақтай отырып, заң шығарушы, атқарушы және сот билігі мекемесінде істейтін қызметшілерге толық сенімділік артады.
№ 7 ДӘРIС
Тақырып: ХҮIII ғ. соңы ХIХ ғ. басындағы Германиядағы саяси және
құқықтық iлiмдер
Сабақтың мақсаты: ХҮIII ғ. соңы ХIХ ғ. басындағы Германиядағы саяси
және құқықтық iлiмдерімен оқып танысу.
Жоспар:
1.Имануил Канттың құқық және мемлекет туралы iлiмi
2.Мәңгi дүние жобасы “Мәңгi дүниеге”
3.Гегельдiң құық пен мемлекет туралы iлiмi “Құқық философиясы”
4.Құқықтың тарихи мектебi Г.Гуго, Ф.К.Савиньи, Г.Пухта
