Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ИППУ.ЛекцияКаз..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
508.93 Кб
Скачать

2.“Федералистердiң” саяси және құқықтық

идеялары

Федералистердің ең көрнекті өкілі Александр Гамильтон (1757-1804) кең ауқымды мемлекет қайраткері ретінде конституциялық теория мен практика саласындағы терең зерттеулердің авторы және қуатты бір орталыққа бағынған федералдық өкімет билігінің жалынды жақтаушысы болды. Гамильтон өзнің ойында: «Халық дана басқарушыны қолға үйретуші жыртқыш аңға ұқсайды, ал мұны ескермесе кез-келген конституция жалаң сөзге айналады» деген. Гамильтон 1787 ж. қазаны мен 1788 жылдың мамыры арасында ерте римнің республикашыл патриоты Публиус Валерийдің бүркеншек атымен жарияланған «Федералист» мақаласын жазған үш автордың бірі боды. Бұл үш автор да Конституцияны даярлауға қатысқан, кейінірек өкіметтегі негізгі мемлекеттеік қызметтерді атқарды, яғни Гамильтон- қаржы министрі; Дж.Джей-жоғарғы сот төрағасы; Дж. Мэдисон- елдің төртінші президенті болды. Гамилтион мемлекеттің негізгі аппаратына мынадай сипаттама берді:Ақарушы биліктің-қылышы, Конгрестің-қалтасы болу керек, ал соттың- даналық қасиеті болуы керек деген.

Өзінің саяси көзқарасы жағынан федералистер тобына Джон Адамс (1735-1826) та жатады. Саяси ғылым мен мемлекет мәселесі жөнінде алғашқы фундаментальды (іргелі) еңбектің авторы және қазіргі консерватизмнің идеялық көшбастаушысы болып табылады деген. Адамс қарыз бен сыбайластыққа батқан Англиядан бөлініп, колониялардың заң шығарушы және әкімшілік дербестігін негіздеуде Джефферсонды қолдады. Адамс өзінің «Америка Құрама Штаттарындағы өкіметтік биліктің конституциясын қорғау» атты көлемді үш томдық монографиясында биліктің үш тармағының ажыратылуы мен тәуелсіздігінің қажеттілігін негіздеді. Дж.Адамс өзінің саяси көзқарасын пікір-талас жүргізе отырып «адам-адамға қасқыр» деген принципке негізделген Никколо Макиавеллидің іліміне сүйенді.

4.Конституциализмнiң және федерализмнiң идеялары

Джеймс Медисон (1751-1836) Филадельфия конвентіне қатысушы, «Федералист» авторларының бірі «американ конституциясының әкесі» деген құрметті титулдың иегері болды. Ол АҚШ жағдайындағы республикалық басқару идеясын дайындаудағы, билік тармақтарының тепе-тең ажыратылу теориясына, фракция концепциясына және т.б. қомақты үлес қосты. Кейінірек АҚШ-тың Жоғарғы соты үшін конституциялық құқықтың қайнар «Федералист» көзі және американдық конституциялық құқықтың тәжірибелерін зерттеушілердің барлығының сілтеме жасайтын негізгі кітабы боп табылды. Өмірінің соңында ол өзінің федералистік позициясынынң кейбір тұстарын қайта қарастырып демократиялық республикашылармен жақындасады. Медисонның №10 «Федералист» келтірілген анықтамасы бойынша «факция» қоғамның біріккен мүддесіне және өзге азаматтардың құқықтарына қайшы келетін белгілі бір ортақ пікірге немесе мүддеге біріккен азаматтардың тобы деген ұғымды білдірді. Факцияның пайда болуының ең кең таралған және тұрақты себебі меншіктің әркелкі бөлінуі болып табылады. Басқару билігінің құрлымы үнемі меншік иелері мен билікке қауіп төндіретін фракциялардың пайда болуына жол бермеуді ескере отырып ұйымдасты деген. Мәдисон Монтескьенің ізінше биліктің үш тармағының ажыратылуын жақтады, алайда олардың бөлінісіне келгендегі әлеуметтік теңсіздікке орай қиыншылықтар туады деген.