Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ИППУ.ЛекцияКаз..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
508.93 Кб
Скачать

1. Франциядағы хүiii ғ. Саясип және құқытық идеологиясының

негiзқгi бағыттар

Орта ғасырларда католик шіркеуі абсолютизмді және феодалдық тәртіптерді қызғыштай қорғады. Монархиялық шексіз билік пен әлеуметтік теңсіздіктің бәрін құдай жаратты, бұлар құдай ісі деген соқыр сенімді халық арасында кеңінен таратып және оны қолдады. Қайта өрлеу мен Реформациядан кейін-ақ Еуропаның көптеген елдерінде алдыңғы қатарлы жазушылар мен ойшылдар феодалдық құрлыс пен оның орнатқан тәртіптерін сынай бастады. Олар ғылым мен оқуды дінге қарсы қойды, бас көтеріп келе жатқан буржуазия мен халықтың басқа да топтарының мүдделерін қорғады. Феодализмнен капитализмге өту дәуіріндегі осындай жалпы ықпалды мәдени-гуманистік қозғалыс Ағарту деп аталып, оның өкілдері тарихқа ХҮІІІ ғасырдың ағартушылары деген атпен енді.Ағартушылық бағыттың кең өркен жайуына ағылшын және американ буржуазиялық революцияларының идеялары да едәуір ықпал көрсетті. Ағартушылықтың басты мазмұны әлеуметтік-адамгершілік идеялары мен оны іске асырудың жолдарын іздестірумен сипатталды. Адам қасиетін құрметтеуді, қараңғылық пен бойкүйездікті жеңуді, рационалды білімді халық арасында кең таратуды басты мақсат еткен ағартушылар ең алдымен, феодалдық тәртіптер мен шіркеу үстемдігін жоюды талап етті.

2.Ағартушылық саяси және құқықтық көзқарастары

Ағартушылық әр елдің қоғамдық-тарихи ерекшеліктеріне қарай әртүрлі мазмұнда және сипатта көрінді. Франциядағы ағартушылықтың көрнекті өкілдері Ф.Вольтер, ш.Монтескье, Ж.Руссо, Дидро, Г.Бабеф және тағы басқалар болды. Европадаға ағартушылықтың басты идеяларының бірі адам құндылықтарын қадірлеумен қатар, социалистік идеялар да ұлы ойшылдар қозғаған тақырыптардың біріне айналды. Энциклопедистер Дени Дидро, Вольтер, Ж.Руссо жіне т.б. адамзат үшін мәдениет құндылығын баса көрсеткен олар баспасөз және ар-ождан бостандығының берілуін талап етті.Адамдардың заң алдында ғана тең болуы мүмкін екендігін ескерген олар заңның күштілігі мен әділеттілігіне ерекше назар аударды. Энциклопедияның басшысы Дидро «заңдар жақсы болса, мінез де жақсы, ал заңдар кесапатты болса мінез де кесапатты болады» деп жазған. Энциклопедистер халықтың табиғи құқытарын жүзеге асыру үшін, мемлекеттік басқару тәсілін өзгертуге, заңдарды реттеуге көп көңіл бөлді. Француз ағартушылары қоғамның дамуының нәрін парасаттылық пен саналық, білімділік пен адамның жан-жақты қалыптасуымен байланыстырып, «әлемді пікір билейді» деген қортындыға келді. Ағартушылық идеялары Франциямен қатар Италия, Англия, Германия, Ресей, Голландия, Солтүстік Америка және т.б. елдерде кең қанат жайды.

3.Ш.Монтескиенiң, ж..Ж.Руссо саяси және құқытық iлiмдерi

Шарль Луи Монтескье (1689-1755 ж)- француз ағартушыларының көрнекті өкілдерінің бірі, танымал заңгер және саяси ойшылы болды. Ол өзінің еңбегінде құқықтану, саясатпен қатар философия, этика, әлеуметтану, тарих, саяси экономия, жаратылыстану ғылымдары, әдебиет пен өнер және дін мәселелеріне арналған көлемді шығармалар қалдырды. Оның мемлекет, саясат және құқықтануға арналған басты үш еңбегі бүкіләлемдік маңызы болды, атап айтқанда: «Парсы жазбалары» (1721), «Римдіктердің қуаттылығы мен құлауының себептері туралы пікірлер» (1734) және жиырма жыл бойы жазған еңбегі «Заңдар рухы туралы». Францияның феодалдық- абсолюттік тәртібі аяусыз сыналған «Парсы жазбалары» еңбегі бір жылда сегіз рет жарық көрді. «Римдіктердің қуаттылығы мен құлауының себептері туралы пікірлерінде» Монтескьенің ағартушылық және антидеспоттық идеялары Ежелгі Римнің қоғамдық, саяси және рухани өмірінің тарихи зерттеу тәжірибесімен және дәлелдерімен бекітілді. Кең көлемде және жан-жақты жазылған «Заңдар рухы туралы» еңбегі Монтескьені саяси және құқытық ойдың бүкіл әлемдік тарихындағы танымал классиктердің қатарына енгізілді. Сол кездегі қоғамдық құрлыс пен шіркеудің қарсылығна тап болған бұл шығарма тиым салынған кітаптар тізіміне енгізілді. Монтескьенің саяси-құқытық теориясының басты тақырыбы және онда қорғайтын басты құндылығы-саяси бостандық деген.

Заңдардың шығуына қажетті қатынастарға әрбір халықтың өзіндік сипаты мен ерекшелігінің ықпалы бар екендігіне де Монтескье назар аударды. Сирек жағдайда болмаса бір халықтың заңы екінші халыққа жарай бермейді деген. Бұл туралы кейіннен қазақтың ағартушы-ғалым- саяхатшы Шоқан Уәлиханов «Сот реформасының жазбасы» туралы еңбегінде айтқан.

Монтескье, сонымен бірге, мемлекет белгілеген заңдардың табиғаты мен принципі оның географиялық жағдайы мен ерекшелігіне, жер көлемі мен табиғатына (ыстық, суық, шөл, тропиктік, субтропиктік), топырақ құрамына, тұрғындардың өмір салтына (егіншілер, малшылар, көшпелілер т.б.) халықтың санына, елдің байлығына, әдет-ғұрпына сәйкес келу қажеттігін атап көрсеткен. Монтескьенің пікірінше, басқару түрінің өзі мемлекеттің жер көлеміне қарай әртүрлі болуы мүмкін деген. Ол биліктің үлкен мемлекеттер үшін деспоттық, ал орта мемлекеттер үшін монархиялық билік, шағын мемлекеттер үшін демократиялық билік түрі тиімді деп есептеді.

Оның «Заңдар рухы» және билікті бөлу туралы ілімі одан кейінгі саяси-құқытық ойдың, әсіресе құқытық мемлекет теориясы мен практикасының дамуына едәуір ықпалын тигізді.

Жан Жак Руссо (1712-1778 ж)- саяси және құқытық ілімдер тарихындағы жарық жұлдыздардың бірі болды. Оның саяси-құқытық және әлеуметтік қатынастары «Адамдар арасындағы теңсіздіктің пайда болуы мен негіздемесі туралы ойлар» (1754), «Саяси экономия туралы» (1755), «Мәңгі әлемі туралы ойлар» (1782) (қайтыс болған соң бірінші рет жаряланып шықты), «Қоғамдық келісімі немесе саяси құқытық принциптері туралы» (1762) шығармаларында көрнісін тапты. Оның қоғам, мемлекет, құқық мәселелері туралы ілімі халықтың егемендік идеясы мен принципін қорғауға негізделген. Сол кездегі кең тараған табиғи жағдай ұғымын Руссо адамзаттың әлеуметтік, саяси-құқықтық және рухни өмірінің қалыптасуы мен дамуы туралы көзқарастарын дәлелдеуге пайдаланды. Табиғи жағдайда, Руссоның ілімі бойынша, жеке меншік болмайды, барлық адам еркін және тең болады деген. Жеке меншіктің және әлеуметтік теңсіздіктің пайда болу себебінен табиғи теңдік бұзылып, кедейлер мен байлар арасында күрес басталған. Бұл туралы Руссо «теңдіктің жойылуына адамдар тарихындағы ең бір ауыр кезең- күштілердің әлсіздерді, байлардың кедейлдерді ұрып-соғуы мен тонауы басталды, ауыр күнәға батқан адамзат ұрпағы, кейін қайтар жолды таба алмады және дәулеттілер бұл мүмкіндіктен қайта айрылғысы келмеді» деп жазды. Байлар үшін өз мүдделерінің заңдылығын бұзбастан мұндай жағдайдан шығудың бірден-бір жолы барлық адамдар бағынышты болатын мемлекеттік билік пен заң орнату туралы келісім жасау қажет болады деген. Шарт арқылы жасалған мемлекет пен заңдар «әлсіздерге жаңа жол салады, байларға жаңа күш берді, табиғи бостандықты қайта келместей етіп жойды, меншік пен теңсіздік туралы мәңгілік заң шығарды». Жеке меншіктегі теңсіздікке саяси теңсіздіктің қосылуы Ж.Руссо ілімі бойынша, деспотизмдегі абсолюттік теңсіздікке алып келді, ал деспот алдында өзінің құлдығы мен теңсіздігі жағынан барлық адам тең болады деген. Руссоның ойынша егемен («Егемен»-бұл жерде «билік» мағынасында айтылып отыр) өзі шығарған заңдарға бағынышты емес деген. Яғни елдің билеушісі өзі шығарған заңға өзі бағынбайды деген мағынаны білдіреді. Жалпы ерік бойынша бұл билікті Руссо егемендік деп атайды. Заң жасау үшін мемлекет пен халықтың бар тынысы, оның мүмкін болар қажеттіліктері мен ықтимал зардаптары, әрбір тұлғаның жалпы құқығы терең ойластырылуы тиіс деген. Руссо заңды төрт түрге бөлді, ол мынадай:саяси; азаматтық; қылмыстық; салт-дәстүрлік пен қоғамдық пікірмен санасу болды. Кез-келген заңдар жүйесінің мақсаты-ол, бостандық пен теңдік деген. Бостандықтың өзі де теңдіксіз өмір сүре алмайды деген. «Сондықтан да, -деп жазды Руссо, материалдық зат күші (байлар) әрдайым теңдікті жоюға ұмтылады, ал заң күші әрдайым оны қорғауға тырысуға тиісті» деген. Руссо ұлы заң жасаушыларды мемлекеттің негізін салушы қайраткерлер, саясат және құқық саласындағы реформаторлар деп білді. Мемлекеттік құрлыс пен отанға қауіп төнген төтенше жағдайда «заңның қасиетті күшін тоқтатуға» және «қоғамдық қаупсіздікті қамтамасыз етуді диктаторға ерекше акті арқылы міндет артуға болады» деген. Бірақ диктаторлық битліктің мұндай мерзімін Руссо тек қысқа мерзімге ғана беруге болатындығын қатаң ескертіп айтқан деген. Руссоның саяси-құқытық қағидалары мен тұжырымдамалары ұлы француз революциясын дайындау мен өткізу кезінде оның идеялық қызметін атқарған болды.