Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ИППУ.ЛекцияКаз..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
508.93 Кб
Скачать

1. Хүii ғ. Голландиядағы саяси және құқықтық iлiм

Голландия ХҮІ ғас. екінші жартысы мен ХҮІІ ғас. бас кезінде ерте буржуазиялық қатынастар жетілген елдердің бірі болды. Феодалдық-монархиялық Испания үстемдігіне қарсы әлеуметттік топ- буржуазия билік басына келді және буржуазиялық республика орнады. Әлемдік тарихта бұрын қолданылмаған басқарудың жаңа формасы Европаның феодалдық монархиялы мемлекеттерінің қарсылығын туғызды. Билік дәмін енді тата білген буржуазия өкілдеріне сыртқы күштерге арқа сүйеген топ өкілдерімен саяси күреске түсуіне тура келді. Саяси күрес, негізінен, буржуазиялық партия мен оранжистік партия арасында өрбіді.

Елді Испания езгісінен азат етуде кальвинизм маңызды роль атқарғанымен орта топтың едәуір бөлігінің қолдауына ие болған олар республикалық партияға қарсы күрес жүргізді. Діни ілім мен дін қағидаларына және шіркеудің рухани үстемдігіне қарсы күресте жаңа саяси-құқытық ойлар пісіп жетілді.

ХҮІІ ғасырдағы ағылшын буржуазиялық революциясы феодализм мен абсолютизмге күйрете соққы берді, көптеген феодалдық тәртіптерді жойып, конституциялық монархияға жол ашты, республикалық басқаруды орнатты және капиталистік қатынастардың кең өркен жайылуына мүмкіндік жасады.

Ағылшын революциясы өзіндік сипаты мен ерекшелігі жағынан белгілі болды. Революцияның ерекшелігі мынада болды: 1.Революцияның негізгі қозғаушы күші қала буржуазиясы мен жаңа дворяндар-джентерилер өз ара одақтаса білді. 2.Революцияның жағында қала кедейлері мен ұсақ буржуазия және шаруалар күеске шықты. Революцияға қарсы жақтарда, яғни бұрынғы «Феодалдық-абсолюттік құрлысты жақтаушылар» қатарында ескі дворяндар мен ағылшын шіркеуінің жоғарғы басшылары болды.

Революцияға қатысқан әрбір қоғамдық топ өздерінің саяси бағдарламасы мен талаптарын қойды. Олардың бұл бағдарламасы мен талаптары өзіндік теориялық құрлымы мен мазмұны және әлеуметтік-таптық мүдделері жағынан бір-біріне мүлдем ұқсамады. Идеялары мен көзқарастары бойынша оларды дін ғана біріктірді.

1648 жылы левеллерлер (теңестірушілер) ұйымы екіге бөлінді: «нағыз левеллерлер»-диггерлер; «жер қазушылар»; Олар жерсіз шаруалар мен қаланың кедей жұмысшыоарына арқа сүйеді және қанаудың барлық түрі мен жеке меншікті жоюды талап етті. Диггерлер қозғалысының көсемі және теоретигі Джерард Уинстенли «Бостандық заңы» еңбегінде табиғи құқыққа ие жеке меншік-еңбексіз табыстың көзі болып табылады, сондықтан жеке меншікті жою керек деп есептеді. Жеке меншікке қол сұққан диггерлерді буржуазиялық республикасының армиясы қуып тараттты. Нидерланды және ағылшын революциясы мен одан кейінгі жылдардағы саяси-құқытық ойдың даму бағыты ағылшынның көрнекті ойшылдары Томас Гоббс пен Джон Локктың және Голланидяның әлем таныған ойшылы Гуго Грроций мен Барух Спинозаның еңбектерінен айқын көріндеі деген.

2.Гуго Гроцийдiң, Барух Спинозаның мемлекет туiралы

Iлiмдерi

Гуго Гройций жаңа заманның (табиғи және халықаралық құқықтың) мемлекет және құқық туралы ерте буржуазиялық ілімнің негізін қалаушылардың бірі, Голландияның әйгілі заңгері және саяси ойшылы болды. Ол жан-жақты білім алған, мемлекет және құқық тарихы, соғыс және бейбітшілік мәселесі және ғылымның басқа да салалары бойынша 90-нан астам өнімді еңбек жазған талантты автор. Оның басты еңбегі мемлекет, саясат, құқық мәселелері туралы кең көлемді шығармалары «Соғыс және бейбітшілік құқығы туралы», «Ерікті теңіз туралы», «Табиғи құқықтар мен халықтар құқығы», сонымен бірге бұқаралық құқық принциптері түсіндірілетін үш кітабында толық қамтылған. Жаңа қалыптасып келе жатқан буржуазиялық құқытық көзқарастың алғашқы өкілдерінің бірі ретінде Г.Гроций феодализмнен капитализмге өту және буржуазиялық қоғамның орнығуы, мемлекеттік форманың ішкі және сыртқы саясатын анықтау, халықаралық қарым-қатынас принциптерін құқықтық тұрғыда және оны ғылыми тұрғыда түсіндіруге ұмтылды. Гроций табиғи құқық дегеніміз-ол, салауатты ақылдың жазылып қойылуы деп түсіндірді. Гроцийдің айтуы бойынша «мемлекет»-ол, ерікті адамдардың жалпы мүдделері мен құқытарын қорғау үшін құрылған одақты айтады деген. Г.Гроцидің «Ерікті теңіз туралы» 1609 ж. еңбегінде «теңіздің еркінділігі» деген теориясында сол кездегі халықаралық қатынас жағдайыдың тәжірибесін пайдаланып сыртқы саясатты орнатудың бір тәсілі деген.

Барух (Бенедикт) Спиноза-1632-1677 Голландияның ұлы философы және саяси ойшылы ерте буржуазиялық саяси және құқытық ілімнің дамуына сондай-ақ қоғам, мемлекет, билік мәселесіне ХҮІІ ғас. өз үлесін қосты. Оның саяси-құқықтық тақырыптағы басты еңбектері «Діни-саяси толғау», «Саяси трактат», «Декрет философиясының қағидалары», «Геометриялық әдіспен дәлелденген этика» дүниеге келді. Қажеттілік үшін пайда болдатын табиғат құбылыстарын танудың ең тиімді, ең оңай жолы ретінде Спиноза дедуктивті-аксиомалық математикалық тәсілді ұсынды. Спинозаның философиялық ілімі бойынша барлық материалдық денелер мен құбылыстарды біріктіретін ұғым түпнегіз болып табылады. Осындай қөзқараста табиғат пен адам өмірінің себептілік заңына байланысты екенін дәлелдеу үшін математикалық тәсілді қолданды. Оның айтуынша, «адамдар өзін келген күннен бастап еріктімін» деп санайды, бірақ шындығында олай емес деген. Өйткені, адамдардың күнделікті іс-әрекеттері де себептілікке бағынады. Себептілік бар жерде заңдылық та бар деген. Спинаоза «Діни-саяси толғау» трактатында Библияның ғылыми сынының негізін салады деген. «Екі ақиқат» концепциясын басшылыққа алған ол, нағыз шындықты танып білуде Бибилияның көмегі шамалы деп есептеді. Оның айтуынша, адамдардың шындықты тек Библия мен шіркеу догмаларынан ғана іздеуі олардың адасуына және өздерінің құқықтарын пайдалана алмауына әкеліп соғады деген. Спинозваның ілімі бойынша: «Шындықты іздеудің бірден-бір жолы-ол адамның ақыл-ойы мен сна-сезімі болып табылады» деген. Спиноза бойынша адам-табиғаттың бір бөлшегі- адамға және барлық табиғатқа табиғи заңдылықтар мен қажеттіліктер бірдей тән болып табылады. Табиғи құқық ешкім қажет етпейтін және ешкім істей алмайтын нәрсеге тиым салады. Табиғат дүниесі және табиғи құқықтар бойынша адамдар бір- біріне жау деген. Спинозаның ойынша саясат туралы бұрынғы ілім авторлар қтелігі адам табиғатын зерттеудегі адамдарды табиғи күйінде емес, олардың өздерінен қалай көргісі келетіндігінен болып табылады деген. «Ерік пен сана-ол, бір нәрсе» деп атап көрсетті Спиноза. Бұл концепция бойынша саналы ерік қана еркін бола алады деген.