Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ИППУ.ЛекцияКаз..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
508.93 Кб
Скачать

4. Николо Макивавелий, Жан Боденнiң, Томас Морр,

Томазо Кампанелланың саяси және құқытық идеялары

ХҮІ ғас. соңында Францияда діни аралық қиян-кескі шайқастар болу арқылы, оның ішіндегі католик діні мен протестанттар арасында адам өліміне шейін қатыгездік- жойқын әрекеттер болып жатты. Қоғамдық өмір мен адам қоғамындағы діни биліктен жоғары тұрған корольдік билік жалпы мемлекеттік мүддені қорғауға жағдайы немесе қуаты бар екенін анықтау жолында француздың саяси ойшылы Жан Боден (1530-1596) болды. Мемлекет туралы көзқарасын - ол, 1576 ж. «Республика туралы алты кітабы» деген еңбегінде орталықтандырылған монархиялық билікті орнату жолы мен әдіс-тәсілдерін айтып көрсетеді. Ж.Боденнің ойынша «Республика» деген сөздің мағынасы-ол, Ежелгі Римде айтылғандай жалпы мемлекет деген мағынаны білдіреді деген. Мына «Республика туралы алты кітабы» мына мәселені жіктеген:1-кітап: әлеуметтік қоғамды қарастыру; 2-кі:мемлекеттің нысаны қандай болады;3-кі:мемлекеттік институттар; 4-кі: мемлекеттің орналасуы және оған бақылау жасау; 5-кі:мемлекеттің алдағы міндеті және жағдайларға үйрену; 6-кі: мемлекеттік нысанды жақсартудағы мәселе және биліктің жүргізудің құралы. Мемлекеттің негізгі ячейкасы (ұясы)-ол, жанұя (үй шаруашылығы) болып табылады деген.

Ж.Боденнің ендігі көкей тесті мәселесі-ол, мемлекеттің егемендігі туралы саяси-теориялық білім жөнінде біраз жаңалықтар енгізді. Боденнің ойынша егемендік дегеніміз-ол, тұрақты және түкпілікті аса жоғарғы әмірлік абсолюттік биліті жүргізуді айтады. Абсолюттік егемендік болады сол уақытта, тек шексіз билік болған кезде ғана. Егемендік билік дегеніміз ол, біртұтас билікті айтады деген.Егемендік билігі біртұтас болу себебі сол, өйткені оны ешуақытта бөлуге болмайды деген. Егемендік биліктің міндетін басқа орган ауыстыруы мүмкін емес деген. Жан Боден егемендіктің ерекше бес белгісін жеке-дара бөлген. Атап айтқанда:1) Шығарлған заңдарды барлық бодандықтарға (азаматтарға) және мемлекеттік мекемелерге орындау үшін жолдануы.2) Соғыс және бейбітшілік мәселесін шешу туралы. 3) Лауазымды тұлғаларды тағайындау. 4) Жоғарғы соттың іс-әрекет жасауы, соттың соңғы инстанциясы. 5) Кешірім жасау.

Ж.Боден мемлекеттік билікті үш түрге бөлді: заңды; вотчиналық (сениоралдық); тирандық. Заңды билік дегеніміз-ол, мемлекеттің азаматтары бәрі заңдар бойынша олардың бостандығы мен жеке меншіктері қорғалатын болады. Вотчиналық билік дегеніміз-ол, қарумен және күшпен бағындырып, және мүлікке ие болып, жанұя иесі секілді билік жүргізуді айтады. Мысалы Римдегі Патерфамилес билігін айтуға болады. Тирандық билік дегеніміз-ол, мемлекет билеушісі табиғи заңды жек көреді, ол ерікті адамдарды құлдар секілді, өзінің жеке меншігі секілді өз дегені бойынша еріксіз билігін жүргізуді айтады. Мыслы: Ресей империясын, Англия отарлығын т.б.

Ж.Боденнің ойынша: «Ең жақсы мемлекет болады сол кезде, егер егемендік монархқа жататын болса, ал басқарушылық аристократиялық және демократиялық жолмен жүргізілетін болса». Бұндай мемлекетті ол корольдық монархия деп атады. Монарх жақсы және қайырымды болады сол уақытта, егер ол құдайдан қорқатын болса.

4 ДӘРIС

Тақырып: Голландия мен Англиядағы ХҮII-ХҮIII ғас саяси және

құқытық iлiмдер

Сабақтың мақсаты: Голландия мен Англиядағы ХҮII-ХҮIII ғас саяси және

құқытық iлiмдерімен оқып танысу.

Жоспар:

1.ХҮII ғ. Голландиядағы саяси және құқықтық iлiм

2.Гуго Гроцийдiң, Барух Спинозаның мемлекет туiралы iлiмдерi

3.Томас Гоббстың саяси және құқытық iлiмi “Левиафан”

4.Англиядағы ХҮIII ғ. саяси және құқытық ойлар