- •1.Саяси және құқытық iлiмдер тарихы пәнi.
- •2. Саяси және құқықтық iлiмдер тарихының әдiстерi.
- •3.Теориялық саяси және құқықтық сана және оның құрлымы.
- •4. Саяси және құқықтық iлiмдер тарихының кезеңге бөлiнуi.
- •1. Ежелгi Үндiстандағы саяси-құқытық ойлар
- •2.Ежелгi Қытайдағы саяси және құқықтық ойлар
- •3.Ежелгi Грециядағы саяси және құқықтық iлiмдер
- •4.Ежелгi Римдегi саяси және құқықтық iлiмдер.
- •1.Шығыс Араб, Орта Азия және Закавказье елдерiндегi саяси және
- •2.Орта ғасырдағы Батыс Европаның саяси және құқытық ойларының
- •3. Фома Аквинский,Марсилий Падуанскийдiң саяси және
- •4. Николо Макивавелий, Жан Боденнiң, Томас Морр,
- •1. Хүii ғ. Голландиядағы саяси және құқықтық iлiм
- •2.Гуго Гроцийдiң, Барух Спинозаның мемлекет туiралы
- •Iлiмдерi
- •3.Томас Гоббстың саяси және құқытық iлiмi “Левиафан”
- •4.Англиядағы хүiii ғ. Саяси және құқытық ойлар
- •1. Франциядағы хүiii ғ. Саясип және құқытық идеологиясының
- •2.Ағартушылық саяси және құқықтық көзқарастары
- •3.Ш.Монтескиенiң, ж..Ж.Руссо саяси және құқытық iлiмдерi
- •4. Утопиялық коммунизмнiң саяси идологиясы
- •Iлiмдер
- •1. Саяси және құқытық ойлардың негiзгi бағыттардың
- •2.“Федералистердiң” саяси және құқықтық
- •4.Конституциализмнiң және федерализмнiң идеялары
- •5. Радикалды демократтардың саяси және құқықтық
- •1.Имануил Канттың құқық және мемлекет туралы iлiмi
- •2.Мәңгi дүние жобасы “Мәңгi дүниеге”
- •3. Гегельдiң құық пен мемлекет туралы iлiмi
- •4.Құқықтың тарихи мектебi г.Гуго, ф.К.Савиньи, г.Пухта
- •1.Хiх ғ. 2-шi жартысындағы саяси және құқықтық
- •2. Батыс Еворпадағы марксизмнiң саяси және
- •3. Пьер Жозеф Прудонның мемлекет және құқыққа
- •4.Позитивизмнiң негiзiн салушылардың саяси және
- •2.Хiх ғ. 2-шi жартысындағы хх ғ. Басындағы Ресейдегi
- •3.Қазақ ағартушылардың саяси және құқықтық идеялары,
- •1. Бұқар - жыраудың саяси және құқықтық идеялары
- •4.Хх ғ. 1-шi ширегiнде Қазақстандағы саяси және
- •1.Хх ғ. Саяси және құқықтық ойлардың ерекше белгiлерi
- •2.Л.Дюгидiң, г.Кельзеннiң, н.Ориуннiң құқық , солидаризм
- •3. Қытайдағы ұлт-азаттық қозғалысының саяси және
- •4.Үндiстандағы ұлттық қозғалыстың саяси және құқытық
ДӘРIСТЕР ТЕЗИСI
№1 ДӘРIС
Тақырып: Саяси және құқықтық iлiмдер тарихының пәнi және
теориялық мәселелерi
Сабақтың мақсаты: Саяси және құқықтық iлiмдер тарихының пәнi және
теориялық мәселелерiмен оқып танысу.
Жоспар:
1.Саяси және құқытық iлiмдер тарихы пәнi.
2.Саяси және құқықтық iлiмдер тарихының әдiстерi.
3.Теориялық саяси және құқықтық сана және оның құрлымы.
4.Саяси және құқықтық iлiмдер тарихының кезеңге бөлiнуi.
1.Саяси және құқытық iлiмдер тарихы пәнi.
Саяси құқытық ілімдер тарихының пәні дегеніміз-ол, мемлекеттің, құқытың және заңнамалардың ,құқық теориясы мен оның пайда болуы жөнінде оқытатын тарихи құқықтық оқу саласын айтады. Бұл пәнде мемлекет пен құқытың өзара байланыстығы жөнінде және оның байлансына қандай себептердің пайда болуын айтады. Осы аталған пәнде құқытың және мемлекеттің неліктен пайда болу себептері жөнінде айтылады. Әрбір мемлекеттің пайда болуы туралы және әрбір құқытың да пайда болуы жөнінде тиісті тарихи зерттеулер арқылы аныталады. Сонымен қатар әрбір мемлекеттің өзі орнатқан ішкі және сыртқы саясаты болады. Оның себебі мемлекеттің өзі саяси арнайы ұйым болы табылады. Арнайы ұйым болу себебі-онда арнайы мемлекеттік аппаратардан, атрибуттардан, мәжбүрлік жасау аппаратары және бөтен мемлекеттерден тәуелсіз болуы керек. Саяси- құқытық ілімдер тарих пәні-ол, заң пәні. Бұл пәнге тек қана заңгерлер ғана емес, олардан басқа, философияның және басқа да гуманитарлық ғылым саласының өкілдері де өз үлестерін қосты. Мысалы философия ғылымының ойшылары:Пифагор, Гераклит, Демокрит, Протагор, Сократ, Платон, Аристотель, Эпикур, Конфуций, Августин,Фома Аквинский, Т.Гоббс, Дж.Локук,И.Кант,г.Гегель т.б.
Кейін келе ойшылдар философиямен ғана айналыспай саясат пен құқықты зерттеу жұмыстырымен де айналысты, оған мыналар жатады: Ежелгі Грек софистері,Ежелгі Қытай Легистері, Рим заңгерлері, Марселий Падуанский, орта ғасырдағы заңгерлер, Н.Макиавелли, трианға қарсылар, Ж.Боден, Г.Гроций, Ш.Л.Монтеские, Ж.Ж.Руссо, Т. Джефферсон, Л.И.Петражицкий, П.И.Новгородцев. т.б. Саяси және құқық ілімдер тархы пәні –ол, тек бұрын пайда болған тарихи кезеңдерін анықтау емес соымен қатар теориялық тұрғыда пайда болуын оқып таныстырушы пәндік саласын айтады. Мемлекет пен құқытың теориялық шығу тегін білу міндетті, өйткені оны білшмейінше қоғамға деген қажеттілігін анықтай алмаймыз. Сол себептен саяси және құқықтық ілімдерді оықп білу арқылы барлық құқық саласымен танысуға, оның қоғамға деген көрсететін қызметін анықтауға болады. Мемлекет және құқық тарих пәнін оқып білмейінше саяси және құқықтық ілімдер тарихын оқып біліуге болмайды, ал осы аталған пәнді оқымай құқықтар саласымен оқып танысуға болмайды. Оның себебі әрбір құқық саласының теориялық тұрғыда қоғамдағы алатын орнын анықтауға, қоғамдық қатынастарын реттеуге болмайды. Саяси және құқытық ілімдер тарихы пәнінің құқытық пәндер жүйесіндегі алатын орны, ол жеке өз алдына пән саласы болып табылады және ол тарихи-теориялық пән болып табылады. Сонымен қатар саяси және құқықтық ойлардың нәтижесінде, құқықтар саласының әрбір сала бойынша жұмыс істеуін айтады.
2. Саяси және құқықтық iлiмдер тарихының әдiстерi.
Саяси және құқытық ілімдер тарих пәні жеке өз алдына құқытық пән болумен қатар басқа да гуманитарлық ғылым саласына да жатады. Бұл пәнді игерудің әдіс-тәсілі, яғни философия және арнайы-ғылыми тәсідлдерін білу арқылы, формальды –қисын, диалектиканы, тарихи-салыстырмалық зерттеу нәтитжесінде оқып танысуға болады. Мысалы, саясатты тану және философияны тану және әлеумет тану ғылым саласын оқу міндетті түрде қажет болады. Құқытың пайда болуы-ол, ең алдымен сол кездегі мемлекеттің жүргізген саясатына байланысты болады. Әрбір мемлекет өзінің саясатын анықтайды, ал сол саясатқа сай тиісті құқық нормаларын, заңдарын шағаратын болады. Ежелгі Грециядағы Солон мен Клисфеннің реформасы халық билігін жүргізуге қүш салса, ал одан кейінгі билік басына келген Писсистрат тирандық билігін жүргізді.ХХ ғас. саяси режимдерді айтуға болады:КПСС диктатурасы, Гитлер диктатурасы, т.б. Сондықтан саяси және құқытық ілімді оқып танысу үшін міндетті түрде басқа ғылым саласын пайдалану арқылы оқып білуге болады.Қылмысты ашу үшін оның қай саладан екенін білу және ол сала қандай ғылым саласымен байланысы бар екенін білу арқылы көздеген мақсатқа жетуге болады. Ұрланған заттың құнын анықтау үшін міндетті түрде сауда сараптамасын жасау арқылы анықтауға болады. Пән мен әдіс дегеніміз-ол, белгілі бір саланың анығына жету үшін, тиісті, немесе нақты ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы, оқып танысу арқылы жаслатын іс-әрекеттерін айтады. Әдіс дегеніміз-ол, ғылыими- зерттеу жұмыстарын жүргізу, оқып танысудың жолдары мен амалдарын іздестіру, оны табу үшін жаслатын іс-әрекеттерінің жиынтығын айтады. Пән мен әдістің арақатынастығы мынадан тұрады: пән тек қандай объектіден тұратынын анықтайды , ал, әдіс анықтау үшін тиісті тәсілдерді, амалдарды қолдануын айтады. Құқытық әдістер дегеніміз-ол, тиісті құқық салсын пайдалану арқылы шыққан нәтижені айтады. Кез-келген саяси-құқытық теорияда белгілі бір объектіні зерттеу арқылы танылады және оны зерттеу үшін ойлау әдістері, тану тәсілі, тану нысаны, ұғыну, объектінің түсініктемесі, пәннің көрніс табуы болып табылады. Әрбір жаңадан пайда болған саяси-құқытық ілімдер-ол дегеніміз жаңа әдіс-тәсілдердің пайда болуы арқылы жаңа теорияның пайда болуын айтады. Саяси-құқытық ілімдер тарихындағы әдіс-тәсілдің мақсаты-ол, нақты пәнді игеру үшін жаслатын іс-әрекеттерін айтады. Сонымен бірге саяси-құқықтық идеялар мен ілімдердің және мемлекеттік-құқықтық нысандар мен мемлекеттердің өзара байланысы мен өзара ықпалы ескеріледі. Оның себебі, мемлекет және құқық тарихының білімісіз соған сәйкес саяси-құқытық теорияның нақты мазмұнын анықтау мүмкін емес. Саяси және құқықтық ілімдер тарихының әдістемесі әртүрлі ойлдарды, көзқарастарды және идеяларды нақтылы тұрғыдан дұрыс түсінуге көмегін тигізеді. Аталған пәнді оқып танысудың әдісінің бірі ол, сол кездегі өткен дәуірлер кезеңін анықтау керек болады. Сонымен саяси және құқытық ілімдер тарихын хронологиялық және мазмұндық тәртіп бойынша ірі төрт кезеңге бөлінеді, атап айтқанда:
1.Ежелгі замандағы саяси және құқықтық ілімдер тарихы (алғашқы мифтік
көзқарастардың пайда болуынан, б.э.д. 3-ші мыңжылдықтан-б.э.Ү ғас.дейін);
2. Орта ғасырлар мен қайта өрлеу дәуірніндегі саяси және құқықтық ілімдер
тарихы (Ү-ХҮІІ ғ.).
3.Буржуазиялық революциялар кезеңіндегі саяси және құқытық ілімдер
тарихы (ХҮІІІ-ХІХ ғас.бірінші жартысында);
4.ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдағы саяси және құқықтық
ілімдер тарихы.
Осы аталған кезңдер бойынша саясат пен құқық сол қоғадық қатынастарда қалай дамыды, оның нәтижесі қалай шықты, қоғамдық қактынастар қалай реттелгені туралы айтылады.
