Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СТОМ Дәрәстік кешен.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
136.7 Кб
Скачать

«Тіс емдеу» факультеті

Дәрістік кешен

Дәріс тақырыбы: Анатомия туралы түсініктеме, оның биологиялық ғылымдардың арасындағы орны. Адам эмбриогенезінің бастапқы сатылары.

Дәрістің мақсаты: анатомиялық анықтамасын, оның мазмұны мен зерттеу методтарын беріп, адам организімінің құрылыс элементтерімен (тін, ағза, жүйе аппарат) таныстырып, онтогенез кезеңдері мен эмбриогенез сатыларын түсіндіру.

Дәріс тезистері: адам анатомиясы – организмнің формасы мен құрылысын, шығу тегі мен дамуын зерттейтін ғылым. Дененің ағзалары (органдары) мен бөліктерінің формасын, құрылысын, орналасуын және олардың топографиялық арақатынасын жас, жыныс, жеке дара ерекшеліктерін ескеріп баяндау.

Анатомия пән ретінде медициналық білмнің негізін құрайды. Сондықтан оның анықтамасы, мазмұны, мақсаты және зерттеу методтарымен таныстыру.

Анатомия адам денесінің құрылысы, оны құраушы элементтер: тін, ағза, жүйе және аппараттар анықтамасын, олардың жалпы сипаттамасын беру.

Анатомия қазіргі адам құрылысын оқытуымен қоса, адам организмінің тарихи қалыптасуын зерттейді. Сондықтан онтогеноз кезендері мен эмбриогенез сатыларын толық сипаттап, ұрықтың кезеңде пайда болатын ұрық жапырақшаларын, оның туындыларын, білікті ағзалардың пайда болуын толық түсіндіру.

Көрнекі материал:

  1. Адам қаңқасы

  2. Сүйектер құрылысы

  3. Таблицалар мен схемалар

Әдебиеттер тізімі:

  1. Рақышев А.Р. Адам анатомиясы, І-ІІ том. Алматы 1994-95 жыл.

  2. Рақышев А.Р. Адам анатомиясы, І-ІІ том. Алматы 2004 жыл.

  3. Жумабаев У., Әубәкіров Ә.Б., Адам анатомиясы, атлас І том. Астана 2004 жыл.

Тексеру сұрақтары:

  1. Анатомияның анықтамасын бер?

  2. Анатомияны мақсаты қандай?

  3. Анатомияның мазмұны деген не?

  4. Анатомияның зерттеу методтары қандай?

  5. Адам денесінің құрылымды элементтерін атаңыз?

  6. Ұлпа мен ағза анықтамасын бер, олардың құрылысы қандай?

  7. Ағзалар жүйесі мен аппараттар қалай түзеледі?

  8. Эмбриогенездерді ұрық дамуының сатыларын атаңыз?

  9. Ұрық жапырақшалары қандай, олардың туындылары не?

«Тіс емдеу» факультеті

Дәрістік кешен

Дәріс тақырыбы: Бассүйектің құрылысы, қызметі, дамуы. Бассүйектің жастық, жыныстық, типтік ерекшеліктері.

Дәрістің мақсаты: бас қаңқасы – бассүйектің құрылысы мен қызметін байланыстырып, оның дамуын және жасқа, жынысқа, жеке типтік ерекшеліктерімен танысу.

Дәріс тезистері: Бас қаңқасы, бассүйек, cranium деп аталады. Ол ең алдымен ми және мимен байланысқан сезім мүшелері жайғасатын орын қызметін атқарады. Екіден бассүйек асқорту және тыныс алу жүйелерінің бастапқы бөлігін қоршап тұрады. Осы екі қызметіне сәйкес ал екі, ми сауыты және висцералды сауыты, бөлікке бөлінеді. Ми сауытының күбезі мен негізін ажыратады. Олардың шекарасын арнаулы сызықпен бөлді. Ми сауытының құрамына жұп және тақ 8 сүйек кіреді. Олар жабық бассүйек қорабын түзеді. Қораптың негізінде үлкен шүйде тесігі болады.

Бас қаңқасының висцералды немесе бет бөлігі ми сауытының алдыңғы және астыңғы жағын алып жатады. Бет бөлігінің негізін шайнау аппаратты құрайды. Бұл аппаратқа жақ сүйектері кіреді, ал төменгі жақсүйек самай сүйегімен буын арқылы байланысады.

Бассүйектің құрылыс ерекшеліктері:

  1. Оның күмбезі жалпақ сүйектерден құрылып, олар үш қабатты [сыртқы табақша, қосарлы зат (диплоэ), ішкі табақша] болып келеді;

  2. Қосарлы зат (диплоэ) кемікті затқа жатады және дипоэ арқылы вена тамырлары өтеді;

  3. Кейбір сүйектерде ауамен толған қуыстар болады. Олар шырышты қабығы бар қатпарлар (синус) деп аталады.

Бассүйектің екі бөлігі (ми сауыты, бет бөлігі) екі ұрықшық бастаудан дамиды.

Ми сауыты ми және сезім мүшелерімен байланыста дамиды. Оның дамуының негізгі мезенхима. Ол ми бастамасын қоршап жататын қабық. Кейіннен ол ішкі және сыртқы қабатқа бөлініп, ішкі қабатына мидың жұмсақ қабығы, ал сыртқы қабаттан мидың қатты қабығы және дәнекер тінін түзеді.

Бұл саты жорғақты саты деп аталады. Бассүйектің күнбезі дамуына екі, жорғақты және сүйекті, саты ажыратады. Бассүйек негізі дамуында үш саты (жорғақты, шеміршекті, сүйекті) болады.

Висцералды бассүйек желбезек доғалары материалынан дамиды. Эмбриогенезде І доға материалынан жоғарғы және төменгі жақсүйектері, ІІ доғадан – үш есту сүйекшелері, ІІІ доғадан – тіласты сүйегі, ІV доғадан – көмекей шеміршектері дамиды.

Бассүйектің жасқа байланысты ерекшеліктері:

  1. Жаңа туған баланың (нәресте) ми сауыты бет бөлігіне қарағанда үлкен (8:1), ересек адамда бұл қатынас 4:1.

  2. Жаңа туған баланың бассүйегінде - еңбектері болады, жіктері болмайды.

  3. Жаңа туған баланың нашар дамыған, төменгі жақ сүйек бітіспеген екі жартыдан тұрады.

  4. Ересек адамда күмбез сүйектері арасындағы дәкенер тін жойылып, жіктер көрінеді.

  5. Қартайған адамда сүйектер біршама жұқарып, тістер түсіп, тіс ұяшықтарының семуі (артериясы) басталады.

Бассүйектің жыныстық ерекшеліктері ер адам мен әйелдің дене пропориясына байланысты. Әйел бассүйегі кішілеу, сүйектің беті тегістеу, қосүсті доғалары нашарлау болып келеді.

Бассүйектің типтік ерекшеліктері: Ол бассүйек көрсеткішіне, яғни көлденең диаметірінің бойлық диаметіріне, пайыздық қатынасына байланысты. Бұл көрсеткіш бойынша ми сауытының үш формасын ажыратады: 1). Қысқа-брахикранды (көрсеткіш 80-нен жоғары); 2). Орташа-мезокранды (79-76); 3). Ұзын-долихокранды (75-тен төмен).

Көрнекі материал:

  1. Тұтас бассүйек

  2. Таблицалар, схемалар

Әдебиеттер тізімі:

  1. Рақышев а.Р. Адам анатомиясы, і-іі том. Алматы 1994-95 жыл.

  2. Рақышев а.Р. Адам анатомиясы, і-іі том. Алматы 2004 жыл.

  3. Жумабаев у., Әубәкіров ә.Б., Адам анатомиясы, атлас і том. Астана 2004 жыл.

Тексеру сұрақтары:

  1. Бассүйек бөліктері қандай?

  2. Ми саутының сүйектері қандай?

  3. Бет бөлігінің (висцералды бассүйек) сүйектері қандай?

  4. Бассүйектің типтік ерекшеліктері не?

  5. Бассүйектің жыныстық ерекшеліктері не?

«Тіс емдеу» факультеті

Дәрістік кешен

Дәріс тақырыбы: Сүйек қосылстарының түрлері. Бассүйек қосылыстары.

Дәрістің мақсаты: Сүйек қосылыстарының жіктелуімен және түрлерімен таныстыру. Буын құрылысын, оның негізгі элементтерін түсіндіріп буындардың жіктелуін беру. Бассүйектегі қосылыстар түрлерін анықтау.

Дәріс тезистері: Сүйектердің қосылыстарын екіге топтастырады: 1). Үзіліссіз қосылыстар – синатроздар және 2). Үзілісті қосылыстар – диартроздар. Синатроздар ұлпалар арқылы байланыстар. Олардың үш түрін ажыратады: синдесмоз, синхомдроз және синостоз.

Синдесмоз – дегеніміз сүйектердің дәнекер тін арқылы үзіліссіз қосылуы. Синдесмоздың өзін үш топқа бөледі: жіктер, жарғақтар, байламдар. Сүйектердің шеміршек тіні арқылы үзіліссіз қосылуын, синхондрозды, гиалинді, эластикалық (серпінді), фиброзды түрлерге бөледі. Синхондрохдар серпінді және қозғалғыш келеді, бірақ синдосмозға қарағанда мықтылығы, біріктігі осалдау келеді. Уақытша синхондроз синостозға ауысады. Синостоз – сүйектердің сүйек тіні арқылы бітісуі. Диартроз буын – дегеніміз үзілісті, қуысты және қозғалмалы қосылу немесе буындасу. Әрбір буында буындық беттері, буын қапшығы және буын қуысы болады. Буындық беттер гиалинді шеміршекпен жабылған. Дөңес буын беті буын басы, ал ойыс беті – буын шұңқыры деп аталады. Буын қапшығы буын қуысын қоршап жатады және буындық беттерінің жиегіне бекиді. Буын қапшығы фиброзды және синовиялды қабаттан (жарғақтан) тұрады. Буын қуысы дегеніміз буындық беттермен және синовиялды жарғақпен шектелген тұйық кеңістік. Буын қуысы синовия деп аталатан сұйыққа толған және онда теріс қысым. Бұл буын беттерінің ажырасып кетпеуіне кедергі жасап, олардың іліктесуіне көмектеседі. Буын қапшығын бекітуде байламдар, сіңірлер, дән тәрізді сүйектер маңызды. Біршама буындарда буындық беттерді сәйкестендіретін қосымша тетіктер болады. Олар буын ішіндегі шеміршектер, буын ернеулері, дискі және менискілер.

Буындарды үш ұстаным (принцип) бойынша жіктелді:

  1. буын беттерінің саны;

  2. буын беттерінің геометриялық формасы;

  3. білік саны;

Буын беттерінің саны бойынша қарапайым, күрделі, кешенді және үйлесімді буындар, формасы бойынша-циндр, шығыршық (блок), эмипс, шар, жалпа, ершік тәрізді, ал біктер саны бойынша бір, екі және үш білікті буындар.

Көрнекі материал:

  1. Адам қаңқасы

  2. Таблицалар, схемалар

Әдебиеттер тізімі:

  1. Рақышев а.Р. Адам анатомиясы, і-іі том. Алматы 1994-95 жыл.

  2. Рақышев а.Р. Адам анатомиясы, і-іі том. Алматы 2004 жыл.

  3. Жумабаев У., Әубәуіров Ә.Б., Адам анатомиясы, атлас І том. Астана 2004 жыл.

Тексеру сұрақтары:

  1. Үзіліссіз қосылыстардың түрлері қандай?

  2. Синдосмоз деген не, оның түрлері қандай?

  3. Синхондроз түрлерін атаңыз?

  4. Буындардың құрылыс элементтерін атаңыз?

  5. Буындардың жіктелуі қандай?

«Тіс емдеу» факультеті

Дәрістік кешен

Дәріс тақырыбы: Жалпы миология. Бұлшықет – мүше ретінде, оның дамуы, құрылысы, қызметі, топографиясы, жіктелуі. Шайнау аппараты.

Дәрістің мақсаты: Бұлшықеттер туралы жалпы түсінік, олардың дамуы, құрылысы, қызметі және орналасуы мен жіктелуі туралы мәліметтер беру.

Дәріс тезистері: Адамның қимыл-қозғалыстарындағы ең негізгі органдар – бұлшықеттер. Қимыл-қозғалыс әрекетін бұлшықет жүйесі орындайды. Дене мүшелерінің, ағзалардаң және қаңқалық тұтас дененің қозғалысы бұлшықеттердің жиырылуына байланысты. Олардың жиырылуы элементтері (жасуша, талшық) миофиламент және миофибрилдан тұрады. Осыларға байланысты бұлшықет ұлпасының екі түрі болады: біріңғай салалы және көлденең жолақты.

Адам денесіндегі бүкіл бұлшықет жүйесі висцералды және сомалық болып бөлінеді. Сомалық бұлшықеттің жиыны дененің тірек-қимыл аппаратының активті бөлігі. Сомалық немесе қаңқа бұлшықеті көлденең жолақты талшықтардан құрылып, олар эндомизи арқылы 1-реттен шоғырға (будаға) бірігеді. Бірнеше 1-реттік будалар қосылып 2-реттік, олардан 3-реттік және оларданда жоғары будалар және тұтас бұлшықет қарыншасын түзеді. Будалар перимизи мен бірігеді. Будалар арасындағы дәнекер тін қарынша ұштарында сіңірге айналады. Сіңірі сүйекке бекиді. Қаңқа бұлшықеті тек көлденең жолақты бұлшықет тінімен ғана емес, әр түрлі құрылымнан (эндо, примизим, сіңір), нервтен, қантамырларынан тұрады.

Бұлшықеттердің қосымша аппаратына жатады: шандыр, (фасция), синовиялық қынаптар мен қаптар, шығырлар, сіңірлі доғалар, сүйек-фиброзды каналдар. Бұл аппарат бұлшықет жұмысын жеңілдететін болып келеді.

Бұлшықеттердің жіктелуін мына ұстамын (принцип) бойынша:

  1. формасы (пішіні): ұзын, қысқа, жалпақ;

  2. талшықтар бағыты: қиғаш, көлденең, ұзыны бойы, сақиналы

  3. бастары мен қарыншаларының саны: 1, 2, 3, 4-басты.

  4. функциалары бойынша: бүккіш-жазғыш, әкелуші-әкетуші, бұраушы;

  5. геометриялық формасы: шаршы, үшбұрышты, пирамида, дельта;

  6. Құрылысы бойынша: жарғақты, сіңірі, қауырсынды.

Көрнекі материал: таблицалар, схемалар

Әдебиеттер тізімі: