Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Рабочая программа стом.фак.1КУРС.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
136.7 Кб
Скачать

G-041.07.05.21-2013

Жұмыс бағдарламасы

Бакалавриат МЖМБС

1 Бас.

Бет 10 тен 10

Семей қаласының мемлекеттік медицина университеті

АНАТОМИЯ ЖӘНЕ ГИСТОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ

Жұмыс бағдарламасы

Пән: Анатомия

Пән коды: Аnat – 1203

Мамандығы: 5В 130200 Стоматология

Сағаттар саны: 162

Курс және оқу Семестр: 1курс,1семестр

Семей 2014

Пәннің оқу бағдарламасын құраған анатомия және гистология кафедрасы

(кафедра/курс атауы)

Анатомиядан типтік оқу бағдарламасы негізінде құралған

Авторлар: доцент И.Н. Милюшина, (аударған оқытушы Есболатова Г.М.)

11. 11. 2014ж. кафедра отырысында талқыланды

№__3а__Хаттама

Каф. меңгерушісі м.ғ.к., доцент ______________ С.К. Кожанова

«________» мамандығы бойынша ББК талқыланды __________________________________________

____ _________ 2014ж. № ______хаттама

Төрағасы ________________________ доцент Сулейменева Д.М.

Оқу Әдістемелік Кеңесте бекітілді

______ __________2014ж. № ____хаттама

Төрағасы ________________________ Жунусова А.Б.

1.Кіріспе

Адам анатомиясы- тірі адамның дене пішінін, қызыметтеріне және даму заңдылықтарына байланысты дене құрылысын зерттейтін ғылым. Анатомия дененің ағзалары мен бөліктерінің пішінін, құрылысын, орналасуын және топографиялық арақатынасын жас, жыныс, жеке ерекшеліктеріне сүйене отырып жүйелі түрде баяндайды. Ол эмбриология, салыстырмалы анатомия және антропологияның мәліметтерін кеңінен қолданады, қоршаған орта мен әлеуметтік факторлардың, еңбектің, спорттың адам организмі құрылысына әсерлерін анықтайды.

Анатомия пән ретінде медициналық білімнің фундаментін құрайды, оны игермеген студент профилді пәндерді оқуы мүмкін емес. Себебі олар тіс емдеу дәрігеріне керекті медициналық білімнің негізін құрайды.

2.Пәннің мақсаты

Адам денесінің ағзаларының құрылысын, олардың жүйелерін, жыныстық, жастық, өзіндік ерекшеліктерін, бас, мойын ағзаларының анатомиялық және топографиялық қарым-қатынастарын оқу, осы білімді тіс емдеу тәжрибесінде қолдану.

3.Оқыту міндеттері

- адам ағзалары мен тұтас организмнің құрылысы мен қызметінің арақатынасы мен байланысын өзгермелі қоршаған орта, еңбек пен әлеуметтік факторлар жағдайында ғылыми тұжырым тудыру;

- ағзалар мен организм жүйелерінің қалыпты құрылысы мен функциясы туралы білімді салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін қолдану;

- адам денесінің ағзалары мен мәйітке биологиялық материал ретінде құрметпен және ұқыптылықпен қарау.

4.Пән пререквизиті – биологияның, адам анатомиясының мектеп бағдарламалары.

5.Пән постреквизиті – бас пен мойынның клиникалық анатомиясы, тіс протездерін дайындау технологиясы, гистология, физиология, патологиялық анатомия, патологиялық физиология, тіс ауруларының алдын алу.