Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СИЛЛАБУС АПЧ каз 28.08.2015.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
407.55 Кб
Скачать

Ғылыми жобаның титулдық бетін ресімдеу үлгісі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

КАЗГЮУ УНИВЕРСИТЕТІ

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ ПӘНДЕРІ ЖӘНЕ ТІЛДІК ДАЯРЛЫҚ ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ

2-МОДУЛЬ БОЙЫНША

ҒЫЛЫМИ ЖОБА

АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫ ТІЛІНІҢ ТАНЫМДЫҚ-ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МӘНІ

Орындағандар - 112-топ студенттері:

А. Айтмағанбетова

Б. Қалжанова

Астана-2015

Жұмысты ауызша таныстыру ережелері

Академиялық ортада зерттеу жұмысын жазу кезінде де, оны ауызша таныстыру кезінде де мәтін мазмұны көпше түрде, бірінші жақтан (біз) беріледі. Сонымен, зерттеу жүргіздіңіз, мәліметтер жинадыңыз, оларды талдадыңыз, қорытынды мәтінді жазып шықтыңыз. Енді оны аудитория алдында қорғауыңыз керек.

Аудитория алдында жоба қорғаудың бекітілген ережесі жоқ, дегенмен көпшілік алдында сөйлеудің белгілі бір элементтері сақталуы тиіс. Бірінші элемент – аудиториямен алғашқы байланысты орнату. Бұған тоқталмаймыз, себебі көпшілік алдында сөз сөйлеу бойынша оқу-әдістемелік құралдар жеткілікті, олармен өз бетіңізше танысып алуға болады.

Аудиториямен алғашқы байланыс орнатуды зерттеу мәселесімен таныстырудан бастаған дұрыс. Бұдан соң өз зерттеу бағдарламаңыздың басты көрсеткіштерін (зерттеудің мақсат, міндеттерін, зерттеудің шегін, басты болжамдарыңызды, зерттеу әдістеріңізді т.б.), яғни жұмысыңыздың кіріспе бөлімін құрайтын мәліметтермен таныстыру керек. Кейін басты тезисіңізді ұсынып, оны дәлелдеуді бастайсыз. Дәлелдеріңізді талданған мәліметтермен дәйектеуді ұмытпаңыз. Өз тұжырымдарыңыз бен ұстанымдарыңызға баға беруді естен шығармаңыз. Жалпы алғанда, ауызша сөйлеу кезінде аудиторияға әсер етудің қосымша мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жазбаша мәтініңізді айтып бересіз. Аз уақыттың ішінде жинақтаған мәліметтеріңіз бен алған нәтижелеріңізді толық жеткізу қиын екендігі белгілі, сондықтан негізгілерін таңдап алып, ұзақ кіріспе сөзсіз, бірден баяндауға кіріскен жөн, әсіресе, мәліметтерді жинау әдістері мен сол мәліметтерді талдау нәтижелерін ұсыну міндетті. Сөйлейтін сөзіңіз аудитория үшін түсінікті, қысқа, нақты және аяқталған болуы тиіс.

Қорғау кезіндегі басты мәселелердің бірі – регламентті сақтау, сондықтан уақытты алдын ала есептеп алып, сөйлеу кезінде бақылауда ұстап отырған дұрыс. Ғылыми іс-шараның маңыздылығы артқан сайын, регламент те қатаң бақыланады.

Келесі мәселе – алдын ала дайындалған мәтінді оқып берген дұрыс па, өз сөзімен еркін айтып берген дұрыс па деген сұрақ. Тәжірибелі мамандар сөйлейтін сөзін толық алмаса да, жұмыстың мазмұнын ұстап тұрады, бұл белгіленген тақырыптан ауытқымауға, сөзді жүйелі беруге көмектеседі. Жазылған сөзді бас алмастан оқып бермей, аудиториямен байланысты сақтай отырып, мәтін мазмұнын айтып беруге тырысу қажет.

Бұл айтылғандарға қоса, сөйлеу кезінде көрнекі материалдар қолданылуы мүмкін, себебі адамдардың көбі мәтінді тыңдағаннан гөрі көрген кезде жақсы қабылдайды, түсінеді. Көрнекілікке тақтаға немесе плакатқа жазу (сызу, сурет салу), слайдтар көрсету, үлестірме материалдар тарату жатады.

Ауызша сөйлеу кезінде есте ұстайтын тағы бір жағдай – сөйлеу мәнеріңіз бен мимикаңызды, дене қозғалысыңызды (қол сермеу) бақылауда ұстау. Сөз мәнері дегенде, ойға сөйлеу кезінде қолданылатын қажетсіз «паразит» сөздер келеді. Орынды-орынсыз жиі қолданылатын сөздерге «мысалы, және, яғни, қысқасы т.б.» жатады, бұған қоса сөз арасындағы кідірістерді толтыратын «і-і-і-і, м-м-м-м» сияқты түрлі ұзақтықпен қолданылатын «паразит» дыбыстарды да ұмытпаңыз. Сонымен қатар дене қимылын да қадағалап тұрған дұрыс. Бұл айтылғандардың барлығы туралы арнайы әдебиеттер көп, олармен танысуға, керегін пайдалануға мүмкіндік көп.