- •Поәк мазмұны
- •Пәннің оқу бағдарламасы
- •4. Студенттің пәнді меңгеру нәтижесінде қалыптасатын құзыреттері:
- •Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
- •Практикалық сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •Экскурсияның тақырыптық жоспары
- •Студенттің өздік жұмысы (сөж)
- •Кеңес беру сағаттарының (соөж) кестесі
- •«Академиялық жазылым және оқылым» пәні бойынша модуль тапсырмаларының тақырыптары
- •Әдебиет тізімі
- •Қосымша әдебиет
- •Пәннің оқу-әдістемелік қамту картасы
- •Үлестірме материалдар
- •Ғылыми стиль ұғымы
- •Аңдатпа. Тезис. Рецензия
- •Реферат
- •Рефераттың құрылысы
- •Ғылыми жобаның титулдық бетін ресімдеу үлгісі
- •Жұмысты ауызша таныстыру ережелері
- •Ғылыми мақала
- •Абстракт жазуға 5 қадам
- •Аңдатпа
- •Студенттердің тіл мәдениетін арттыру мәселелері
- •Вопросы повышение культуры речи студентов
- •Ғылыми мақаланың аңдатпасын жазуға ұсынылатын фразалар:
- •Диплом жұмысы
- •Бағалау саясаты
- •Білімді бағалау бойынша ақпарат
Аңдатпа. Тезис. Рецензия
Аннотация, аңдатпа (лат.annotatіo – ескерту, аңдату) – кітаптың, топтама жинақтың, қолжазбаның мазмұнын оқырманға қысқаша баяндау. Аннотацияда шығармаға баға беріп, автор туралы мәліметтер келтіруі, кітаптың немесе жекелеген мақаланың жазылу тарихын қамтуы, әдебиеттерге және тағы басқа деректерге сілтеме жасауы да мүмкін. Оқырман аннотацияға сүйене отырып, өзіне қажетті әдебиетті таңдай алады.
Тезис ғылыми жұмыстардың, мақала, баяндама, курс немесе диплом жұмыстарының негізінде жазылады, негізгі айтатын ой, ережелер өте қысқа, нақты, дәлелді түрде жазылады және бет көлемі 0,06 б.т. , яғни 1 бет болу керек.
Пікір (рецензия) – бұл берілген шығармаға сын ретіндегі ой-пікір. Пікірді жазғанда келесі кезеңдерді қадағалау қажет: алынған тақырыптың өзектілігі; автор сол тақырыпты аша алды ма; жазған еңбегі жұмыс барысына сәйкес келе ме (әдістемелік нұсқау емес, ол мәселенің ізденісі; оқу құрал болса диссертация формада болмасын т.с.); терминологиялық аппаратты қолдана алды ма; қойылған мәселеде жаңашылдығы байқала ма; дәлелдеу тезистерінің деңгейі; материал мазмұнының түсініктілігі мен сауаттылығы.
Ал келесі кезеңдермен келіспеушілік болса, сол кезеңдерді жазып көрсету және дәлелдеу. Жұмыстағы жаңашылдық жаңа болмаса, онда нақты жұмыстарға сүйену.
Пікір қорытындысының мазмұны жұмыстың түріне байланысты болады: баспаға ұсыну; диссертацияға пікір; кандидаттық зерттеу жұмысы.
Реферат
Реферат (латынша referat – баяндасын, refero – баяндаймын) – кітап мазмұны, ғылыми жұмыс, ғылыми зерттеу қорытындылары туралы көпшілік алдында қысқаша баяндау, хабарлау; белгілі бір тақырыпта әдеби және басқа да материалдарды шолу негізінде жасалатын баяндама. Реферат ғылыми-ақпараттық сипатта болады. Тақырыпты объективті тұрғыда толық баяндаумен қатар ғылыми қорытындыларға талдау жасалып, сын айтылады. Реферат ғылыми мекемелер мен жоғары оқу орындарында ізденушілерді ғылыми ізденіс пен талдауға баулу мақсатында қолданылады. Арнаулы орта оқу орындары, жалпы білім беретін мектептер оқушыларының үйірме, клубтарында жасалатын баяндамалар да, ғылым кандидаты немесе докторанты дәрежесін алу үшін диссертация қорғаушының авторефераты да Рефератқа жатады.
Рефераттың құрылысы
Кіріспеде әдетте курс жұмысына (бітіру жұмысына) өзек, тақырып болып отырған мәселенің әдебиеттегі орны, егер ол жекелеген бір туынды болса, авторының шығармашылығы (өмір жолы емес) жайлы қысқаша шолу жасала келе, тақырыптың маңыздылығы, оны қалай қарастыратыны, яғни студенттің алдына қойған мақсат-міндеті байыпталады.
Негізгі тарауда кіріспеде тұжырымдалған мақсат-міндетке сәйкес негізгі мәселелер қарастырылады. Яғни, негізгі зерттелінетін мәселенің ғылыми талдау мен зерттеу жұмыстарына баса назар аударылады. Негізгі тарауда тақырыптың басты мәселесі ашылуы және зерттелінуі қажет.
Қорытындыда жұмыстың өн бойында талдау барысында айтылған ойлар, пікірлер жинақталып беріледі, яғни тақырып бойынша жалпы жұмыс туралы қорытынды жасалынады. Бұл бөлімде зерттеліп отырған мәселеден шығатын қорытындылар тұжырымдалады. Кіріспеде көзделген мақсат, міндеттердің орындалуы мен негізгі тарауда сөз болған теориялық ізденістер, әдеби-ғылыми талдау жұмыстарынан шыққан қорытындылар пайымдалады.
Реферат жұмыстарының соңында сілтеме жасалу ретімен пайдаланылған әдебиет тізімі беріледі.
