Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СИЛЛАБУС АПЧ каз 28.08.2015.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
407.55 Кб
Скачать

Кеңес беру сағаттарының (соөж) кестесі

Апта

СОӨЖ-де қарастырылатын тақырыптар мен сұрақтар

Бақылау түрі

Сағат саны

2-апта

Тақырып: «КАЗГЮУ кітапханасының ғылыми залында жұмыс жасау»

1. Ғылыми әдебиет жанрларының тізімін, атап айтқанда, монография, оқулық, мақала, аңдатпа, рецензия, диссертация, баяндамалардың анықтамасын жазып келу (интернет дереккөздерін, он-лайн сөздіктерді пайдаланып)

2. Ғылыми залда бар түрлі жанрдағы ғылыми әдебиетпен танысып, олардың библиографиялық деректерін дәптерге жазып келу, барлығы 5 атау (2 монография, 2 мақала, 2 диссертация).

Жазбаша есеп

2 сағат

3-апта

Тақырып: «КАЗГЮУ кітапханасының ғылыми залында жұмыс жасау»

1. Таңдалған ғылым бағыты бойынша 1 авторефератқа конспект әзірлеу (авторефераттың құрылымы бойынша: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, әдебиет тізімі және т.б.), көлемі 1-2 бет.

2. Модуль тапсырмасының құрылымдық элементтерін көрсете отырып (бөлімдер мен тараушалардың аттары), жоспарын әзірлеу, көлемі – 1 бет.

Жазбаша есеп

2 сағат

4-апта

Тақырып: «Модуль тапсырмасы тақырыбы бойынша жұмыстардың негізгі кезеңі»

1. Модуль тапсырмасының кіріспесі мен негізгі бөлімінің алғашқы нұсқасын оқытушыға тексеруге ұсыну.

Жазбаша есеп

2 сағат

6-апта

Тақырып: «Модуль тапсырмасы тақырыбы бойынша жұмыстардың қорытынды кезеңі»

1. Ғылыми жобаның қорытынды нұсқасын көрсету.

Жазбаша есеп.

Презентация

2 сағат

7-апта

Тақырып: «Модуль тапсырмасы тақырыбы бойынша жұмыстардың қорытынды кезеңі»

1. Ғылыми жобаның ауызша таныстырылым нұсқасын көрсету және алдын ала қорғау.

Жазбаша есеп.

Презентация

2 сағат

Барлығы

10 сағат

«Академиялық жазылым және оқылым» пәні бойынша модуль тапсырмаларының тақырыптары

1-ЦИКЛ

  1. КАЗГЮУ Университеті студентінің тілдік бейнесі: әлеуметтік-философиялық аспект

  2. Тіл және сөйлеу экологиясы (тіл тазалығы мәселесі туралы)

  3. Қайта жаңғырған жер-су атаулары

2-ЦИКЛ

  1. Қазақстандық жастардың тілдік бейнесі (ғаламтор, әлеуметтік желі, микроблог, блог материалдары бойынша): әлеуметтік-философиялық аспект

  2. Қазіргі қазақстандық жастардың құндылықтар иерархиясындағы «достық» ұғымы

  3. Ғаламтордағы тілдік агрессия: себептері, салдарлары, мәселені шешу жолдары

3-ЦИКЛ

  1. Соңғы 15-20 жыл ішіндегі мемлекеттік тілдің әлеуметтік сипаты: ғаламтор материалдарына салыстырмалы талдау

  2. КАЗГЮУ Университеті студентінің өміріндегі әдебиеттің / кітаптың орны

  3. Қазақ дүниетанымындағы киім атауларының мәдени-танымдық сипаты

4-ЦИКЛ

  1. Қазіргі қазақстандық жастардың құндылықтар иерархиясындағы «патриотизм» / «патриот» / «патриоттық» ұғымдары

  2. Қазіргі білім алудағы әдебиет / кітап оқу: қажеттілік пе әлде жан рақаты ма?

  3. Жаһандану үдерісінің қазақ тіліне әсері