- •Поәк мазмұны
- •Пәннің оқу бағдарламасы
- •4. Студенттің пәнді меңгеру нәтижесінде қалыптасатын құзыреттері:
- •Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
- •Практикалық сабақтардың күнтізбелік-тақырыптық жоспары
- •Экскурсияның тақырыптық жоспары
- •Студенттің өздік жұмысы (сөж)
- •Кеңес беру сағаттарының (соөж) кестесі
- •«Академиялық жазылым және оқылым» пәні бойынша модуль тапсырмаларының тақырыптары
- •Әдебиет тізімі
- •Қосымша әдебиет
- •Пәннің оқу-әдістемелік қамту картасы
- •Үлестірме материалдар
- •Ғылыми стиль ұғымы
- •Аңдатпа. Тезис. Рецензия
- •Реферат
- •Рефераттың құрылысы
- •Ғылыми жобаның титулдық бетін ресімдеу үлгісі
- •Жұмысты ауызша таныстыру ережелері
- •Ғылыми мақала
- •Абстракт жазуға 5 қадам
- •Аңдатпа
- •Студенттердің тіл мәдениетін арттыру мәселелері
- •Вопросы повышение культуры речи студентов
- •Ғылыми мақаланың аңдатпасын жазуға ұсынылатын фразалар:
- •Диплом жұмысы
- •Бағалау саясаты
- •Білімді бағалау бойынша ақпарат
Ғылыми мақала
Ғылыми мақала дегеніміз – ғылыми зерттеулер нәтижелерін сипаттау. Ғылыми мақала зерттеу тақырыбы бойынша нақты жекелеген мәселелерді қамтитын, нәтижесі берілетін, автордың ғылыми басымдығы көрінетін жарияланымның бір түрі болып табылады. Ғылыми мақала маманның жетістігін көрсетеді.
Ғылыми мақаланы іштей үшке бөлуге болады:
1. Ғылыми-теориялық мақалалар теориялық ізденістер мен зерттеліп отырған мәселенің заңдылығын түсіндіруге арналады. Теориялық мақалалар кез келген зерттеуді жүргізудің негізі болып табылады. Ғылымда тек теориялық пайымдаулардың көмегімен тың жаңалықтар ашылып, кейін тәжірибе мен эксперименттер арқылы дәлелденген оқиғалар аз кездеспеген. Кейбір салаларда тек қана теориялық әдістер арқылы зерттелетін нысанның маңызын ашуға болады.
2. Ғылыми-практикалық мақалалар ғылыми эксперименттер мен шынайы тәжірибеге арналады. Оларда эксперимент жүргізу әдістері не зерттелетін құбылысты бақылау құралдары мен оларды тіркеу тәсілдері сипатталады. Зерттеу барысында алынған нәтижелерді баяндау мен оларды түсіндіру мұндай мақалалардың негізгі бөлігі болып табылады.
3. Ғылыми-әдістемелік мақалалар ғылыми немесе қолданбалы міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін әдістер, тәсілдер, құралдар мен үдерістерге шолу жасауға арналады.
Абстракт жазуға 5 қадам
1. Зерттеліп отырған ғылыми мәселені көрсетіңіз, ол мәселенің неге өзекті екендігін айтыңыз.
2. Жұмысты құраушы негізгі компоненттер мен олардың сипаттамасын көрсетіңіз. Бұл ғылым саласына байланысты зерттеу материалы, экспериментке қатысушылар болуы мүмкін.
3. Жұмыстың мақсаты мен міндетін анықтаңыз.
4. Атқарылған жұмыстарға қысқаша шолу жасаңыз.
5. Негізгі қол жеткізілген нәтижені, зерттеу нәтижелері нені растайтындығын көрсетіңіз.
Аңдатпа
Аңдатпа (лат. annotatіo – ескерту, аңдату) – ғылыми мәтінді қысқаша ұсынудың бір түрі. Аңдатпа – кітаптың, топтама жинақтың, қолжазбаның мазмұнын оқырманға қысқаша баяндау.
Аңдатпа – мәтін мазмұнының құрылымын анықтайтын, мәтінді ғылыми мазмұндаудың ерекше жанры. Аңдатпа мақаладан баяндалу түрі бойынша жанрлық жағынан ерекшеленеді. Айталық, мақалада белгілі бір тезис қисынды пайымдалып, дәлелденіп баяндалады, ал аңдатпада мақалада баяндалған талдаулар мен дәлелдемелердің қорытындысы беріледі, сондықтан аңдатпа мәтініндегі сөйлемдер жалпылама, ақпараттық сипатта болып, «не туралы айтылды» деген тақырыптық ұғым тұрғысында емес, «не айтылды» деген сұраққа құрылуы керек. Аңдатпа үшінші жақта жазылады.
Аңдатпаның басты мақсаты өте аз тілдік құралдармен зерттеудің мәні мен жаңашылдығы туралы хабарлама жасау арқылы оқырманның назарын аудару, оқырман қызығушылығын ояту болып табылады. Осы екі мәселе нақты қамтылуы керек. Журнал бетінде жарияланатын барлық ғылыми мақалалардың авторлық аңдатпасы болуы тиіс.
Әр басылымның аңдатпа көлемі мен құрылымына қатысты өз талаптары болады. Мәселен, «Вестник Санкт-Петербургского университета» журналына жарияланатын мақалаға берілген авторлық аңдатпа орыс және ағылшын тілдерінде жазылып, аралық ашықтарымен қоса есептегенде 500-900 белгіден тұруы шарт.
Әлемдік тәжірибе бойынша авторлық аңдатпада мақаланың қысқаша мазмұны көрсетіледі. Кейде аңдатпада мақала құрылымы сақталады, яғни кіріспе, зерттеудің мақсаттары мен міндеттері, әдістері және қорытынды беріледі. Сапалы жазылмаған аңдатпада мақаланың тақырыбы, не тақырыптың мазмұны жалпы сөздермен қайталанып, зерттеудің мәні ашылмайды, мұндай аңдатпалар көлемі жағынан да мардымсыз болып келеді. Аңдатпада шығармаға баға беріп, автор туралы мәліметтер келтіруі, кітаптың немесе жекелеген мақаланың жазылу тарихын қамтуы, әдебиеттерге және тағы басқа деректерге сілтеме жасауы да мүмкін. Оқырман аңдатпаға сүйене отырып, өзіне қажетті әдебиетті таңдай алады.
Аңдатпа әрқашан тірек сөздермен берілуі шарт.
Аңдатпа жазу үлгісі
