Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СИЛЛАБУС АПЧ каз 28.08.2015.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
407.55 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

КАЗГЮУ УНИВЕРСИТЕТІ

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ ПӘНДЕРІ ЖӘНЕ ТІЛДІК

ДАЯРЛЫҚ ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ

«БЕКІТЕМІН»

ЖББПжТДЖМ директоры

________ Р.Қ. Жолаев

«____»_________ 2015 ж.

АКАДЕМИЯЛЫҚ ЖАЗЫЛЫМ ЖӘНЕ ОҚЫЛЫМ

ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Астана - 2015 жыл

Оқу-әдістемелік кешенді дайындаған:

Қазақ және орыс тілдері кафедрасының

доценттері, филол.ғ.к. __________Динаева Б.Б. _________ Сапина С.М..

Қазақ және орыс тілдері кафедрасында талқыланған

2015 жылғы ___ мамыр, № ____ хаттама.

Кафедра меңгерушісі, филол.ғ.д., проф. __________Бейсенова Ж.С.

(қолы)

Жалпы білім беру пәндері және тілдік даярлық жоғары мектебінің кеңесінде мақұлданған

2015 жылғы __ мамыр, № __ хаттама.

Төраға _________________________ Жолаев Р.Қ.

Поәк мазмұны

        1. Пәннің жұмыс бағдарламасы

        2. Пәннің оқу бағдарламасы (syllabus)

        3. Пәннің оқу-әдістемелік қамту картасы

        4. Белсенді үлестірмелі материалдар

        5. Практикалық сабақтардың тақырыптық жоспары

        6. Пәнді оқып-үйрену бойынша әдістемелік ұсыныстар

        7. Білім алушының оқу жетістіктерін бақылау және бағалау жөніндегі материалдар (аралық бақылау және емтиханға дайындалуға арналған сұрақтар тізбесі, емтихан билеттері)

        8. Арнаулы аудиториялар, кабинеттер мен зертханалар тізбесі (ТҚО)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

КАЗГЮУ УНИВЕРСИТЕТІ

«БЕКІТЕМІН»

ЖББПжТДЖМ директоры

________ Р.Қ. Жолаев

«____»_________ 2015 ж.

Пәннің оқу бағдарламасы

(syllabus)

Пәннің атауы: «Академиялық жазылым және оқылым»

Модуль: Ғылыми бағдар

Мамандықтар: 5В050600 «Экономика», 5В050900 «Қаржы», 5В050800 «Есеп және аудит», 5В090200 «Туризм», 5В050300 «Психология», 5В020700 «Аударма ісі», 5В030200 «Халықаралық құқық», 5В030100 «Құқықтану», 5В030300 «Құқық қорғау қызметі»

Курс: 1

Кредит саны: 3

Оқыту түрі: күндізгі

Студенттің оқу жүктемесі:

Кіріспе дәріс - 2 сағат

Мультимедиялық және онлайн оқыту – 2 сағат

Саяхат сабақ – 2 сағат

Практикалық сағат - 39 сағат

Кеңес беру (СОӨЖ) - 10 сағат

Студенттің өздік жұмысы (СӨЖ) - 75 сағат

Аралық бақылау саны – 2

Емтихан сағаты - 3 сағат

Емтихан түрі: жазбаша

Жалпы сағат саны: 135 сағат

Астана – 2015

Пән силлабусы (оқу бағдарламасы) пәннің оқу-жұмыс бағдарламасына сәйкес әзірленген.

Силлабусты әзірлегендер: _________ ф.ғ.к., доцент Б.Б.Динаева.

_________ф.ғ.к., доцент С.М.Сапина.

Қазақ және орыс тілдері кафедрасының мәжілісінде талқыланған.

2015 жылғы ____ мамыр, № ___ хаттама

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.д., проф. ___________ Ж.С. Бейсенова

Жалпы білім беру пәндері және тілдік даярлық жоғары мектебінің кеңесінде мақұлданған.

2015 жылғы ___________ № _____ хаттама

Төраға _____________ Р.Қ. Жолаев

Оқытушылар туралы мәліметтер мен байланыс телефондары:

Динаева Бекзат Бегалықызы, ф.ғ.к., доцент. 8 778 778 91 81

Сапина Сәбира Мінатайқызы, ф.ғ.к., доцент 8701 317 42 34

Дүсіпбаева Қарлығаш Советқанқызы, ф.ғ.к., доцент 8 775 391 82 05

Утанова Айзада Құдайқұлқызы, ф.ғ.к., доцент 8701 735 38 88

Камиева Гүлмира Камиқызы, п.ғ.к, доцент 8 775 316 09 02

Шалқыбасов Дархан Игібайұлы, ғ.м., оқытушы 8 702 423 17 40

КАЗГЮУ Университеті, Қазақ және орыс тілдері кафедрасы, каб. 412. Тел 70-28-29 ( ішкі-1293)

1. Пререквизиттер: курсты меңгеру үшін студент қазақ тілінде жалпы білім беретін мектеп деңгейіндегі оқылымның, жазылымның, тыңдалым мен айтылымның дағдылары қалыптасқан қазақ тілін білуі қажет.

2. Постреквизиттер: пәнді оқып біткеннен кейін студент аңдатпа, абстракт, түйіндеме, пікір, ғылыми мақала жаза алады; ғылыми-кәсіби пікірталастарға түсе алады; өзі жазған ғылыми зерттеуінің нәтижелерін ауызша және жазбаша сауатты түрде таныстыра алады.

3. Пәннің сипаттамасы: «Академиялық жазылым және оқылым» пәні ғылыми жоба, курс және диплом жұмыстарын жазудың әдістемелік және әдіснамалық мәселелерін, атап айтқанда, терминологияға қойылатын талаптарды, библиографиялық аппаратты, ғылыми зерттеу жұмыстарына арналған материалдар жинақтау мен сипаттауды қамтиды. Ғылыми жоба жазу барысы шартты түрде бірнеше кезеңдерге бөлінуі мүмкін: 1) алдын ала кезең; 2) жұмысты жазу мен ресімдеу; 3) жобаны қорғау. Бұл кезеңдер теориялық және практикалық материалдың мазмұны мен баяндау логикасын анықтайды.

а) Пәннің мақсаты: гуманитарлық таным техникасы мен оның жекелеген тәсілдеріне негізделген жалпы ережелер мен әдістерді, кәсіби оқылымды, академиялық жазылым мен ауызша таныстыру дағдыларын меңгерту.

б) Пәннің міндеттері:

  • академиялық оқылым мен жазылым дағдыларын дамыту (ғылыми-кәсіби мәтіндердің тілі мен құрылымын зерттеу, конспектілеу, рефераттар, пікірлер, тезистер жазу, ғылыми талдау нәтижелерімен таныстыру, ғылыми-кәсіби мәтіндерді оқу);

  • студенттердің сөздік қорын академиялық лексикада қолданылатын ғылыми-кәсіби ортаға тән тілдік оралымдармен арттыру;

  • ғылыми-кәсіби пікірталастарға түсу дағдыларын дамыту және кәсіби бағдарланған жобаларды таныстыру;

  • өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту.