Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Zan_9_kazOL_SRSP.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
73.76 Кб
Скачать

Билет № 1

  1. Холестеридтердің химиялық табиғаты, қорытылуы, гидролиз өнімдерінің сіңірілуі, холестериннің маңызы .

  2. Липидтер алмасуындағы өкпенің ролі.

  3. Кетон денелерінің биосинтезі және ағзадағы пайдаланылуы .

  4. Липогенез, липолиз, липонеогенез, түсініктер, бұл процестердің маңызы, қандай мүшелерде бұл процестер көп жүреді.

  5. Стеарин қышқылы тотыққанда түзілетін АТФ санын есептеңіз.

Билет № 2

  1. Фосфолипидтердің химиялық табиғаты, жіктелуі, маңызы, қорытылуы, ФЛ-ң гидролиз өнімдерінің сіңірілуі.

  2. Хиломикрондар, түзілетін орны, құрамы, маңызы, ағзадағы өзгерістері.

  3. Глицерин тотығуы және энергия балансы.

  4. БМҚ синтезінің 1-ші және 2-ші сатыларын көрсетіңіз.

  5. бета-гидроксимай қышқылы тотыққанда түзілетін АТФ санын есептеңіз.

Билет № 3

  1. Тристеариннің химиялық табиғаты, маңызы, қорытылуы, ТАГ-тың гидролиз өнімдерінің сіңірілуі.

  2. Липидтер алмасуындағы бауырдың ролі.

  3. Кетон денелері мен холестериннің синтезіндегі ортақ реакциялары, ортақ аралық өнімінің пайдаланылуы неге байланысты?

  4. БМҚ синтезінің 3-ші сатысының реакциясын жазыңыз. (малонилКоА мен АСҚ конденсациялану және БМҚ синтезделетін тізбектің ұзаруы)

  5. Жалпы липидтер мен β- липопротеиндерді анықтау қандай принципке негізделген?

Билет № 4

  1. Стериндердің химиялық табиғаты, жіктелуі, маңызы, холестериннің сіңірілуі.

  2. Ішек қуысында өтетін үрдістер.

  3. АцетилКоА пайдаланылу жолдары ( схема түрінде көрсету).

4. Фосфатидтік жолмен липогенез – ТАГ түзілу реакциясын жазыңыз.

5. 2 мол. Ацетосірке қышқылы тотыққанда түзілетін АТФ санын есептеңіз.

Билет № 5

  1. Өт қышқылдарының химиялық табиғаты, маңызы. Өт қышқылдарының энтерогепатикалық айналымы, оның маңызы.

  2. Липопротеидтер, түрлері, құрамы, ағзадағы өзгерістері мен маңызы.

  3. Холестерин биосинтезі, негізгі сатылары (1 этап-формуламмен).

  4. Кетогенездің арту себептері.

5. Модифицирленген липопротеидтер және атеросклероз дамуының жасушалық механизмі.

Билет № 6

  1. Көп қанықпаған май қышқылдары (КҚМҚ), өкілдері, маңызы, ағзадағы өзгерістері.

  2. Фосфолипидтердің липотропты әсері.

  3. ацетилКоА түзілу жолдары ( схемамен көрсету).

  4. Холестериннің синтезі, холестерин синтезделу жылдамдығының реттелуі, оның маңызы.

  5. Трипальмитин тотыққанда түзілетін АТФ санын есептеңіз .

Билет № 7

  1. Біріншілік және 2-лік өт қышқылдары туралы түсінік –өкілдері, құрылысы, маңызы.

  2. Липидтер алмасуындағы ішек қабырғасының ролі.

  3. Жасушадағы БМҚ мен глицериннің пайдаланылу жолдарын схема түрінде көрсетіңіз.

4. Холестерин мен бос май қышқылдарының синтезіне қандай заттар қажет?

5. Атеросклероз дамуына әсер ететін факторлар.

Билет № 8

  1. Липидтердің тасымалдану түрлері, олардың бір-бірінен айырмашылықтары мен ұқсастықтары..

  2. Фосфатид қышқылының химиялық табиғаты.Пайдаланылу жолдары.

  3. Бос май қышқылдарының бета-тотығу реакциялары

  4. АСҚ түзілу және пайдаланылу жолдарын схема түрінде көрсетіңіз.

  5. Қанда холестеринді анықтаудың диагностикалық маңызы.

Билет № 9

  1. Жұп өт қышқылдарының химиялық табиғаты, олардың маңызы.

  2. Липидтер алмасуындағы май тінінің ролі.

  3. Липидтер алмасуындағы ҮКЦ, БТ, ТФ рөлі.

  4. Липидтердің пероксидті тотығуының қай сатысында Е, С, А витаминдерінің антиоксиданттық әсері байқалады.

  5. Атерогендік коэффициент туралы.

Билет № 10

  1. Мицелла, түзілетін орны, құрамы, сіңірілгеннен кейінгі өзгерістері.

  2. Ағзадағы холестериннің тасымалдану жолдары.

  3. Ішек қабырғасындағы және басқа тіндердегі ТАГ синтезі, бұл үрдістердің айырмашылықтары.

  4. Қандай заттар липотропты әсер көрсетеді?

  5. С19Н37СООН тотыққанда түзілетін АТФ санын есептеңіз .

Билет № 11

  1. Триглицериды – строение, роль, переваривание, всасывание продуктов переваривания

  2. Қан тамыр ішілік липолиз, маңызы.

  3. Фосфатидтік жолмен липогенез – фосфолипидтердің түзілу реакциясын жазыңыз.

4. Липидтер алмасуының соңғы өнімдері, қандай процестер нәтижесінде олар түзіледі, бөлінуі.

5. Сүт липидтерінің қорытылуына ұйқы безі липазасының әсерін қалай дәлелдеуге болады?

Билет № 12

  1. Липидтердің эмульгирленуі.

  2. Тағам липидтерінің қорытылуына қатысатын ас-қорыту сөлдерінің ферменттері. Олардың ферменттердің жіктелуіндегі орны, катализдік әсері.

  3. КҚМҚ пероксидтік тотығуы (бос-радикалды).

  4. Холестерин алмасуы – кездесетін тағам көздері, холестеридтердің қорытылуы, сіңірілуі, тасымалдануы және бөлінуі.

  5. Бета-липопротеиндерді анықтаудың диагностикалық маңызы.

Билет № 13

  1. Ағзадағы хиломикрондар және липопротеиндердің өзгерістері.

  2. Өт қышқылдарының энтерогепатикалық циркуляциясы, ролі

  3. Антиоксидантты қорғаныс жүйесі, негізгікомпоненттері. Е мен С витаминдерінің антиоксиданттық әсер ету механизмін түсіндіріңіз.

  4. ТАГ пен ФЛ биосинтезі, ұқсастықтары мен айырмашылықтары.

  5. Глюкозаның бір молекуласының синтезіне қанша глицериннің молекуласы жұмсалады Дәлелдеңіз (глицериннен глюконеогенезді кестемен көрсетіңіз).

Билет № 14

  1. БМҚ, жіктелуі, әр түрлі БМҚ-ың тотығу әдістері. (жалпы сипаттама).

  2. Липидтердің гидролиз өнімдерінің бауырға түсу жолдары .

  3. Липидтер алмасуының соңғы өнімдері, қандай процестер нәтижесінде олар түзіледі, бөлінуі.

  4. Қандай жағдайда ТАГ пен ФЛ синтезіндегі конкурентті жағдай байқалады?

  5. Қанда жалпы липидтерді анықтаудың диагностикалық маңызы .

Жағдайлық есептер:

        1. Адам тағамының құрамына линоль, линолен, олеин қышқылдары кіреді. Ас қабылдағаннан кейін 1 сағат өткенде хиломикрондардың құрамында пальмитин, линоль, стеарин және олеин қышқылдары басымды екені анықталды. Осы нәтижелерді түсіндіріңіз.

Шешу алгоритмі ( шешу жолдарының реті):

  1. Тағаммен түскен майдың гидролизінің реакциясын жазыңыз

  2. Ішек қабырғасындағы ТАГ ресинтезінің сызбанұсқасын жазыңыз

  3. Тағам майларының құрамы және хиломикрон құрамындағы майлардың арасындағы айырмашылықтарды түсіндіретін реакцияларды жазыңыз

        1. Құрамына майлар және көмірсулар кіретін тағаммен тамақтанғаннан кейін, қан сарысуының түрі өзгеріп, лайланады («сүт тәрізді сарысу»), ал 2-3 сағат өткеннен кейін қайтадан мөлдір сұйықтыққа айналады. Осы өзгерістерді түсіндіріңіз.Шешу алгоритмі ( шешу жолдарының реті):

  1. Неліктен майлы тағам қабылдағаннан кейінгі қандағы өзгерістерді «алиментарлық гиперлипидемия» деп атайды? Түсіндіріңіз.

  2. Өте майлы тағамды қабылдағаннан кейін 1 сағат өткенде, липопротеиндердің қайсысы қанда басым болады?

  3. Осы липопротеиндердің негізгі комоненттерін атаңыз?

        1. 40 жастағы науқас әйелдің өт қапшығында, өт жолдарын жауып, өттің ішекке түсуін бұзатын өт тастары бар екені анықталды. Өттің секрециясының бұзылуының барлық салдарын атаңыз.Шешу алгоритмі ( шешу жолдарының реті):

  1. Өт қышқылдарының формуласын жазыңыз

  2. Липидтердің қорытылу өнімдерінің сіңірілуіндегі өт қышқылдарының қызметін көрсетіңіз және сызбанұсқа салыңыз

  3. Осы науқаста қандай заттардың тапшылығы болуы мүмкін және оның белгілері мен салдары

  1. Май қышқылдарының синтезі жүретін жасушаларда, сол үрдіспен қатар глюкозаның пентозофосфатты жолмен тотығуы (ПФЦ) жүреді. Осы үрдістердің арасындағы байланысты түсіндіріңіз. Шешу алгоритмі ( шешу жолдарының реті):

  1. ПФЦ және май қышқылдарының синтезінің сызбанұсқасын көрсетіңіз

  2. Май қышқылдарының синтез реакцияларын ПФЦ-мен қамтамасыз ететін коферментті және оның құрамындағы витаминді атаңыз. Осы коферменттің қатысуыменен жүретін май қышқылдарының синтез реакцияларын жазыңыз

  3. Неліктен бауырда, май тінінде, эритроциттерде ПФЦ өте қарқынды жүреді?

  1. Тәжірибелі жануарларды құрамында көміртектің радиоактивті атомдары бар глюкозамен қоректендірді. Бірнеше сағаттан кейін адипоциттердегі майларды зерттегенде, радиоактивті көміртек глицерол және май қышқылдары радикалдарының құрамында табылғаны анықталды. Шешу алгоритмі ( шешу жолдарының реті):

  1. Глюкозаның ацетил-КоА-ға дейін катаболизмін жазыңыз.

  2. Фосфотриозадан глицеролға дейін липонеогенез сызбанұсқасын жазыңыз

  3. Сызбанұсқа түрінде май қышқылдарды синтездейтін жолын көрсетіңіз

  1. Майлар энергияны көп қажет ететін молекулалар болып табылады. Майлардың құрамына қарап осыны түсіндіріңіз. Трипальмитиннің бір молекуласы тотыққан кездегі АТФ санын санаңыз.Шешу алгоритмі ( шешу жолдарының реті):

  1. Осы қосылыстың гидролиз реакциясын жазыңыз

  2. Пальмитиннің бір молекуласы тотыққан кездегі АТФ санын санаңыз.

  3. Глицериннің тотығу реакцияларын жазыңыз және және осы үрдіс кезінде түзілетін АТФ санын санаңыз. Трипальмитиннің бір молекуласы тотыққан кездегі толық АТФ санын санаңыз

  1. Тұқым қуалау ауыруларының біреуінде, қанқа бұлшық еттерінде карнитиннің синтезіне қатысатын ферменттердің ақауларының нәтижесінде, карнитиннің концентрациясының төмендеуі байқалады. Неліктен осы науқастарда ауыр дене жұмысын істейтін қабілеті төмен болады? Шешу алгоритмі ( шешу жолдарының реті):

  1. Май қышқылдарының алмасуындағы карнитиннің ролін көрсететін сызбанұсқасын жазыңыз

  2. Осы науқастарда қай метаболиттік жолдың жылдамдығы төмендегенін көрсетіңіз

  3. Неліктен науқастардың бұлшықеттерінің жасушаларында микроскоппен көрінетін үлкен май вакуольдары табылатынын түсіндіріңіз

  1. Тәжірибелі жануарларды 1 апта бойы құрамында көміртектің радиоактивті атомдары бар глюкозаның артық мөлшерімен қоректендірді. Сосын 2 күн бойы ашықтырды. Қандарында құрамында радиоактивті көміртек бар кетон денелері анықталды. Тәжірибенің нәтижелерін түсіндіріңіз. Шешу алгоритмі ( шешу жолдарының реті):

  1. Глюкозаның ацетил-КоА-ға дейін катаболизмін жазыңыз.

  2. АцетилКоА-ның кетон денелерінің синтезіне пайдалану сызбанұсқасын көрсетіңіз

  3. Глюкозаның катаболизміне және кетон денелерінің синтезіне қатысатын негізгі ферменттерді атаңыз

  1. 60 жастағы екі ер адамның қанындағы жалпы холестерол деңгейін және ТТЛП/ТЖЛП индексін анықтады. Екеуіндеде жалпы холестерол деңгейі – 6,0 мМ/л болды, ал ТТЛП/ТЖЛП индексі бірінші науқаста – 4, ал екіншісінде – 3,1. Алынған нәтижелерді бағалаңыз. Шешу алгоритмі ( шешу жолдарының реті):

  1. Қай науқаста атеросклероздың және оның асқынуының қауіпі жоғары болады

  2. Холестериннің тасымалдануындағы ТЖЛП ролін көрсететін сызбанұсқаны жазыңыз

  3. Неліктен ТТЛП атерогенді липопротеиндер деп, ал ТЖЛП – антиатерогенді деп атайтынын түсіндіріңіз

  1. Науқаста жедел панкреатит. Сол кезде ұйқы безі жолдарының қабырғалырының қабынуы және ісінуі, жол қуысының тарылуы, тоқырау (жүрмей қалу) құбылыстары байқалады. Осындай науқастаға жедел медициналық жәрдем қажет. Ұйқы безі сөлінің бөлінуінің бұзылуы неге қауіпті екенін түсіндіріңіз. Шешу алгоритмі ( шешу жолдарының реті):

  1. Ұйқы безі сөлінде қандай ферменттер синтезделеді

  2. Олардың активтену жолдарын, проферменттердің активаторларын атаңыз

  3. Ұйқы безі тінінде олардың активтенуі қандай салдарға әкелетінін түсіндіріңіз.

  1. Ірімшікте (творог) барлық алмастырылмайтын амин қышқылдары бар.Бауырды май басуда ауруға көбірек ірімшікті пайдалану ұсынылады.Неге мұндай диета аурудың жағдайын жақсартатынын түсіндіріңіз?

Шешу алгоритмі:

  1. Бауырдан триацилглицериндерді тасымалдауға қатысатын затты атаңыз; ол заттың құрамына кіретін заттарды атаңыз.

  2. Холин синтезделетін реакцияны жазыңыз, бұл реакцияға қандай алмастырылмайтын амин қышқылы керек?

  3. Құрамына холин кіретін фосфолипид формуласын жазыңыз.

  1. Науқас ішінің үзілісті және айналдыра ауратынын, әсіресе сол жақ қабырғасының асты қатты ауыратынына шағымданды. Соңғы кезде жиі іші өтеді, әсіресе майлы тағам қабылдағаннан кейін.Нәжісінде май бар екені анықталды. Дәрігер ұйқы безінің зақымданғанына болжам жасады.Бұл болжам неге негізделген?

Шешу алгоритмі:

  1. Ұйқы безінің зақымдануында қанда қандай арнайы ферменттер артады? Ол фермент қандай класқа және қай топқа жатады?

  2. Неге майлы тағамды қабылдағаннан кейін майлы іш өту байқалады ?

  3. Тағам триглицеридтерін гидролиздейтін ұйқы безінің ферментін активтеуге қандай заттар керек?

Тесттер:

  1. БМҚ тотыққанда 148 молекула АТФ түзіледі. Қандай БМҚ тотықты?

а) пальмитин

б) стеарин

в) олеин

г) линоль

д) арахидон

  1. Глицериннің 1 молекуласы тотыққанда түзіледі:

а) 12 АТФ в) 20 АТФ д) 18 АТФ

б) 24 АТФ г) 30 АТФ

  1. ЛПТ реакцияларының активаторлары болып табылады:

а) витамин Е в) холестерин д) оттегінің активті түрлері

б) глицерин г) вода

  1. Антиоксидантты ферменттер болып табылады:

а) липаза

б) пепсин, трипсин

в) каталаза, пероксидаза

г) цитохромдар

д) супероксидисмутаза, каталаза, глютатионпероксидаза

  1. Глицериннің метаболизм жолдары:

а) глицериннің энергия түзе тотығуы, глюконеогенез

б) ФЛ синтезі г) ТАГ синтезі

в) ХС синтезі д) БМҚ синтезі

  1. Фосфатид қышқылы мына реакцияларға жұмсалуы мүмкін:

а) ТАГ, ФЛ синтезі

б) ХС синтезі

в) БМҚ синтезі

г) көмірсулардың синтезі

д) МАГ синтезі

  1. Активті май қышықылы қандай заттың көмегімен митохондрияға тасымалданады:

а) диоксиацетон фосфат арқылы

б) фосфоглицерин альдегиді арқылы

в) карнитин арқылы

г) ҚСҚ

д) малат арқылы

  1. БМҚ қатысатын реакцияларды атаңыз:

а) тотығып энергия бөледі

б) холестерин, ТАГ, простагландин синтезі

в) тотығып энергия бөледі, ТАГ, ФЛ, холестеридтер синтезі

г) тотығып энергия бөледі, ТАГ синтезі

  1. БМҚ-ның -тотығуының 1 айналымында тотықсызданады:

а) 1 ФПН және 1 НАДН

б) 1 ФПН және 3 НАДН

в) 2 ФПН және 2 НАДН

г) 3 ФПН

д) 3 НАДН

  1. Пальмитин қышқылы тотыққанда қанша АТФ түзіледі?

а) 100; б) 90; в) 150; г) 130; д) 140.

Аз топпен жұмыс.

№1 билет

Тристеарин тоттыққанда қанша АТФ түзілетінін есептеңіз.

№2 билет

Трипальмитин тоттыққанда қанша АТФ түзілетінін есептеңіз.

№3 билет

Дистеаропальмитин тоттыққанда қанша АТФ түзілетінін есептеңіз.

№4 билет

Дипальмитостеарин тоттыққанда қанша АТФ түзілетінін есептеңіз.

№5 билет

Стеарин қышқылы тоттыққанда қанша НАДН2 мен ФПН2 және АСҚ түзілетінін есептеңіз.

№6 билет

Стеарин қышқылы толық тоттыққанда қанша АСҚ түзілетінін есептеңіз.

№7 билет

С19Н39СООН тотыққанда неше молекула АТФ түзілетінін есептеңіз.

№8 билет

С19Н37СООН тотыққанда неше молекула АСҚ түзілетінін есептеңіз.

№9 билет

Стеарин қышқылы толық тоттыққанда қанша ФП пен НАД тотықсызданатынын есептеңіз.

№10 билет

С11Н23СООН биосинтезіне қажет цикл санын есептңіз.

Билет № 11

С7С15СООН синтезіне жұмсалған АТФ пен НАДФН2 санын есептеңіз.

Билет № 12

С13Н27СООН биосинтезіне қанша цикл жүруі керек.

Билет № 13

С9Н19СООН синтезін жұмсалған малонилКоА санын есептеңіз.

Билет № 14

  1. С13Н27СООН синтезіне жұмасалатын АТФ пен НАДФН2, санын есептеңіз.

Билет № 15

С7Н15СООН биосинтезіндегі цикл санын есептеңіз.

Билет № 16

С11Н23СООН синтезіне жұмсалған малонилКоА санын есептеңіз.

Билет № 17

С9Н19СООН биосинтезіне қанша цикл жүруі керек?

Билет № 18

С5Н11СООН синтезіне қажет малонилКоА санын есептеңіз.

Билет № 19

С9Н19СООН синтезіне жұмсалған АТФ пен НАДФН2 санын есептеңіз.

.

Тест сұрақтарының дұрыс жауап картасы.

1 – б

2 – в

3 – д

4 – д

5 – а,б,г

6 – а

7 – в

8 – а,в,г

9 – а

10 - г

.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]