- •2. Мақсаты:
- •3. Оқыту міндеттері:
- •4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •Сабақтың сценариі:
- •6. Әдебиеттер:
- •7. Бақылау
- •Оқыту және сабақ беру әдістері:
- •Сабақтың сценариі:
- •2) Зертханалық жұмыстар бойынша сұрақтар:
- •Аз топпен жұмыс: студенттерді 3 топқа бөліп, әр топқа жағдайлық есеп беріледі
- •7.Әдебиеттер:
- •Билет № 1
№ 9 Сабақ
Тақырыбы: Липидтер алмасуы. Аралық алмасу. Организмдегі глицерин мен бос май қышқылдарының, активті сірке қышқылының (Ацетил-КоА) өзгерістері.
2. Мақсаты:
Студенттерде глицерин мен бос май қышқылдарының (БМҚ) ролі және организмдегі өзгерстері туралы білім қалыптастыру.
Студенттерде ТАГ пен ФЛ синтезіндегі бәсекелестік, фосфолипидтердің липотропты әсері туралы түсінік қалыптастыру.
Студенттерде глицериннің глюконеогенезге жұмсалуы және осының негізінде заттар алмасуының өзара байланысы туралы білім қалыптастыру.
Студенттерде активті сірке қышқылының (АСҚ) пайдаланылуының негізгі жолдары туралы білім қалыптастыру.
Студенттерде холестерин алмасуы туралы білім қалыптастыру.
Студенттерде липидтер алмасуының бұзылуының биохимиялық механизмдері туралы білім қалыптастыру.
Студенттердің арнайы әдебиеттермен және интернетпен жұмыс жасаған кезде дағдылар мен аналитикалық қабілеттерін қалыптастыру.
Жаңадан терминдер мен түсініктер енгізу.
Тақырып бойынша шет ел тілінде (ағылшын, орыс, қазақ тілі) сөйлеуді арттыру
3. Оқыту міндеттері:
Глицерин мен БМҚ-ның анаболикалық үрдістерге жұмасалуын қарастыру.
Глицериннің тотығуын және БМҚ-ның өзгерістерін оқып-білу.
Липидтердің пероксидтік тотығуын, осы үрдістің қалыпты және патологиялық жағдайлардағы ролін қалыптастыру.
АСҚ-ң БМҚ, кетон денелері, холестериннің синтезіне пайдаланылу жолдарын қарастыру.
Холестерин алмасуын қарастыру.
Липидтер алмасуы бұзылуының биохимиялық механизмдерін қарастыру.
Жаңадан түсініктер енгізу және терминдерге анықтама беру: бета – тотығу, фосфатидтік жолмен липогенез, кетон денелері(ацетон, ацетосірке қышқылы, бета-гидроки-май қышқылы), кетогенез, ГМГ-редуктаза,мевалон қышқылы, ланостерин, сквален.
Студенттерді арнайы әдебиеттермен және интернеттен материал іздеуге ынталандыру
Тақырыптың бір сұрағын шет тілде (ағылшын, орыс, қазақ тілі) қастыру.
4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
БМҚ мен глицеринді биосинтездік үрдістерге қолдану жолдары.
Глицериннің тотығуы, осы үрдістің энергиялық балансы.
БМҚ түрлері. Қаныққан және қанықпаған БМҚ-ның тотығуы, энергиялық балансы.
Көп қанықпаған май қышқылдарының (КҚМҚ) пероксидтік тотығуы.
Антиоксидантты қорғаныс жүйесі: ферменттік және ферменттік емес.
АСҚ-ның пайдаланылу жолдары (схемамен).
БМҚ биосинтезінің сатылары.
Кетон денелерінің синтезі, гиперкетонемия мен кетонурия себептері, аштық және қантты диабет кезіндегі даму механизмі.
Кетон денелерінің тотығуы. Ацетосірке және -гидроксимай қышқылдарының тотығуының энергиялық балансы.
Холестерин синтезі, сатылары және холестерин синтезінің реттелуі.
Холестерин мен кетон денелерінің синтезінің ұқсастықтары мен айырмашылығы.
Холестерин алмасуы.Холестерин алмасуындағы бауырдың рөлі. Холестерин алмасуындағы ТТЛП пен ТЖЛП рөлі.
Липидтер алмасуының соңғы өнімдері және олардың ағзадан бөлінуі.
Липидтер алмасуы бұзылуының биохимиялық механизмдері.
5. Оқыту мен сабақ берудің әдістері:
1. Тақырыптың негізгі сұрақтарын ауызша талқылау (тақырыптың бір сұрағын шет тілде (ағылшын, орыс, қазақ тілі) қастыру, дискуссия. аз топпен жұмыс).
2. Үй тапсырмасын тексеру.
Оқытуға қажетті материалдар: Тақырып бойынша дәріс, Тест сұрақтары,
жаттығулар, ситуациялық есептер,биохимиядан студенттердің өзіндік дайындығына арналған оқу құралы.2-бөлімі.
