Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
zan_8_OL_kaz__SRSP_1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
338.43 Кб
Скачать

Алматы, 2014 ж.

Биохимия кафедрасында талқыланды

Мәжіліс хат № ___ «___» ______2014ж.

Бекітілді

Биохимия кафедрасының меңгерушісі,

профессор Шарипов К.О.

8 Сабақ СӨЖО

1. Тақырыбы: Липидтер алмасуы. Липидтердің қорытылуы, сіңірілуі. Липидтер алмасуындағы әр түрлі тіндердің ролі. Хиломикрондар мен липопротеиндердің ағзада түзілуі мен рөлі.

2. Мақсаты:

1. Студенттерде липидтердің маңызы және олардың қорытылуы мен сіңірілуінің ерекшеліктері туралы түсінікті қалыптастыру.

2. Липидтердің тасымалдану түрлерінің құрамы, құрылысы, маңызы туралы түсініктерді қалыптастыру.

3. Студенттерде липидтер алмасуындағы кейбір тіндердің ролі туралы білім қалыптастыру.

4. Студенттердің арнайы әдебиеттермен және интернетпен жұмыс жасаған кезде дағдылар мен аналитикалық қабілеттерін қалыптастыру.

5. Жаңадан терминдер мен түсініктер енгізу.

3. Оқыту міндеттері:

1. Липидтердің тасымалдану түрлерінің құрамы мен роліндегі ерекшеліктерді қарастыру.

2. Жаңадан терминдер мен түсініктер енгізу: тығыздығы жоғары липопротеиндер, тығыздығы төмен липопротеиндер, тығыздығы өте төмен липопротеиндер, хиломикрондар, липопротеинлипаза, липогенез, липолиз, липонеогенез, қан тамыр ішілік липолиз, липидтердің эмульсиялануы.

3. Студенттерді арнайы әдебиеттермен және интернеттен материал іздеуге ынталандыру.

4. Оқыту мен сабақ берудің әдістері:

1) Тақырыптың күрделі сұрақтары бойынша талқылау

2) липидтердің қорытылуы мен сіңірілу ерекшеліктері

3) өт қышқылдарының құрылысы және олардың липидтердің қорытылуы мен сіңірілуіндегі рөлі

4. липидтер алмасуындағы ішек қабырғасының рөлі

5.хиломикроандар мен липопротеидтер, түрлері, құрамы, ағзадағы өзгерістері

6. әр түрлі ағзалардың липидтер алмасуындағы рөлі

Сабақтың сценариі:

Мазмұны

Әдістемелік қамтамасыз етілуі

Уақыты, мин (болжаммен хронометраж, топтың дайындығына және тағы басқа факторларға байланысты өзгері мүмкін)

1. Сабақты ұйымдастыру бөлімі

2.Тақырып сұрақтары бойынша консультация

3.Тест сұрақтары,

жаттығулар,Ситуациялық есептер ді шешу

  1. сабаққа қорытынды жасау

Оқу журналы,

Жазбаша тексеруге арналған билеттер,

Тест сұрақтары,

жаттығулар,

Ситуациялық есептер,

Оқытушыларға арналған әдістемелік құрал сценариімен

Силлабус

Тақырып бойынша дәріс

  1. 5

  2. 15

  3. 25

  4. 5

    1. Сабақтың ұйымдастыру бөлімі –үйге берілген жаттығулар мен ситуациялық есептер тексеріледі, шешілмеген сұрақтар түсіндіріледі.

Үйге тапсырма: Студенттерге келесі сабақ 3-тілдің біреуінде болатынын ескерту. Коллоквиум. Липидтер алмасуы. практикалық жұмыстар:№76-78,80

Өзіндік дайындыққа арналған сұрақтар

  1. Тағам липидтері, олардың жіктелуі, маңызы.

  2. Тристеариннің химиялық табиғаты, ТАГ маңызы, қорытылуы, ТАГ-тың гидролиз өнімдерінің сіңірілуі.

  3. Фосфолипидтердің химиялық табиғаты, жіктелуі, маңызы, қорытылуы, ФЛ-ң гидролиз өнімдерінің сіңірілуі.

  4. Стериндердің химиялық табиғаты, жіктелуі, маңызы, холестериннің сіңірілуі.

  5. Холестеридтердің химиялық табиғаты, қорытылуы, гидролиз өнімдерінің сіңірілуі, холестериннің маңызы.

  6. Көп қанықпаған май қышқылдары (КҚМҚ), өкілдері, маңызы.

  7. Ішек қуысында жүретін үрдістер.

  8. Мицелла, түзілетін орны, құрамы, сіңірілгеннен кейнгі өзгерістері.

  9. Өт қышқылдарының химиялық табиғаты, маңызы. Жұп өт қышқылдары, өкілдері, маңызы. Өт қышқылдарының энтерогепатикалық айналымы, оның маңызы.

  10. Липидтер алмасуындағы ішек қабырғасының, өкпенің, бауырдың, май тінінің ролі.

  11. Хиломикрондар, түзілетін орны, құрамы, маңызы, ағзадағы өзгерістері.

  12. Липопротеидтер, түрлері, құрамы, ағзадағы өзгерістері мен маңызы.

  13. Липидтердің тасымалдану түрлері, олардың бір-бірінен айырмашылықтары. ТТЛП мен ЖТЛП – ның құрамы мен липидтер мен холестеринді тасымалдауындағы ролдерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары.

  14. Хиломикрондар және ЛП, құрамы мен қызметтеріндегі ұқсастықтары мен айырмашылықтары.

  15. БМҚ мен глицериннің анаболикалық реакцияларға пайдаланылуы.

  16. ТАГ пен ФЛ биосинтезі, ұқсастықтары мен айырмашылықтары.

  17. Фосфатид қышқылының химиялық табиғаты, оның пайдаланылу жолдары.

  18. ФЛ-дің липотроптық әсері.

  19. Липогенез, липолиз, липонеогенез, түсініктер, бұл процестердің маңызы, қандай мүшелерде бұл процестер көп жүреді. Қандай жағдайларда және қалай липонеогенез жүреді? Липидтердің гидролиз өнімдерінің бауырға түсу жолдары (кестемен көрсетіңіз).

  20. Ағзадағы глицериннің өзгерістері. Глицерин тотыққанда түзілетін АТФ санын есептеңіз.

  21. Глюкозаның бір молекуласының синтезіне қанша глицериннің молекуласы жұмсалады (глицериннен глюконеогенезді кестемен көрсетіңіз).

  22. Жасушадағы БМҚ өзгерістері: пальмитин, олеин, стеарин, С19Н39СООН қышқылдарының тотығуы, бұл қышқылдар тотыққанда түзілетін АТФ санын есептеңіз.

  23. Қан тамыр ішілік липолиз, маңызы.

  24. БМҚ, жіктелуі, әр түрлі БМҚ-ың тотығу әдістері.

  25. КҚМҚ-ның пероксидтік тотығуы.

  26. Антиоксиданттық қорғаныс жүйесі, оның негізгі компоненттері, маңызы.

  27. Тристеарин, трипальмитин, дистеаропальмитин тотыққанда түзілетін АТФ санын есептеңіз..

  28. Ацетил-КоА-ның түзілу және пайдаланылу жолдары.

  29. Липидтер алмасуындағы ҮКЦ, БТ, ТФ ролі.

  30. Липидтер алмасуының соңғы өнімдері, қандай процестер нәтижесінде олар түзіледі.

  31. БМҚ синтезі, реакциялардың жүйелілігі. Қанша АТФ пен НАДФН2 пальмитин, капрон қышқылдарының синтезіне жұмсалады?

  32. Кетон денелерінің биосинтезі, химиялық табиғаты, ағзадағы пайдаланылуы.

  33. Кетогенездің күшеюінің себептері, ол неге әкеледі.

  34. Холестериннің синтезі, сатылары (1 сатысын формуламен жазыңыз).

  35. Кетон денелері мен холестериннің синтезіндегі ортақ реакциялары, ортақ аралық өнімінің пайдаланылуы неге байланысты?

  36. Холестериннің алмасуы.

  37. Холестериннің ағзада тасымалдануы.

  38. Холестериннің алмасуы мен айналымындағы бауырдың ролі.

  39. Липидтер алмасуының бұзылуы (атеросклероз, өт-тас ауруы, стеаторея, семіздік, бауырдың майлануы).

  40. Ағзадағы эссенциалды май қышқылдарының атқаратын ролі.

  41. Эйкозаноидтар дегеніміз не?

  42. Қандай заттар эйкозаноидтардың синтезі үшін бастапқы субстраттар болады?

  43. Эйкозаноидтардың жіктелуі мен номенклатурасы.

  44. Эйкозаноидтардың әсер ету механизмі қалай жүзеге асады?

  45. а) Простагландиндердің (РGЕ2,РGҒ2a,, РGА2)

  46. б) простациклиндердің РGI2

  47. в) тромбоксандардың ( ТХА2, ТХВ2,)

  48. г) лейкотриендердің (LТА, LТВ, LТС, LТD) негізгі физиологиялық әсерлері.

  49. Эйкозаноидтардың атеросклероздың, асқазан жарасының дамуындағы ролі.

  50. РG синтезінің дисбалансы қандай аурулардың дамуына әкеледі?

  51. Простагландиндердің түзілуі мен жұмсалуының бұзылуы қалай білінеді?

52.Омега-3 КҚМҚ әсерінен қан плазмасындағы ТАГ пен ТӨТЛП деңгейінің төмендеуінің механизмі.Омега–3 КҚМҚ-ның антиатеротромбогендік, антиритмогендік эффектілері.

3.Ауызша сұрақтар белгілі әдіс бойынша сұралады. Журнал бойынша тақтаға шақырылады.

Ауызша сұрауға арналған сұрақтар:

  1. Тағам липидтері, олардың классификациясы

  2. ТАГ, ФЛ, ХС және оның эфирлерінің, КҚМҚ рөлі.

  3. Липидтердің эмульгирленуі.

  4. Триглицеридтер, химиялық табиғаты, қорытылуы.

  5. Фосфолипидтер, химиялық табиғаты, қорытылуы

  6. Холестерол эфирлері, химиялық табиғаты, қорытылуы

  7. Липидтердің қорытылу өнімдерінің сіңірілуі

  8. Өт қышқылдарының энтерогепатикалық циркуляциясы. Олардың рөлі.

8. Хиломикрондар, құрамы, түзілетін орны, маңызы, ағзадағы өзгерістері.

9. Липидтер алмасуындағы ішек қабырғасының рөлі.

10. Липидтер алмасуындағы өкпе мен бауырдың рөлі .

11 Липидтер алмасуындағы май тінінің рөлі

12. Липопротеиндер, құрамы, маңызы, бір-бірінен айырмашылығы.

6. Таратылатын материал

Жаттығулар мен ситуациялық есептерді шешу, тест сұрақтарын талдау

5. Жазбаша бақылау жұмысы- тақырып бойынша берілген билеттермен жүргізіледі.

6. Қорытынды шығару- оқытушы жазбаша бақылау жұмысы тапсырмасын тексереді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]